Аға оқытушы А.Р. Ерубаева
Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Ақтау қаласы
Мектепке дайындық сынып балаларының психологиялық
ерекшеліктері
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған
баланың енді өз өмір тарихы бар. Оның өмірбаяны
өте қысқа және бар-жоғы алты жас болса да,
өзінің мәні жағынан, өзінің
мазмұнының байлығы жағынан бұл уақыт
баланың кейінгі өмір кезеңінде өзіне теңдесі
болмайды, өйткені балалық шақтың ерте кезеңінде
ғана жеке бастың басты белгілерінің негізі қаланып,
қалыптаса бастайды, қабілеттілігі, бағыты, дағдысы,
өсіп келе жатқан адамның адамдарға, заттарға,
еңбекке және өзіне негізгі қатынас бағыттары
айқындалады. Бала өз өмірінің алғашқы жеті
жылында үш кезеңнен өтеді:
нәрестелік шақ: бір жасқа дейін;
ерте сәбилік шақ: бір жастан үш
жасқа дейін;
мектепке
дейінгі балалық шақ: төрт жастан жеті жасқа дейін.
Осы
кезеңдердің әрқайсысы өзінің
ерекшеліктерімен және өзінің
жетістіктерімен сипатталады.Бала
өмірінің алғашқы
кезеңінде дене бітімі
және миы дамый бастайды. Бала өмірінің екінші
жылында тілінің дамуы жеделдене түседі. Ол — баланың
адамдармен қарым-қатынаста болу талабының өсуіне
байланысты, оларды бірге ойнауға тарту қажеттігінен, бір нәрсе
туралы сұрау, қиын жағдайларда көмек сұрау
және тағы басқалардың әсерінен туындайды. Екіден
үшке дейінгі жастағы балалардың сөздіктерінде кейбір
қызықты сөздер мен
тіркестер пайда болады.
Сөз адам көрумен, естумен немесе
қолдың сезетін қозғалыстарымен қабылдайтындарына
жай «қосымша» ғана емес. Сөз қорытындылайды.
Сондықтан сөзбен аталған затты- (белгілерді немесе
әрекетті) қабылдау
өзгереді. Әрекеттерді орындауда да солай болады. Бір
нәрсені қалай істеуді көрсету жеткіліксіз: кубиктерден поезд
жасау немесе биік құмыраның ішіне салынған кәмпит
түсу үшін аудару. Сонымен бірге әр түрлі
жағдайларда әр түрлі заттармен орындаған әрекетті
бір емес, бірнеше рет сөзбен айту керек: жаңадан жасау,
тұрғызу,элементін бөліктерінен құрастыру — тек
поезд ғана емес, сонымен бірге дөңгелектерден мұнара
тұрғызу, бөлек картинкалардан бүтін картинка
құрастыру. Бұл жағдайда бала тиісті әрекеттерді
меңгереді — типтес есепті шешудің жалпы тәсілін бүтін
ретінде құрастырғандай оны өз бетімен,
қолдануға үйренеді.
Сөйлеуді меңгеру баланың
бүкіл мінез-құлық сипатын өзгертеді.
Н. М. Шеловановтың, Н. М.
Аксаринаның, Г. Л. Розенгарт-Пупконың, М. И. Лисинаның
зерттеулері нәрестенің өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға өте ерте
тырысатынын, ересектермен ынталы жақындасатындығын және
күлімсіреуімен, «қозғалу реакциясымен», күлкісімен,
уілдеуімен, қарапайым ойыннан, әзілден, тіпті ересек адамның
қасында болуынан ләззат алатындығын көрсетеді.
Сондықтан да, баланың ересек
адамдармен қатынаста болуы — білім жинау мен сүйіспеншілік,
қуаныш, қайғы, реніш, ниет білдіру, жақсы көру
және тағы басқа жоғары сезімдердің
қалыптасуының қайнар көзі әрі маңызды шарты
болып табылады. Егер бала бақшаларда тәрбиеленсе, ол
өзінің құрдастарымен ерте қарым-қатынаста
болады. Оларды бақылап, қатар ойнап, ересек адамның
басқа біреуге қарым-қатынасын көре-жүріп, ол
сонымен бірге өзін де таниды, өзінің мүмкіндіктерін,
күшін, құқығы мен міндетін біледі. Сөйтіп,
«айнаға қарағандай басқа адамға қарай
отырып», бала өзін-өзі тану жолында алғашқы қадам
жасайды.
Сонымен,
баланың алғашқы балалық кезеңіндегі барлық жетістіктері ересек адамның
күш-қайрат және ақыл-ой белсенділігінің
жемісі болып саналады, оның мазмұны мен ұйымдастырылуы баланы
тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі дәйекті қызметпен
қамтамасыз етіледі.
Үш жас пен алты, жеті жас
арасындағы баланың психикасында елеулі
өзгерістер болады. Қозғалысты игеру мен сөйлеу
қатынасын меңгеру балаға өз тәжірибесін
жинақтауда мол мүмкіндіктер береді. Ол танымның бақылай
білу тәсілін меңгереді және өзін қоршаған
табиғат пен адамдар өмірінен біраз мағлұматтарды біледі. Баланың сыртқы ортаны
тікелей тану процесін педагог неғұрлым жүйелі
басқарған сайын, баланың меңгерген білімі
соғұрлым кең ой елегінен өткен және
жан-жақты болады. Бала үшін көп нәрсе түсініксіз,
таңданарлық, кейде бір нәрсені қуанышпен немесе
мазасыздана күтеді, әуесқойлығын оятады, ал содан
соң танымдық қажетсінуін — білуге
құштарлықты тудырады. Бұл дүниеге
көзқарас, бұған
«Бұл не?» деген бағдарлаушылық-зерттеушілік рефлекс негіз болады, бала тәрбиесінде
ересектердің дәйекті де мақсатқа бағытталған басшылығы арқасында,
оның барлық бұдан былайғы әр түрлі
танымдық қызметінде зор оятушы күш болып табылады.
Бала ойын арқылы әрекет ете
отырып, бұл өмірді танып біледі. Ол ойнайды және осы бір
ерекше іс-әрекетінде өзінің әрекеттерімен, сезімімен,
күйзелістерімен өзін қоршаған әлемді және
адамдар өмірін қайта жасайды. Бала дәрігер болып өмір сүреді, жұмыс істейді,
сөйлейді, дәрігер сияқты ауруды тыңдап
көреді, оған градусник қояды, компресс койып, өзі
пациентінің денсаулығы үшін шын мазасызданады. Қыз бала
өзінің, қызын — қуыршақты немесе осы рольді
ойнаушы баланы — тербетеді,
тамақтандырады, киіндіреді және жазалайды, бұл әрекетімен
ол өзінің ойынында өз анасының әрекеттеріне,
күйзелістеріне және
сөздеріне еліктейді
Жақсы
ұйымдастырылған ойында балалар шығармашылық
әрекет жасайды: қабылданған әсерді белсенді және
ой жүгірте қайта жаңғыртып, пайда болған ойын
міндеттерін жаңаша шешіп, елестетеді, қиялдайды. Ойынның жоғары формасының бұл
творчестволық сипаты оны балалардың нағыз сүйсіне орындайтын іс-әрекетінің
түріне айналдырады. Д.В.Менджерицкаяның,
Р.И.Жуковскаяның, Д.Б.Эльконинның, Ф.И.Фрадкинаның және
басқалардың — көптеген педагогтар мен психологтардың —
зерттеулері балалар
тәрбиешілерінің жақсы ұйымдастырған ойынында
көп нәрсені білетінін, ойлы білімдерге ие болатыңдығын және жаттыға отырып, пайдалы
дағдыларды игеретіндігін, сенімді түрде көрсетті. Сол
себепті ойын қызметінде, сөзсіз, баланың жеке басы дамып,
оның елестетуі мен түсініктері, дағдылары мен әдеттері
пайда болады, оның әлеуметтік сезімі мен қарым-қатынасы
қалыптасады, оның ерік әрекеттеріне қабілеттілігі жаттығады.
Әрине, ойындар балалардың
дербес қызметінің формалды ретінде
творчестволық және ересектер тарапынан тәртіп белгілеуден
мүлдем еркін сияқты болғанда ғана пайдалы болады. Ол
кейде балалардың өздеріне сездірілмей зейінді педагог арқылы
басқарылады. Өздерімен-өздері болған ойынға
берілген балалар ойынның мазмұнында өздерін
қоршаған өмірде ересектерде әлі де кездесетін теріс
құбылыстарды бейнелеулері мүмкін.
Мектепке дейінгі жаста баланың жетілуі үшін басқа да
маңызды қалыптастырумен бірге өмірдегі қызмет
түрлеріне: еңбекке, оқуға, музыка мен физкультура
сабақтарына әзірлеу істері басталады. Олардың
әрқайсысының өзінің мақсаты мен міндеттері бар, мектепке дейінгі баланың
жан-жақты дамуы үшін әр қилы
құралдар, тәсілдер мен формалар пайдаланылады.
Балаларға біртіндеп талап қоюды күрделендіре түсетін
қызметтің әр түрінің өз сатысы, өз жүйесі
бар.
Бала психологиясы – баланың
психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін
психологияның саласы.Бала психологиясының міндеті –
писихикалық процестердің (танымдық, еріктік,
эмоциялық), сондай-ақ баланың іс-әрекетінің
әр алуан түрлерінің дамуын, жеке адамдық
қасиеттердің, баланың жас және жеке психологиялық
ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттеу. Жеке психикалық
процестер өздігінен дамымайды, ол баланың тұтас жеке
адамдық қасиеті ретінде дамиды. Бала психологиясында бақылау,
әңгімелесу, баланың іс-әрекетінің (сурет салу,
құрастыру, сомдау, бала шығармашылығы) нәтижесін талдау
әдістері, сондай-ақ эксперименттің әр алуан
түрлері қолданылады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер
жұмыстарының тәжірбиелерін психологиялық зерттеу де
маңызды рөл атқарады.
Баланың сұрақтары –
оның айналадағы дүниені белсенді түрде игеруіне
көп нәрсені білмекке құмарлығының
көріну нысаны. Бала сұрақтары әсіресе әлі
жеткілікті тәжірибесі жоқ, бірақ білуге барынша
құлшынатын мектепке дейінгі жаста көп және
қызғылықты болады. Дамудың мұның
алдындағы кезеңдеріне тән заттық-практикалық
қарекет балаға айналасындағы заттардың қарапайым
қасиеттерін негізінен бағдарлауға мүмкіндік берді
Тілі жаттыққаннан кейін
баланың білгісі келген мән-жайларды сұрақтар
қойып біліп алуға мүмкіндігі бар. Бала
сұрақтарының мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауының бейнесі екенін есте ұстау керек, ол нақты, бейнелі
және эмоциялы болады. Мұндай жаста ол ғылыми
ұғымдардың әлі меңгермеген белгілерін өз бетімен алып қорытынды
жасайды. Оқиғалардың бір мезгілде болуын олардың
өзара байланыстылығынан деп білуі себепті салдармен алмастыруы,
қосалқы белгілерді негізгі деп санауы мүмкін және т.б.
Сондықтан баланың кейбір сұрақтары үлкендерге
оғаш әрі аңғырт болып көрінеді. Алайда ата-аналар
мен тәрбиешілер бұдан мезі болғанын білдірмей, бала
күткен жауаптарын беруі керек. Сұрақтар беруден
байқалатын білмекке құмарлықты көтермелеу, олар
ұғынатындай етіп түсіндіру, өз бетімен ойлап білуге
ынталандыру қажет. Керісінше, мектепке дейінгі жастағы
балалардың сұрақтар қоймайтындығына
алаңдатушылық білдіруі тиіс, ол танымдық процестердің
жете дамығандығының белгісі болуы мүмкін. Баланың
сұрақтарына жауап бергенде үлкендер балаға айтылатын
ақпараттың анықтығына сенімді болуы тиіс. Егер бала
оның кейіннен оның білмейтініне көзі жететін болса, беделі
бірден төмендеуі мүмкін. Бала сұрағына берілуге тиіс
жауапты білмеген жағдайда мұны білмеймін деп мойындаған
немесе жауап берудің кейінге қалдырған жақсы.
Әйтеуір бір жауап беру үшін бірдеңе айтылғаннан
гөрі бала тура жауапты жақсы көреді. Сөйтіп, өсе
келе баланың білмекке құмарлығын өзі ден
қойған мәселелерді өзі анықтайтындай етіп,
өз бетімен ойлап табу қарекеті арнасына бағыттау қажет.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
Давыдов
В.В. Виды обобшения в обучении. М., Педагогика, 1972 ж
Жұмабаев
М. Таңдамалы – Алматы, Ғылым 1992 ж
Ландыженская
Т.А. Речь, Речь, Речь. М., педагогика, 1983 ж
Шәкенова
А. Тіл ашар. – Алматы, Жалын 1989ж