Білім беру мазмұнын жаңарту аясында

бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

 

Ү.А. Майбасова,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты

 

 

Қазіргі замаңғы мәдени, әлеуметтік, экономикалық үдерсітерде білім берудің шешуші демегеннің өзінде, түйінді рөлді атқаратыны белгілі. Бір жағынан, адам сапасы ғылым, техника, технология мен мәдениеттің жоғары жетістіктеріне сай келмей тұра алмайды, ал екніші жағынан, бұл жетістіктерді игеру, еселей түсу, сақтау қажеттілігі адамның өзінің сапасына бұрыңғыдан да жоғары талаптар қояды.  Бүгінгі  қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Сол себепті ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс еңгізу маңызды қадамдардың бірі олып отыр.  Мұның бір дәлелін Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының және ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014) Андреас Шлейхер: «Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғырту­дың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқа­растар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, тех­нологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлт­тық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмір­де, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына оты­рып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек», деп келтірді (1).

Жоғарыда келтірілген тұжырым Қазақстанның білім беру саласына өзгеріс қажеттілігін анық көрсетеді, сондықтан сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басшылығымен Қарағанды облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың институты да 17 филиалдың құрамында білім беру жүйесін реформалаудағы міндеттелген қадамдардың бірін жүзеге асыруда. Жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін мектептерге енгізу үшін орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша өткізіліп жатқан біліктілікті арттыру курстары айтарлықтай үлес қосатынын мұғалімдер жалпы курстың барысында көз жеткізді. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарла­масымен таныстыру болып табылады. Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғышарттары қарастырылады және төменде келтірілген мәселелер туралы сөз қозғалады:

-     Білім беру саласындағы халықаралық үрдістер;

-     Білім беру бағдарламасын құру теориясы;

-     Оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар (2).

Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаттарын шолудан басталып, жалпы білім беруді реформалау жөніндегі кең ауқымды жұмыстарға қарай көшу түрінде құрылымдалған. Бағдарламаны меңгеру барысында мұғалімдер әр оқу пәні бойынша мазмұндағы ұстанымдардың өзгерісін байқайды: сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасуын, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылуын қарастырады. Мысалы, бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша спиральді білім беру бағдарламасындағы ілгерілеуді оңай көруге болады, айталық оқушылар қосу және алу тұжырымдамаларының негізінде өткенді қайталайды және жаңа білім қалыптастырады:  (1-кесте).

 

1-сынып

қосу және алу элементтерін білу

2-сынып

оқыған және жазған кезде қосу және алу элементтерінің атауларын пайдалану

3-сынып

көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және алу (ондықтарды ауыстыру арқылы)

4-сынып

оқыған және жазған кезде қосу, алу, көбейту және бөлу элементтерінің атауларын пайдалану

 

Бекітілген оқу жоспарына сәйкес, жаңартылған білім беру бағдарламасы, оның құрылымы, тиімді оқу үдерісін жүргізуге қажетті педагогикалық әдістемелермен және қолда­нылатын бағалау тетіктерімен жүйелі түрде таныстыруды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше пәнде бірқатар ұқсас сабақтар бар. Бұдан соң мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгеруге кіріседі. Мұғалімдер білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін оқыту тәжірибе жүзінде және белсенді өтеді. Одан кейінгі бірнеше күн бойы мұғалімдер оқу бағдар­ламасы мен сабақ жоспарын талдауға уақыт арнайды. Бастауыш сыныптың әр пәні бойынша сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер ескерілуі тиіс көптеген мәселелерді қарастырады. Мысалы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтау, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру,  сонымен қатар, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды сабаққа енгізу мен тапсырма барысында саралауды жоспарлау. Мұғалімдерге сабақтарды тиімді жоспарлауға көмектесетін ақпарат, ұсыныс-болжамдар, кеңестер мұғалімне аранлған нұсқаулықта келтірілген.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының бір бөлімі ретінде мұғалімнің осы курс барысында қарастырылатын мәселелерді түсінуі, әдіс-тәсілдерді қолдануы бағамдалатын болады. Мұғалімдерді бағамдау аспектілері қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптарды оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген (3). Әр сала төрт деңгей бойынша критерийлерге сәйкес бағамдалады (2-кесте).

 

   Критерилер

 

 

Деңгейі

Оқыту дағдыла

ры

Ойлау сипаты

Жаңартыл

ған білім

беру бағдарла

масын

түсіну

Жоспарлау

Белсенді оқу

Пән бойынша

педагогика

лық білім

Оқушылардың

қажеттілік

терін

қанағаттан

дыру

Крите

риалды

бағалау

Бастапқы деңгей

 

Қалыптасу деңгейі

 

Қалыптасқан деңгей

 

Жетілген деңгей

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Критерийлерге қарап әрбір мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтайды. Мұғалімдер бағамдалатын барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес. Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімге ол аспектілерді меңгеруге қолдау көрсетілетін болады. Қорытындысында, мұғалімдер өзара рефлексия және метатану тапсырмаларын байланыстыра отырып, біліктілікті арттыру курсының оқу мақсаттары тұрғысынан өздерінің алға ілгеріле­уін қарастырады. Аз уақыттағы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер білім беру жүйесіндегі өзгерістерді түсініп, енгізуге дайынбыз деп өздерін бағамдағанымен, мазмұнды жаңарту аясындағы жаңа белестерді бағындыруда талай күш қажет екенін түйіндеп кетті. Ал біз үшін бұл мәселемен мұғалімді жекпе-жек қалдыруға болмайтынын анықталды. Сондықтан институт оқытушылары білім беру жүйесіндегі реформаладың оңтайлы нәтижесіне жетуде облыс мұғалімдеріне әрқашан әдістемелік, кәсіби, психолоиялық қолдау көрсетуге дайын боламыз деген шешім қабылдадық.   

 

Әдебиеттер тізімі:

1.   Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 40 б.

2.   Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 33 б.

3.   Бағдарламадан күтілетін нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 10 бет.