ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ЖҮЙЕСІ
Алтынбекова Д.М, Ергешова Н.А.-М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, 3-курс
студенттері.Ғылыми жетекшілер:Мунашова Ж.Б.-п.ғ.к.,
Кенжебекова Р.И.-
п.ғ.к.,доцентШымкент қ., Қазахстан
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы
24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған
Құқықтық саясат тұжырымдамасы –
мемлекеттің ұлттық құқықтық
жүйесін дамыту мен нығайту бағдарламасындағы
маңызды кезең. Ол 2002 жылы қабылданған
Құқықтық саясат тұжырымдамасынан бастау
алады. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасы
заңдылықтарын жетілдірудегі негізгі бағыттарды
анықтайды. Алдағы ондаған жылдарға арналған
ұлттық құқықтық жүйенің
бағдары, мемлекеттің құқықтық саясат
саласындағы бағдарламаларының, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы заң жобалау
жұмысындағы болашақ жоспарларының және
Қазақстан Республикасы құқықтық
нормативті актілері жобаларының негізі болып
табылады.Қазақстан Республикасында Конституция –
құқықтық саясаттың басты көзі.
Осыған байланысты оның әлеуетін барынша толық
пайдалануымыз керек. Құқықтық саясатты
жүзеге асыру үшін заңдылықтарды одан әрі
жетілдіруге бағытталған
нормативті-құқықтық актілерді қабылдау
қажет. Қазақстан Республикасының
Құқықтық саясат тұжырымдамасында
қарастырылған шараларды орындау Қазақстанда
демократиялық, зайырлы, әлеуметтік,
құқықтық мемлекет орнатуға ықпал
ететін болады.
Осыған
байланысты жас ұрпаққа құқықтық
тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір
саласы. Құқық – қоғамдағы ең
негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін,
қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың
дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды
қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен
қатар, құқық азаматтардың
бостандықтарын, міндеттерін жариялар, жүзеге асыруына заң
жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді. Құқық
нормалары адамдардың іс-әрекетінің,
мінез-құлықтарының қоғамдық
мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған ережелерге
сай келуін талап етеді. Осы талаптарға сай әрекет жасау үшін
оларды білу қажет. Құқықтық
нормалардың баршаға қатынасы болғандықтан, оларды
білу, олардың талаптарын орындау – азаматтық борышы, міндеті.
Жастарға құқықтық білім беруде
олардың құқықтық сана-сезімін
қалыптастырудың маңызы зор. Себебі,
құқықтық сана – қоғамдық
сананың ерекше түрі.
Сондықтан құқықтық тәрбие
беруде оқушылардың санасын қалыптастыру, жауапкершілік
сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті
нығайту мектептегі оқу-тәрие жұмысының негізгі
бір бағыты болуы тиіс.
Мектептегі
құқықтық тәрбие беру жұмысының
негізіг мақсаты төмендегідей қарастырылады:
1. жас
ұрпақтарды қоғамның заңдары мен
құқықтық нормаларын сыйлау рухында тәрбиелеу;
2. мемлекет пен
қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып,
өз отанын қорғауға әрқашанда дайын болу,
жаттықтыру;
3. өз
елінің материалдық және рухани байлығын сақтап,
оны молайтуға қабілетті адамдарды тәрбиелеу.
Мектептегі
құқықтық тәрбие беру жұмысының
негізгі міндеттер:
1.Оқушыларға
мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.
Құқықтық білімнің алғашқы
негіздері мектеп Жарғысында,төменгі, орта, жоғары сынып оқушыларының
мінез-құлық ережелерінде, яғни олардың
құқықтары мен міндеттері туралы құқық
нормаларында бар. Міне, осы құқық нормалары
төменгі сыныптан бастап оқу-тәрбие процесінде
түсіндіруден, оқытудан басталады.
2.Мемлекет пен
заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін
қалыптастыру. Мұндағы маңызды мәселе
бүгінгі таңдағы, еліміздің қайта құру
кезеңіндегі заңдардың демократияны дамытып,
әділеттілікті баянды етудегі атқаратын қызметі мен
ерекшелігіне көңіл бөлу.
3.Жеткіншектердің
мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң
талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын
қоғамдық меншік ретінде көздің
қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып,
халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта
түсуге талпынатын талапқа тәрбиелеу.
4.Біздің
қоғамымыз гуманист, халық үшін қызмет жасайтын
қоғам болуы керек. Олай болса,
құқықтық тәрбиенің міндеті –
жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру,
заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр
түрлі әлеуметтік-құқықтық
маңызы бар жұмыстарға қатысу.
Жоғарыда
аталған міндеттер (талаптар) біріншіден, мектеп практикасында іске
асырылған жағдайда ғана
құқықтық тәрбие дұрыс жолға
қойылды деп атауға болады. Сонымен қатар, екіншіден жалпы
білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде
оқушыларға заман талабына сай, лайықты
құқықтық бәләм беру, олардың
құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы
ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс
жүзіне асады.
Өйткені,
балалардың мектеп оқитын шағы – адамның
сана-сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі
кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы
күннен бастап қоғамның қатаң және
шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты
мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Заң журналы Республикалық
құқықтық, ғылыми-практикалық журнал
2009ж, №8, 12 бет
2. С.Әбенбаев Тәрбие
теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Дарын,
2004. 152 бет
3. Назарбаев Н.Ә, - Қазақстан – 2030. Ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, А: Білім, 1998, 90 бет