АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ
СЕЗІМ
Рахманова Н.М.
Алматы
университетінің доценті,ф.ғ.к.,Қазақстан
Сырымқызы Д.
Алматы
университетінің 3 курс студенті,Қазақстан
Абайдың ұлылығын
ұлт ақыны болғанымен байланыстырып дәлелдейтін
ой-пікірлерді қазақ әдебиетшілері жазып келеді. [1,77].
Абай:
Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз
аузыңа түсті мұртың-
деп бастаған өлеңінде:
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа
сөзді,
Аузымен
ортақ орған өңкей қыртың.
Немесе:
Бас-басына
би болған өңкей қиқым,
Мінеки
бұзған жоқ па елдің сиқын- [2,63].
десе, бұл өлең жолдарында
қоғамның белгілі бір тобына мінездеме беріліп,
«қырттар» мен «қиқымдар» да қазақ
ұлтының құрамында бар адамдар болғандықтан,
олардың өлеңдегі бейнесін ұлттық мінезден тыс
құбылыс дей алмаймыз. Қазақ
қоғамындағы «қырттар» мен
«қиқымдардың» көктен түспегені қандай
белгілі болса, олардың басқа уақытта емес,
қоғамдық аренаға
Абай заманында шығуының тарихи, саяси себептерінің
болғаны да ақиқат. «Себебі, ендігі жерде ел билігі елбасының
қолында емес, орыс әкімдерінің қатысуымен
жоғарыдан ұсынылып сайланатын болыстың қолында болып,
адамдарды соттау, жазалау, т.б азаматтық істер орыс
әкімдерінің еркіне қарады. Өзін-өзі
басқаратын ел болмағандықтан қазақтарға
сайтандық ене бастаған» [3,186].
«Қалың елім, қазағым, қайран
жұртымдағы» ұлттық мінезіне айналып кеткен де,
өлең мінезін ақынның кейіс, реніш үстіндегі көңіл
күйі, халқына, ұлтына берген бағасы
анықтаған. Торығу, түңілу де адамдық
сезімдер, бұл сезімдердің Абай тұлғасында өрілуі
және оның ұлттық мінезден туындап жатуы
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртымда»
соншалықты әсерлі көркемделген. Демек, өлеңдегі
ұлттық мінездің бейнеленуі оның сыналуымен байланысты
көрінетіндігін қорытындылауға болады. Ұлы
ақынның ұлттық мінезді сынауы арқылы халқын
мәдениетке, жарқын болашаққа жеткізем деп ойлауы –
прогресшіл идея. «Қалың елім, қазағым, қайран
жұртымнан» басқа өлеңдерінен де ұлттық
мінездің сыналуы, оның күнгейінің емес,
көлеңкелі тұстарының көбірек айтылуы – ақын эстетикасының,
реализмінің мол бөлігі.
Абай эстетикасындағы
сыншылдықты бірнеше бағытта түсіндіруге болса, біріншіден,
байлар мен кедейлер, капиталистік қоғам тудырған қулар,
сондай-ақ саудагерлер, билер туралы айтуымыз керек. Бұл жерден
өлеңдегі ұлттық мінездің бейнеленуіндегі
таптық сипаттылық аңғарылады.
Ақынның табиғат тақырыбындағы
өлеңдерінде, әсіресе, ауыл тұрмысын суреттеуге
көп орын берілген. Абайдың «Жаз» өлеңіндегі «Қыз-келіншек
үй тігер, бұрала басып былқылдап» деп қыз-келіншектер туралы,«жаутаңдаған
жас бала, ет әпер деп қыңқылдап» деп балалар
жөнінде, «салтанатты байлардың, самаурыны бұрқылдап»
деп байлар жайында «білімділер сөз айтса, бәйге атындай аңқылдап»
деп ақыл-есті адамдар төңірегінде, «ақ көйлекті,
таяқты, ақсақал шығар бір шеттен, малыңды
әрі қайтар деп» деп қариялар, сондай-ақ « асау мініп
теңселген, жылқышылар кеп тұрса» деп жылқышылар жайлы,
« мылтық атқан, құс салған, жас бозбола бір
бөлек» деп жастар туралы айтқандарында, қазақ
аулының әр түрлі әлеуметтік топтарына сипаттама
берілген. Осы өлеңде төрт түлік мал түгел
аталмайды. Ақын саналы түрде басқалардан гөрі
жылқыны айрықша, ерекше көріп, оған «Жаздан»
басқа да өлеңдерінде тоқталып отырады. Абай сиырды да
атамай, «ат, айғырлар, биелер» деп кетіп отырады. «Күз»
өлеңінде де сондай, «жылқы ойнап, бие қашқан, тай
жарысқан»дейді. Қысқасы Абай
шығармашылығындағы жинақталған әрі
ұлттық бейнелердің қатарында жылқы, ат бейнесін
атауға болады. Ұлы ақын шығармашылығындағы
ат, жылқы туралы айтылған өлеңдерде
халқымыздың сұлулыққа, тәлім-тәрбиеге
қатысты ұғым-түсініктер бейнеленгелі белгілі.
Көркемөнердің
ұлттық сипаты әдет-ғұрып, салт-сана,
ұлттық дәстүр арқылы танылса, бұндай
ерекшелік те өлең өмірімен дәлелденеді.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
өлеңінде ұлттық дәстүрдің жырлануы
ұлттық мінездің бейнеленуіне негіз қалаған.
«Үйірмен үш тоғыз» деп жымыңдап, жасы үлкені
жаныңа байланғанда» деген жолдардан ұлттық
дәстүр танылса, «құсы да, иесі де қоразданар,
алпыс екі айлалы түлкі алғанда» деген жолдарда сәл
нәрседен мәре-сәре болатын аңқылдақ, бала
мінезді халқымыздың мінезі бейнеленген. Ақынның осындай
аңшылыққа арналған өлеңдерінде
құстар бейнесі өзгеше бір жүйе құрайды.
«Жоғары-төмен үйрек ұшып жүрсе сымпылдап»
(«Жаз»), «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап, жұрт
жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап» т.б.
Осы жерден әдебиеттің ұлттық сипаты мен мінезің
өлең өміріндегі адамның ғана емес,
аң-құс, төрт түлік мал бейнелері де таныта алатын
тұжырымдауға болады.
Түні бойы
күпілдер құсын мақтап,
Басқа сая, жанға
олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел
осыменен жүр далақтап [2,55].
делінген өлең жолдарының
мағынасы аңшылық пен құс салушылықтан
әлдеқайда терең екені көрініп-ақ тұр.
Қазақ
халқының сұлулыққа көзқарасын,
эстетикалық таным-білігін, әсемдік пен әдемілікке
қарым-қатынасын Абай шығармашылығы толық
танытады. Ұлы ақын шығармашылығы толық танытады.
Ұлы ақын шығармашылығында қыздың
сыртқы сұлулығын, кескін-келбетін мүсіндеуге
арналған екі өлең бар. Оның
біріншісі–«Қақтаған ақ күмістей кең
маңдайлы» болса, екіншісі –
«Білектей арқасында өрген бұрым». Абай
портреттерінің характер жасауға, бейне тудыруға ұласып
кетіп отыратынын ескерсек, ұлттық мінездің өлеңде
өрнектелуінде портреттердің де мән-маңызының
үлкен екенін мойындап үлгереміз.
Абай тән
сұлулығын, жан сұлулығымен ұштастырып
жырлаған тұста адам мінездерінің сан алуан қырларын аша
түседі, оның әр түрлі характерлері, типтік бейнелер
тұтаса келіп, ұлттық мінезіміздің мүлтіксіз
сипатын түзеді, жасайды.
Абай
өлеңдерінде ұлттық сезімді бейнелеуге мән берілуі
тегін емес. Ұлттық сезім – ұлттық мінездің
негізі, бастауы. Ұлттық сезімнің бірі туысқандық
сезім әр халықта әр бөлек болады. «Орыс халқында
ағасының, інісінің, апасының, қарындасының
баласы жалпы бір ұғыммен «жиен» дейді, ал қазақ
халқында ағасының не інісінің баласын «іні», «бауыр»
десе, апасының не қарындасының баласын «жиен» деп мүлде
басқаша ұғым қолданады. «Жиен ел болмас, желке ас
болмас» деген халық арасында мақал бар». Осы орайдан келгенде Абай
өлеңдерінде кемпір-шалдарға көбірек мән
берілгенін байқау қиын емес. Мәселен, «Көрден
жаңа тұрғандай кемпір мен шал» («Жазғытұры»),
«кемпір-шал құржаң қағып, бала
бүрсең», «қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп»
(«Күз»), «кемпір-шалы бар болса қандай қиын» («Қараша,
желтоқсан мен сол бір екі ай») т.б Абай өлеңдеріндегі
кемпір-шалдар бейнелері арқылы, демек, ұлттық сезім –
туысқандығымыз танылса, бұның өзі өз
кезегінде әдебиеттің ұлттық сипатын ұлттық
сезімнің де дәлелдей алатындығын көрсетеді. Демек,
өлең өміріндегі ұлттық мінездің бейнеленуі
– ұлттық сезімнің жырлануымен де байланысты деген
сөз.
Абайдың оқу-білімге
байланысты өлеңдерінде жастарға үгіт-насихаттар
айтылып, жақсы мінездер қарастырылып отырады.
Ұлы ақынның
жастарға насихат айтқан, оқу-білімге шақырған
өлеңдерінде де ұлттық мақсат көзделген.
Бұндай өлеңдерінде ақын ұлттық мінезді
тәрбиелеу жағынан көбірек көңіл бөледі.
Егер ақын:
Қайрат пен ақыл жол
табар
Қашқанға да
қуғанға,-
Немесе:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат,
Екі түрлі нәрсе
ғой сыр мен сымбат.
сондай-ақ:
Үш-ақ
нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [2,186].
десе, бұл сөздердің
тәрбиелік мақсатта айтылып, өз міндетін күні
бүгінге дейін атқарып келе жатқаны ақиқат.
Абайдың ақындық интеллектісі ұлттық мінез туралы
айтып қана қойды, халқымыздың мінездік сипаттамасын
әр түрлі қырынан суреттеумен ғана шектеледі
десек,бұнымыз ақын тұлғасын кішірейткендік болар
еді.Абайдың ойшылдық,ақындық қуатымен
ұлттық мінезге ықпал етуші,оны тәрбилеуші болғаны
шығармашылығымен дәлелденеді. Ұлы ақын
өлеңдерінде ұлттық мінезіміздің күнгейі мен
көлеңкелі тұтастарын
түгел қамти отыра,оның тарихи төркініне,өз
тұсындағы жағдайына
талдау жасайды,оған әсер етіп,тәрбиелеп,қорыта
айтқанда,ұлт болашағы үшін,ұлттық
мінездің түзелуі үшін тер төккен,өнер
шашқан деуге әбден болады.
Ұлы ақын
өнернамансында ақындық ,лирикалық «меннің»
туындылары көп.Олардың қатарында: «Патша құдай»,
«Сегіз аяқ», «Ішім өлген,сыртым сау», «Қажымас дос
халықта жоқ», «Тайға міндік», «Не іздейсің»,
«Жарқ етпес қара көңілім», «Жалын мен оттан
жаралып»,т.б өлеңдерін атауға болса,ақын өз
сырын,көңіл күйін тағы да сол ел мінезін жырлайды. «Сегіз аяқ»
өлеңіндегі: «Бір кісі
мыңға, Жөн кісі
сұмға,Әлі жетер заман жоқ, Қадырлы басым, Қайратты
жасым, Айғаймен кетті амал жоқ»делінген жолдардағы
ақынның жан қайғысы ел мінезінен туындап отыр. Демек,
ұлттық мінездің
өлеңде өрнектелуінде ақынның ақындық
және лирикалық «мендерінің» негізінде туған
өлеңдерінің орны
бөлек екен. Ұлттық мінездің өлеңдегі
өмірін ақын тұлғасымен, бейнесімен тығыз
байланыста қарастыруымыздың себебі де осында жатыр.
Егер
Абай:
Атадан
алтау,
Анадан
төртеу.
Жалғыздық көрер жерім жоқ, – десе, бұл жолдардан өмірбаяндық деректен
басқа не бар? Лирикалық
«мен» ақындық көңіл-күйге, түрлі
психологиялық сәттер мен сезімдерге негізделіп дүниеге
келгендіктен, онда жалпылық сипат басым,жеке ақынның
ғана емес, адам баласының барлығының басында болатын
жағдайлар жырланады.
Лирикалық кейіпкер туралы бір немесе
бірнеше өлеңдер көлемінде әңгімелер
болғанымен, бұдан ақын бейнесі, тұлғасы
толық танылмайды. Лирикалық кейіпкер ұғымының
ақын шығармашылығының өн-бойын түгел
қамтиды. Ақын бейнесін сомдауға, тұлғалауға
лирикалық, ақындық «мендер» бірдей араласады. Демек,
лирикалық кейіпкерлерді ақынның өзі де тану –барынша
шартты ұғым.
Ақындық
«меннің», сондай-ақ әдебиетке келу тарихы лирикалық
«менге» қарағанда әлдеқайда ерте екені белгілі.
Л.Н.Тимофеев[4,277] орыс
өлеңдеріндегі ақындық «менді» жеке бастаудың
(индивидуальное начало) нәтижесі дей келе, оның тарихын скоморохтар
шығармашылығынан бастаса, қазақ әдебиетшілері
ақындық «меннің» жыраулық «меннен» бастау алатын айта
келіп, жыраулардың әдебиеттің профессионал өкілдері
болғанына тоқталады. Демек, жыраулық, ақындық
«мендердің» қазақ әдебиетіндегі тарихы ертеден
басталса, лирикалық «меннің» өлең өмірінде
орныққан тұсы Абай шығармашылығынан бергі
уақыттарды қамтиды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Әлімқұлов
Т. Жұмбақ жан. – Алматы: 1993, 77-б; Нұрқатов А.
Абайдың ақындық дәстүрі. – алматы: 1986. 44-б.;
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. – А.: 1980,
40-б. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996, 8-б.
2.
Абай. Екі томд.шығ.
– Алматы: 1986, 2-т, 155-б.
3.
Есімов Ғ.
Хакім Абай, - Алматы: 1994, 186-б.
4.
Тимофеев Л.И.
Очерки теории и истории русского стиха. – М.: 1958, с. 277.