З.С.Тоқбергенова, т.ғ.к., С.Қ.Әлімбаева, социол.ғ.к.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

 

БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ АДАМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

                                                                                 

Білім беруді модернизациялау адам капиталын қалыптастырудың негізі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне енгізу және білім беруді интеграциялау жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында білім беруді модерни­зациялаудың шетелдік және отандық тәжірибелерін, жалпы орта білім берудің жаңа стандартын бір-бірімен сабақтастыру негізінде педагогикалық білім берудің проб­лемаларын шешуге бағытталған теориялық зерттеулерді, инновациялық жобаларды жүйелі жүргізіп, нәтижеге батталған білім беруді көздеп отыр.

Қазіргі таңда педагогикалық білім беретін оқу орындарына жалпы білім беру жүйесіндегі жаңалық­тар­дың алдында болу міндеттері жүктеліп отырғаны белгілі. Соған сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бүгінде өңірді ғылыми-педагог кадрлармен ұдайы қамтамасыз етіп келе жатқан бірден-бір оқу орны ретінде мұғалім мамандарын даярлауда институт өзінің тамыры терең тарихын, тиімді тәжірибесін қалыптастырумен қатар, білім беруде өміршең инновациялық үдерістерді енгізу үшін барлық қолайлы жағдайларды жасауда.

Еуропа елдерінің бірыңғай білім беру кеңістігін орнықтыруды көздейтін процеске қатынасу – сапалы білім беру негізінде еуропалық білім жүйесінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жауапкершілік алу дегенді білдіретіні белгілі. Болон процесінің құзыреттік білім беру моделін құрастыру талаптары институттағы жаңашыл, шығармашылық ортаны дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық-ізденістік жобалар негізінде орындалып келеді. Сонымен қатар, бірнеше Еуропа институттармен байланыс нығайтылып, студенттердің академиялық алмасуы, ғалым- оқытушылардың бірлескен ғылыми жұмыстары жүргізілуде.

Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі.

Бүгінде білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Орта білім берудің 12 жылдық моделі, кәсіптік білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлер мен PhD докторларды дайындау арқылы институттағы білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, функционалды сауаттылықты арттыру жолдары мен әдістерін кеңінен қолдану жұмыстары атқарылып жатыр.

 Жалпы білім берудің жаңа сапасына жету қазіргі сәтте модернизациялаудың бірінші орындағы міндеті болып табылады. Бұл білім қызметкерлерінің өз жұмыс нәтижелері үшін жаңа сапалы жауапкершілік деңгейін талап етеді.  Сондықтан алдағы мақсат - білім беруді педагогикалық жүйе және ерекше әлеуметтік ұйым ретінде дамыту, білім берудің жаңа сапалы, неғұрлым жоғары нәтижелеріне жету, ұжымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр.

Жақында Нұрсұлтан Әбішұлы бес бірдей институционалдық реформаны алға тартып, оның болашақ үшін мәні зор екеніне  баса назар аударғандығы бәрімізге мәлім. Елбасы: «Бар­лық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланатын, бірдей жауапкершілік жүгін ар­қалайтын және тең мүмкіндіктерді иелене­тін болады. Азаматтық тең­дік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғұламалық және білімпаздық культі, зайырлы ел – толерантты ел, міне, Мәңгілік ел идеясы база­­сындағы топтастырушы құн­ды­­лық­тар осы.

Соған орай, Елбасы ҚР Президенті жанынан бес бағыттағы реформамен түбегейлі айналысатын Модер­низация жөніндегі ұлттық ко­миссия құруды ұсынып, өзекті мәселелерді шешудің дұрыс жолын табу қажеттігін баса айтты.

Қазіргі таңда білім - қоғамдық құндылық пен "тұтынушы қоғамның" ажырамайтын бөлігі болып табылады. Сондықтан да Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Білім беру шыншыл, толық, анық және берік болу " принципіне негізделіп жұмыс атқарып келеді. Басты мақсатымыз  студенттерге өз әлеуетін ашуға қолдау көрсету, өмір бойы білім алу ептілігін дамыту, институттың аймақтық және республикалық деңгейінде көшбасшылық орнын қамтамасыз ету болып отыр. Негізгі даму басымдылығымыз - жоғарғы корпоративтік мәдениетіне негізделген стратегиялық жоспарлау мен қаржылық менеджментті қалыптастыру.

Бүгінде Қазақстан бәсекеге қабілетті векторлары мен тиімділік факторларына үлкен мән берілетін инновациялық даму сатысында тұр. Олары жоғарлату міндеті мамандардың бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселені шешуді талап етеді.

ТарМПИ осы жақтан бес принципті трендтері арнасында жұмыс атқарады. Мамандар менеджментін іске асыру, яғни адами қорларын тиімді басқару. Бұл тұста "тапсырыс берушінің" құқықтық нормалары мен талаптарына сәйкес "клиентке" бағдар ету арқылы білім беру қызметтерінің үнемі жоғары сапасын қамсыздандыру бағытында жұмыс атқарамыз. Мамандар менеджменті  мен адами қорларын басқарудың тиімді дамуы үшін оқытушының абырой Кодексі мен корпоративтік әдеп Кодексі жасалды, жемқорлықпен күресу және бұзушылықты алдын-алу жөніндегі Кеңес жұмысын белсендендірілді.

Жалпы институттық және салалық өзгерістеріне бағытталған біліктілікті жоғарлату бойынша нақты ішкі іс-шаралар кешені жасалып, семинарлар, онлайн-ресурстар, барлық қызметкерлерге тиісті даму саласындағы қызмет пен қысқа мерзімді курстарының кең спектрі құрылып, мамандарға қол жетімділігін қамтылды.

Болон үрдісі, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастықты жоғарлату үшін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы педагогикалық университтетері мен ғылыми-педагогикалық орталықтарымен тығыз серіктестік (өзара пайдалы) қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары Ассоциациясы құрылды         

Білім беру үрдісін жақсарту үшін негізгі күш оның сапасын жақсартуға бағытталуы керек. Сапаны жоғарлату үшін қазіргі таңда стуенттер үшін оқытудың дуальды моделін енгізу қажеттілігі туындауда. Мұндай өзара әрекеттестік арқасында студент тек теорияның үлкен көлемін алып қоймай, теориялық курс мазмұнымен байланысқан өндіріс үрдісіне тікелей қатысады. Дуальды дайындық жүйесінің механизмінде болашақ қызметкердің жаңа психологиясын құру мүмкіндігі туындайды.

Жаңа оқу жылында Шетел тілдері мамандығы бойынша Шанхай университетімен (Қытай) ынтымақтастық жоспарланып отыр. Бұл міндетті шешуде Ресей, Ұлы Британия, Чехия, Польша, Болгария және т.б. елдерімен екі дипломдық білім беру шекараларын кеңейту жұмыстары іске асырылуда.

Қазіргі уақытта ауыл білім берудегі ең басты стратегиялық бағыт болып табылады. Ауыл мектебінің маңызы проблемаларының бірі – бітірушілердің қоғамда табысты әлеуметтенуге, еңбек нарығында белсенді бейімделуге жеткіліксіз дайындығы. Қазір халық саны аз тұрғылықты жерлерде қол жетімді білімді қамтамасыз ету үшін шағын комплекті мектептер жұмыс атқарады (ШКМ). Біз шешуге тырысып жатқан бұл проблема бәрімізге ортақ, өзекті болып табылады Шағын комплекті мектептердің үлесі 56% құрайды. Елімізде екі және одан көп пәндер бойынша мұғалімдерді дайындамайды. Еңбек нарығында осындай мамандарға сұраныс туындауда, демек, бұл жерде білім беру бағдарламаларын қайтадан қарастыру және пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Мұғалімдерді дайындауда бірнеше пәндерді, әсіресе ұқсас пәндерді меңгеруге бағыттау мақсаты тұр.

Педагогикалық білім беруді модернизациялау үшін біздің мемлекетімізде еңбек нарығында жақын арадағы басымдықтарды анықтау маңызды болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жыл бойы бітірушілер үшін еңбек нарығының мониторингісі жүргізіліп сарапталады.

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүзеге асырып, контингентті қалыптастыруда тұрақты  мобильдік топ жүзеге асырады.

Институттағы көптілді білім беруді дамыту барысында бағыттар бойынша институт профессор-оқытушылар құрамы үшін ақылы түрде тіл курстары ұйымдастырылып (базалық деңгейді меңгергендер үшін), оқу жылының ішінде профессор-оқытушылар тіл дайындығы бойынша ҚР-дағы British Council, Interlingua, НИШ, НУ және т.б. жетекші орталықтарымен серіктестік қарым-қатынас орнатты.

Осы мақсатта ғылыми-зерттеу ортаны, ғылыми орталықтар мен зертханалар құру міндеті тұр. Біз жақсыдан ең жақсыға ұмтылып жатырмыз.

Осыған байланысты аймақта стратегиялық маңызы мен негізі бар ғылыми мектеп (жас математиктерген арналған профессор М.Мұратбековтің мектебі,  физиктер мектебі, биологтар мектебі,  химиктер мектебі) және  ғылыми жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізген Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығы Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын  зерттеу  орталығы болып табылады. Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығы Бауыржантану мұрасы бойынша 30 томдық жинақ шығарды. Барлығы 100 том шығару жоспарланып отыр. 

Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын  зерттеу  орталығы өзінің зерттеулерін Қазақстандағы дала цивилизациясын кешенді зерттеуде,  Түркістан өлкесін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге,   сонымен қатар «Әулиеата уезінің тарихы», «Орта Азиядағы медицина мен денсаулық сақтау тарихы (1865-1924 гг.)» атты  көптомдық жинақ шығарылды. 

ТарМПИ-де педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. ТарМПИ-дің ғалым-ұстаздары, жетекші мамандары стратегиялық маңызы бар мемлекеттік құжаттарды даярлауға өз үлестерін қосуда.