Сафаргалиева Г.Н., Шаяхметова А.Б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ КӘСІБИ ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кәсіби қолданбалы дене дайындығы
дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және
қоғамдық құбылыс есебінде КҚДД
жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі
заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын
танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына
сәйкес кәсіби мамандардың дене тәрбиесін
қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек ЖОО-дағы дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа
байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі
жоғарғы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің
жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса,
тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық
қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Мұндай маңызды әдістеме
кәсіби-қолданбалы пән ретінде жетекші рөл
атқаратын, жоғары оқу орындарындағы оқыту
жүйесіне тікелей байланысты.
Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі мәселелерін
шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір
жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды
дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен
қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға
белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман
даярлаудың маңыздылығы артуда [1].
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір
тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне,
ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды
адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға
қызмет етеді.
Дене шынықтыру
маманындағы дене тәрбиесі
жастардың үйлесімді жеке тұлға болып
қалыптастырудың көптеген фукционалдық
мүмкіндіктеріне ие, оны іске асыру іс жүзінде, біздің
көзқарасымыз бойынша оқу бағдарламасының
міндеттерінде көрсетілген төмендегідей
ұйымдастыру-әдістемелік бағыттар бойынша жүзеге
аспақ:
- жасөспірімдер мен қыздардың тұтас
орғанизмін қалыптастыруды аяқтау;
- студенттердің дене тәрбиесі бойынша оқу
бағдарламасының сынақ талаптары мен президенттік
сынамалардың норматив талаптарымен белгіленген дене тәрбиесі
дайындығының қажеті деңгейін қамтамасыз ету;
- Дене
шынықтыру маманындағы қазіргі оқу процесін
меңгеруге көмектесетін дене қасиеттерін дамытып, жетілдіру,
ағзаның негізгі жүйелерін функционалды тұрғыдан
жетілдіру;
-
Дене және
ақыл-ой қабілеттілігін қамтамасыз ету;
-
Денсаулықты сакғап, нығайту;
-
Мектеп бітірушілерді ЖОО-дағы оқу процесі
мен тұрмыс-тіршілікке жедел бейімдеу;
-
Еңбек пен елді қорғауға дайындау;
-
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
-
Қоғамдық белсенділік пен ұйымдастырушылық
дағдыларын және т.б. қалыптастыру.
Біздің қоғамымыздағы ойлы
азаматтар мен ғалымдар бұқаралық дене тәрбиесі
мен спортты дамытуға үлкен маңыз беруде. Олар бұдан
адам денсаулығы, оның творчестволық белсенділігі және
ұзақ ғұмыр сүруі үшін күрестегі
ең қажеттілерді тауып отыр
[2].
Көптеген авторлардың зерттеулері,
денсаулықты және жұмыс қабілеттілігінің
жоғары деңгейін сақтаудың ең маңызды
құралы есебінде, қазіргі жағдайда дене шынықтыру
мен спорттың алатын орны әлі де өсе түсетіндігін
көрсетеді. Дене жаттығуларын жүйелі түрде пайдалану
тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесінің
қызметіне жағымды әсер етеді, денеде май қабатының
жиналуын азайтуға себепші болады және тұтастай алғанда
жұмыс қабілетін арттырады. Дене шынықтыру мен спорт студенттер
денесінің белсенділігін қалыптастыруда педагогикалық
үлкен маңызға ие. Спортпен шұғылдану кезінде адам
денесін жетілдіру жүріп жатады, тәни және рухани
дамудың үйлесімділігі қалыптасады [3].
Дене
тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім
беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған
педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке
тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи
күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық
негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне
сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де
сергек жүруге баулиды.
Болашақ
ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы,
салауатты өмір сүруі жоғарғы оқу
орындарындағы кәсіби-қолданбалы дене дайындығының
дәрежесіне тікелей байланысты
[4].
Бүгінгі
таңда болашақ мамандардың кәсіби-қолданбалы дене
тәрбиесі білім жүйесіндегі кемшілікгердің бірі, біздің
көзқарасымыз бойынша оқу бағдарламасының
теориялық тарауының мазмұнын, қызметтің осы түрін
ұйымдастыру мен бағалау бойынша диссертациялық
зерттеулердің болмауы, дене тәрбиесінен пәнаралық
байланыстардың қарастырылмауы көптеген қарама-қайшылықтарға алып келгені
байқалады. Осы қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын
айқындап, тақырыпты «Дене шынықтыру мамандығындағы студенттерінің оқу процесіндегі
кәсіби қолданбалы дене дайындығын қалыптастыру» деп
таңдауымызға себепші болды. Жеке тұлғаның кәсіби-қолданбалы дене
тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық
негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол
көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда.
Бұл ең алдымен мемлекетіміздің
әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы
өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында
диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан
философиялық, педагогикалық және психологиялық
ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып,
жоғарғы оқу орындарындағы болашақ кәсіби
мамандар үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық
ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене
мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және
оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық
жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге
асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға
болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Әбдіқадырова Д.Р. Педагогикалық ЖОО
студенттерінің дене шынықтыру-сауықтьіру қызметіне
дайындығын қалыптастыру: Диссертацияның авторефераты. Алматы,
1998.
2.
Аубышев Л.И. ЖОО-дағы
бұқаралық сауықтыру жұмыстарының
тиімділігі: Диссертацияның авторефераты. Омск, 1984.
3.
Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесін педагогикалық
зерттеулердің теориясы мен әдістемесі. Оқу
құралы.М, 1978.
4.
Башкоров П.Н. Адамның денесінің дамуы
туралы білім. М:, 1962.