ф.ғ.к., доцент м.а. Н.Б. Есенова, студент А. Орынбасар
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Балалардың
сөйлеу тілінде фонетикалық-фонематикалық жағынан арнайы
әдебиеттерде қаралуы
Баланың жеке дамуына сөйлеу тілінің
тигізетін әсері мол. Ауызша сөйлеу тілі адамның жалпы
мәдениеттілігінің көрсеткіші болып келеді. Бұл тек
өз ойын дұрыс нақты құрау емес, сонымен
қатар басқаларға дұрыс жеткізе білу. Баланың ересектермен сөйлеу тілі арқылы қатынасының
маңызды мәні,
сөздік жүйені меңгеру. Балалардағы барлық негізгі
психикалық үрдістерді қалыптастыратын,
нақтылықтың бейнесін жасайтын және ес пен елестету,
ойлау мен іс - әрекеттің жаңа формасын жасайтын күшті
фактор болып табылады. Қарым – қатынастың негізгі
құралы сөйлеу тілі болып табылады және
мінез-құлықтың жоғарғы жүйелеуші ретінде
маңызды рол атқарады.
Аталған
ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, біз қазақ тілінің
фонетикалық ерекшеліктерін сипаттауындағы ережелеріне
сүйендік:
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, э, и, о, ө, е, у, ү, ұ, ы, і
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар: «Ә»,
«Ө», «Ұ», «Ү»,
«І»
Дауысты А - Ә
сияқты максимальды төменгі көтерілім.
Бұл дауысты ауызды
кеңінен ашып жасалады.
Орысша «А» жасалымына қарағанда тілдің артқа
тартылуымен айтылады. Әріп
айтылғанда ерін дөңгеленіп келмейді,
керісінше кеңінен ашылады.
«Ә» фонемасы
«А» фонемасынан
айырмашылығы, оны айқанда тіл алға созылады.
«Ә» фонемасы
қазақ тілінде
жиі кездеседі. Сөз
басындағы буында кездеседі:
ә-теш, ә-ріп, ә-демі, ә-кет,
ә-рекет;
сөздің екінші буынында:
сі-рә, кү-нә.
«Ө» фонемасы
тек «О» дыбысының жіңішке түрін береді. «Ө»
айтылған кезде, «О» айтылымына қарағанда
тіл сәл алға
жылжиды.
«О» фонемасы
айтылғанда, ерін «О» мен «Ө» сияқты
алға созылады.
«Ұ» төменгі қатардың
дауыстысы. «Ұ» фонемасы көбінесе У – ның алғашқы жолында
қолданылады: ұя, ұшқұш, ұшқұр.
«Ү» фонемасы – «Ұ» -
ның жіңішке түрі.
«Ү» айтылған кезде тіл алға
созылып айтылады. Айтылмаған кезінде тіл, «І» қалай айтылған
болса, тіл сондай
жағдайда болады.
«І» фонемасы
«Ы» дыбысының
жұмсақ
түрі, тілдің ұшы
астыңғы
тістерге тақалады, тілдің ортаңғы
бөлігі
көтеріліп,
қатты
таңдайға
жақын орналасады.
Қазіргі
қазақ тілінде 25
дауыссыз дыбыс бар: Б,
Г, Д, Ж, З, Й,
К, Л, М, Н, К,
Р, С, Т, (У), Ш,
Қ, Ң, Ғ,
Х, Һ, В,
Ф, Ц, Ч, Ф, Х,
Ц, Ч –
соңғы
төрт фонема орыс
алфабитінің
әсерінен пайда болды.
Қазақ тіліне тән
дауыссыз дыбыстар «Қ», «Ң»,
«Ғ», «Һ»
«Ң» фонемасы
тілдің төменгі бөлігі мен төменгі таңдайының тығыз тиуінен қалыптасып, ауыз қуысын жаба
отырып, тілшік төмен
түсіріледі,
мұрынның
әсерінен фоноционды ауа
мұрны арқылы өтеді. Берілген фонема сөздің ішінде, ортасында, аяғында кездеседі. Сөз басында
кездеспейді: аң, аңшы,
таң, аңқау.
«Қ» фонемасында
тілдің төменгі бөлігі толығымен
таңдайдың
төменгі
бөлігімен
тоғысып, сосын бұл
екі мүше тез
ажырау кезінде пайда
болады. «Қ» қатаң дауыстылармен
байланысты болады. «Қ» фонемасы сөздің
барлық
жағдайында кездеседі, яғни
қазақ тілінде кеңінен танылған:
қас, оқу, ақ.
«Ғ» фонемасы
«Ң» дыбысы
сияқты тілдің төменгі бөлігінің
төменгі
таңдайға
жақындауы жолымен жасалады.
Қазақ тіліндегі «Қ» жүйелі түрде «Ғ» фонемасымен алма кезек
келіп отырады.
«Һ» қазақ тіліндегі
жалғыз көмейден шығатын дыбыс. Берілген фонема
экспирацияның тәуелсіз қатысуымен құралады.
Өзге дауыссыздардан «Һ» дыбысының
айырмашылығы, ауа ағымы
ешқандай кедергісіз шығуы. «Һ» фонемасымен
айтылатын сөздер қазақ тілінде өте аз
кездеседі: айдаһар, қаһарман.
«В», «Ф»,
«Х», «Ц»
фонемалары орыс тілінен
енгеннен олар қазақ тілінде
өзгереді. Мысалы, Х – Қ
(хат – қат), Ф – П (шкаф –
шкап). Санорлы Ц
дыбысы кейде С
дыбысына алмастырады (Франция – Франсия), (Цирк – Сирк). Сондай-ақ,
Қазақстанның
әр обылысында өздерінің диалектілері бар: Алматы обылысы, Шығыс
Қазақстан
обылыстарында шалдың орнына
ш – ч: «чал», шаш
орынан «чаш» қолданылады.
Балалардың толық
дыбыстарды дұрыс айтылуы негізінен 4-5 жасында қалыптасады.
А.А.Венгердің пікірінше, күнделікті перспективті іс - әрекет
балада бес жасында қалыптасады екен. Сондықтан, ана тілінің
барлық дыбыстарын дұрыс айтуға тәрбиелеу кіші мектеп
кезеңінде аяқталуы тиіс.
Зерттеуде біз,
кіші сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі фонетикалық – фонематикалық дамуын
түзету
жұмыстарын қарастыратын
болғандықтан, мектеп жасына дейінгі балалармен де
жүргізілетін логопедиялық
жұмыстың
ерекшеліктеріне
тоқталып
өткенді жөн санаймыз.
Мектепке дейінгі балалармен
жүргізілетін
логопедиялық
сабақтардың
алғашқы
әдістемелердің
авторлары Н.В.Власова және
Е.Ф.Рау балалардың
өз беттерімен сөйлей алу дәрежесіне байланысты
сөздік
жаттығуларды
күрделендіріп
құрастырды.
Мәселен, Н.А.Власова сөйлеу тілінің жеті түрін
ажыратады, оларды мектепке
дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтарда
бірізділікпен,
кезектілікпен жүргізу керек:
-
қосарланған
сөйлеу тілі;
-
қайталап сөйлеу;
- таныс сурет
бойынша жауап беру;
- таныс суреттерді
өздері суреттеу;
-
таңдалған кішігірім мәтіннің мазмұнын айту;
- тосынан айтылған сөйлеу тілі (таныс
емес суреттер бойынша);
-
қалыпты сөйлеу тілі
(таныс әңгімелесу өтініш).
Е.Ф.Рау логопедиялық жұмыстың
міндетіне «жүйелі жоспарланған сабақ
арқылы сөйлеуі тежелген
балалардың
сөйлеу тіліндегі қысымнан айырылып,
сөйлеу тілін еркін,
ырғақты, бір қалыпты, анық етіп, дыбыс
айтудағы
қателерді жою және
нақты, дұрыс артикуляцияны тәрбиелеу» деп анықтама берген [30].
Зерттеуімізде,
Н.А.Власова мен Е.Ф.Рау әдістемелердің негізіне
балалардың өз сөйлеу тілінің
дәрежесі алынады. Аталған авторлардың ғылыми
еңбектерінде
алғаш болып кішкентай
балалармен жүргізілетін
жұмыс сөздік жаттығулардың бірізділігін, кезектілігін
ұсынып қолданады,
мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін түзету жүйесінің
жеке бөлімдерін
құрастырды.
Қазіргі таңда логопедтер
осы әдістеменің кейбір элементтерін пайдаланады.
Н.А.Чевелева мен
С.А.Миронова
әдістемелері сөйлеу тілі
тежелген балалардың
еркін сөйлеу тілінің дағдыларын
меңгеруге
құралған.
Мұнда, Н.А.Чевелева
бұл жұмысты балалардың қол
еңбегін дамыту кезінде,
ал С.А.Миронова балабақша бағдарламасының түрлі
бөлімдерін өту кезінде
жүзеге асырады. Мәселен, Н.А.Чевелева
сөйлеу тілі тежелген
мектепке дейінгі балалармен
қол еңбегі үдерісінде жүргізілетін
түзету
жұмысының
ерекше жүйесін ұсынған. Мектепке
дейінгі
ұйымдағы
тәрбиелеу мен
оқытудың бір бөліміне негізделіп,
қол еңбегі үдерісінде сөйлеу тілі жаттығуларының біртіндеп
күрделену
қағидасы іске қосылған. Автор
С.Л.Рубинштейн мен А.М.Леушинаның тұжырымына сүйене келе, баланың байланыстырып
сөйлеу тілі ситуативті
сөйлеу тілінен
конткстті (өткен жағдайлармен, жоқ
заттармен, келер әрекеттермен байланысты
жалпылама) сөйлеу тіліне
өту туралы тұжырымдамаға сүйенеді, одан кейін мектепке
дейінгі кезеңде сөйлеу тілінің контестті
және ситуативті түрлері бірге жүреді деп,
сөйлеу тілі тежелген
балалармен сөздік жаттығулар көрнекі,
жеңіл сөйлеу тілінен
біртіндеп контекстті
айтылымдарға ауысып, бірге
қорытындылап, алдын алады .
Сондай-ақ, С.А.Миронова балабақшаның
орта және жоғары, дайындық топтарына «Айналадағы табиғатпен
танысу», «Тіл дамыту»,
«Математикалық
элементарлы
түсініктерін дамыту», «Сурет
салу, жапсыру, құрастыру» бөлімдері бойынша
бағдарламалардың
өту үдерісіне мектепке дейінгі балалардың
сөйлеу тіліннің тежелуін жоюды ұсынады. Автор
логопедке төрт кезеңде түзету
жұмысының
біртіндеп
күрделенуіне
байланысты шешілетін бағдарламалық және
түзету міндеттерін қояды. Балабақшада
сөйлеу тілі тежелген
балалармен сөйлеу мүмкіндіктеріне оқу жылының басында
өткен жылғы материалды
қолдануы, кейбір
тақырыптардың орнын ауыстыру,
неғұрлым қиын тақырыптарды оқудың мерзімін
ұзартуға байланысты кейбір
өзгерістерді енгізген.
В.И.Селиверстов әдістемесі балалармен дәрігерлік мекемелерде жұмыс жүргізуге бағытталған және модификацияны, бір уақытта логопедиялық бірнеше тәсілдерді қолдануды ұсынады. Ғалым, логопед әрқашанда шығармашылық қабілетті болуы керек, сондықтан да, әр нақты жағдайда балалардағы сөйлеу тілінің тежелуін және тұтықпаны жоюда тиімді, керекті, әсерлі әдісті қолдануға тиісті деп санады. В.И.Селиверстов ұсынған еңбекте балалармен жүргізілетін біртіндеп күрделенетін логопедиялық сабақтың үш кезеңін анықтаған. Олар: дайындық, жаттықтырушы, бекіту болып табылады. Аталған кезеңдерде сөйлеу тілінің жаттығулары біріншіден, өзінің сөйлеу тілінің дәрежесіне, оның дайындығына, дауысына және ырғақтылығына, құрылымына, екіншіден, сөздік жағдайлардың күрделілік деңгейіне: баланың сөздік қарым-қатынасы көрінетін жағдайда және әлеуметтік ортаға, баланың іс-әрекет түріне байланысты күрделендіру ұсынылған.
Сондықтан, фонематикалық талдаудың әлсіздігінен
балалардың
сөйлеу тілінде айтарлықтай тежелулер болып отырады.
Соның салдарынан, бала
сөздердің
жалғауларын нашар айырады,
ал ол болса грамматикалық
форманы меңгеруге кедергі
жасайды. Бұның себебі
сол жаңа
дифференциалды шартты байланыстың баяу
қалыптасуы.
Балабақшадаға тәрбиелеу үдерісінің
барысында бұл байланыс
біршама жақсара түседі. Бірақ сөйлеу тілін сонша баяу
меңгеру
балалардың психикалық дамуына едәуір зақым
әкелуі мүмкін. Фонематикалық естудің жетіспеушілігі артикуляцияның, яғни
сөзді айту үшін қажетті
қимыл кешенінің баяу дамуымен күрделенеді.
Баланың барлық
қимыл-қозғалысының, соның ішінде
сөйлеу аппараты моторикасының дамуы
қимыл-қозғалыс анализаторы аймағындағы
дифференциалді шартты рефлексті байланысының қалыптасу ерекшелігіне
тәуелді
Баланың сөйлеу тілі
дұрыс қалыптасуы үшін, бас миының толық жетілуі
және сезім мүшелері; есту, көру, иіс сезу, дәм сезу,
кеңістікті бағдарлау, сипап сезу толық дамуы керек. Сөйлеу тілі психикалық
функциялардың құрылуында маңызды орын алады.
Сөйлеу тілі туылғаннан пайда болатын қабілет емес, ол
баланың жалпы және психикалық дамуымен қатар
қалыптасады. Бала ана тілінің меңгеруі сөйлеу
тілінің дамуы заңдылығына сәйкес өтеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
.
1.
Айтметова С.Ш.
Использования трудовой деятельности в работе над развитием речи учащихся
вспомогательной школы. –М., 1995.
2.
Аширбекова А.,
Шайжанова Қ. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік
бейімдеу мәселесі. //Дефектология, 2010. №2.
3.
Баймұратова
Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістері. – А., 2000.