Жәлел А.Е., Бейсенбаев С.К.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық

мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ САУЫҒУ МӘНІ РЕТІНДЕ

 

Дене мәдениеті (ДМ) - дене дамуы, сауықтыру және адамдар тәрбиесі аясында басымырақ өткенді меңгеру және жаңа құндылықтарды жасау бойынша шығармашылық қызмет болып табылатын қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі.

Спорт - қарсыластық (сайыстық) жағдайда қозғалыс мүмкіндіктерін ашуға (айқындауға) бағытталған адамның және қоғамның мәдени қызметінің спецификалық формасы.

Дене мәдениетінің құндылықтары - әлеуметтік және кәсіби бағдарланған, сол сияқты жеке тұлғаның міндеттерін шешуге бағытталған дене мәдениетінің іс жүзіндегі маңызды негізі.

Дене жетілдірілуі - адамға дене мәдениетінің ерекше әсер етуінің барынша көрінуі.

Денені тәрбиелеу - спецификасы адамның дене сапаларын дамыту және жетілдірілуін басқару, сол сияқты қозғалыс әрекеттерін үйретумен қорытындыланатын тәрбие үрдісінің түрі.

Дене дамуы - өмір сүру барысындағы адам ағзаларының табиғи құрылымдық-қызметтік (морфофункциялық) қасиеттерінің өзгеру процесі.

Психологиялық дене дайындығы - мақсатты бағыттағы процесс, арнайы шұғылдану жүйесі, яғни оның іргетасы адамның психологиялық жағдайы мен оның денінің саулығы арасындағы өзара байланыстылық және өзара тәуелділік болып табылады.

Психологиялық дене жаттығуы - негізінде белгілі дене жүктемесі мен реттеу әдістері үйлесімділігін пайдалану әдістемесі бар оқу-жаттығу үрдісі.

Дене және қызметтік даярлық - адамның мақсатты қызмет әрекеті түрлерін орындау немесе меңгеруі үшін қажетті ағзаның жұмыс қабілеттілігі деңгейін арттыру және білгілі бір қозғалыс дағдыларын меңгерудің соңғы нәтижелері.

Денеге білім беру - адамға әртүрлі өмір жолдарында және қызмет түрлерінде дене мәдениеті құралдарын пайдалану бойынша теориялық білімдерді меңгеру, белгілі уақыт аралығында және кеңістікте өз денесінің қозғалысын басқару, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын оқытып, үйрету үрдісі.

Қозғалыс белсенділігі - адамның салауатты өмір режімінің маңызды компоненттерінің бірі, яғни оның негізінде жынысына, денсаулық жағдайына сәйкес, дене мәдениеті мен спорт құралдарын жүйелі пайдалануы.

Қозғалыс біліктілігі - қозғалыс әрекетінің әдістерін сапалы түрде меңгеру (ми қабығындағы кешенді қозғалыстың, белгілі әрекеттің үлгісі), яғни жаттығу құралдары мен әдістерін пайдалану барысында дағдыға айналдыру.

Қозғалыс дағдысы - қозғалыс әрекетінің әдісін санадан тыс меңгеру деңгейі, яғни қозғалыс әрекетін басқару іс-жүзінде автоматты түрде жүзеге асады. Бұған қозғалысты орындаудың жоғары сенімділігі тән.

Дене тәрбиесінің кәсіби бағыттылығы - мәдениеттің негізгі жүйелерінің тармағының бірі ретінде кәсіби-қолданбалы дене даярлығы түрінде жүзеге асырылады, яғни адамның тиімді кәсіби қызметіне нақтылы даярлыққа жетуіне мүмкіндік туғызатын оның міндеттеріне арнайы қолданбалы білім, сапа, біліктілік, дағдыларды қалыптастырады [1].

Н.Г.Чернышевский: «Адамның денесін жетілдіру табиғат сыйлығы емес, бұл оны мақсатты бағытта қалыптастыру нәтижесі», - деген болатын.

Адамның дамуы мен жетілуі барысында дене және рухани күштері, олардың адамгершілік, интеллект құндылықтарымен жүйелі үйлестірілуі жоғары бағаланып келді. Ұлы ойшылдар мен ғалымдар жастардың жан-жақты дамуы қажеттілігін, олардың денені немесе рухани тәрбиелеу приоритетін бөліп қарамай дененің қандайда бір сапасын басымырақ дамытып қалыптастыру, артық бағалау жеке тұлғаның үйлесімді дамуының бұзылуына әкелетінін терең түсініп, өз еңбектерінде атап көрсетті. Сонау адам қоғамының қалыптасу кезеңінде қолданысқа енген «мәдениет» термині бір мағыналы емес, яғни «жерді өңдеу», «тәрбиелеу», «дамыту», «қадірлеу» сияқты ұғымдармен тығыз байланыста. Бұл термин қазіргі заманғы қоғамдағы қайта құру қызметі аясында және оның нәтижелері сәйкес келетін құндылықтар, соның ішінде «өзінің жеке жаратылысын қайта құру» түрінде кең аясын қамтиды.

Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында жеке тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, әскери істердің және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.

Дене мәдениеті адамдардың кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық миссияларын атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жоғарғы оқу орындары жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.

Академик Н.И.Понаморев дене тәрбиесінің пайда болу және алғашқы кездегі даму тарихы үшін негізге алынатын кең ауқымдағы материалдардың нәтижелеріне сүйене отырып, «адам тек еңбек құралдарын дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге өзінің денесін үнемі жетілдіру барысында адам болды, адам ағзасы басты өндіргіш күш», - деп тұжырымдады. Мұнда аң аулауды дамыту жұмыс түрі ретінде шешуші рөлді ойнады. Атап айтқанда, адам осындай жаңа біліктілік пен дағдылардың, өмірде қажетті қозғалыстардың, күш сапаларының, төзімділіктің, шапшаңдықтың қажеттілігін басымырақ бағалады. [2].

Дене тәрбиесі туралы ғылымның үлкен нәтижесі дене жаттығуларын емдік мақсатында пайдаланудың ұйымдастыру және әдістемелік формаларын жасау болып табылады.

Олар келесі топтарға бөлінген:

1. Мақсатты-құндылықтары - маманның әлеуметтік-кәсіби қызметінде дене мәдениетін пайдаланудың мағынасы мен мәнін ашады: студент-кәсіпкердің жеке тұлға ретіндегі негізгі ой-пікірі  оның әртүрлі қызмет аясында көрінуі, «Мен - кәсіпкермін», яғни кәсіби өздігінен жетілгендігі ретіндегі концепциясы.

2. Құрал-құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметін іске асыруда дене мәдениетін пайдаланудың әдістері мен құралдарының мағынасы мен мәнін көрсетеді: өз денесін дамыту, сана сезімі, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау үшін әдістемелік-практикалық білім мен біліктіліктің қажетті технологияларын меңгеру.

3. Қарым-қатынас құндылықтары - өзіне, кәсіби қызметінде, жақын социумыне және т.б. қатынастардың жиынтығы ретінде дене мәдениетіне қатынастардың мағынасы мен мәнін сипаттайды. Олар дене мәдениетінен өмір жолдарында пайдалану, іске асырудың пәндік бағдарын береді.

4. Білім құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызмет үрдісінде дене мәдениеті бойынша білімнің маңыздылығы мен мәні: жеке тұлғаның дене мәдениетінде, оның дүние танымдық ұстанымы мен сенімділігін, өздігінен сенімділігін дамыту үшін қажетті ой өрісін айқындайтын теориялық, әдістемелік білім.

5. Сапа құндылықтары - әлеуметтік-кәсіби қызметі үшін болашақ маманның маңызды сапалары мен қасиеттерінің маңыздылығы мен мәнін ашады: жеке тұлғалық, кәсіби-қызметтік, сыртқы жүріс-тұрыстық, психологиялық дене сапалары. [3].

Дене мәдениетінің ерекше маңыздылығы кәсіби бағыттағы оқыту үрдісінде кәсіби қолданбалы дене дайындығы түрінде берілген, оның мақсаты нақтылы еңбек, рекреациялық үрдістерде және әрекеттерде оңды нәтижесін беретін сапаларды, біліктілікті, дағдылар мен арнайы білімдерді дамыту болып табылады.

Оқу-жаттығу сабақтары үрдісінде, жарыстарға дайындалу және жарыс барысында дене жаттығулары, жүктемелер қайталанады, шаршау, шалдығу басылады, спецификалық еңбек үрдісі жүреді. Шұғылданушыларды болашақта басқа әрекеттеріне және кәсіби қызметіне кіретін еңбексүйгіштік, дене сапалары қалыптасады. Осындай бейнеде кәсіби еңбекке тәрбиелеуде оңды әсер етеді.

Сонымен, дене тәрбиесі, адамгершілік ой, сананы тәрбиелеумен тұтас байланыста адамның және азаматтың жоғары жеке тұлғалық сапаларын қалыптастырады.

Адамның үйлесімді дене дамуы, яғни зерде, назар аудару, орнықтылықтың, жоғары деңгейін, түйсігін, байқағыштығын, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі сияқты сапаларының жақсы дамитынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Дене тәрбиесі бойынша шұғылдану қатарында жеке тұлға тіршілік ету қызметінің ұтымды әдістерін, үйлесімді әрекеттерді, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, шынығу және т.б. меңгереді, яғни ақыл, ой дамуына, ақыл-ой тәрбиесі үрдісіне, интеллектіге оңды әсер етеді.

         Р.Декарт: «Егер сіздің ақыл, ойыңыз дұрыс жұмыс жасасын десеңіз өз денеңізді бақылаңыз», - деген екен. [4].

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.  Г.Ильясова.  Спорт түрлерінің физиологиясы (оқу құралы). Түркістан 2004.

2.  Г.Ильясова. Спорт физиологиясы пәнінен лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Түркістан-2004.

3. Спортивная физиология. Учебник для институтов физической культуры. Под ред. Я.М.Коца. Москва, ФиС, 1986.

4. Физиология мышечной деятельности. Учебник для институтов физической культуры. Под ред. Я.М.Коца. Москва, ФиС, 1982.