Жүнісов О.Б. Бисенғали
М.Ғ.
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық
мемлекеттік педогогикалық институты,
Қазақстан
12-13 жастағы жас футболшыларды оқыту
және жаттықтыру құралдары
Басқа
іс-әрекеттердегідей, спорт әлемінде де оның әсерлі
қызмет етуін қамтамасыз ететін негізгі бөлігі мен арнайы
қызметтерді бөліп көрсетуге болады. Спорттың негізгі
бөлігі жарыстарды, қызметке – олардың сәтті дайындалуы
мен өтуін қамтамасыз ететіннің барлығы жатады:
спортшылардың дайындығы, іріктеу, бапкерлерді даярлау,
төрелік, материалдық-техникалық жабдықтар және
т.с.с. жарыс алға міндет жүктеп, сол қызметтерді тұтас
іс-әрекетке біріктіреді.
Сонымен, жарысқа
спортшылармен қатар барлық қызметтер де «қатысады».
Себебі олардың атқарған қызметінің
«нәтижесі», сол жарыстар арқылы көрінеді.
Қазіргі
қоғамдағы спорттың жан-жақты ерекшелігі мен
үлкен маңызы, оның атқаратын қызметінің
көптігімен негізделеді. Сол атқарылатын қызметтердің
ішінен негізгілерін бөліп көрсетуге болады: сауықтыру, жарыс,
дене белсенділігін жоғарылату, мәдени-сауықтыру , салауатты
өмір салтын қалыптастыру; тәрбиелік; экономикалық;
зрел; танымдық.
Тарихи даму үдерісінде
атқаратын қызметтеріне қарай, спорттың келесі
түрлері қалыптасты: жоғары жетістіктер спорты – олимпиадалық
және кәсіби; бұқаралық спорт;
балалар-жасөспірімдер спорты; мүгедегтер спорты.
Спорттық дайындық –
спортшының жарыс кезінде барлық мүмкіндіктерін барынша
көрсетуін және жоғары деңгейде дайындалуын
қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Спорттық дайындықтың
маңызды құрамына жарыстан басқа дайындық,
спортшыларды іріктеу, кадрлық және материалдық
жабдықтау, қалыпқа келу мен қайта қалпына келу
және т.б. жатады. Барлық құрамдар бір-бірімен байланыса
отырып тұтас жүйені құрайды. [1]
Спорттық дайындық –
көпжылдық үзіліссіз үдеріс
Спорт ойындарында жалпы
алғанда көпжылғы дайындықтың алты кезеңі
бар.
Бірінші – спортпен
шұғылдануға қызықтыру, балаларды спорт ойындарына
тарту, ойын дағдыларының ірге тасын қалау, спорт
ойындарының ерекшеліктерін ескере отырып жалпы дене сапаларын дамыту
кезеңі. Жас ерекшелігі – 11 жасқа дейін.
Екінші – жалпы базалық
(техникалық-тактикалық, денелік) дайындық, алға
қойылған міндеттің жан-жақтылығы, барлық
шұғылданушыларға қолайлы құралдар мен әдістерді
таңдау, жас спортшыларды маманданған сабақтар үшін
іріктеп, нақты бір спорт ойынымен машықтануға бағыт
беру кезеңі. Жас ерекшелігі – 12-14 жас.
Үшініші – арнайы
базалық дайындық (техникалық-тактикалық, денелік,
ойындық, жарыстық), атқаратын ойын қызметтері бойынша
мамандану элементтерімен қарулану, келесі кезеңге іріктеу
кезеңі. Жас ерекшелігі – 15-17 жас.
Төртінші – спорттық
жетілу, қарулану негізінде атқаратын ойын қызметімен
мамандандану, жоғары көрсеткіштер командасында қойылатын
талаптарға жасөспірімдердің бейімделу кезеңі. Жас ерекшелігі
– 18-20 жас.
Бесінші – жоғары
жетістіктерге қол жеткізу спорты деңгейінде жоғары
спорттық көрсеткіштер көрсету кезеңі. Жас ерекшелігі –
21-30 жас.
Алтыншы –
бұқаралық спорт аясында, ардагерлердің жарысына
қатысып, спортшының машықтануды жалғастыратын
кезеңі. Бұл кезеңнің жасқа байланысты шегі
жоқ.
Аталған
кезеңдердің негізінде міндеттер анықталып,
құралдар мен әдістер іріктеледі, дайындық және
жарыс тәртіптері анықталады т.с.с. Дайындық деңгейі
жақсы жасөспірімдер келесі кезеңге өтеді.
Сондықтанда жас ерекшелік шекаралары шартты түрде, негізгі
көрсеткіш – спорттық шеберлік деңгейі.
Спорт ойындарындағы
дайындық жүйесінің құрылымы
Спорттық дайындық –
күрделі құбылыс, бұл жерде жүйелі жол
қағидасы маңызды болып табылады. Жүйе деп,
тұтасбірлікті құратын және белгілі бір
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған
элементтердің өзара байланысқан жиынтығын түсіну
керек. Яғни, спортшының даярлығы құрам
бөліктері бір-бірімен үйлескен және ірі жарыстарда
жоғары жетістіктер көрсетуге бағытталған бірегей
жүйе ретінде қарастырған жағдайда ғана
сәтті болып саналады.
«Спорттық дайындық»
бір жағынан алып қарағанда, өзіне спортшылардың
жоғары нәтижелер көрсетуді, екінші жағынан – спорт
ойындарымен шұғылданушылардың саны барынша көп болуын
қамтитын қаматамасыз ететін іс-шаралар жиынтығын кіргізеді.
Споршылардың
дайындығын қамтамсыз ету
Бапкерлердің кәсіби
біліктілігі. Спорштыларды даярлаудың жылдар бойғы
кезеңдерінде бапкерлердің кәсіби біліктілігі, оның жоғары деңгейі
жүйенің сәтті қызмет етуінің анықтаушы
факторы болып табылады. Бапкерлерді оқу орындарында даярлау
маңызды. Бакерлік жұмыста
икемі бар және белгілі деңгейде жетістіктерге қол
жеткізген тұлғалармен білікті жұмыс жүргізудің
ерекше маңызы бар.
Сол салада жұмыс істеп
жүрген бапкерлер өз елінің, шет елдерінің,
әсіресе спорт ойындары жақсы дамыған елдердің спорт
ойындарын дамыту үрдістерін жүйелі түрде зерттеуі керек.
Нақты спорт түрінен спортшыларды дайындаудың түрлі
мәселелерін қарастыратын бапкерлердің семинарлар,
мәжілістер, конференциялары өткізілуі керек. Спорт ойындары бойынша
отандық және шет елдерінің жұмыс істеу
тәжірибелері жүйелі түрде жарияланып отыратын
әдістемелік материалдары шығып отыруы бапкерлер үшін өте
маңызды.
Оқыту және
жаттықтыру құралдарына дене шынықтыру жаттығулары
гигиеналық факторлар мен табиғаттың күштері жатады.
Дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті орындаудың
әсерінен білгіштік пен пішсімділік уйренуге және оны одан әрі
арттыруға болады.
Дене шынықтыру
жаттығулары өте көп болғанымен оларды орындау
оқыту жаттығу процесіндегі қойылатын талаптарға
байланысты.
Дене шынықтыру
қозғалысты жақсартуына, күштің артуына,
жылдамдықты төзімділік пен икемділіктің артуына әсері
үлкен. Сонымен қатар, жүрек қан айналымы мен дем алу
және басқада ағзаның жүйелі түрде дамуына
демек, спорттық жаттғудың артуы мен аыртпашылықтан
кейін қайта қалпына келуіне ықпалы мол.
Жаттығу сабағында
футболшылардың орындайтын жаттығулары: жарыс жаттығулары
болып үш топқа бөлінеді [2, 3].
Жарыс жаттығулары
дегеніміз бір тұтас қозғалыс түрлерінен тұратын
футбол ойынының негізгі ойын тәртібіне сәйкес. Бұл
жаттығулар футболшыларының ойын кезіндегі дене шынықтыру
түрлеріне, демек әр түрлі қозғалыс
өзгерістеріне беруге мүмкіндік туғызады.
Арнайы дайындық
жаттығулары – жарыс қозғалыстары мен элементтерін және
олардың нұсқаларын ойынның негізгі көріністеріне
ұқсас комбинациялармен ойын жүргізу әдістеріне
жақын жаттығулар.
Арнайы- дайындық
жаттығуларының құрамына ең алдымен футбол ойыны
арнайы қозғалыстары кіруі
керек.
Арнайы –дайындық
жаттығулары жақындату және арттыру түрлерінен
тұрады. Жақындату
жаттығуларының негізгі ойын тәсілдерінің жалпы
формаларына ұқсас болуы керек.
Арттыру жаттығулары негізінен алғанда дене шынықтыру
түрлерін дамыту.
Жалпы дайындық
жаттығулары – негізінен футболшылардың жалпы дайындығын
көздейді. Бұл жаттығуларға әр түрлі
жаттығулар жатады, оның ойынға жақын және
оған ұқсас болмауы да мүмкін.
Жалпы жаттығулар
арқылы дене шынықтыруды іріктеп, оның түрлерінің
қозғалыс мүмкіндігін арттыруға тәрбиелейді.
Футболшылардың жаттығу сабағында пайдаланатын
жаттығуларды негізгі және қосалқы деп бөлуге
болады:
Негізгі
жаттығуларға:
а\ дене шынықтыру
түрлерінің жалпы және арнайы қозғалыс
түрлерін арттыру ойын тәсілдерін үйрету және арттыру
жаттығулары, ойын жүргізу әдістерін үйрету және
арттыру жаттығулары жатады.
Қосалқы
жаттығуларға жалпы жаттығулар енеді, олар:
а\ жаңа рефлекстік
жүйесін туғызады, ағзаның қозғалыс
және функционалдық мүмкіндігін арттырады;
б\ арнайы жаттығулар өзінің
уақыттың байлпныстығы мен қозғалыс
құрылымы ұқсас немесе олардың
бөлек-бөлек қозғалыс баяндалығының
бөлшектерінен тұрады;
в\ басқа спорт
түрлері жаттығулар, қозғалыс баяндалағын және функционалдық
мүмкіндігін арттырады.
Жалпы жаттығулардың
көлемін көбейтіп орындағанда көптеген мақсаттарды
шешуге болады [4].
Сонымен қатар
табиғаттың сыртқы күштері мен гигиеналық
факторлар футболшылар ағзасының функцияларын жақсартуға мүмкіндік
туғызады және дене шынықтыру ауыртпашылығы мен демалыс,
тамақтану, ұйқы және тұрмыс гигиеналық
талаптарды, ұйқы режимін дұрыс сақтауға
көмектеседі.
Спортшыларды
көпжылдық дайындау жүйесінің мақсатын ескере
отырып, іріктеуде келесі сатыларын бөліп көрсетуге болады: бірінші
– тұтастай алғанда, спорт ойындарына қабілеті барларды
анықтау үшін алғашқы іріктеу; екінші – ойын
қызметтері бойынша спортшылардың болашақта жарамдылығын
анықтау; үшініші – жоғары деңгейдегі командаға
іріктеу; төртінші – түрлі деңгейдегі құрама
командаға және жарысқа қатысу үшін іріктеу.
Материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, барынша қазіргі заман талабына сай келуі керек.
Әр спорт ойынына керекті қамтамасыз ету түрлері:
- құрама
командаларды даярлау орталықтары;
- ізбасарларды даярлау
орталықтары – мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер
спорттық мектебі мен олимпиадалық даярлау орталықтары;
- дайындық
жұмыстарына қажетті спорттық жабдықтар, жарысты кез
келген уақытта өткізуге керекті жабдықтар;
- спорттық
ғимараттар, дайындалуға қажетті жабдықтар мен
құралдар;
- жарыс және
дайындыққа қажетті киімдер;
- арнайы
жабдықталған қалпына келтіру орталықтары;
- құрама
командаларды, жоғары деңгейдегі командалар мен ізбасарларды
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету: түрлі
кәсіптегі мамандар, жаңа ақпараттық технологиялар,
қажетті аппаратуралар және т.б.
- жүйені барлық
жағынан қаржыландыру.
Дайындықты
ұйымдастыру мен басқару түрлері. Спортшыларды даярлау
жүйесінің сәтті қыз етуінің маңызды
жақатарының бірі – көптүрлі міндеттерді толығымен
шешуге мүмкіндік беретін, спорттық даярлығы мен шеберлігі
әртүрлі, жаңадан келген спортшылармен жұмыс істеуді
ұйымдастыратын түрлердің болуы. Бұл – жалпы, орта
және жоғары білім беру мектептеріндегі спорттық
үйірмелер, кешенді және мамандандырылған балалар мен
жасөспірімдердің спорттық мектептері, олимпиадалық
ізбасарлар мектебі, құрама командалар, түрлі
оқу-жаттығу жиындары, даярлау орталықтары [5].
Пайдаланған әдебиеттер
1. Абельская Р.С. О роли слова и образа
восприятия ситуации спортивной игры // Вопросы психологии, - 1957.
2. Андреев, С.Н. Организационные проблемы подготовки
спортивного резерва по
футболу: дис,... канд. пед. наук / С.Н, Андреев, - Омск
3. Апухтин, Б.Т. Тактическая подготовка футболистов / Б.Т.
Апухтин. - М.: Физкультура и спорт
4. Апухтин, Б.Т. Техника футбола / Е.Т,
Апухтин. - 2-е изд, испр. и доп. - М,; Физкультура и спорт
5.Аркадьев, Б.А. Тактика футбольной
игры / Б.А. Аркадьев. - 3-е изд., перераб. и доп. - М,: Физкультура и спорт