Нурмаханов Азамат Нұрмаханұлы

Алматы қаласы

Орталық Азия Университеті

«6М010300- Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранты

Балалар үйінде тәрбиеленушілері арасындағы қарым-қатынасты зерттеу әдістері мен шарттары

 

Бұл мақалада балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасын эксперименттік зерттеу нәтижелері сипатталады. Зерттеу жұмысының нәтижелері баланың психологиялық ахуалына қатысты тұлғалық даму динамикасын анықтаумен қоса, әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүріп отырған жеткіншектердің тұлғалық дамуындағы айырмашылықтарлы көруге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысы айқындаушы және дамытушы эксперименттерден құрылды. Айқындаушы эксперимент мына төмендегі міндеттерге қол жеткізуді көздеді:

       эксперименттік және бақылау топтарын айқындау;

       балар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасын психологиялық диагностау әдістемелерін тағайындау;

       түрліше құрылымдағы жетім балаларды тәрбиелеу мекемелеріндегі жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау;

       балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектер мен отбасында тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасына салыстырмалы талдау жасау;

       эмпирикалық нәтижелер негізінде жетім жеткіншектердің қарым-қатынасын дамыту мүмкіндіктерін қарастыру.

Елiмiзде қорғансыз қалған балаларды тәрбиелейтін мемлекеттiк мекемелер балалардың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлiнедi:

       «Бөбектер үйi» – нәрестелік шақтан 3 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды тәрбиелеу мекемесі;

       «Мектепке дейiнгi балалар үйi» – 3 жастан 8 жас аралығындағы балаларға қамқорлық жасаушы мекеме;

       «Балалар үйі» – қамқоршысыз қалған балаларды тәрбиелеуге арнаулы мекеме;

       «Мектеп-интернаттары» –  ата-анасы немесе қамқоршысының араласуынсыз балаларды оқыту және тәрбиелеу мекемесі;

       «Жеткіншектер үйінде» – орта мектепті бітірген жетім балалар баспанасы.  Онда жетім балалар 18 жасына дейiн болып, арнаулы мамандықтарды иелелене алады.

       «Балалар ауылы» – отбасылық өмір жағдайына жақындастырылған қамқорсыз балаларды тәрбиелеу орыны.

Зерттеу балалалар үйінің жеткіншектік кезеңіндегі тәрбиеленушілерінің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау және дамыту болғандықтан, аталған балаларды тәрбиелеу мекемелерінің ішінде «балалар үйі» тәрбиеленушілері және алынған нәтижелердің сенімділігін артыру мақсатында әлеуметтік жағдайлары отбасылық ортаға жақындастырыла ұйымдастырылған «балалар ауылындағы» жеткіншектер зерттелінді.

Балалар ауылы – жаңа құрылымды балалар үйі. 1996 жылы 21 мамырда Ресейдің Томилино поселкесінде «SOS» атаулы балалар ауылы түріндегі жетім балаларға қамқорлық жасау мекемесі ашылды. Жетім балаларды және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелеу австриялық педогог Герман Гмайнердің теориялық және практикалық тәжірбиесіне негізделген. Бұл тәжірбие бүгінгі күні әлемнің 124 еліне тарағандығын Е.С. Брускова (1993) сипаттайды [5].                                                            

Қазақстандағы аса ауқымды қайырымдылық шараларының жетекшісі – Сара Алпысқызы Назарбаеваның демеушілігімен, басшылығымен қызмет ететін «Бөбек» қоры жұмыс жасайтындығы белгілі. «Бөбек» қоры Қазақстанның тәуелсіздігімен қатарласа құрылған, ендеше биыл – 19 жыл болғаны. Осы 19 жылдық тәжірибесінде қайырымдылық қоры өте көптеген игі жұмыстар атқарып келе жатыр. «Бөбек» қоры жұмысының басты бағыттарының бірі – қорғансыз қалған, әсіресе жетім балаларға қолдау көрсету, мүмкіндігінше өз отбасында тәрбиеленетін қатарластарынен қалыс қалмайтындай, толыққанды психологиялық дамуына жағдайдар тудыру. Елімізде ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеу мекемсі ретінде жұмысы реттелген, қалыптасқан, «дәстүрлі» балалар үйлерімен қатар, жетімдердің өмір сүріп, даму жағдайын отбасында өмір сүретін қатарластарына жақындастыру мақсатында «SOS» түріндегі балалар ауылдарының ашылуы да аталған қайырымдылық қорының үлкен жетістіктерінің бірі.

Психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерді талдау барысында алынған нәтижелер негізінде балалар үйіндегі жеткіншектердің қарым-қатынасын анықтауға бағытталған айқындаушы экспериментте жеткіншектер төрт бағытта зерттелді: олардың қарым-қатынастағы мәнді қасиеттері мен эмпатиялық сипаты, эмоциялық жай-күйі, тұлға бағыттылығы және әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделу мүмкіндіктері арасындағы байланыс зерттелді.  Осыған орай, балалар үйіндегі жеткіншектердің жақын ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері анықталды.

 

Пайданылған әдебиеттер:

 

1        Амантайқызы Г. Жеке тұлғаны мәдени-рухани қалыптастырудағы салт-дәстүр негізгі фактор // Этнопсихология және этнопедагогика / Жауапты ред. Қ.Б. Жарықбаев.  Алматы: Қазақ университеті.-  Б.118-120.

2        Назарбаева С.А.  Этика жизни .- Алматы. - 2000.-84 с.

3              Юрчук В.В. Современный словарь по психологии.- Минск: «Современное слово», 1998. - 768 с.

4               Алимбекова Г., Жунусов Б. Дети сироты: состояние, перспективы // Мысль.- 2004.- №3.- С. 9-11.