БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Молдабек Құлахмет-п.ғ.д.,профессор, Абдибаева Раушан Абдирахимовна-№59 жалпы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Шымкент қ. Қазақстан

 

«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді жұмыр болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп, ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек [1].

Мектептің бастапқы баспалдағын қайта құру мен оның 6 жастан бастап оқытуға жаппай көшуі басталуында мұғалімдер мен тәрбиешілер өз еріктерімен математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесін анықтайтын Ф.Н.Блехердің, Л.С.Метлинаның тәжірибелік құралдары мен журнал мақалалары жиынтығын пайдаланды [2,3].

Ф.Н.Блехердің әдістемелік құралы орыс тілі сабағы мен математика сабағына арналған сөздік ойындардан тұрады. Бастауыш білім беру жүйесін қайта құрумен байланысты оның материалдары жаңа тәсіл мен қайта тұжырымдап ой қорытуды талап етеді. Бұл оқыту мен білім беру мазмұны мен мақсаттарының елеулі өзгерістерінен аса қажеттілікпен туындайды [2,109б].

ХХ ғасырда туындаған мектепте алты жастағы балаларды оқыту мәселесі өзімен бірге көптеген сәйкес мәселелерді алып келді. Сол кездің өзінде-ақ Д.Б.Эльконин: «Бастауыш білім берудің барынша қысқа мерзімі мен жаңа мазмұнына өту үрдісінде, әрине, оның жаңа мазмұны талап етуі тиісті оқытудың жаңа әдістерінің жеткілікті жасалмаушылығына байланысты әралуан қиындықтарды туындатты...» деп атап өткен болатын. Сол кезеңнің өзінде-ақ оқыту үрдісіндегі дамыту мен тәрбие беруді күшейту проблемасы барынша өткір қойылған болатын [4].

Оқыту үрдісінде кіші мектеп жасындағы балалардың дамуына дидактикалық ойындардың ықпалын А.П.Усова балабақша мен мектеп арасындағы байланыс мәселелерін зерттеу кезінде біршама тілге тиек етті. Ол мектеп ойын тәсілдерін қолданатындығын, дегенмен тепе-тең дәрежеде қолданбайтындығын байқады [5]. Сонымен қатар 1 сынып сабақтарындағы ойын тәсілдері жеткілікті дамуға ие бола алатындығы жөнінде болжам жасауға барлық негіздемелер бар.  Олар дамыды, дегенмен тек ойын жаттығулары формасында ғана дамыды .

Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың «ойын тәсілдерін» қолдануда қызғылықты көзқарастарды Р.И.Жуковская да айтты. Ол сол кезеңнің мектептің бірінші сыныбында оқытуға арналған педагогикалық әдебиеттерінде алты-жеті жастағы кіші мектеп жасындағы балалар өмірінде ойын әрекетінің роліне айқын және қандай да бір толық көзқарас мүлдем жоқ екендігін байқады . 

1 сыныпта жетекші іс-әрекет оқу болып табылатындығымен келісе отырып, ол ойын іс-әрекетінің ролін жеткілікті бағаламаумен келіспейді, және ол бұл пікірін 1 сынып оқушысы ойынды жақсы көретіндігін, ойнауды қалайтындығын, сондықтан да олардың ойнауы үшін мектепте барлық жағдайлар жасалуы тиістігімен тұжырымдайды. 1 сынып оқушыларының ойынға деген қызығушылығын ойынға арналған әралуан компоненттерді пайдалана отырып, математикаға, оқыту үрдісінің өзінде бірқатар ойын тәсілдерін пайдалана отырып, барынша кеңінен және ойлап-қорытылған түрде пайдалануға болады.

Көптеген зерттеулер нәтижелері алты жастағы балаларды оқыту кезіндегі ойынды, бәрінен бұрын ұлттық және дидактикалық ойындарды пайдалану қажеттілігін әйгілейді, ал кейбіреулері оларды қолданудың міндетті қажеттілігін негіздейді. Дидактикалық ойындарды пайдалану бұл жағдайда белгілі бір айқын әдістемелік жүйені құрауы тиіс. Мұндай құрылым енді-енді ғана қалыптасуда. Осы жүйенің құрылымын анықтау үшін дидактикалық ойын ұғымын айқындау қажет болып табылады.

Тіпті мектеп жасына дейінгілерді оқыту кезінде қолданылатын дидактикалық ойын проблемаларының жеткілікті шешілмегендігі оның функцияларының барынша әртектес бағалануымен барынша нанымды тұжырымдалады. Ойын теориясында дидактикалық ойындарды бірде оқыту құралы (А.В.Запорожец, Л.М.Фридман, К.К.Джумаев); біресе оқыту формасы (Д.Б.Эльконин);  біресе әдістемелік тәсіл (А.М.Леушина); біресе оқыту әдісі (Ф.Н.Блехер) деп атайды. Бұл кезеңде дидактикалық ойындардың өздерінің анықтамаларын жеткілікті деңгейде ешкім де дерлік негіздеп бере алмады. Бірқатар зерттеулерде дидактикалық ойындар белгілі бір авторлармен елеулі түрде әралуан сипатталады. Мәселен, Е.И.Машбиц ол жөнінде біресе ойын тәсілдері жөніндегі сықылды, біресе ойын формасы жайындағы тәрізді, ал біресе әдіс жөніндегі сияқты айтады.

В.Н.Аванесова (А.П.Усоваға сілтеме жасай отырып) дидактикалық ойында оқыту құралы ретінде де, одан кейін балалар бақшасында оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде де сипаттайды .

Бірқатар педагогтар «дидактикалық материалдары бар ойындар» орны жөнінде айта отырып, бұл жағдайда дидактикалық ойындар «балалардың біліммен жарақтануына ықпал ететін, баланың ақыл-ой белсенділігін дамытатын оқытудың жетекші құралы» ретінде пайдаланылатындығын көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.       Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі,  1992. -155б.

2.       Блехер Ф.Н. Дидактические игры и занимательные упражнения в первом классе. –М.: Просвещение, 1984-184с.

3.       Метлина Л.С. Математика в детском саду: Пособие для воспитателя детского сада. -2-е изд. Переаб.-М.: Посвещение, 1994-256с.

4.       Эльконин Д.Б. К проблеме периодизации психического развития в детском возрасте //Вопросы психологии, 1971, №4- 6-20с.

5.       Усова А.П. Дидактические основания связи и преемственности в работе между детским садом и школой.–М.: Просвещение, 1995-121стр