УДК 338.24:004
Мамбетова С.Ш., Ескерова З.А.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
Креативті менеджмент заманауи
басқарудың қазіргі философиясы РЕТІНДЕ
Қазіргі кезде
басқару саласында креативті басқару, креативті ойлау деген
ұғымдар жиі айтылады. Ал креативті менеджменттің мәні
қандай? Креативті менеджмент ұғымы
Қазақстанда бар ма? Оны қалай сипаттаймыз? деген сұрақтар туындайды.
Сондықтанда креативті менеджментті зерттеудің
маңыздылығы өте зор.
Біздің нарығымызда
бір типті тауар өндіретін фирмалар өте көп. Олардың бір
– бірінен айырмашылығы тек қана атауларында. Ал бұл өз
кезегінде жоғары бәсекенің дамуына алып келеді.
Сондықтан менеджерлердің негізгі мақсаты стандартты емес
идеяларды қалыптастыру болып табылады. Осы факторлардың
нәтижесінде креативті менеджмент пайда болды.
Креативтілік –
ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда
шығармашылық деген мағынаны береді. Креативті
менеджмент – бұл креативті басқару жүйесі, яғни
басқарушылық қызметке шығармашылық ойлауды енгізу
деген мағынаны білдіреді [1].
Креативті менеджмент шығармашылық,
шығармашылық ойлау және креативті терминдермен тікелей
байланысты.
Шығармашылық - жаңа материалдық және
рухани құндылықтарды қалыптастыру нәтижесіндегі
қызмет.
Шығармашылық ойлау – жаңалыққа жету және
іздену, іс –әрекет әдістерінің қайталанбас
нәтижелерімен сипатталады.
Креативтілік -
жаңа қайталанбас ойды құрастыру.
Креативті
менеджменттің негізгі міндеті -
ұжымда шығармашылық шешімдерді қабылдау
үрдісін басқару, яғни консервативтік басқарумен
логикалық ойлауды сәйкестендіру.
Креативті
менеджменттің мақсаттары:
1.
Қызметкерлерге білім
беру;
2.
Оларды ақпаратпен
қамтамасыз ету;
3.
Жұмыскерлерді
шығармашылық қызметке ынталандыру;
4.
Қызметкерлердің
шығармашылық еңбегінің құқығын
қорғау.
5.
Ұйымның шығармашылық
қызығушылықтардың құқығын
қорғау және т.б.
Менеджер үшін шешім қабылдау оның негізгі міндеті болып келеді және жоғары жауапкершілікті
қажет етеді. Әр күн сайын шешім жасау қажеттілігі
басқарушының алдына қойған мақсаттарына жету бағытындағы
әрекеттерінде орын алады. Басқарушының шешім қабылдауы
өзіне ғана емес, бүкіл ұйымға және
ондағы басқа адамдарға әсер ететіндіктен шешім
қабылдау әрекетінің құпияларын түсіну
басқару саласында жоғары нәтижелерғе қол
жеткізгісі келетін әр адамға өте маңызды.
Бизнестің және
басқару үрдістің
бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен қабылданатын
шығармашылық басқарушылық шешімдеріне тікелей
байланысты. Бұл шығармашылық
басқарушылық шешімдер басқару саласында еңбек
өнімділігін жоғарлатуға көмектесетін ақпараттық
технологиялар негізінде басқару мәселелерін шешуге және
нарықта болып жатқан жағдайларға сәйкес компания
стратегиясын өзгертуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде
креативті менеджмент персоналды басқару, өздік менеджмент,
маркетинг, инновациялық және стратегиялық менеджментпен
байланысты екенін көрсетеді.
К. Кирсанов бұл
шығармашылық басқарушылық шешімдер креативті
және эвристикалық менеджмент ретінде қарастырды. Креативті
шешімдер – мақсаттық критерилерге сәйкес ұжымдық
басқару, ал эвристикалық (грек тілінен аударғанда «heuristro» - іздеймін, ашу) жеке
тұлғаның өзін – өзі дамыту, өзін –
өзі басқару ретінде қарастырылады [2].
Креативті
менеджментте шығармашылық басқарушылық шешімдерді
үш топқа бөлуге болады: формалды емес (эвристикалық), ұжымдық және
сандық.
Шешімдерді қабылдаудың
формалды емес (эвристикалық) әдістері. Басқару практикасы көрсеткендей,
шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезінде
басқарушылардың белгілі бір бөлігі осы шешімдерді
қабылдайтын адамдардың аналитикалық қабілеттіліктеріне
негізделген формалды емес әдістерді қолданады. Бұл
басқарушымен оптималды шешімдерді таңдаудың логикалық
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, баламалардың
жиналған тәжірибе есебімен теоретикалық салыстырылуы.
Формалды емес әдістер көбінде менеджердің интуициясына
негізделеді. Олардың артықшылықтары оперативті түрде
қабылданатынында; ал кемшілігі формалды емес әдістердің
интуиция кейде менеджерді алдауы мүмкін себебінен туындайтын қате
(тиімді емес) шешімдердің болмауына кепілдік бермейтіні болып табылады.
Шешімдерді қабылдау мен талқылаудың
ұжымдық әдістері. Басқару
шешімдерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін ұжымның
жұмыс процесіндегі негізгі кезең негізгі процедураның
қатысушы адамдар жиынын анықтау болып табылады. Көбінесе
бұл құрамында басқарушылар мен орындаушылар кіретін
уақытша ұжымдар болады. Бұндай топтың құрылуының
негізгі критериі жете білушілік, шығармашылық тапсырмаларды шешу
қабілеттілігі, ойлаудың конструктивтілігі мен коммуникабельдік
болып табылады [3].
Шешімдерді қабылдаудың
сандық әдістері. Олардың негізінде ақпараттың үлкен
көлемдерін өңдеу жолымен (ЭЕМ жэне ЭММ көмегімен)
оптималды шешімдерді таңдауды болжамдайтын ғылыми-практикалық
көзқарас жатыр.
Креативті
шешімдерді тиімді қабылдау және жасау үшін оларға
әсер ететін факторларды қарастыруымыз керек. Оны біз Вебстер және
Уиндтің моделі арқылы көрсете аламыз.
Бұл модел
бойынша компания – тұтынушылардың шешім қабылдауына
әсер ететін негізгі факторларды 4 топқа бөледі:
-
жеке –
бұл қызметкерлердің қарастырылып отырған
мәселе бойынша тәжірибесі және біліктілігі, сонымен
қатар жеке тұлғаның психологиялық
жағдайлары;
-
жекеаралық
- бұл жұмыс және
жұмыстан уақытындағы ұжымдық байланыс;
-
ұйымдастырушылық
– бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға
әсер ететін факторларды айтамыз. Оларға корпоративті
мәдениеттің ресми және бейресми аспектілері (шешімдерді жасау және қабылдау
үдерісіндегі қызметкерлердің өзін-өзі ұстау
нормалары мен ережелер); басқарушылық шешімдерді жасау және
қабылдау стандарттары; компанияның
әлеуметтік және экологиялық саясаты жатады;
-
макроортаның
факторлары - басқарушылық
шешімдерді жасау және қабылдауға әсер ететін саяси,
экономикалық, заңдық – құқықтық
және технологиялық ортаның факторлары;
Компанияның
креативті потенциалын басқару концепциясы менеджменттің жалпы
теориясына негізделеді. Яғни басқарушылық шешімдерді жасау
және қабылдау үдерісіндегі қызметкерлердің
шығармашылық потенциалы, олардың біліктілігі, басқару
үдерісіне креативті ойлау
және шешім қабылдаудың заманауи әдістерді енгізу,
қызметкердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі
қалыптастыруды ынталандыратын ұжымда шығармашылық
климатты құру болып табылады.
Жалпы
айтқанда, компанияның креативті потенциалы бұл
компанияның өз мақсатына жету үшін
қабылданатын креативті
басқарушылық шешімдер. Компанияның креативті потенциалы
бұл тек қызметкерлердің шығармашылық ойлаулары ғана
емес, сонымен қатар осы потенциалды дамытудағы
ұйымдастырушылық – экономикалық механизм екенін атап өткен жөн.
Жоғары
айтылғандарды қорытындылай келе, креативті менеджмент бұл
шығармашылық ұжымның немесе қызметкерлердің
шығармашылық шешімдерді басқару
жүйесі болып табылады. Оның негізгі мақсаты адам қызметін
ынталандыру және құру, олардың шығармашылық
потенциалын жандандыру болып табылады. Креативті менеджмент заманауи технологияға негізделген
шығармашылық және ұжымдық жұмыс.
Қазіргі кезде көптеген дамыған мемлекеттерде
компанияның басшылары басқарудың креативті әдістерін
қолданады, ал бұл кезегінде менеджер қызметінің
нәтижелігін және тиімділігін сипаттайды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Макаренко
О.Г., Лазерев В.Н. «Креативный менеджмент» Учебное пособие.Ульяновск. 2011. –
155 с.
2.
Шевырёв А.В. "Креативный менеджмент: синергетический
подход" Белгород, ЛитКараВан, 2007 г.
3.
О.Г.Макаренко, В.Н.Лазарев. Креативный
менеджмент. Учебное пособие. Ульяновск УлГТУ, 2011
4.
www.google.kz