Тажикова Бахыт Дадановна
Керімбай атындағы №
12 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, Тараз қ.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП ПЕН СЕРІКТЕС МЕКТЕПТЕР
АРАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ
ЖОЛДАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚАРАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі
жаһандану үрдісі белең алып ,әлемдік білім беру
жүйесі қарқынды өзгеріп жатқан кезде жалпы
мектептер, мұғалімдер үшін де ең басты маңызды
мәселе білімді жеке тұлға тәрбиелеу.
Қоғам дамыған сайын,
барлық құрылым бірге дамиды. Сол негізгі
құрылымның бірі ретінде білім беру жүйесінің
толассыз даму және тоқтаусыз өзгеріс үстінде болуы,
үдерістің бір белгісі екені анық. Ақпараттық
технология дамыған заманда барлық жақсы қасиеттерін жас
ұрпақ бойына сіңіруде, олардың
қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға
мектеп негізгі міндет атқарады.
Білікті мамандарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше
мән беру туралы айта келіп Н.Ә. Назарбаев: «Жастар тәрбиесі
басты мақсат екенін көрсетіп, алдағы отыз жыл ішінде
мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп
берді. Осы міндетті болашаққа іске асырушылар – жастарымыз»- деген
еді. [1]
Қазіргі таңда үйреншікті
әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды.
Сондықтан қайткенде
баланың ойына, сезіміне серпіліс
ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы
ақыл- ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын,
көзқарасын, сенімділігі мен жауапкершілігін дамыту жолында жаңашыл бағытта жұмыс
жүргізу, іздестіру бүгінгі қажеттілік. Мектептің
негізгі құндылығы оқушы десек ,оған жеке тұлға
ретінде қарау міндетіміз. Білім
беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа
құралдары игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып,
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға тиімді
көмектеседі. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір
нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі
болуына ықпал ететін сабақты
түрлі әдіс- тәсілдермен жаңаша үлгіде
өту. Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын
ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал
мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы
жеткізеді.Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын
жан-жақты өткізген сабақтары. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол- жаңадан- жаңаны табатын өнер», - деп Жүсіпбек
Аймауытов айтқандай, педагогикалық
ізденіс-мұғалімнің әрекеттер жиынтығы. Осы
мақсатта сындарлы оқыту теориясына негізделген деңгейлік
бағдарламада Г. Галилейдің «Адамды бір нәрсені
қайталауға үйреткеннен гөрі, оған
жаңалық ашуға көмектескен жөн» - демекші
әлемде қарқынды бет алған білім саласындағы
өзгерістер жалпы мектептер үшін де, соның ішінде
мұғалімдер үшін «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ
ғасырға қалай дайындайды, оларға нені оқыту
керек?» деген сауал өзінен-өзі туындайды.Басқа мектептермен кәсіби байланыс
орнату менің мұғалімдерімнің кәсіби дамуының тағы
да бір
жолы деп білемін. Құзырлы
мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және
олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады.
Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,
мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік
мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің
әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,
көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Желілік
қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды іске
асыруға болатынындығын біз бірінші деңгей
бағдарламасымен танысқаннан кейін білдік. Бұл жұмысты
іске асыруда, егер бір мектепте бір өзің жұмыс жасасаң,
тек өз мектебіңнің мұғалімдерімен ғана
болсаң, онда жұмыстың тиісті нәтижесін көре
алмауың мүмкін. Сондықтан біз жұмысты желілік
қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі
көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы
орындасақ, оның нәтижесі жақсы болады. Білім беру
желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату
ұлттық және халықаралық деңгейде
қолдау тауып отырғаны белгілі. Табысты желіні дамыту жігерлі
әрі табанды жұмысты талап етеді. Бастапқы кезеңде желі
де жұмыс істеу қызықты көрінгенмен, желі жұмысты
жүргізу оңайға соқпайды.
Фуллан /2004/ желілер біздің
мектептердегі жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне жауап
беруге мүмкіндік береді деп толықтырады. Осы желілер
көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп,оның
жаңа нысандарын зерттеуге ықпал етеді. Олар бізге
әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тетігін дамытып,
оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибесін
ұсынады. Желілер аясында жақсы идеяларға қол жеткізу
мүмкіндігі барынша кеңейіп, білікті мамандар тобына олардың
өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне
ұжымдық жауапкершілікті алуға ықпал етеді.
Өз қоғамдастығымыздың жоспарын
құруда бізге және әріптестерімізге
қатысушылардың кім екенін және олардың өзара
қалай байланысқанын анықтау мақсатында ұйымдастырушылық
құрылым қоғамдастыққа шолу жасауға
мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдастық туралы біздің басқа мүшелерге
өз көзқарасымызды жеткізу үшін пайдалануға
болатын, жалпы алғанда, біздің қол жеткізген
нәтижелерімізді және алдағы уақытта қандай
бағытта даму керектігін көрсететін
құрал. (МАН) [3]
2014-2015 оқу
жылында «Даму» желілік қоғамдастығының серіктес мектептерінің
арасында құрылған жоспар бойынша оқушылардың
жоғары нәтижелерге жетуі үшін әріптестер арасында
оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында
жұмыстар жүргізілді.Нәтижесінде
мұғалімдердің құзіретін
арттырып,оқушылардың мүмкіндігін кеңейтіліп, оқыту
тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз
етіп,оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында
пайдаланылатын инновациялық әдістерді меңгерді. Желілік
қауымдастықтың маңызын түсініп
әріптестерімді тарта білуім, атқарған ісіме диагностика
жасайтыным жұмысымның нәтижелігі деп бағаладым. Осындай табыс критерийлері әрбір
іс-әрекетімнің нүктесін қойып отыруыма мүмкіндік
берді. Оқушының өзгеруін қаласақ, оған
сабақ беретін мұғалімнің де өзгеруі керек екенін,
мұғалімнің өзгеруін қаласақ мектептің
бүкіл даму бағытын өзгерту керек екенін түсіндім. Өмір бойы оқу
дегеніміздің өзі осы екен. Яғни, заман талабына сай
білімнің қыр-сырын меңгере отырып, оның әрбір
жаңалығына құлақ түре білуім керек екен.
Осы арқылы мектептің де, мұғалімнің де,
оқушының да дамуы мен
талпынысын бақылап, талдаудың мен үшін
мүмкіндігі зор екендігін ойыма түйдім. Басқаша айтқанда
мектеп тіршілігіне арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері
арқылы білім мен білікті, дағдыны жетілдіруге әлеуметтік
белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық
іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беруді демократиялық
жолмен шешкен абзал екендігін түсінікті.
Қорытындылайтын
болсақ, бірінші деңгей бағдарламасы желілік қоғамдастық мектеп өміріне
көптеген өзгерістер алып келетіндігімен, сындарлы
оқыту теориясының негізінде “Педагогикалық шеберлік
орталығымен” порталға шығып, байланыстамыз. Бүгінгі
күні инновациялық оқыту – сапалы білім берудің
кепілі.Олай болса, осы атқарылған іс- шараларды SWOT талдау
арқылы көрсетсек.
Қолдаушы және серіктес
мектеп жетекшісі ретінде мұғалімдердің кәсіби
қоғамдастығы арқылы жоспарланған жұмыстар
іске асты. Баршамыз өз ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай
қабылдайтын,шәкіртінің жанына нұр
құйып,өмірде өзі де бақытты болып,өзгелерді
де бақытқа жеткізуді армандайтын, білім саласында көшбасшы,
жаңашыл ұстаздар қатарынан көріне берейік!
|
S мықты 1.
Қолдаушы және серіктес мектептер арасында жоспарға сай
өз дәрежесінде семинарлар өткізілуде. 2.
Республикалық, облыстық, қалалық байқау-
жарыстарға мұғалімдер үнемі
қатысып,жүлделі орындарға ие болуда. 3.
Үздік сабақ жоспарлары мен ғылыми- тәжірибелік
коференцияларда жасалған баяндамалар баспаға жарияланып отырды. |
W әлсіз 1.
Қала көлемінде білім нәтижесі жақсы болғанымен,
облыс бойынша мектептер арасында
білім нәтижесі төмен. 2.
Қала көлемінде пәндік олимпиадалардан жүлделі
орындарға ие болғанымен, облыстық,республикалық
олимпиадалардан көрсеткіштеріміз орташа. 3. Өздеріне
сенімдері аз; 4.Бір-бірлерін бағалауда
жоғары бағалауы. |
|
О мүмкіндік 1. Қолдаушы мектеппен мен серіктес мектептер арасында бірлесе отырып, кәсіби
әңгіме жүргізу. 2. Нәтижелі
педагогикалық тәжірибелерді
тарату; 3. Ресми , биресми
кездесулер ұйымдастыру; 4. Интернет желісі
арқылы байланыс жасау; 5. Кәсіби
біліктілігін көтеру. |
T қауіп 1. Әріптестерімнің әлі де дәстүрлі стильден шыға алмауы; 2. Бағалаудың
әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалана алмауы; |
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030» Ел президентінің
Қазақстан халқына
арналған жолдауы.-Алматы: Білім,
1998.-175б
2. Н.Н. Даулеткалиева. Мектеп басшысы
қызметіндегіэвалюациялау үдерісі
3.
Мұғалімге арналған нұсқаулық І (ілгері)
деңгей 2014 жыл