ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН МӘТІНДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

Қ. МОЛДАБЕК

педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

 Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

 

М. ДУЙСЕНОВА

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ–нің PhD докторанты

 

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу обьектісі болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем - мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу - әлі де кенжелеп келе жатқан өте маңызды мәселелердің бірі.

О.И.Москальская мәтінді әдебиет теориясы мен әдебиеттанудың нысаны ретінде қарастырып, көркем шығарманың макрокомпозициясына жатады, шығарманың негізгі сюжетінің дамуы, олардың бір-біріне әсері [1,18-70] десе, Б.Шалабаев мәтіннің маңызды белгілеріне оның тақырыбының болуы мен аяқталуын жатқызады [2,16-22].

Т.А.Ладыженская мәтіннің басты белгілеріне оның тақырыбының болуын, белгілі бір жайды хабарлауын, тиянақты аяқталуын, тақырыптың бірлікте тұ-руын, мәтін компоненттерінің жалпы ортақ пікірге бағынуын, логикалық жүйеде құрылуын, мәтін бөліктерінің (сөйлемдердің) байланыстылығын, оның стильдік бірлікте болуын жатқызады [3, 10-23].

Б.Ысқақтың пікірінше, мәтіннің белгілеріне оның тақырыбының болуы шарт емес, оның жүйелі аяқталуын мәтінді құрайтын элементтер (сөйлем, қайырым) арасындағы логикалық және грамматикалық байланыстар қамта-масыз етеді. Кей жағдайларда мәтіннің тақырыбы болмайды (мысалы, Абай өлеңдерінде), мұндай жағдайда бірінші сөйлем сол қызметті атқарады. Оның мәтінінің моделі жасалынбайды [4,167]

Ғалымдардың зерттеу нысанасы көркем шығарма болғандықтан, мұнда мәтіннің құрылысы, анықтамасы берілмеген. Бұл еңбектерде мәтіннің белгі-леріне (көркем шығарма ретінде) анықтама берілгенімен, оның тілдік жағына зерттеу жүргізіп, түсініктеме берілмеген. Жалпы бұл терминнің тілдік-құры-лымдық мазмұны назардан тыс қалып, оның басқа қырларына назар ауда-рылған. Осының өзінен мәтіннің күрделі бірлік екенін байқауға болады. Айта кететін бір жайт адамдардың сөйлесім әрекетінде мәтінге тақырыптың қажеттілігі бола қоймайды. Тақырыптың болуы оның көркем шығарма үлгі-сінде қолданылғанда ғана қажет. Сондықтан мәтін термині көркем әдебиетке телініп, оны ғылым салаларында кеңінен қолданылып жүргенін көрсетеді. Мұны  А.Е.Суприннің пікірі анық көрсетеді: «...Вопрос о том, как возникли эти тексты, оказывался за переделами интересы языковедов. Он мог интересовать текстологов или историков литературы, но с другой, нелингвистической точки зрения» [5, 118-119].

«Қазақ грамматикасы» атты академиялық еңбекте мәтін туралы ешқандай пікір кездеспейді, тек мәтіннің құрылымдық бөлшегі туралы айтылып, «күр-делі синтаксистік тұтастық» деп қарайды да оған мынадай анықтама береді: «Күрделі синтаксистік тұтастық-жеке сөйлемдерге қарағанда, ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің тобы» [6,735]. Еңбекте күрделі синтаксистік тұтастықты мәтіннің бір тақырыпшасы ретінде қарастыра келе оны синтаксистік бірлікке жатқызады: «Күрделі синтаксистік тұтастық деп – бір-неше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағы-нан түйықталған, белгілі бір ойды білдіретін синтаксистік бірлікті айтамыз» [6,735].

Сонымен қатар мұнда күрделі синтаксистік тұтастықты синтаксистік бір-лікке жатқыза отырып, оның мынадай басты белгілерін көрсетеді:

«Күрделі синтаксистік тұтастық категориясына тән негізгі белгілер көзге түседі. Ең алдымен, ол - мағыналық бірлікке ие. Оны құрайтын сөйлемдер не-гізгі бір ой төңірегінде жатады.

Күрделі синтаксистік тұтастық ой бірлігімен ғана сипатталып қоймайды, ол сол ойдың аяқталуымен де сипатталады. Мағыналық жағынан аяқталған-дық, сөйлемге қарағанда, мұнда басым сезіледі.

Осы мағыналық тұтастыққа синтаксистік бірлік сай келеді, яғни екінші белгісі - оны құрап тұрған сөйлемдердің өзара тығыз байланысқан синтак-систік бірлігі.

Үшіншіден, күрделі синтаксистік тұтастық біртұтас интонациялық ыр-ғақтыққа ие [6, 73 ].

Авторлар мәтінді тұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, оның құрылым-дық жағына назар аудармай, тек мазмұнды қызметіне ден қоюды ұсынады. Негізгі мәтінді қазіргі кезде лингвистикалық әдебиеттерде түрліше түсіндіріп жүр.

Қазақ лингвистикасында мәтінді арнайы зерттеген ғалым – А.Қ.Жұбанов. Ол «Основные принципы формализация содержания казахского текста» атты монографиялық еңбегінде мәтінді компьютерлендіру тұрғысынан қарасты-рып: «Текст - сложная единица, языка: морфемы, слова, словасочетания, пред-ложения. В связи с этим, невозможно построить модель, позволяющую компьютеру понять содержания формализаций значений этих основных единиц» [7,70],- деп мәтінді компьютерге енгізу жолдарын, яғни семантикалық кодтарды айқындады.

 Т.М.Әбдікәрім « «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты докторлық диссертациясында мәтіннің лингвистикалық және коммуникативтік белгілерін анықтап, мәтіннің құрам-дық бөліктерінің бес түрлі түзілімдерден тұратынын айта келіп, мәтіннің танымдық теориясының негізгі қағидаларын айқындады [8,114-125].

Көптеген ғалымдар мәтіннің үш түрі бар деп есептейді. Олар: хабар, сипаттау және пікір айту. Мәтін түріне не жататынын білу үшін сөйлем мүшелері сияқты оған да сұрақ қоя білу керек. Егер мәтін қашан? кім? не істеді? не болды? деген сұрақтарға жауап берсе, ондай мәтін хабарға жатады. Ал қандай? қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап берсе, мәтін сипаттауға жатады, ал кім үшін? не үшін? неліктен? не себепті? деген сұрақтарға жауап берсе, пікір айту мәтініне тиіс болады.

Мәтін (әсіресе көркем мәтін) мынадай универсал мағыналық категория-ларды бейнелейді: кейіпкер, уақыт, кеңістік, хабар көзі, автор және оқырман бейнелері. Ал жай мәтінге бұлардың тек соңғылары ғана тән.

Мәтін көлбеулік (линейный) және көлемдік (обьемный) өлшемдер тұрғы-сынан құрылады. Мәтіннің көлбеулік құрылымы - оның логикалық, грамма-тикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелеу немесе хабарлау формасы тұр-ғысынан құрылуы. Мұнда мәтінде баяндалатын сюжеттер мен эпизодтардың белгілі орналасу реті де ескеріледі. Басқаша айтқанда, көлбеулік құрылым-мәтіннің лексикалық, грамматикалық және композициялық - синтаксистік деңгейлерінде қалыптасуы, ол деңгейлердің өзара байланыстылығы, бір-біріне кірігуі.

Уақыт материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол көркем мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнының белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар арқылы көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады (жыл, ай, күн, апта, т.б. аттарын білдіретін сөздер). Олар уақыттың тура көрсеткіштері болса, уақытқа жанама түрде меңзейтін көрсеткіштер де болады. Оларға жататындар: тарихи бірліктердің аттары, тарихи болмыс, қызмет (хан, сұлтан, болыс, әкім т.б.), адамдардың әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекеме-ұйым, қоғамдардың т.б. аттары. Шығармада суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғалар да уақыт көрсеткіштері болып табылады.

Мәтінде бейнеленетін уақыт үш түрлі: өткен шақтық, осы шақтық, келер шақтық болып келеді. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке тұрғыда көркем шы-ғармадағы баяндау жоспарының негізін құрауы мүмкін. Мәтінде сөз болатын оқиға, іс-әрекет баяндау кезеңіне сай келуі не оның алдында өтуі немесе кейін өтуі де мүмкін. Немесе нақтылы шығармаларды бейнелейтін уақыт түрлерінің бірігіп жымдасуының көптеген вариантгары кездесуі мүмкін. Жоғарыда мә-тіннің қыр-сырын жан-жақты зерттеу болашақтың ісі екендігі айтылды. Алай-да, бастауыш сынып оқушыларының тілін жетілдіруде, байланыстырып сөй-леуді дамытуда, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету үшін сөз тір-кестері, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксистерін, жалпы тілдік қаты-сымды біліп қою жеткіліксіз, өйткені жұмыстың бұл түрлерінде оқушылар жеке-жеке сөйлемдер құрастырып қана қоймайды, сонымен қатар, тұтас мәтін құраулары тиіс.

Оқушыға бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма жаздыру қа-жет болса, онда мәтін туралы түсінік берілмейінше жұмыс өз дәрежесінде орындалмайды. Мәтін туралы түсінік, оның жасалу жолы, құрамындағы сөй-лемдердің, қайырымдардың (абзац) өзара байланысы, мәтіннің түрлері (хабар, сипаттау, пікір айту) және оның стилі үйретілсе, оқушылар сөздерді сөйлемде өз орнында еркін қолдана алар еді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Москальская О.И. Грамматика текста. –М.. Высшая школа, 1981. – 183 стр.

2.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1983. – №1 – 16- 22 б.

3.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Ладыженская Т.А. Типология и структура учебников русского языка (с точки зрения задач развития речи). В кн.: Проблемы школьного учебника. –М.: Просвещение, 1975. вып.6, –С.137- 147.

4.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Ысқақ Б. Тіл дамытудың психо-лингвистикалық негіздері. –Алматы.: Рауан, 1996. – 202 б.

5.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Суприн А.Е. Лекция по языкознанию. –М.. Издательство БТУ, 1978. – 144 с.

6.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. – 784 б.

7.                                                                                                                                                                                                                                                                                               Жұбанов А.Қ. Основные принципы формализации содержания казахского текста. –Алматы, 2002. – 250 с.

8.     Әбдікәрім Т.М. Әліппе мен ана тілі оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Пед.ғыл.докт.дисс. – Алматы, 2000. – 295 б.