Еркін
Айкерім Асылханқызы
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс
студенті
Кусаинова Айман Толеутаевна
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
оқытушысы
МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі
шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау,
білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы
мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап
мүмкіншілігі шектеулі жастарға деген қоғамның
көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір
мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Адамның
ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен
құқықтары болып табылады. Бұл
құқықтар мен бостандықты қорғау,
әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері
конституциялық-құқықтық жарықтарда
және адам құқығы туралы халықаралық
құжаттарда белгіленген.
Ғылыми әдебиеттерде және
оқулықтарда «мүгедек», «мүгедектік» деген
түсініктерге әртүрлі нұсқада анықтамалар
берілген. Әлеуметтік қызметкер үшін олардың
құқықтық, заңдық анықтамалары
қажет. Ең алғаш рет «мүгедек» түсінігіне
жалпылама халықаралық-құқықтық
анықтама 1975 жылы БҰҰ мүгедектерінің
құқығы туралы Декларациясында берілген. Онда
«мүгедек» өзінің жеке және әлеуметтік
қажеттіліктерін туа біткен немесе жүре пайда болған,
өзінің дене немесе ақыл-ой қабілеттерінің
кемшіліктеріне байланысты толықтай немесе жартылай қамтамасыз ете
алмайтын кез-келген тұлға дегенді білдіреді.
Мүгедектіктің
түрлеріне байланысты олар бірнеше топтарға бөлінеді:
ü І топтағы мүгедектер –
еңбекке жарамсыз;
ü ІІ топтағы мүгедектер –
жеңіл еңбектерге жарамды;
ü ІІІ топтағы мүгедектер
– еңбекке жарамды адамдар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың туылу
себептері ретінде есірткі, дәрі-дәрмек, ішімдік қолдану,
сонымен қатар генетикалық фактор және табиғи апаттар
салдарынан дене мүшесінен айырылуды ғалымдар бөліп
көрсетеді.
«Қазақстан Респупликасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес
мүгедек – тіршілік тынысының шектелуіне және оны
әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп
соқтыратын аурулардаң, жарақаттардан, олардың
салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты
бұзылып, деңсаулығы бұзылған адам.
Сондықтан, халықаралық деңгейде мүгедектер
құқығын қорғауға байланысты
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда
«Мүгедектердің құқықтары туралы
конвенциясын» қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылдың 3
мамырында өз күшіне енді.
Қазақстан Республикасында мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау саласындағы
қоғамдық қатынастарды реттейтін және
мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз
ететін, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы
үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың
құқықтық, экономикалық және
ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтың
«Қазақстан Республикасының мүгедектер туралы
заңындағы» мүгедектердің құқықтары:
Қазақстан Республикасында
мүгедектер:
1) әлеуметтiк қорғауға,
соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене
араласуға;
2) әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;
3) ақпаратқа қол жеткiзуiн
қамтамасыз етуге;
4) бiлiм алуға, қызмет түрiн,
соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн
таңдауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн
медициналық көмектiңкепiлдiк
берiлген көлемiн алуға;
6) кәсiптiк даярлыққа және
қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына
келтiруге және жұмысқа орналасуға;
7) Қазақстан
Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда,
соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс,
көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда
бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;
9) мүгедектердiң шығармашылық
қабiлеттерiн қолдауға арналған
құқықтарын қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да
заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген
әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының
құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие
болады [1].
Жас мүгедектермен жұмыс істей отырып оларда
мүгедектік жағдайда өмір сүру тәжірибесі,
өз жағдайларына «дағдылануы» ересек, егде жастағы
мүгедектермен салыстырғанда жоқ екенін естен шығармау
керек. Жастық шақ – психиканың,
құндылықтардың, өмірге деген қарым
қатынастың қалыптасу кезені. Жас мүгедектерге бұл
процесстер дені сау құрбыларына қарағанда басқаша
өтеді [2]. Жас мүгедектер үшін
қарым-қатынасқа түсудің маңыздылығы
мен оны бастан кешірудің сипаты ересек жастағы мүгедектерге
қарағанда мүлдем басқа болады. Көптеген
жасөспірім мүгедектерде өз-өзіне баға беруі
тұрақты емес. Көпшілігінің қоршағандарына
деген сенімі қалыптаспайды. Осыған байланысты жастайынан
мүгедек болғандар барлық адамдарды мейірімсіз орта деп
қабылдайды. Көптеген жасөспірім мүгедектер мен жас
адамдар, тіпті дені сау құрдастарынан интелектілік дамуынан
қалыптаспағандардың өзі толыққанды
өмір сүре алмайды, оларда
жеткілікті түрде қарым-қатынасқа түсу уәжі
мен дағдылары қалыптаспайды да, оларда тұйықтық, басқа
адамдардан оқшаулану пайда болады. Соған байланысты
Қазақстан Республикасында жас мүгедектердің
әлеуметтік-еңбек реабилитациясының білім беру, оқыту
кезенінің мақсаттары оқу орындарының жүйесі
арқылы жүзеге асырылады [3].
Жас мүгедектерге жалпы білім беру мен
кәсіптік дайындау жүйесінің әлемдік даму үрдісі
олардың жалпы білім беру жүйесіндегі
құқықтарын жүзеге асыруға
құқықтық және ұйымдастырылған
кепілдерінің кеңеюімен, сондай-ақ арнаулы білім беру
жүйесінің жетілдірілуімен сипатталады.
Жас мүгедектер
үшін әлеуметтік – еңбек реабилитациясының ерекше
маңызды бағытына оларды оқыту, білім беру болып табылады.
Мүгедектерге арналған арнаулы оқу
орындары:
•
Жалпы білім беретін (инклюзивті) мектептерде оқыту;
•
Қазақстан Республикасының еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің қарамағындағы оқу орындары;
•
Қазақстандық соқырлар
қоғамының (ҚСҚ) жүйесінде оқыту;
•
Қазақстандық саңыраулар
қоғамының (ҚСҚ) жүйесінде оқыту;
•
Өндірісте оқыту [4].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын
мәнінде отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді.
Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы
үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер,
мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың
мінез-құлқы, тәртібіндегі өзгерістер
ата-ананың күткеніндей, ойындағындай болмай, ата-анаға
қайғы мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Сол
себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар
бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Тіпті кей
жағдайда отбасының бұзылуына (ажырасуға дейін)
әкеледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде
ата-аналарға тек педагогтардың ғана емес, арнайы
мамандардың да көмегі қажет. Тәрбиелеу барысында
жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға,
өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп
мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге
бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара
жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды
болашаққа сенімді көзқараспен қарауға
тәрбиелеудің мәні зор. Мүгедек балалардың
жанұяда тәрбиелеудің бір-біріне қарама-қарсы екі
түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни
ата-анасы баланың жан-жақты, материалдық жағынан
толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне
үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді.
Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей
күйзеліске түседі, ата-аналарының сүйіспеншілігіне,
махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың
көңіл-күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік
пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық
қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр
түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі
тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс
қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала
алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді.
Кез-келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай ортада
өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз,
әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар
әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға
тап болады.
Дамуында ауытқушылығы бар немесе
мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-аналардың басына
түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында
үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер
беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек.
Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың
қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін
қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын
орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы» ҚР Заңы, 2001 жылғы 13 маусым №815.
2. Байтұрсынова А.А. «Арнайы педагогика:
проблемалар мен даму болашағы». Оқу құралы. - Алматы,
2008.
3. Малофеев, Н.Н. Специальное образование в меняющемся
мире. Европа: учеб.пособие для студентов пед. вузов/Н.Н. Малофеев. – М.: Просвещение,
2009. – 319 с.
4. Қазақстан Республикасындағы білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасының. - Астана, 2010 ж.