ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ғарифоллаева А.Ғ. – БОПӘ мамандығының 4курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Жумаш Ж.Е. – п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы

 

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр [1].

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті қазіргі мектеп бағдарламаларында маңызды рөлге ие. Мұның себебі зерттеушілік іс-әрекетті бала қабілетін ашу, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың мықты құралы деп тануда деп білеміз. Зерттеушілік іс-әрекет – алдын-ала шешімі белгісіз және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинау, оны талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерден тұруды болжайтын оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік міндетті шешумен байланысты іс-әрекеті.

Қазақстанда білім беру сапасын арттырудың қолайлы, тиімді бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға бағдарланған жаңа білім беру мазмұнының құрылымдық жүйесін қайта құру кезеңінен өту және бұл бағытта жүргізілетін жұмыстың тиімділігін ұтымды көрсету үшін жүйелі түрде нақтыланған ұстанымдар белгіленуі қажет. Осы қажеттіліктерге қатысты көрнекті ғалым Ш.Т.Таубаева мұғалімнің зертеушілік мәдениетін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі, тетігі мен кезеңдерін қамтитын тұжырымдарға сүйеніп, теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырады. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогиканың әдіснамасы, ғылыми таным, философиялық, әдіснамалық білімдерінің мазмұнын көрсетуге мүмкіндік беретін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру үдерісінің теориялық үлгісін ұсынып әдіснамалық негізін анықтаған [2].

Зерттеушілік іс-әрекет – алдын-ала шешімі белгісіз және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинау, оны талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерден тұруды болжайтын оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік міндетті шешумен байланысты іс-әрекеті [3]. 

«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге,  сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі [4].

Енді Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыруға қолайлы тақырыптарды ұсынбақпыз. «Әдебиеттік оқу» («Атамұра» баспасы) оқулығындағы «Құмырсқа» әңгімесі. Зерттеуді ұйымдастыру мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

Құмырсқа туралы не білесіңдер?

Қандай түрлері бар?

Немен қоректенеді?

Құмырсқа туралы қандай шығармаларды білесіңдер? («Шегіртке мен құмырсқа» мысалы, «Өрмекші мен құмырсқа» ертегісі,  «Құмырсқаның өнері» мәтіні). Яғни осы сұрақтардың жауабын тауып, зерттеу жүргізуге бағыт-бағдар берілді. Оқушылардың ізденістерінің, тапқырлығының арқасында төмендегідей кесте құрылды:

Құмырсқа

Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы

Описание: C:\Users\Терминал\Desktop\1.jpg

Құмырсқа илеуі

Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Сонымен қатар құмырсқалар илеулерде ғана емес, ағаш діңдерінде де, гүл сабақтарында да тіршілік етеді. Ал енді көшпелі тропиктік құмырсқаларда ешқандай тұрақты баспана болмайды.

Описание: Муравьи как биокомпьютеры: Муравейник в разрезе

Құмырсқа түрлері

Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - үй құмырсқалары (шымалдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды «жыртқыштар» деуге болады.

Описание: Картинки по запросу муравейОписание: Картинки по запросу муравей

Құмырсқа ханымы

Ұрпақ ісіне жауапты аналық құмырсқалар өмір бойы тек қана жұмыртқа шығару ісімен айналысады. Бір патша елінде бірнеше патшайым кездесуі бек мүмкін. Ірі денелі аталық құмырсқалардың міндеті – патшайым құмырсқамен аз ғана сәт ұшырасып, ұрықтандыру. Өз міндетін атқарған аталық құмырсқа кешікпей тіршілікпен қоштасады.  

Бағдарлау

Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.

Қызықты ақпарат

Ø      Қасиетті Құранда «Нәмл» (құмырсқа) деп аталатын арнайы  сүре бар.

Ø      Ең көп өмір сүретін жәндіктер. Ежелгі  құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты.

Ø      Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.
Жауынгер құмырсқалар адамдар секілді өз отарларын қорғайды. Кейде отарлар арасында адамдар секілді соғысады.

Ø       Құмырсқалар азық табу үшін аңшы құмырсқаларды жібереді. Бұлар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады.

Ø       Жер қозғалар алдында олардың тіршілігі өзгеріске ұшырап, түні бойы қарбаласқа түсетіні анықталған.

Ø       Құмырсқалар күндіз қоректеніп, түнде ұйықтайды.  

Құмырсқаның пайдасы

Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады. Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен.

Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.

Сонымен қатар оныңилеуі де ем боладыекен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.

 

Зерттеу әрекетіне арналған тақырыптар балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалып, олардың танымдық қызығушылығын арттыратындай болу керек. Бастауыш  сыныпта оқушылардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күн талабы.  Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Осының өзі шәкірттердің білімді саналы түрде меңгеруіне, шығармашылық жұмыс істеуіне ақыл-ойын дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлерін іздестіруді қажет етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.       Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, / Егемен Қазақстан, 26.12.2003.

2.       Таубаева Ш.Т. «Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің зерттеушілік мәденитін қалыптастырудың ғылыми негіздері». п.ғ.д.автореферат 2001, Алматы.

3.       Сартаева Н. Т. Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі // Молодой ученый. — 2016. — №5.2. — С. 53-56.

4.       2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2012. – 8 б.

 

Резюме

В данной статье рассматривается сущность иследовательской деятельности и методика организации исследовательской деятельности младших школьников на уроках литературного чтения.

Summary

This article deals with the essence of researching activities and methods of the organization of research activity of younger school students at lessons of literary reading.