ӘӨЖ 685.05
Ерлер белдіктік киімдерінің сырт көрінісін
түрлендіріп өңдеудің
ерекшеліктері
техника
және технология магистр аға оқытушы Пернебаева Р.А.,
техника
және технология магистр Анарова Г.С.
«ЖӨБТҚ»
мамандығының 2 курс студенті Аманқосов Ғ.
М. Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Тараз қаласы
Шалбар (нидерл. broek), немесе сым (дамбал) -
сырт киім бұйымы, ол дененің төменгі бөлігін, әр
аяқты жеке-жеке және тізені де жауып тұрады.
Классикалық нұсқада шалбарлардың балағы
тобыққа немесе
табанның жоғары бөлігіне дейін жетеді. Белден немесе
мықыннан киіледі. Жоғары шетін фиксациялау үшін белдік немесе
иық бау қолданылуы мүмкін. Көбіне шалбардың ауына
қарай тілігі болады, оны түймемен, ілгекпен немесе сыдырма ілгекпен
түймеленеді.
Шалбарды
суық ендіктерде тұратын көне адамдар да киген, оған
халколит кезеңіндегі Эци мен Альпі тауларынан табылған мумиялар
дәлел.
Евразияда
көшпелі халықтар шалбар киген, ол ат үстінде жүргенге
ыңғайлы болған. Солардың қатарында
алғашқы көшпенділер скиф, парсы, ал кейінірек
ғұндар мен германдар болды. Бастапқыда шалбардың
әр балағы бөлек болған, сондықтан көп тілде
бұйым атауы көпше түрдегі зат есімдермен берілген.
Ежелгі
Русьте шалбарларды (шароварлар, порты, портки) ХІ ғасырдың
өзінде кие бастаған.«Шалбарлар» (штаны) термині ХҮІІІ
ғасырдың екінші жартысында пайда болған, кейін «порты» деп
ішкі киімді (баяғы кальсондар) атаған. «Шалбар» («брюки») сөзі (нидерл. broek) Ресейде ХҮІІІ ғасырда петрлік
реформадан соң пайда болған, алғашында «моряк шалбары»
дегенді білдірген. Шалбар («брюки») дәстүрлі түрде жұп
болып саналып, көпше түрде айтылса да, орыс теңіз
терминологиясында «брюканец» деген сөзі сақталған, ол жекеше
түрде қолданылады. Сырт көрінісі бойынша «брюканец» жарты
шалбар болып көрінеді, мачтадан аққан суды трюмге жібермей
палуба мен мачта арасындағы айналма саңылауды жауып тұрады.
«Брюки» термині тек жүз жылдан кейін ғана танымал болды.
Көне
Римде шалбар бастапқыда варварлардың киімі деп саналған,
бірақ кейін варварлармен соғысқанда суықтан
қорғану үшін алдымен легионерлер, кейін өзге римдіктер
де киді. Әсіресе, дәстүрлі римдік киімнің астынан
көрінбейтін қысқа шалбар кең таралды. «Брюки» (брок)
сөзі галдардың тілінде болған, олар шалбарды осылай
атаған. Осыған байланысты римдіктер Галияның бір
бөлігін Галлия Брокаты (шалбарлы Галлия) деп атаған.
Шығыста
Европаға қарағанда шалбарды тек ерлер ғана емес,
әйелдер де киген, әйелдердің көйлек астынан киетін
шалбары ішкі киім ретінде саналып, оны кимеу ұят саналған.
Көне
Қытайда да шалбар шетелдіктердің киімі саналған, бірақ,
өз шалбар киген кавалериялары пайда болғанда, кең таралды.
Мұнда Қиыр Шығыс пен Орта Азияға қарағанда
шалбар тек іш киім емес белдемше орнына да киілген.
Сурет 1. Ерлер белдеулік
киімдерінің сырт көрінісі.
Ортағасырлық
Жапонияда хакама - кең шалбарын кедейлерге
киюге болмайтын (олар тек белге орайтын таңғыш таққан),
тек ерекше күндері, үйлену тойларында кигенге рұқсат
етілген.
Шалбар
әлеуметтік статус белгісі болғандықтан, самурайлар мен сарай
маңындағылардан басқа, жоғары ақсүйек
әйелдер де киген.
Сыртқы
белдеулік киім ретінде дамбалдан, орта тігісі мен екі жақтаулы адымды
тігістерімен шалбарлар ХҮІІІ ғасырдың соңында
сәнге айналды.
Алғаш
Англия нағыз джентльмен қандай болуы керек екенін көрсетті –
тәрбиелі, смокинг, шалбар, жейде мен галстук, қолғап пен
цилиндр киген, трость ұстаған ер адам. Сонымен шалбардың
отаны Англия болып саналады. ХІХ ғасырдың басында жасалған,
жас адамның типажы барлық батыс ерлері үшін беделге айналды.
Ал
шалбардағы тегістелген бүрменің қалай пайда болған. Көп жылдар бұрын
берлиндік тігін өнеркәсіп Америкаға ерлерге арналған
көйлектер жеткізіп отырған. Заттарды арзанырақ жеткізу
үшін, жәшіктерге тығыздап салуға тырысқан. Атлантиканы
жүзіп өткенге дейін шалбарларға қыр салынған.
Америкалықтар ол қырды сәннің соңғы
үлгісі ретінде қабылдаған. Ал нағыз денди Уэльс
ханзадасы мұхиттың ар жағынан осындай шалбарды алып келгенде
Европа сәнқойлары мен
Англия таңданыстан тына қалды.
Шалбардың
«кіші інісі» джинсылар салтанаты
кейінірек, 60- жылдары, «вестерн» стиліндегі фильмдер әлемді
дүрліктірген уақытта, онда негізгі ролді ойнаған Марлон
Брандо джинсыны тастамай кигенде келді (өйткені «Левай Страуспен»
келісім-шарт жасасқан еді, оған сәйкес фирма актерді
джинсымен қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде барлық жерге
джинсы шалбармен баруы керек). Хиппилер джинсыны әйгілі киімге
айналдырып, баршаның сәнді тұмары іспетті етті. Тесілгенше
тозығы жеткен, бисермен және түсті жамаулармен
көмкерілген олар, адамдарлың әлеуметтік жағдайын
жасырды.
Қазіргі
ерлердің шалбар гардеробы сан түрлі. Онда тік шалбар мен джинсы да,
гольф немесе етікке салынатын казак шароварлары, шығыстық
шароварлар, шолақ шалбарлар, бананалар тіпті ХҮІІІ
ғасырлық кюлот секілді киім түрлері де табылады.
Гольф шалбарлары – қысқа, тізеден
төмен, көбіне торлы, сырып тігілген манжеті түймемен
бекітілген шалбар.Олар ХХ ғасырдың 20-ншы жылдары спорт киімі
ретінде сәнге енді. Гольф шалбарлары гольф шұлықтарымен бірге
(немесе гольфымен) атқа салт
мініп жүру спортымен айналысуға арналған.
«Сапарлық» шалбарлар жолақ матадан
қайырма жағасыз тігілген. Олар адам тұлғасын сымбатты
етеді, аяқты сырттай ұзынырақ көрсетеді, бірақ
шалбардың қыры жақсылап үтіктелген болуы керек.
Клеш шалбарлар – кең қонышты матрос шалбарлар; ХХ
ғасырдың екінші жартысында әйел және ерлер киімі
ретінде сәнді болды.
Оксфорд шалбарлары - өте кең шалбарлар,
әдетте сұр жүннен жасалған фланельден тігілген. 1920 –
жылдары Англияда танымал болды.
«Полпред» шалбарлары – жүн матадан тігіледі,
кейде қайрыма жағалы буклирленген. Шалбардың бұл
түрі 1920-жылдары пайда болды, содан бері ылғи элегантты іскер
киімдер жиынтығында кездеседі. Моделі классикалық, оны
әрдайым киюге болады, бірақ манжеттері тұлғаның төменгі
жағын көзге ауырлатып көрсетеді, сондықтан бойы биік,
арықтау адамдарға киген жөн.
Сигарет- шалбарлар – бірдей тар балақты, тобық
тұсында бүрмелеп бүктелген. Оларды не етік ішіне кіргізіп,
немесе биік өкшелі туфлимен киеді.
«Бананалар» - 1980-жылдары танымал болған шалбарлар, балағы тізе тұсында
кеңейіп, толарсақта тарылатын шалбарлар. Оны аяқтарын
жақсырақ көрсеткісі келетін әйелдер киеді, ал ерлерді
бұл фасон ебедейсіз және әйел сипаттас ететін,
сондықтан «банана» ерлер гардеробынан түсіп қалды.
Бермуд-шалбарлары – тізеден келетін, түсті мақта-мата кездемесінен тігілетін,
қайырмасы бар барынша кең шалбар. Бермуд үшбұрышы
туралы 1980-жылдары баспасөз бетіне хабарлама көп
шыққанда, ерекше сұранысқа ие болды.
Лосиналар – ХІХ ғасырда лосины деп бұлан терісінен
тігілген шалбарларды атаған, оларды сәнді киімнің
бөлшегі ретінде санаған. Кейін ол тек әскери салтанатты
киімде ғана сақталды. Дене жақсы жабысып тұруы
үшін лосиналарды дымқыл күйінде киген, кейін денеде кеуіп
кететін. Кәсіби ортада лосиналарды легенсылар деп атайды. Сонымен
қатар, ер және әйел велосипедшілерге арналған – тар,
тізеден жоғары, денеге жабысып тұратын шалбарлар да бар.
Рейтуз-шалбарлар – эластикалық кездемеден
тігіледі, табанға ілінетін бауы бар. Ол көше мен қала
туристігіне арналған.
Шалбарды құрайтын бөлшектер. Шалбар
алдыңғы, артқы жарты
мен белбеулік бөлшекке ажыратылады. Жартылардың оң және
сол жағы бар. Жартылар ішкі және сыртқы беткейлік тігістермен
бекітіледі, олар алдыңғы
ауын ішкі ілмекке бекітетін адымдық тігіспен тігіледі, ішкі ілмек -
шалбардың алдыңғы
жартысындағы сол жақ шеткі ілмек және одан арасы
ашық тігілген ілмешегі бар гульфик-планкасы есебінен жасалады.
Шалбардың алдыңғы жартысының бос шеттері гульфикпен
бірге сырғымасы бар шалбардың оң жақ
алдыңғы жартысының бос шетін түгел жабады.
Шалбардың кей фасондарында
(теңіз немесе шаңғы шалбарларында) шалбардың
алдыңғы түймелік жырығы болмайды. Оның орнына
шалбардың алдыңғы беткі жағында шалбарды белбеулік
бөлігіне дейін жететін алдыңғы орта сызығы болады.
Мұндай шалбарларда бүйіріндегі жанама тігістер белге дейін жетпейді
немесе бір жағынан ғана жетеді, олар түйме немесе сыдырма
ілмек арқылы бекітілетін жырық жасайды. Шалбардың бел
тұсындағы бөлігінде симметриялық түрде
қымтаулы тігіс бар. Шалбардың бүйірінде белден төмен жерде
шалбардың белдік бөлігінің өлшемін кішірейтетін тартпалар
бар. Тартпа тігістер тиянақтау және бос бөлшектерге ажырайды.
Жарма қалталарда алдыңғы және артқы бос шеттері
бар. Шалбардың белдік
бөлімінің төменгі шетінің алдында
сағаттық жарма қалта болады, артында – ішкі ілмегі немесе
түймеленетін артқы қалта бар. Шалбар балағына манжет
тігілуімен аяқталады. Шалбар киімнің ең негізгі
бөлігінің бірі, әдетте, пиджак тігілген кездемеден жасалады.
Пиджаксыз тігілген шалбарлар дара шалбарлар деп аталады.
Пропорционалды
қалыптасқан адам тұлғасына шалбарды шақтап
көрудің керегі жоқ, шалбар конструкциясының сызбалары
дәлме-дәл берілгендіктен, өлшемдерді дұрыс алса
жеткілікті.
Шалбар конструкциясында
негізін меңгеріп алған дұрыс, шалбардың қай
түрі болмасын бір-бірінен алшақ айырмашылығы жоқ,
азғана өзгерістері бар (гольф, коньки тебу, шаңғышылар,
пижамалық т.б.).Шалбарлардың өлшемдері тізе енінде және
төменгі жағы сәні мен адам қалауына қарай
кеңейіп немесе тарылып өзгеруі мүмкін.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.Саккулин Б.С., Амирова Э.К. и др.
Конструирование мужской и женской одежды.-М.:Академия,2002.
2.Герасимович
т.П. Моделирование мужского костюма/курс лекций.ТарГУ,2012.
3.Рогов
П.И., Конопальцева Н.М Конструирование мужской одежды для индивидуального потребителя
М.: Феникс,2010