Тоқтыбаева
Г.С., Кітапбай А.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қарағанды қ., Қазақстан
Қазіргі білім беру жүйесінде
мультимедияны
пайдаланудың қажеттілігі
Еліміздің
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында
ең негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды
жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың
әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес
қосу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді
ұғындырудың бір жолы- жаңа технология негіздері болып
табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың
ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар
аударған жөн.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек
өз пәнінің
терең білгірі емес, тарихи танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және барлық жаңа
ақпараттық технологияларды меңгеруін талап етуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады.
«Біз
Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз
тиіс. Әсіресе, өмірдің барлық саласында
мультимедалық технологияларды енгізу және дамыту қажет.
Мультимедиалық әзірлеудің негізгі бағыты
электрондық үкіметті дамытуға, білім сапасын жоғарылатуға
телемедицинаны және электрондық бизнесті дамытуға
бағытталуы тиіс» деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап көрсеткеніндей,
жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет
өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам
өркениетті бола бастайды.
Тарихқа
қысқаша шолу жасасақ 30 жыл бұрын мультимедия «Консул»
атты жазу минасымен шектелген болатын, себебі ол басып қана қоймай,
ұйықтап қалған операторды әуен тарсылымен
назарына тартатын. Уақыт өте келе компьютерлер гараж және
бөлмелерде пайда болатындай тұрмыстық аппаратураға
дейін төмендеді. Мультимедияның дамуындағы жаңа
серпіліс ол 1980 жылы компьютерлік жұлдызнама болды, ол динамика
және бағдарламаланған таймер арқылы күн сайын
бұлдырланған ауызша болжамдарды синтездеді, сонымен қатар
экранда жұлдыздарды бейнеледі.
Мультимедия –
терминінің пайда болуы осы кезбен тығыз байланысты.
Сөйтіп, ол
қабылданбаған көз қарастардан зертхананы
қорғайтын жайма-қалқа ретінде қызмет етті.
Технологияның
қысылшаң массасы жинақтала келе бластерлер, CD – ROM
және т.б. эволюцияның жемістері пайда бола бастайды. Интернет, WWW,
шағын электроника пайда болады. Адамзат ақпараттық революция
кезенің өткеріп жатқаны белгілі: ақпаратты жіберу
және бейнелеу құралдарының қоғамдық
қажеттілігі өмірге жаңа технологияны пайда болуына
түрткі болады. Нақты термин болмағандықтан мультимедия
анықтамасы қолданылады. Қазіргі таңда бұл
ұғым кез келген контексте жалпы алғанда компьютерді
толық алмастыра алады.
Мультимедиа
бүкіл жерде –қазіргінің адамы әртүрлі экран
арқылы виртуальды әлеммен
өзара жанасады, олардың ықпалы күннен
күнге байыпты бола бастауда. Жалпы алғанда барлық
қызмет саласы ─
ғылым, мәдениет, білім, бизнес болсын, бүгінде мультимедия
өнімісіз оларды елестету мүмкін емес. Қолданылатын диапазон
2D және 3D графика, фотосурет, анимация, бейне, әуен, дауыс,
дыбыстық арнайы эффектілер және т.б. аудиовизуалды
құралдары жеткілікті түрде кен таралған.
Мультимедиа барлық
қызмет салаларына ене бастады. Мультимедияның басты қасиеті –
көркемдік тартымдылығында, яғни түстік палитрасы,
шрифт, кадрлардың композициялық шешімі, мәтіндік және
графика құраушыларының ұйлесімділігінен бастап,
анимация, дыбыстық эффектілерді қолданумен аяқталады. Мультимедия технологиясының
элементтерін әртүрлі
мамандықтарды оқыту кезінде енгізуге болады. Егер адам өз
ісінің кәсіпқойы болса онда ұсынып немесе істегені ол
үшін маңызды емес, оған сыртқы әлеміне айтып
жеткізгені маңыздырақ болар еді.
Компьютерлік
технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы –
мультимедиалық технологиялар. Қазіргі уақытта мультимедиа
технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты
технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытынын болуы.
Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды тиімді
етуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа –
жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың
көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары
рұқсатты түсті графика, жүгіртпе және
аққыш түстері бар динамикалық эффектілер,
дауыстардың дыбысталуы және синтезделген әуенінің
дыбыстары, толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер
кіреді. Мультимедиалық
технологияларды тиімді қолдану
білім беруде болашағы бар бағыт болып табылады. Қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін
көтеру тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Оқыту мен білім беруді
жылдамдатуда мультимедианы қолдану оқушылардың
оқуға деген ынтасын, белсенділігін,
қызығушылығын, оқу тапсырмаларын игеру
мүмкіндіктерін көтереді.
Мультимедиялық
құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай
оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену
ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік
береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған
мультимедиялық оқу құралдары оқушының
пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні
сөзсіз.
Мультимедия – білім беру саласындағы
видео және аудио үлгідегі мәліметтерді
оқушының оңай қабылдап, жадында мықтап сақтауына
жағдай жасайтын құрал. Қазіргі кезде
мультимедиялық құралдардың тиімділігі неде екендігін
түсіндіретін зерттеулер саны артуда.
Мультимедиялық
құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды
қағидаларын толық және жан-жақты сипаттаған
зерттеуші, осы саланың жетекші мамандардың бірі – Ричард Майер:
«Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар
сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді» –
деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және ауызша мәтінді, ал
суреттерге статикалық графикалық суреттерді, анимацияны және
видеоны қосады.
Мультимедиялық
мазмұнды ақпарат қорыту жадының түрлі арналары
арқылы тиімді түрде ұзақ мерзімді жадыға
енгізіліп, жоғалмау ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Мысалы, анимация мен сипаттама арасындағы теңдікті сақтай
отырып (мүмкіндігінше мәтінді аз қолдану арқылы)
жасалған презентация тиімді болмақ.
Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбей бір
жерге жинақталған кезде мультимедиялық құралды
пайдаланып оқыту тиімді.
Оқушылардың
назары бөлшектерге бөлінбеген кезде ғана мультимедиялық
оқыту құралдары тиімді болып саналады. Оқушылар экранда
бір-бірінен алыс тұрған ақпараттарға
қараған кезде, олардың назары бөлшектерге
бөлінеді. Мысалы, мазмұнды сипаттайтын суретті бейне мен
мазмұнның өзі экранда бір-бірінен алыс тұрса немесе
кезең-кезеңмен екі жеке нүктеде ұсынылатын болса.
Қысқаша айтқанда, суретті бейне мазмұнымен бірге
ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиіп,
оқыту тиімдірек болады. Мазмұн суретті бейнесімен бірге
ұсынылмаған болса, оқушының назары бөлшектерге
бөлінеді. (Алдыңғы абзацта айтылған ой тағы
қайталанған) Мұндай жағдайда кезең-кезеңмен
қабылданған ақпаратты үйлестіру үшін миға
салмақ түседі.
Сурет пен
оның мазмұнының бір мезгілде бірге ұсынылуы дәл
осы сурет пен мазмұнның кезектестіре берілуіне
қарағанда әлдеқайда оң әсерін тигізеді.
Мысалы, оқушыларды оқыту барысында әуелі сипаттаманы, кейін
анимацияны (немесе анимация, содан кейін сипаттаманы) беру
тәртібімен салыстырғанда бірге ұсынылған
сипаттама мен анимация дұрыс нәтиже көрсетеді.
Экранда
бір-біріне жақын орналасқан (немесе бір-біріне ілескен)
мәтінді суреттері бар мультимедиялық қосымшалар бір-бірінен
алыс орналасқан мәтіні бар суретті қосымшалармен
салыстырғанда тиімдірек болып табылады.
Мәтінге
қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге
жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған
ақпаратты оқитын оқушылар осы ақпараттың
бөлшектерге бөлінген нұсқасын оқитын
оқушылармен салыстырғанда ақпаратты жеңіл
қабылдап, тез түсініп, игеріп алады. Біріктірілген күрделі үлгілер (мысалы,
ақпаратты бір экранда ұсыну) жеке мультимедиялық үлгіге
қарағанда ұтымды болмақ (мысалы, ақпаратты
экранда және жеке парақ қағазда ұсыну).
Мультимедиялық мазмұнды ұсынуда артық
және сәйкес емес ақпараттың болмауы маңызды. Мультимедиялық
презентацияда мәтінмен бірге, ақпарат мазмұнының алдында
және соңында ұсынылатын, оқыту барысында
мультимедиялық мазмұнды дайындау,
күшейту немесе
кеңейту мақсаттарында берілетін қосымша ақпараттар
үлкен маңызға ие. Мультимедиялық
оқыту интерактивті және оқушы тарапынан
қадағаланса, оның тиімділігі де жоғары болады.
Әр
оқушының ақпаратты қабылдау жылдамдығы
әртүрлі. Зерттеулер қорытындысы презентация барысын
қадағалап, ілесіп жүре алатын оқушылардың
әлдеқайда көп ақпаратты игеретіндігін көрсетті.
Оқушылар білімінің құрылымы
мультимедиялық мазмұнның әсеріне дейін белсенді
болған жағдайда, мультимедиялық құралдары
пайдаланып оқыту тиімдірек.
Оқыту үрдісін жақсартуға мүмкіндік
беретін мультимедиялық оқыту құралдары. Анимацияланған
мазмұн тиімді пайдаланылса, оқыту үрдісін
жақсартуға да мүмкіндік туады.
Анимация
көбінесе берілген ақпарат туралы хабары бар оқушыларға
емес, ұсынылып отырған ақпаратпен енді таныса
бастағандарға елеулі ықпал жасайды. Оның мазмұнды
жете білетін оқушылармен салыстырғанда, мазмұнды
үстіртін білетін студенттерге берер пайдасы мол. Оқушылар
анимацияны қарау барысында тоқтатып және оны өзіндік
қабылдау деңгейіне сәйкес қарастыру
мүмкіндігі немесе анимацияның түрлі аспектілерін
басқару мүмкіндіктері болған жағдайда анимация
тиімділігін көрсетеді. Мұндай тәсілмен тиісті ақпаратты
алған оқушылар берілген қосымшадағы тапсырмамен
жұмыс жасау барысында алған білімін пайдаланып, ақпарат
мазмұнына қатысты бақылау жұмысын жасаған кезде
үздік нәтижеге қол жеткізеді.
Анимация
оқушыларға күрделі ақпаратты көзбен шолу
мүмкіндігін бере отырып, ақпаратты түсінуді жеңілдетуі
мүмкін. Егер анимация есту және көру мүмкіндіктерін де
пайдаланатын сипаттамамен ілестірілетін болса, тиімдірек болады.
Презентациямен айналысатын оқушыларға мультимедиялық
оқыту құралдары арқылы дайындалған презентация
оңтайлы болады.
Ұсынылған
презентацияның мазмұны мен мазмұнды беру тәсілі
мультимедиялық оқыту құралдары арқылы берілгенде
тиімділігі артып, оқушыларды ынталандырады. Сабаққа белсенді
араласу оқушының білім жинақтауына және ақпаратты
қабылдау жүйесінің сызбамен қалыптасуына
көмектеседі.
Мультимедиялық
құралдар арқылы ұсынылған, оқушының
жеке басымен байланыстырылған ақпарат мазмұны
оқушының жеке басымен байланыстырылмаған
ақпаратқа қарағанда өзіне оқушылардың
көңілін тез аударып, олардың белсенділігін күшейтеді.
Оқыту барысында оқушыларды формалды стильдегі
презентацияларға қарағанда әңгімелесу стиліндегі
презентациялар қызықтыратыны, осыған ерекше назар аударатыны
байқалды. Оқушылар бейтаныс акцент және бейтаныс дауысты
презентацияға қарағанда таныс дауыспен дыбысталған,
акценті жағымды, таныс презентацияларды көруге құштар.
Экрандық
кейіпкерлерді пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып,
олардың қатарын көбейтуі мүмкін. Бұл
әсіресе экрандық кейіпкерлердің оқушылармен тікелей
тілдік қарым-қатынасқа түсуі кезінде айқын
байқалады. Оқыту тұжырымдарын «әңгіме» сипатында
ұсыну оқушылардың сабаққа кеңінен
қатысуына жол ашады. Ал сипаттау үлгісі оқушыларды
өзіне тартып, тіпті оларға оқу кезінде көмегін де
тигізеді.
Білім
құрылымдарын жасау кезінде берілетін ақпараттың
оқушыны өзіне тартуы ескерілгені абзал. Дұрыс жасалған
білім құрылымдары берілер ақпаратты жүйелендіруге,
сонымен қатар қорыту жадындағы ақпаратты
өңдеудің жаңа сызбасын құруға
көмектеседі. Бұл жаңа ақпаратты меңгеруді
және білімді қорыту жадынан ұзақ мерзімді жадыға
тапсыруды жеңілдетеді.
Оқушылар игерген білімдерін қолданатын және кері
байланысқа қатысатын болса, мультимедиялық
құралдар арқылы оқыту өте тиімді болады.
Егер
оқушылар есту арқылы келген ақпараттың әсерінен
кейін оқығанын пайдалана алу мүмкіндігіне ие болса, бұл
мультимедиялық құралдар тиімділігінің тағы бір
көрінісі
болады. Бұл
жаңадан алған білімдерді нығайтып, берік орнығып
қалуына ықпал жасайды. Оқушылардың ақпарат
арқылы алған білімдерін күнделікті өмірмен
байланыстыруына мүмкіндік беру керек. Меңгерілген білімдерді
біріктіруге көмектесетін бірден бір тәсілдер
оқушылардың игерген білімдерін алдыңғы (келесі)
тақырыппен байланыстыру, өткен тақырыптарды талқылау
және топтық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады.
Мультимедиялық
құралдар арқылы оқыту оқушылардың
қызығушылығын арттыруға және қабілеттері,
бейімдері әртүрлі оқушыларға берілер ақпаратты
қалауына сәйкес ұсына алуға мүмкіндік беретін
бірден-бір ыңғайлы, қолайлы оқыту әдісі болып
саналады.
Мультимедиялық
құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін
айтарлықтай жақсарта алады. Ақпаратты қалай
өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық
құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша
ықпал жасады. Мультимедиялық құралдарды
оқыту мақсатында пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін
көрсететін бірнеше қағидаларды айқындады.
Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту
барлық мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып
жатқан (қолданылатын) оқыту құралдарының
ішінде өзіндік маңызды орнын алары айқын. Зерттеулерге
сүйенсек, мультимедиялық оқыту құралдары
оқушыларды сабаққа ынталандырудың және
оқытудың ең маңызды құралы болып саналады.