Педагогические науки/ Актуальные
проблемы современных наук - 2016
п.ғ.к., доцент Абилкасимова
Г.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Құрманалин
Қ.С., Жәнтекеева А.А., Бекей Х., Каршалова А.М.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
«Кәсіптік оқыту»
мамандығынын студенттері
Кәсіптік
оқытудағы
инновациялық
технологиялардың ерекшеліктері
Қазіргі
таңда адам іс-әрекетінің барлық саласына жаңа
технологияларды ендіру басты мақсат болып отырған жағдайда
мамандарды даярлау мазмұнына, ұйымдастыру формаларына және
оның сапасын басқаруға қойылатын талаптар да артып
отыр. Өндірістің технологиялық тұрғыдан дамуы
кәсіптік оқыту педагогының даярлығына ерекше мән
беруді қажет етеді. Себебі, өндіріске жұмысшылардан бастап,
әкімшілік-басқару қызметкерлерін даярлау сапасы тікелей
кәсіптік оқыту педагогының даярлық деңгейіне
байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіптік
оқыту педагогының даярлығын инновациялық
технологиялық даярлық дәрежесіне жеткізіп, жетілдірудің
мәні ерекше. Жоғары оқу орындарында кәсіптік
оқыту педагогтарын даярлаудың жай-күйін талдау
инновациялық-технологиялық даярлық берудің
соңғы жылдары қалыптасқан жүйесі бар екендігін
аңғартты. Дегенмен, осы
даярлық мазмұның анықтау жєне оны ұйымдастыру мен
қоғамдық практиканың ќажеттiлiктерi арасында елеулi
µзгешiлiктiњ бар екенi байқалады.
Сондықтан бұл ұғымның
мәнін ашып көрсету үшін ең алдымен «инновация»,
«технология», ұғымдарының анықтамасын жүйелеп,
соның негізінде «кәсіптік оқыту педагогтарын дайындауда
инновациялық технологияның мәнін ашып көрсету
қажет.
«Инновация»
атауы педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда.
Бірақ бұл атаудың педагогикалық ұғым
ретінде әлі де қалыптасу үстінде екендігі анық.
Сондықтан да «инновация» ұғымын толық пайымдау
үшін, оның тарихи даму деректеріне шолу жасайық [1].
«Инновация» атауы ХІХ ғылымның ғасырда антропология
және этнография салалары арқылы енді. Мұнда ол
«дәстүр» атауының антонимі ретінде мәдениеттегі
өзгерістер процесін зерттеуде қолданылды. Әсіресе, тиісті
ортада мәдени жаңа жасалымдардың диффузиясына, олардың
басқа мәдениетке өтуіне назар аударылды. Сол арқылы
инновация ұғымы диффузионизм тұжырымдамасы мәніне енді.
Бұл ұғым мәдениет өндірісіндегі
эволюционизмнің орнын ауыстырды. ХХ ғасырдың бірінші
жартысында функционализм әсерінен өндірістер үрдісі
батыстағы әлеуметтік ғылымдардың аумағына
сәйкес келді. Ал инновациялар жүйедегі теңсіздік,
қысымдардың бой көрсетуі немесе жаңа қысымдардың
бастау көзі қызметін атқаратын қалыптан ауытқу
ретінде көрінді. Бірақ экономика ғылымы ХХ
ғасырдың басында «инновация» ұғымын меңгеріп,
субъектілердің шаруашылық өмірде қолданатын және
«кәсіпкерлік пайда» көзі ретінде жұмсалатын элементтеріне
жаңа рең берді, циклдық дағдарыстарды
жеңудің маңызды құралы ретінде танылды.
Кейбір авторлар инновация ұғымын былайша
анықтайды: «инновация» деген сөз - латынның «novus»
жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен
шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару,
жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Осы
тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдасақ,
бұл атау шығу тегі жөнінен бір пікір
қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген
зерттеушілердің айтуынша, бұл термин қоғамдық
ғылымға жаратылыстанудан енген болып есептелінеді, өйткені
жаңалық бірінші кезекте өндірісте, медицинада көптеп
пайдаланылады. Педагогикалық категория ретінде «инновация» салыстырмалы
түрде жас, сондықтан бұл ұғымға
анықтама беруде әр түрлі пікірталастың
болғанымен, керемет бір кереғар пікір немесе түсінбеушілік
жоқ. Демек, «инновация» атауын анықтауда барлық
авторлардың пікірлерін салыстырса, аса алшақтық жоқ
десе болғандай. Олардың ойынша, «инновация» - педагогикалық
категорияға жатады және ол мектептегі құбылысқа
тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу
жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие
жұмыстарына енгізу болып табылады.
Құрал-жабдықтар жиынтығы
және өзіндік қасиеттері бар еңбек материалдарының
өзі бұйым жасағанда адамның жүргізетін белгілі
бір операцияларын орындауына себепші болады. Еңбек
құралдарының еңбек процесіне әсер ету
операциялары және оның орындалу реттілігі өндіріс
технологиясын құрайды. Технология бұл дайын бұйым алу
мақсатында орындалатын өңдеу тәсілдері мен
процестерінің жиынтығы. Технология мұқтаждығын
техниканың деңгейі мен сипаты және оның даму
бағытын айқындайды. Жаңа техника жаңа технологияны
туғызады, ал технология өз кезінде құрастырылған
жаңа техниканың ішкі артықшылықтарын жүзеге
асырудың құралына айналады [2].
Техникалық білім мен біліктілікке баулитын
кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша жұмыс істейтін
мамандарды даярлауда қолданылатын техникалық құрал
бірдей болғанымен, технологиялар мен оқу-бағдарламалық
жүйеде өзгешеліктер бар екені анық. Ол ҚР жалпыға
міндетті білім беру стандарттарының құрылуынан,
кәсіптік оқыту педагогтарын даярлаудың
теориялық-әдістемелік негіздерінен, технологиялар негізінде
жасалынған оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнынан
байқалады.
Адамзат қоғамының қазіргі
даму ұйымдастырушылық жағдайында қолданыстағы
технологиялардың ролі басым болып отыр. Қазіргі өмір
сүріп отырған дәуірімізді технологиялық мәдениет
ғасыры деп те атауға болады. Себебі, қазіргі кезде
өндірістің, қоғамдық өмірдің кез
келген саласы қарқынды даму процесін айқындайтын
қозғалмалы технологиялық ағза болып табылады.
Білім беру саласында технологиялық
қатынас жаңалық емес. Технологиялық қатынас адам
мен техника арасындағы байланысты көрсете отырып, жалпы
өндірістік қатынастың бір жағын ғана
айқындайды. Бұл қатынас ең алдымен өндіргіш
күштердің заттық элементінің өзгеруіне байланысты
өзгеріп отырады. Демек, технологиялық қатынас ғылыми-техникалық
прогрестің мазмұнымен және өндірістің
қарқындылығымен байланысты [3].
Кәсіптік
оқыту педагогының инновациялық-технологиялық
даярлығы деп, технологиялық
процестерді өз бетімен ұйымдастыруға және
орындауға қажетті білім, білік, дағды
жүйесін инновациялар арқылы жеке тұлғаның меңгеруі мен оны тиімді қолдана
білуін қамтамасыз ететін кәсіби іс-әрекеттін айтады.
Сонымен, кәсіптік
оқыту педагогының инновациялық-технологиялық
даярлығының мазмұнын жоғары оқу орындарында
педагогикалық инновацияларды ендіру арқылы политехникалық білім беру және
технологиялық оқыту мен тәрбиелеу құрайды.
Педагогикалық инновацияларды ендіру оқыту мазмұнына
бүгінгі қоғамда білім беру саласында жүріп жатқан
реформаларға сәйкес жаңалықтарды енгізуді,
оқу-тәрбиесін жұмыстарын жаңа технологияларды
қолдана отырып ұйымдастыруды, сонымен бірге студенттердің
технологиялық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда
жаңа техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер тізімі
1 Абилкасимова Г. Кәсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық
даярлығы: теория және тәжірибе. Монография.
Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. – 175 б.
2 Мәлібекова М.С. Студенттердің
кәсіптік-ақпараттық бағыттылығын
қалыптастырудың педагогикалық негіздері: пед.ғыл.док....автореф.: - Қарағанды, 2004. - 44 б.
3 Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар
негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын
жетілдіру: пед.ғыл.канд. ...автореф.:
16.04.2005. - Қарағанды, 2005. - 30 б.