П.ғ.к. Манабаева А.Ш.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

П.ғ.м. Буртибаева А.К.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Костюм дизайны траекториясы бойынша студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру

 

В статье рассматриваются вопросы совершенствования профессиональной компетентности бакалавров по траектории дизайн костюма. Обозначены содержание подготовки, виды профессиональной деятельности и компетенции

 

 

Қазіргі кезде дизайнер мамандығына даярлау заманауи сұраныстың негізі болып табылады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер де осы кәсіп иелеріне ой түрткі беретіні сөзсіз. Болашақ дизайнерлерді кәсіби даярлаудың мазмұнын анықтайтын құрастыру, жобалау, түр-түс тану, композиция заңдылықтары туралы құзыреттіліктер қалыптасады.

Болашақ костюм дизайнерлерін даярлауда 5В042100 – Дизайн мамандығының костюм дизаны бағытының оқу бағдарламасында көпшілікке арналған киім ассортименті, ұсақсериялық және жеке тігін өнімдері; костюм ансамбілін және аксессуарларды жобалау және үлгілеу әдістері; күнделікті, сәнді және арнайы киім үлгісін жобалау; сән барысын болжамдау, сахналық костюм, костюмдерді безендіру т.с.с. қарастырылады.

Дизайнер ең алдымен әдемілікке, көркемділікке, заманауилыққа, мінсіздікке адамды тәрбиелейді. Дизайнер болу үшін адам әрқашанда білімін жетілдіріп отыруы керек. Сондықтан қазіргі кезде білім беру жүйесіне біркелкі заңдылық қарастырылады, яғни, мамандардың қоғамның сұранысына жауап беру. Бұл талап еліміздің көпсатылы білім беру жүйесінің негізгі мәселесі болып табылады.

5В042100 - «Дизайн» мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің мына түрлерін орындай алады:

-  жобалау-конструкторлық қызметі: бұған нысандардың, бұйымдардың, заттардың жаңа модельдерін, макеттерін, жобаларын, бағыттарын дайындау;

-  ұйымдастыру-басқару қызметі: жобалау ісін басқару және ұйымдастыру саласындағы кәсіби компьютерлік бағдарламаларды білу; бизнес және бәсеке жағдайындағы кәсіпкерлік және қаржы қызметінің стратегиялары мен қағидаларының түрлерін оқып үйрену;

-  ғылыми-педагогикалық: ғылыми және оқу ұйымдарындағы жұмысты кіргізеді.

Кәсіби қызметінің функцияларына дизайн саласындағы кәсіби біліктілікке жету үшін үйлесімді әдемі киімді жасай білуде көркемдік жобалаудың жаңа әдістерін, түрлерін және құралдарын қолдана білу керек. Сонымен қатар әр түрлі киімнің көркемдік нысандардың қалыпты жағдайларына байланысты үйлесімділікте көрсете білу керек.

Осыған орай болашақ костюм дизайны бойынша мамандардың кәсіби қызметінің мазмұны әлеуметтік сұраныс алудан және оны талдаудан, күнделікті өмірде нысандардың дизайнын іске асыру және жобалау үрдісінің тікелей дизайн бағдарламаларын қалыптастыру мен жобалау стратегиясын дайындаудан тұрады [1].

Арнайы пәндер бойынша игерген киімді жобалау заңдылықтарын, оның көркемдік құрылымдарының түрлерін, киім элементтерінің композициялық ролі мен ондағы әртүрлі конструкциялық және безендіру материалдарының қолданылулары, сәндік элементтердің орналасуы туралы теориялық білімдерін, практикалық іскерліктері мен дағдыларын арнайы шығармашылық кәсіби мақсаттарда қолдануда құзыретті болуы тиіс.

Мамандықтың талабына сәйкес студенттер «Балапан» тақырыбындағы ұлттық киім үлгілерінің топтамасын жобасын орындады. Жобадағы басты міндет ұлттық түстерді қолдану арқылы киімнің образын шығару, ұлттық түстердің өзара қатынасын көрсету, көркемдік ұлттық түстерді терең сезіліп саралай білу. Сонымен қатар түстердің үйлесімдігін таба білу, киімнің үлгісіне қарай үлгінің қалыптасыуна байланысты тәсілдерді меңгеру. Киімнің түстік шешіміне байланыстыбес киім топтамасында әр-түрлі түстік шешімі қарастырылған.

Киімді көркемдеп өңдеуде матаның түсі ерекше орын алады. Белгілі бір түстер арқылы адамның да жеке ерекшелігін анықтауға болады. Сондықтан түстерді таңдағанда студенттер өздерінің шешімдерін негіздеп, мазмұнын терең аша түсті.

Табиғат пен қоршаған ортадағы түстердің адам көзі арқылы байқайды. Адамдар ерте замандардан бастап түстік символға үлкен назар аударып отырған. Мысалы, киім бұйымдарын дайындауда оның психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріледі, күш қуат беретіндігі, бақыт пен ырыс әкелетін түс деп сенім түсіндіріледі. Колористикалық түстердің көпшілігі өмір, мекен жәй, тұрмыс тіршілік көріністері, көшпелі өмірге байланысты әртүрлі жағдайды айқындай түседі. «Балапан» тақырыбындағы киім жиынтығының түстік шешімі осы көшпелі өмірге байланысты алынған. Таңдалған түстердің барлығы қазақи түстер. Киімді жобалауда материалдың сыртқы көрінісі көркемдік эстетикалық қасиетке ие болуы тиіс. Дипломдық жобадағы костюм жиынтығындағы мата фактурасы, экслюзив стильіндегі киім жиынтығын еске түсіреді.

Біздің жобадағы «Балапан» киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе  қайта жанданып инновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін «Балапан» тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.

Өз ұлтыңа, өз ұлтының дәстүріне, ұлттың қолөнеріне деген сүйіспеншілік, - ол ұлттық үлкен қоғамдық әлеуметтік мүдде. Балалар киім дизайны өнерінің жаңа тәсілдерін ойластырып, олардан жаңадан киім үлгілерін жасап шығару кезеңі келіп жеткен сияқты. Бұдан шығатын тұжырым жас ұрпақты өз халқының салт дәстүрін, ұлттық өнерін, өнер сүйер өнерлі жастардың жүрегіне ұялатып, жаңа деконструкциялық, инновациялық, авангард киім жиынтықтарын ұлттық бағытта жасап шығару болып табылады. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп-ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу.

Киім жиынтығының  формасының қалыптасуына сән бағыты үлкен әсер етеді. Киім формасын шығаруда қолданылатын материал өзінің пластикалық қасиеттерімен айқындалады. Сондықтан киім жиынтығының пластикалық қасеиті оның конструктивті шешімі мен мата қасиеттеріне байланысты болады. Яғни киім формасы ол киімнің  сыртқы құрылымын білдіреді. Киім формасын кеңістіктегі көлемді обьективі  ретінде  қарап, киім формасын киім силуэті айқындайтынын түсіне білу шарт. Киімдегі силуэт – бұйым формасының нобай сызықтары арқылы нақты ерекшеліктерін көрсетеді. Сән – қоғамдағы әлеуметтік топтың дамуына мүмкіндік болған жағдайда, белгілі бір мәдени образдың жолында ғана тарайды. Сәнге қарағанда қоғамда әдет-ғұрыппен заң әлеуметтік топтарда белгілі бір мәдени образды жақсы білдіреді. Форма элементтерінің біркелкі жалғасы әрі бір келкі бағытта келесі формаға ауысуын «пластика» деп атайды. Форма бірнеше обьективті физикалық қасиеттерге ие. Заттағы мәнерлікті арттыруға әсер ететін қасиеттеріне ие. Заттағы мәнерлікті арттыруға әсер ететін қасиеттеріне мыналар жатады. Киімдегі фактура – форма бетінің сипаты, жылтырлығы, рельефі, белсенді фактуралы күйі жатады [2].

Сондықтан болашақ костюм дизайнерлерін дайындауда заманауи үдерістерін кіріктіре отырып арнайы кәсіби білім беруді ізгілендіру болып табылады. Ол өз кезегінде шығармашыл дамуына, оқытудың заманауи формалары, әдістері мен құралдарын жүзеге қолданып  болашақ дизайнерлердің кәсіптік деңгейде дайын болуын қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      История деткой одежды. Мода для детей – немного истории [Электронды ресурс]. – Қолжетімдік режимі:http://hlebopechka.ru/(кірген күні: 25.04.2016).

2.      Деткая одежда[Электронды ресурс]. – Қолжетімдік режимі:http://fashion.artyx.ru/ (кірген күні: 25.04.2016).