БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Байдыбекова Е.И.

Шымкент, Қазақстан

Резюме

В работе рассматривается возможности информационно-коммуникацоонной технологии в начальном образовании

Summary

In work is considered possibility information- communication technologies in initial formation

 

Жеке тұлғаны қалыптастырудың елеулі факторы болып саналатын білім беру мазмұны бір мезгілде жалпы өркениеттік дамуда маңызды рөл атқарады. Үшінші мыңжылдықта білім беруді ізгіліктендірумен және технологияландырумен әрі ақпараттық-қатынастық технологиялардың (АҚТ) қарқынды дамуымен байланысты білім беру саласы түбірлі өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі күннің әлеуметтік мәдени жағдаяты білім берудің алдына жаңа ақпараттық кеңістікке бейімделуге қабілетті әлеуметтік белсенді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің әмбебеп инновациялық технологияларын іздестіру міндетін ұсынады.

Шетелдерде тіпті мектепке дейінгі оқытудың өзінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізіне «парасатты қалыптастыратын, «табиғи әуестікпен» оқыту мен дамыту процесін белсенді ететін белгілі бір орта жағдайында балалардың өзін-өзі іске асыратыны» туралы С Пейперттің идеясы қолдау тапқан [1].

Бұдан байқайтынымыз ақпараттық-қатынастық технологияларды бастауыш сыныптарда да ұқыптылықпен белсенді қолдануға болады. Кіші жастағы балаларға білім беру мәселелері бойынша компьютерлік технологиялар бастауышта пайдалану тұлғалықты дамыту үшін кең мүмкіндіктер ұсынатынын, балаларды оқыту сапасын жақсарта алатынын және оларды өз құрдастарымен ынтымақтастық тәжірибесімен қаруландыратынын мойындады.

Егерде компьютерлік ойындар кіші жастағы балаларға бейімделген болса, онда олардың үлкен әлуеті бар болады және балаларды оқытудың үрдісіне сәйкес келетін ең құнды ресурстар болып саналады. Сондай-ақ олар компьютерсіз мүмкін бола алмайтын объектілерді табысты оқып білудің бірегей мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Компьютерлік желілер балалардың өз құрдастарымен және мұғалімдермен өзара әрекеттестігі үшін көп мүмкіндіктерді ұсынады, өйткені балалар не істейтінін талқылайды, көмектесу туралы сұрайды, бағдарламаны бірлесіп оқып біледі және т.б. Бірлесіп оқып үйрену интерактивтік пен іс-әрекеттік қағидаларды іске асырады. Балаларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдаланудың әлеуметтік салдары оң болып саналады. Сондай-ақ зерттеулер компьютерлер кіші жастағы балалардың тілі мен сөйлеу іс-әрекетінің дамуына құнды қолдау ұсынатынын да көрсеткенін атау керек [2].

Сонымен ьірге бастауыш мектепте компьтерлерді жиірек пайдалану әлеуметтік мінез-құлықтың теріс көрінісіне әкелмейтінін байқау маңызды екенін ескеру керек. Кіші мектеп жасындағы балаларға компьютер заттық-дамытушы ортаны байытушы және түрлендіруші элемент болып саналады да ақпараттық-қатынастық технологиялар дамытушы сипат үшін мүмкіндік жасайды. Баланың жасына және қолданылатын бағдарламаларға байланысты компьютер ойын барысында қарсы пікірлі адамның рөлін атқара алады. Мектепте оқыту кезінде табысты қолдануға болатын балалардың көру мен есту қабылдауы, ықылас білдіруі, есте сақтауы, сөздік-логикалық ойлауы және т.б. сияқты әр түрлі психикалық қызметтерін дамытуға бағытталған әр түрлі компьютерлік құралдар да бар.

1986 жылдан бастай отырып, «Компьютер және балалық шақ» бірлестігінің (Ресей) мамандары дамытушы және үйретуші компьютерлік ойындарды пайдалану бойынша көптеген институттардың мамандарымен ынтымақтастықта ұйымдастырған және жүргізген ғылыми зерттеулерінде ақпаратты берудің мультимедиалық тәсілінің арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізгені белгілі.

·                балалар форма, түс және шама ұғымдарын оңай ұғып алады;

·                сандар мен жиын ұғымдарын терең түсінеді;

·                жазықтық пен кеңістікте бағдарлау біліктілігі тез пайда болады;

·                назар аудару мен жадтың элективтігі жаттығады;

·                оқу мен жазуды ерте меңгереді;

·                сөздік қоры белсенді түрде толықтырылады;

·                ұсақ моторикасы дамиды, көз қозғалыстарының нәзік үйлесімі қалыптасады;

·                жай реакциясының да, таңдау реакциясының да уақыты азаяды;

·                мақсатқа талпынушылық пен жұмылдырушылық тәрбиеленеді;

·                елестету мен шығармашылық қабілеттер дамиды;

·                көрнекілік-бейнелік пен теориялық ойлау элементтері дамиды.

Оларға оқуды тек тым жеңіл және жағымды ету ғана маңызды болады. Компьютерлік ойындар – дамытатын оқытудың жаңа түрі. Балаларға арналған ойындар – әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың жалғыз ғана тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршайтын табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлауының өзіне тән практикалық формасы болып табылады. Ақиқатты бейнелеудің ойындық құралдарының ерекшеліктерінің арқасында бала ойында алғаш рет абстракты ойлауға тартылады.

Компьютерлік технологияларды меңгерген бала «санада ойлауға» аса дайын болады, бұл кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауына қойылатын негізгі талаптардың – бірі. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ақпараттық қоғамдағы өмірге құлшыныстық, парасаттық пен операциялық дайындықтардың алғы шарттары қалыптасады. Сонымен бірге технологиялар баланың әрекеттерін қамтамасыз етуі үшін:

- бағдарламалық жасақтаманы таңдауда күштеу болмауы тиіс;

- АҚТ сынып бөлмесіндегі сабақтармен және оқу бағларламаларымен кіріккен болуы тиіс;

-АҚТ-да ойындарды пайдалануда ынтымақтастық қажет.

Бағдарламаларды іріктеуде үйретуші бағдарламаларға басты орын берілуі керек. Үйретуші бағдарламалар – бұл ойындық формада бір немесе бірнеше дидактикалық есептерді шешуді ұсынатын жабық типтегі ойындық бағдарламалар. Бұл ойындар балалардың әріптерді ұғып алуына, жазу арқылы оқу, оқу арқылы жазу машықтарын дамытуға; элементарлық математикалық түсініктерді, жазықтықта және кеңістікте бағдар бойынша түсініктерді қалыптастаруға; экологиялық тәрбиеге мүмкіндік туғызады.

Математиканы бастауыш мектепте оқыту, математикалық түсініктерін дамыту цифрлық білімдік контенттің көмегімен де мүмкін болады. «Ойна да мектепті таны» («Play and learn school») ойыны 1- сыныптың алғашқы күндерінде оқытуға арналған. Бұл ойын негізінен арифметика материалдарын оқып-үйренуге дайындауға бағытталған. Математика саласында оқыту цифрлармен және олардың тізбектерімен, геометрияның бастапқы негіздерімен танысуды ұсынады. Бала кеңістіктегі (жақын, алыс, оң жақтан, сол жақтан) және уақыт бойынша (тәулік, күн, ай, жыл) бағдарлауды оқып үйренеді. Әр түрлі есептер ойын арқылы бала мен компьютердің арасындағы белсенді өзара әрекеттестікте шешіледі. Оқушының қызығушылығы мен практикалық біліктердің дамуына игі әсер етеді. Бұл ойын балаға математика негіздерін бір шама күрделілік дәрежеде оқытуды көздейді.

«Бірінші сынып стартында ұшу» (Flying Start First Class) – 7-8 жастағы балаларға арналған кешенді сипатқа ие бағдарлама. Өйткені баланың оқудағы, математикадағы, жаратылыстану ғылымдарындағы және музыкадағы білімдерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада салмақ ұғымымен танысу, әр түрлі шамаларды қалай өлшеуді үйрену, ақшаны қалай санау сияқты бірқатар практикалық сәттер бар. Ол сондай-ақ білгілі бір дәрежеде көркемдік, шығармашылық қабілеттерді қозғайды, түс, форма туралы ұғымдарды қалыптастырады. Күрделілік дәрежесі әр алуан әр түрлі жаттығулар бар. Дұрыс санау, есептерді шешу кезінде экранда суреттер заттар орын ауыстырады, ойындық жағдаяттар өзгереді, балаға жаңа қиынырақ тапсырмалар ұсынылады. Осы бағдарламаның арқасында сабақтар табысты сипатқа ие болып, баланың мәселені шешу машықтарын ынталандырады да оған жаңа білімдер мен тәжірибелер береді. Бағдарламада балаға өз жетістіктерін тексеруге мүмкіндік беретін диагностикалық тесттер де бар.

«Жаңа диск» деген атпен Ресейде шығарылған «Үш торай қасқырға қарсы. Цифрды үйренеміз» ойыны балаларды мысалдар шығаруға үйретеді, «плюс», «минус», «тең» таңбаларымен танысады, өте көңілді және қызықты түрде олардың көмегімен қандай әрекеттерді орындауға болатынын біледі. Үш торай туралы ертегіні барлығы, тіпті ең кіші балаларға дейін біледі. Ал бұл ойында олар, егерде қасқыр мейірімді, ал торайлар зиянды болса, онда не болатынын біледі. Қасқырға көмектесе отырып, торайларға шама жетеді, цифрлармен танысады және қосу мен азайтуды үйренеді.

Компьютерлік математикалық бағдарламалар сан жиынының заттық мазмұнынан да, оның элементтерінің кеңістік орналасуынан да тәуелді болмайтыны, ой қабілетін дамытуға бағдарланғаны, шамалар ұғымын, геометриялық фигуралар атауын бекіту, 10 көлемінде тура және кері санай білу мен санды цифрмен байланыстыра білу, көру жадын жаттықтыру, кеңістік қиялдау, реакция жылдамдығы, қозғалыстар үйлесімі және т.б. туралы балалардың түсінігін бекітуге көмектеседі.

1-сурет. Табиғат дыбыстары. Хайуанаттар бағы.

«Сөйлейтін суреттер» бағдарламасы (1-сурет) «Табиғат дыбыстары. Хайуанаттар бағы.» суреті арқылы сөйлеу органдарының дамуы барысында балаларда табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстар мен тиісті безендірулердің арасындағы бірлікті байқауды дамытуды көздейді. Сонымен бірге баланы қызықты да тартымды оқу процесіне тарту арқылы оның тілінің дамуына көмек көрсету міндетін қояды. Балалар оларды бір-бірінен ажыратуды үйренеді, сондай-ақ еліктеу арқылы фонетикалық машықтарды қалыптастырады. «Сөйлейтін суреттер» бағдарламасы сөйлеу аппаратының барлық қызметерін: тыныс алуды, дыбысты құрастыруды, дауыс ырғағын келтіруді, фонематикалық қабылдауды және сөздік аппараттың сөйлеу мүшелерінің әрекетін үйлестіруді дамыту үшін дыбыстық еліктеушілік сөздер мен тіркестерді пайдаланады. Ол сондай-ақ қарсы мәндес сөздер, түстердің атаулары, музыкалық аспаптар, жануарлар және табиғат құбылыстары сияқты лингвистикалық санаттарды жеңіл және күштеусіз мәнерде меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл бағдарлама балаларға хайуанаттар бағындағы жануарлар қандай дыбыстар шығаратынын тыңдау мүмкіндігін береді: «Суреттегі жануарға бас, тыңда, ол саған не айтқысы келеді, оның дыбысын қайталап көр, жаз да өзіңді тыңда.

 Кері тапсырма болуы мүмкін: жануар шығаратын дыбысы бойынша балаға оны табу ұсынылады. Осындай ойынның көмегімен қоршаған орта, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау туралы түсініктердің кеңеюі орын алады.

Осы ойында мынадай да тапсырма бар: «Жазуды тыңда да оған сәйкес келетін суретті алып кел» - орман қалай шуылдайды, құстар қалай сайрайды жазуы беріледі. Балалар мұнадай тапсырмаларды орындау барысында сарқыраманы, құстардың сайрауын немесе жапырақтардың сыбдырын тыңдайды ал, бұл жағыдай олардың психо-эмоциялдық жай-күйін бекітуге оң ықпал етеді. Сонымен бірге бағдарламада «заттарды көрсетілген ретпен орналастыр» немесе «олардың астына жазуларды да дұрыс ретпен орналастыр» тапсырмалары бар. Мұндай тапсырмалар көзбен қабылдау қабілеттілігі, көзбен көру ұқыптылығы және жадтың дамуына көмектеседі.

Мамандарының пікірі бойынша компьютерлік ойындарды білім беру үдерісінде пайдалану балалардың ақыл-ой есептерін түсіну мен шешу, сыртқы ойшылдық әрекеттерді ішкі жоспарға ауыстыру қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі [3].

Оқу іс-әрекеттерінің машықтарын:

·        оқу танымдық есепті қоя және қабылдай білуді;

·        нұсқауларды тыңдай және ілесе білуді;

·        өз іс-әрекетін жоспарлай және алгоритм бойынша жұмыс істей білуді;

·        іс-әрекеттің барысын бақылай және өз іс-әрекетінің нәтижелерін бағалай білуді;

·        әрекеттің нәтижесін болжау қабілетін дамытуды;

·        жоғары психикалық процестерді дамытуды;

·        түйсікті, жад назарын қылыптастыруды қамтамасыз етеді.

Әрбір баланың келешектегі өміріне компьютер міндетті түрде қажет болады. Сондықтан компьютерлік біліктерді дамытуға бағытталған бағдарламалар ерекше орын алады Ал қазірше компьютер әлемі олар үшін жұмбақ әрі түсініксіз. Бала тышқан мен пернені басқарудың әліппесін неғұрлым ерте меңгерсе, солғұрлым келешекте компьютерді ол солғұрлым тез меңгеретін болады. Сондықтан біз компьютерді басқару машықтарын дамытуға; ойын бағдарламаларының интерфейсін түсіне білуді дамытуға; қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға; компьютердің құрылысы туралы білімдерді толықтыруға бағытталған бағдарламаларды да назарда ұстауымыз керек.

Компьютерлік ойындардың көпшілігі ойындық пен дидактикалық міндеттерді біртіндеп күрделендіру қағидасы бойынша құрылады. Цифрлық білімдік контент бала үшін топтастырудың, салыстырудың, модельдеудің, эксперименттеудің, қызықты формаларымен қамтамасыз етеді.

Компьютерлік бағдарламалардағы ойдан алынған батырларымен қатынас жасау модельдерін игеруді тұлғааралық қатынасты игеру үшін негіз сияқты қарастыруға болады.

Сонымен, цифрлық білімдік контент баланың тұлғалығын одан әрі оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру үшін жақсы негіз болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     С Пейперт Конструктивизм: научно-технические отчеты и очерки 1985 - 1990

2.     Бергин Д.А., Брод, Я, Хесс, Р.Д. Мотивация и общественное поведение младших школьников в связи использованием компьютеров. Журнал Образовательная психология. 1993, Стр. 437-445.

3.     Национальная Ассоциация Образования младших детей. Технология и младшие дети возраста с 3 по 8 лет. (Утверждение Позиции NAEYC). Вашингтон. 1996г.