Заурбекова А.М.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА «LESSON STUDY-ДІ» ҚОЛДАНУ

 

Lesson Study - бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық  жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.ХХІ ғасырда американдық зерттеушілер «Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық біліммен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де тереңдетуге көмектесетінін, пәндік білімнің тереңдеуі жапондық оқушылардың, американдықтармен салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткенін білгеннен кейін «Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен тарады.Мұғалімдер топтарының бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейтін, сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі - Lesson Study.

Lesson Study-мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.

Lesson Study қадамдары:

Біз қанша уақыт кездесуіміз қажет?

Кездесулерімізде қалай жазба жүргізуіміз керек? 

Біз нені басшылыққа алуымыз керек?

Сабаққа қатысушылардың келісімі қажет пе?
Келесі жағдайларды ескеріңіз:

Команда 3-6 мұғалімнен тұрады. Команда кездеспес бұрын, сабақты зерттеу нұскауын оның әр мүшесі қарап шығуы керек .Бірінші жиналыста кім жазба жүргізетінін анықтап, тағы басқа да рольдерді үлестіріп беру керек.Сабақ басталмас бұрын 2 ден 6 кездесуге дейін болуы керек.Қатысушылардан алған мәліметтерді қолдану үшін рұқсат сұраңыз. 

Оқытудың мақсатын құру.Оқыту мақсаты мен оқу мақсаты бірдей ма?Мақсат қоя білу нәтижегеқалай әсер етеді? Мақсат тек академиялық білімге ғана жұмылдырылады ма?Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз:Сабақ қандай тақырыпқа негізделеді? Неге сол тақырыпты таңдадыңыз? Сабақта қандай даму мақсаттары (дағды, қабілеттілік, сезім) алға қойылған?Қандай нақты оқыту мақсатын жоспарлайсыз? Жоспарда оқушылар сабақтың нәтижесінде нені біліп/нені істейалатынын жазу.

Сабақты жоспарлау.Зерттеу сабағы оқыту әдісі мен стратегияны жазып қоюы керек пе? Қандай стратегиялар оқушылардың ой өрісін нақты көрсете алады? Болып кеткен сабақты қолдануға болады ма ? 

Сабақтың жоспары қаншалықты толық болуы керек?Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз:Сабақта қандай стратегиялар мен оқу материалдары қолданылады? Нәтижесі қандай болады? Оқушының жұмысын, оның ойын қалай анықтай аламыз?Стратегиялар қандай жолдармен оқушыларға оқудың мақсатына жетуге көмектеседі? Оқушылардың сұрақтар мен тапсырмаларға берген жауаптарын бақылаңыз.

Зерттеу жоспары.Қандай қосымшадәлелдемелерді жинауға болады? Сырттан бақылаушыларды шақыру керек пе, олай болса олар не істеуі керек?Оқушылардың үлгерімін бағалау үшін тесттер беру керек пе

(алдын және кейін)?Өзіңізге басты сұрақтарды қойыңыз? Оқушыларды бақылағанда сіздің жоспарыңыз қандай? Бақылаудың қандай стратегияларын қолданасыз (мысалы, жазбалар, координациялық сұрақтар, бақылау- тексеру)? Қандай ой өрістегі және қандай тәртіптегі оқушыларға көңіл бөлесіз? Қандай қосымша дәлелдемелерді жинайсыз (мысалы, оқушылардың жазба жұмыстары, оқу мақсатына сай олардың нәтижелілігі)?         Оқушыларды бақылағанда сіздің жоспарыңыз қандай? Бақылаудың қандай стратегияларын қолданасыз (мысалы, жазбалар, координациялық сұрақтар, бақылау- тексеру)? Қандай ой өрістегі және қандай тәртіптегі оқушыларға көңіл бөлесіз? Қандай қосымша дәлелдемелерді жинайсыз (мысалы, оқушылардың жазба жұмыстары, оқу мақсатына сай олардың нәтижелілігі)?Бақылау барысында неге көңіл бөлетініңізді алдын ала келісіңіз?Бақылаушылардың көңілін аудару үшін бірнеше негізгі оқушыларды таңдап алуға болады. Әр оқушы қалай үйреніп жатқанын бақылау керек?Барлық оқушыларды бақылау үшін тұрып тұрған жөн ? Бақылау нәтижелерімен пікір алмасу үшін бақылауды өзіңіз істейтін буындағы әріптестеріңізбен өткізген жөн.

Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек.

Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Әдебиет:

1. Кларин М.В. Әлемдік педагогикадағы инновация: зерттеу, ойындар, пікірталастар негізінде оқыту. Шетелдік тәжірибені талдау]. – Рига: НПЦ «Эксперимент», 1995. – 176 бет.

2.Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. түркістан қ. а.Ясауи атындағы ХҚту, 2010. – 113 бет.