Ирсакова М.А., Тараз
қ.
Бастауыш
сыныптың қазақ тілі
сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы.
Қазіргі бастауыш мектептің ең
маңызды міндеті – оқушыларға заман талабына сай білім беру. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы
дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта
жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау
жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Оқу мақсаты
басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие
мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың
ең басты бағытттарын айқындауға және
нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа
мазмұнды оқытудың нәтижелілігі
мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру
ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және
кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген
бүгінгі тәуелсіз
мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас
ұрпақтың меңгерген біліміне, алған
тәжірибесіне байланысты екені белгілі. Бала мектеп табалдырығын
«білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен
ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың
алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында
ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін
инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен
санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды,
қайталанбас кезең.
Бастауыш сынып оқушысын ойы ұшқыр, қабілетті
жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оқу
үрдісін жан-жақты жаңаша ұйымдастыра білу талап
етіледі.Сондықтан да сабақ барысында жаңа технология
элементтерін тиімді қолдана білуіміз қажет.
Білім саласындағы инновациялық өзгерістер
оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды
қарастырады. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда
дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ
үрдісінде пайдалану барысында әр мұғалім
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің
педагогтік шеберлігіне орай қолдана алады. Жаңа технологиялар –
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой
ұшқырлығының шыңдалуына, эстетикалық
көзқарастарын пайымдауына, баға беруіне, танымдық
белсенділігін дамытуға бағытталған.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде
қолдану арқылы оқуға шығармашылықтың
енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық,
өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік
қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына
жағдайдың туғызылуы, яғни жеке
тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға
дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері
негізінде жүргізілуі жүзеге асырылады.
Жаңа технология элементтерін бастауыш сыныптың оқу
үрдісінде тиімді қолдану жақсы нәтиже көрсетуде.
Мәселен, бастауыш сыныптың қазақ тілі пәнінде
ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттыруға
болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген
белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты
құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті –
балаларды ойынға өз қызығушылығымен,
ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сабақта тиімді
қолданылған ойын түрлері
– мұғалімнің
түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор
ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші
бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын элементтері кез-келген
оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар
оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ
түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің
маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау,
жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау
сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің
материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық
маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың
әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға
көңілді, жеңіл келеді.
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында
дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру
барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын
баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай
әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты
өткізуге тырысуы қажет. Әр сабақтың
тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл
үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін
арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік
материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім
әрекетіне жетелеу.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында «Қай сөзді жоғалттым?»,
«Үндемес», «Сөйлем қуаласпақ», «Не қажет?»,
«Әріптерді
жоғалтпа» «Домино», «Кім жылдам?», «Бұл қалай өзгерген?», «Тапшы, кімнің
дауысы?», «Әріп таңдау», «Қай буынды жоғалттым?»,
«Өз атыңды буынға бөл», «Ойлан тап», «Бәйге»,
«Ұшты – ұшты» , «Суретті лото», «Сұрақ қой», «Ғажайып алаң», «Жеті күн», «Сөздерді тап» т.б. ойындарды кеңінен қолданса
болады.
Кез – келген ойын түрлерін бастауыш сыныптың
қазақ тілі сабағында
қолданғанда оқушыларда әрекет пайда болады,
дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.
Мысалы, «Әріптерді
жоғалтпа» ойынында оқушылар әр әріпті
жаңылмай орнына қойып, жаңылтпаш сияқты айтып беруі
керек. Сәл мүдірсе болды, оқушы ойын тәртібін
бұзған болып, одан шығып қалады. Сондықтан ойын
тәртібін бұзбау үшін алфавитті жақсы білу талап
етіледі. Бұл ойынды балалар сабақтан шаршағанда,
тақырыпты пысықтау кезінде, сондай-ақ олардың кейбірі
дыбыстарды дұрыс атап, жаза алмаған кездерде пайдалануға
болады.Мысалы, «Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа
үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын
шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз
шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту
мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа
сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс
жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам
алға жылжу. Мысалы: «Сөйлем» тақырыбынан кейін мынандай
сауалдар қоюға болады.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде дыбыс неше
түрге бөлінеді?
3. Дауыссыз дыбыстардың
ерекшелігі?
«Кім жылдам?» ойынын ойнатуға
болады.
1. А әрпінен
басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Астана, Алматы, Атырау.
2. Тек қана а,
е, ы дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы:
А-ара,
апа, ана
Е-
емен, Есен, ескек.
Ы- ыдыс,
ыстық, ырыс.
«Сөздерді тап» ойыны. Алдын-ала дайындалған сөздер
қима қағаздарға жазылып таратылады. Әр
оқушы сөздің ішінен
сөздерді табу керек. Бұл ойынға оқушылардың
мүмкіндігіне қарай 5-6 минут беріледі.
Қаламұш – қал,
қала, қалам, ұш;
Бөлмеден – бөл,
бөлме,еден;
Қызмет – қыз,қызым;
Аралас – ар, ара, ала, ас;
Танымал – таны, таным, мал;
Одақтас – ода,одақ,тас,ас;
Таңертең – таң,
аң,ер,ерте,ертең,тең;
Темірқазық – темір,
қаз, қазы,қазық,ық;
Рөлдік ойындардың да
баланың шығармашылық қабілетінің дамуында
маңызы зор. Рөлдік ойындар – тиімді интербелсенді
әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін
ғалымдардың басым көпшілігі оқу
-оқытудың ойын әдістерін
кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы
зор тәсілдер деп есептейді.
Өйткені іс-әрекет
арқылы үйрену- үйрету –
танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян.
"Ойын" сөзі сабақта инценировканың орын алып,
әрекеттердің көрініс түрінде көрсетілгенін
меңзейді. Ал"рөлдік " сөзі әр
қатысушының белгілі бір рөл
орындайтынын және де бұл рөлдің басқа рөлдердің қатарында болып, олармен тығыз
қарым-қатынаста болатындығын
білдіреді.Бұл қарым-қатынас өмірде орын
алған қарым-қатынастарды
қайталайды, сол себепті
де рөлдік ойындар
қоғамға
кең етек алған
проблемалар мен оларды шешудегі
тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат
тұтады.
Бұл әдіс оқушылардың жинақталған білімін, тәжірибеде,
өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Бұл әдіс оқушыларда
жинақталған
теориялық білімдерін
өмірде кездесетін ситуациялар мен
жағжаяттарда қолданады. Ол
мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны мен мән-жайын
дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын
қарастыру арқылы өзінің шығармашылық (креативтік)
деңгейін дамытады.
Сонымен қатар қазақ
тілі сабақтарында блиц оқу ойындарын тиімді қолдануға
болады. Блиц оқу ойындары – қысқа
мерзімді шағын ойындар, олар оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын
дамытуға бағытталады.
Блиц ойындарда
оқушыларға ойынның
жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, оқушылар оларды өздігімен ойнап шығуы
керек. Мұнда да «Ойыннан кейін» кезеңі ерекше маңызды
рөл атқарады өйткені осы уақытта оқушылар ойыннан алған әсерлерімен
бөлісіп, ой – толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.
«Шындық детекторы» ойыны. Бір
оқушыға өткен тақырыптардан 4-5
сұрақ қойылады. Оқушы
сұрақтардың барлығына да шынайы түрде
жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады.
Қалған оқушы шағын топтарға бөлініп,
жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап,
өз ұстанымдарына дәлелдер келтіруі керек.
«Фотолар» ойыны.
Әр оқушыға (немесе топқа) бір адамның фотосын
беріп, оның өмірін (немесе ол адамның
мінез-құлқын) қысқаша түрде сипаттап беру
тапсырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотолар
тақтаға (қабырғаға) ілінеді. Оқушылар
кезекпен өз мәтіндерін оқығанда, басқалар
әнгіменің қай адам туралы болғандығын
анықтауы керек. Мұнда да өз көзқарасын
дәлелдейтін тұжырымдар келтіріледі. Бұл әдіс
арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін
дамытуға болады.
Заманауи педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне
сүйене отырып, оның тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіре
отырып, оқушылардың шығармашылығын
арттыруға; оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп,
білім сапасын көтеруге; пәнге деген бейімділігі,
қызығушылығын
арттыруға болады. Әсіресе бала табиғатына жақын
ойын технологиясын сабақ барысында қолдана арқылы біз
оқушылардың қызығушылығын, ой
ұшқырлығын, тапқырлығын дамытып, пәнді
жан-жақты меңгертуге мүмкіндік туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды
технологияландыру. – Алматы, 2002.
2. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілін оқыту
әдістемесі. –Алматы: Prints,2005.
3. Қ.Ыбыраймжанов. Педагогикалық технология. Бастауыш мектеп №8,
2005.