ӘӨЖ 685.05
БҰЙЫМ САПАСЫН
АНЫҚТАЙТЫН КӨРСЕТКІШТЕР
Р.А.Пернебаева,
Г.С. Анарова
М. Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Тараз
Бұйым сапасы
бүгінгі ғылыми - техникалық прогресстің объективті
және маңызды көрсеткіші, оның әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті болуы.
Өнім сапасын
анықтау әрекеті ерте заманнан басталды. Платон (б.э.д. 427-347
ж.ж.), бұйым сапасы бұл оның жетілу дәрежесі деп
түсіндірді, Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.ж.) сапа – бұл бір
бұйымды басқа бұйымнан ажырататын белгілі бір қасиеттер
жиынтығы деп түсіндіруге тырысты.
Өнімнің
жоғарғы сапасын қамтамасыз ету мәселесі
техникалық, экономикалық, әлеуметтік және саяси
мәнге ие және өндірістің барлық жүйесін
қамтиды: жобалау - өндіріс – товар айналымы – пайдалану.
Сапа дегеніміз -
өнімнің қасиеттерінің жиынтығы, ол
өнімнің атқаратын қызметіне сәйкес белгілі бір
қажеттікті қанағаттандаруға жарамдылығын
көрсетеді.
Өнім сапасы
сандық қабылдау бақылауы – бұл өнім
сапасының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру
үшін математикалық статистиканың әдістерін
қолдануға негізделген бақылау, ол өнім сапасын әр
жерден бір бұйым алып көру арқылы тексереді.
Өнім сапасы мына
төмендегі мемлекеттік стандарттарға сәйкес тексеріледі.
ГОСТ 15467-79 «Өнім
сапасын басқару. Негізгі ұғымдар, терминдер, анықтауыштар»;
ГОСТ 15895-77 «Өнім
сапасын басқарудың статистикалық әдістері. Терминдер
мен анықтауыштар»;
ГОСТ 16504-81
«Өнімді мемлекеттік сыннан өткізу жүйесі. Өнім сапасын
сынақтан өткізу және тексеру негізгі терминдер мен
анықтауыштар».
Өнімнің
сапасын оны жасаудың барлық сатыларында ғылыми - зерттеу
ізденістері, жобалау, конституциялық, технологиялық ізденістер
процесстерінде қалыптасады. Сапа үшін күресте басты
нәрсе - стандарттың барлық талаптарын қатаң
орындау, онда ойдан шығарлық жоғарғы сапаның
және мейлінше ұзақ уақытқа
төзімділіктің басты көрсеткіштері, мемлекеттік және
өндірістік жоғарғы тәртіп негізінде алынған.
Стандарттарды
сақтау міндеттілігін кездейсоқ, халық шаруашылығы
талаптарына сай емес бұйымдарды әзірлеуге жол бермейді. Өнім
сапасына деген талаптар адамдардың материалдық және
мәдени бақуаттылығының артуына ғылыми –
техникалық прогрестің дамуына сай өсіп отырады.
Өнім сапасына
қойылатын талаптар алуан түрлі. Бұл киімге қойылатын
талаптармен тығыз байланысты. Киімге қойылатын талаптар
тұтынушылық және технико – экономикалық талаптар болып
екіге бөлінеді. Тұтынушылық талаптарға
әлеуметтік, қызметтік, эстетикалық, эргономикалық,
пайдалану талаптары жатады.[1]
Тұтынушылық талаптар
бұйымды тұтыну кезінде қойылатын белгілі талаптарды
қанағаттандыратын бұйымның қасиеттер
жиынтығын анықтайды.
Технико – экономикалық
көрсеткіштер киімді өндіру және басқа шығындарын
есепке ала отырып киім технологиясын және жобалау
әдістерінің, конструкциясының техникалық жетілдіру
дәрежесін анықтайды. Технико – экономикалық
көрсеткіштерге стандарттық және унификациялық,
технологиялық, үнемділік талаптары жатады.
Эргономикалық көрсеткіштер
бұйымның адамға бейімделу дәрежесін сипаттайды
және адам – бұйым – орта жүйесінің эргоомикалық
қасиеттеріне негізделген. Эргономика (грек тілінен erqon – еңбек
және nomos - заң) – бұл ғылыми пән,
адамдардың қызметтің белгілі бір әрекеттерінде
адамдардың өндіріс заттарымен және қоршаған
ортамен байланысын зерттейді.
Адамның өндірістік
бұйымдармен байланысын эргономикада биологиялық және
психологиялық деңгейде қарастырады. Адамның киіммен
байланысы негізінен биологиялық деңгейде болады, өйткені киім
адам денесінің 80% жауып турады.
Киім сапасы
![]()
![]()
Техникалық-экономикалық
көрсеткіштер Тұтынұшылық
көрсеткіштер С2 С2










Киім сапасын
анықтайтын көрсеткіштер схемасы
Киімнің адаммен
биологиялық қатынасы нәтижесінде адамдар психологиялық
тұрғыдан жылуды, суықты, ыңғайлылықты,
қысымды, бұлшықет салмағын сезінеді, мұның
бәрі психологиялық жағдайларды туындатады (шаршау,
жұмысқа қабілеттілік, көңіл - күй) [2].
Өндірістік бұйымдардың
сапасын бағалағанда ең көп қолданылатын
ұғым «ыңғайлылық». Бірақ кейде
ыңғайлылықты бағалау объективті бағалаумен сай
келмейді. Өйткені адамдар конструкция эргономикасын дұрыс
бағалауға бейімделмеуі мүмкін және киім
ыңғайлы деп есептеуі мүмкін. Сондықтан сапа
жүйесін эргномикалық бағалауда нақты
көрсеткіштерді пайдалану керек. ГОСТ 16035-81-ге сәйкес
топтық көрсеткіштер антропометриялық гигиеналық
және психофизиологиялық болып бөлінеді.
Өндірістік бұйымдарды
жобалағанда негізгі мән берілетін көрсеткіш –
антропометриялық көрсеткіштер. Киім мен адамның
антропометриялық қатынасы тыныштық қалыпта (статика)
және қозғалыста (динамика) бірдей болмайды. Сондықтан
антропометриялық сәйкестіктен
топтық көрсеткіштер
екі көрсеткіштен тұрады: статистикалық сәйкестік
және динамикалық сәйкестік.
Cтатистикалық сәйкестіктегі
антропометриялық көрсеткіш киім конструкциясы
өлшемдерінің және адам денесінің формасымен
сәйкестіктерімен (баланс) сипатталады. Киімдердің динамикалық
сәйкестігінің антропометриялық топтық көрсеткішін
үш көрсеткішпен анықтайды: пайдалану кезінде киім
бөлшектерінің матада созылу, иілу дәрежесі, адам киіммен
тұрғанда қолдың қозғалысы, қолды
көтергенде бұйым етегінің өзгеруі .
Киім сапасының гигиеналық
көрсеткіштері киім асты қабатындағы
ыңғайлылықты қамтамасыз ететін киімнің
санитарлы-гигиеналық нормалармен және ұсыныстармен
сәйкестігін сипаттайды.
Киім өзінің
қорғаныс қызметін атқару үшін белгілі бір
қасиеттерге ие болуы керек: жылу сақтағыштық, ауа
өткізгіштік, гигроскопиялық қасиеті, қабат
құрамы, конструкциясы.
Өндірістік бұйымдарды
жобалағанда негізгі мән берілетін көрсеткіш –
антропометриялық көрсеткіштер. Киім мен адамның
антропометриялық қатынасы тыныштық қалыпта (статика)
және қозғалыста (динамика) бірдей болмайды. Сондықтан
антропометриялық сәйкестіктен топтық көрсеткіштер екі
көрсеткіштен тұрады: статистикалық сәйкестік және
динамикалық сәйкестік.
Бұйым сапасының жоғары
болуы, оның дүние – жүзілік нарықта бәсекеге
түсе алуы – бүгінгі таңда өндірістің
ұйымдастырылу деңгейінің, еңбек тәртібі
және мәдениетінің ғылыми – техникалық
прогресстің объективті және жалпы көрсеткіші.
Қазіргі таңда киім
сапасының жоғары болуына, тұтынушылардың денесіне
киімнің дұрыс қонуын жақсартуға үлкен
мән берілуде.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Е.Б.Булатова, А.Г.Гладкова, О.В.Журавлева. Новые возможности
совершенствования процессов конструирования. Предоставляемые САПР “Грация”. //
М.: Швейная промышленность – 2000 - №4, с.42-44.
2.
Е.А.Янчевская. Конструирование верхней женской одежды. М.,
Летроиздат, 1989-240