ӘОЖ 7.048:646.4
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарасбаева
Г– «ЖӨБТК» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми
жетекшілері: - аға оқытушы, магистр Пернебаева Р.А.
аға
оқытушы, магистр Анарова Ғ.С.
(М.Х.Дулати атындағы ТарМУ.)
Ұлттық
ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең
мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп
оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.
Ою-өрнектердің
символдық мәнге ие болуы, оның ұлттық
болымысымызды бейнелейтін заттарда көрініс табуы.Өрнектік элементтердің жасалуын, түрленуін,
олардың тарихи дамуын зерттеп, тарихи көркемдік әдебиеттермен егжей-тегжейлі жұмыс атқарылуы арқасында құнды тарихи деректер жинақтауға мүмкіндік жасайды.Ұлттық киімнің
шығу тарихын зерттей отырып, ұлттық ою-өрнектің
тек киімде ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттарда
да қолданылғанына сеніміміз мол.Сондай-ақ
ою-өрнектердің түрлі
танымдық нышандарының болуы
қазіргі зерттеушілердің көптеп көңіл
бөлуін қажет етіп отыр.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің
мәнін қазақтың ұлттық дүниетанымымен
байланыстыру жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Ою-өрнек
өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте
қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен
ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін
айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала.
Ою-өрнек (латын тілінен
аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды,
архитектуралық ғимараттарды және тұрмыстық
заттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен
қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған
өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне
тән белгілерінің жүйелерін қазақ
халқының қалыптасуымен әрі республиканың
қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да
халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл
ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс
және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі)
айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің
дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде,
ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу
мейлінше жетілдіре түсті. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан
бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық
түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі
болып келді.
Ою деген
сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл
сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып
жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің
бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ
көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні,
үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын,
сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де
ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер,
бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген
көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ
атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Ою-өрнек –
ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл
өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр.
Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы
халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік
бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және
жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері
сапалы жаңа бай мазмұнға және
жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ
халқының рухани және материалдық қазынасына
айналды.
Тәуелсiз мемлекеттiң мен өркениеттi қоғамның гүлдене
түсуi өскелең ұрпақтың
рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен
шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен бiлiмдiлiгiн талап етедi. Әр халықтың ұлттық мәдениетi дегенiмiз – оның ең бiрiншi қолөнерi. Қазақ халқының
сәндiк қолданбалы қолөнерiнiң өсу жолы,
өзiне тән даму тарихы бар.
Б.з.б. III-II ғасырларда аң стилiндегi өнер бiртiндеп
құлдырай бастайды. Аң стилi бiрте-бiрте ою-өрнекке айналады.
Оның орнын түстi тастан
көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да
әшекейлеу тәсiлдерi қолданылатын полихромдық деп
аталатын стиль басады. Жануарлар дүниесiнiң бейнелерi схемаға
айналып, бай полихромдық өрнекке сiңедi де, қолданбалы
өнер туындылары шығады.
Ұлттық
ою-өрнегінің тарихы сонау ерте заманға кетеді. Бұл
негізінен табиғаттың әр түрлі көріністерінен
алынған, сөйтіп халық қолөнершілерімен талданып,
белгілі бір бағыттағы
белгілер мен таңбалар. Олардың ішіндегі ең ежелгілері
қолданыстағы заттардағы және тастардағы
петроглифтер, табиғи апаттар көріністері, аңдар мен
құстардың, адам мен жер ландшафтарының элементтері.
Петроглифтерді Тамғалы шатқалынан, Қаратау және Хантау
тауларынан кездестіруге болады. Бұл ою-өрнектер неолит
дәуірінен қалған деген пікір бар. Қошқар ежелгі
түріктерде байлық пен молшылықтың белгісі болған.
Өгіз - ақылдылық. (Сурет 1) Суреттегі әр
элементтің өзінің белгілі бір мағынасы бар.
Б.з.б. VI-IV
ғасырлардағы екiншi
кезеңде жеке өзi, бiр орында тұрған
күйiнде бейнеленген жануарлар бейнелерiнiң орнына
құрылымы күрделi, динамизмге толы сюжеттер шығады. Жүрiп келе жатқан
аңдардың бедерлi бейнелерi, аңдардың шайқасып
жатқан, жыртқыштардың шөп қоректi жануарларды
тарпа бас салып жатқан көрiнiстерi бар композциялар көбiрек кездеседi. Бейненiң қозғалыста
екендiгiн көрсетудiң басқа да техникалық әдiстерi: қисық,
сызықтар жүйесi, жануарлардың дене мүшелерiн
бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар,
жақшалар және т.б. бейнелер қолданылады. Бұл өнер
дайын күйiнде сырттан бiр жақтан әкелiнген жоқ,
сақ мәдениетiнiң
негiзiнде туды. Ою-өрнектiк полихромияның кейбiр әдiстерi
б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетiле бастады. Сақтардың
қолданбалы өнерiнiң
маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi
өнерiмен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Солардан бiзге
жеткен қолданбалы өнерiнiң бiрнеше түрiн:
геометриялық, өсiмдiк тектес, зооморфтық, космогониялық
түрлерiн бөлiп көрсетуге болады.
Сурет 1. Ескерткіштердегі
қошқар және өгіз бейнелеріндегі өрнектер
Қазақ
халқының ою - өрнегінің дамуындағы келесі бір
кезеңді көшпенділер кезеңі десек болады. Негізінен бұл
алтын мен күмістен дайындалған
аңдардың өзара қақтығысуларынан
немесе өсімдік пен аңдар белгілері тектес дүниежүзілік
ағаш белгісі бар әшекейлер.
Сурет 2. Мистикалық
өрнектер
Дүние танымы
бойынша ұлы Тәңірі жаратқан бәрін біріктіретін
дүниежүзілік ағаш туралы түріктердің аңызы
әлі де сақталуда.
Дүниежүзілік ағаштың алып бұтақтары
аспанмен таласуда және ол Құдай мен құстардікі.
Ал тамырлары о дүниеге, Жыландар патшалығына кетуде. Ал
ағаштың өң бойы адамдар мен аңдар тұратын
орта дүниеде орналасқан.
Ою-өрнектер
бүкіл адамзаттың өмірлік жолдасы. Күнделікті
тұрмыс –тіршілікте, біз ою-өрнекті өзімізді
қоршаған заттардан және үстіміздегі киімдерден
көреміз. Ою-өрнек өнері – қоршаған ортаны тану
мен сезіну құралы болып есептеледі. Ою-өрнекті түсіну
мен сезіну арқылы – ішкі жан-дүниемізбен
қозғалыстың, түс пен түрдің
айқындылығын сезінеміз. Қазақ ұлттық
киімінде ою-өрнек тек көркемдеушілік қызмет атқармайды,
сонымен қатар, әдемілік пен сұлулық ерекшеліктерін
ұсынады. Қазақ киімі секілді ою-өрнектің де,
ежелден келе жатқан тамырлары бар. Ою-өрнектің ережесі
ұмытылса да, олардың негізгі мағынасы осы күнге дейін
жұмыс істеуде.
Қазақтың
өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да жетерлік.
Солардың ішінде халық
арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ
қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Өрнектік элементтердің түрленуі оның тарихи дамуға байланысты екенін, өрнектік
сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек
элементтерінің айырмашылықтары олардың адам өміріндегі
тарихи дамуына, кәсібіне,
ортасына байланысты.
Ою-өрнектің
бірінші тобы – жан-жануарлар
әлемінен алынған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі
халық. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.
Сондықтан оның дүние
танымында малға көп орын
берілген. Өмірлік мүдде мен
қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен
орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт,
сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас
тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір
бөліктері – мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі,
құйрығы кездесетін болған.
«Ұлы
Жібек жолының» пайда болуымен және отырықшылық
өмірдің әсерінен қазақ ою-өрнектері
күрделене және өзгешелене бастады. Бүгінгі күні
қазақ ою-өрнектерін жануар тектес, өсімдікті,
космогоникалық, геометриялық деп топтауға болады.Негізгі
топтарды үйлестіре және сәйкестендіре отырып,
ою-өрнектің көптеген түрлерін ойлап табуға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. С. Асанова, А.
Птицына. История казахского народного костюма и прикладного искусства. Алматы,
Тауар, 2000.
2.
Г. Такишева,
Б.Асанова. Моделирование и художественное оформление одежды. Астана, Фолиант,
2008.
3. Ө.Жәнібеков
Қазақ киімі.-Астана. Өнер, 2005
4. К.Ибраева Казахский орнамент.-Алма-Ата: Өнер.
5. С.Асанова Сымбат. Қазақтың ұлттық киімдері.
Атамұра. Алматы.