К.э.н.,доцент Турабаева М.Б.

 

(Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті)

 

Баға белгілеу механизмін ұтымды пайдалану жолдары

 Нарық механизмінің басты элементтерінің бірі баға болып табылады. Кәсіпорынның алатын пайдасы, өндірістің шығындарын өтеу бағаға байланысты. Ол ресурстардың нақты өндіріске бағытын реттеп отырады. Кез келген кәсіпкер өз тауарына баға белгілейді және оны өзінің мақсаттарына жету үшін қажет құрал, бәсекелестік саясатының бір элементі ретінде қолданады. Баға белгілеудің кәсіпорын үшін немесе фирма үшін маңызы зор, ал қазіргі кездегі баға саясаты алуан түрлі.[2]                                                                                                                                                                                                                                                                   

 Ал  енді  төменде  дамыған  елдердегі  баға белгілеу мен бағаны реттеу үлгілеріне тоқталсақ,  алпауыт   ел   АҚШ -     тағы   баға   белгілеу   мен   баға   реттеуге   келер  болсақ,  АҚШ-та    көтерме  және  бөлшек  сауда  бағалары  қарқынды  түрде  өсті. Инфляция  деңгейі  жоғарылай  берді.  Мемлекеттің жасаған  алғашқы  қадамы  осы  инфляцияны  бағаны  тура  реттеу  арқылы  жеңу   болды. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін  және  мемлекет  тұрғысынан  қаржыландыруды  шектей  отырып,  жанама  реттеу  әдісі  мен  нарық  тұтқасын  белсенді  пайдаланды.Қазір  бағаны  тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана  қолданылады. АҚШ - та мемлекет тұрғысынан бағалық 5%- дан 10%-ға  дейін ғана реттеледі.                                                                                              

Франция   экономикасындағы   баға   мәселесіне   тоқталар   болсақ,Франция  өнеркәсібі  дамыған  елдердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. Қазір    француз    үкіметі   монополист -     салалар    кәсіпорындары өнімінің   бағасын    реттейді:  газ,  электр   энергиясын,    көлікті,  ауыл  шарушылық  өнімдерін.  Тауарлар  мен  қызмет  көрсетудің  және  реттеу  бағалары  арасындағы  арақатынас  мынадай:  бағаның  20%-ын  мемлекет  реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі.                                                                                                                 

Швеция.Бұл елде бағаны бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді.                                                               

Қысқа мерзімді бағаны тоқтату- бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және  нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң  мемлекетке соғыс, не оның шығу қаупі, не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгеннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі.                              Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады.                                                                  Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет

тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.

     Даниядағы баға белгілеу мен баға реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу жүйесі нарық факторларының ықпалымен құрылады. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өндірістік шығындары мөлшері  сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі бағасын дербес орнататын және өндірушілердің еркін бәсекесі үшін максималды жағымды жағдайлар орнатуда болып табылады.                                                                           Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады.Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.                                                                             

    Норвегия. Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің, 1995 жылғы бекітілеген баға пайда мен бәсекені шектеудің негізі сонымен қатар осы заң негізінде жарық көрген бірқатар корольдік бақылау заңы, резолюциялар болып табылады.         Кәсіпкерлік пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші заңдардың орындалуын бақылауды баға белгілеудің мамандандырылған органдары іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары: Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат, Баға бойынша мемлекеттік инспекция.Мемлекет максималды және минималды баға деңгейін анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді, баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер мен үстемелерді, пайданың максималды деңгейі мен басқа ережелерді орнатады.Норвегия ішкі бағаны белгілеудің негізі әлемдік баға болып есептеледі.Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелді болуы үкіметті өз экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалар деңгейлері мен арақатынастарының сәйкестігін бақылауды жүргізеді. Егер импорт ішкі нарықтағы қажетсіз өзгерістерге әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге ұмтылады.                                                                                             

    Австрия.Бағаны мемлекеттік реттеу баға туралы заң, картель туралы демпингке қарсы заң негізінде жүзеге асады. Мемлекет бағаның 10%- ын реттейді. Парламент темекі, темекіден жасалатын бұйымдар, тұз бағаларын, пошталық алымдарды, телефонға, телеграф және темір жолдары тарифтерін орнатады. Қаржы министрлігі  спирт ішімдіктеріне баға белгілейді.  Австрияның экономика министрлігі кез келеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 6 айға дейін бағаны реттеуді енгізуге құқылы. Егер бір немесе бірнеше кәсіпорындар бағаны заңсыз көтерсе, не өнімді өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдар бағасы төмендегеніне қарамастан, кәсіпкерлер дайын өнім бағасын түсірмесе 6 айға дейін олар бағаны орната алады. Бағалардың экономикалық дәлелі жеке алған кәсіпорын өнімнің нақты өзіндік құны тұрғысынан емес, тұтынушылар   мен экономиканың даму позициясынан қарастырылады[1].                                                                                                             

Елдің жалпы нарыққа кіруіне байланысты көптеген тауарлардың, оның ішінде ауылшаруашылық тауарларының бағаларын реттеу жүргізіледі.     Жоғарыда   дамыған     мемлекеттердің   баға   белгілеу   мен   бағаны  реттеу үлгілеріне тоқталып өттік.Осы  елдердегі баға белгілеу мен бағаны реттеу бойынша АҚШ елі мен Франция экономикасындағы қарастырылған мәселелер, басқа елдермен салыстырғанда тауар мен қызметтерге бағаны қалыптастыру ерекшелігі өте жоғары. Сондықтан осы ұсынылған баға мен баға белгілеу мәселелерінен, егерде біздің мемлекеттер үлгі алатын болса, онда  Қазақстан  Республикасы  баға  белгілеу   механизімін     ұтымды     пайдаланар еді     және    мемлекет    баға  құрылымы   процесін   тиімді   жүргізіп,   біз   де   болашақта   экономикасы  мықты  дамыған  мемлекеткер  қатарына  қосылуымызға  мүмкіншілігіміз  бар.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория,опыт, прблемы). Учебное пособие-Алматы: Зерттеу және сегменттеу, 1998г-248с.                                                                         2.Беляева И.Ю. Ценообразование: Учебное пособие.2-е издание, доп./ И.Ю.Беляева, О.В. Панина, В.В.Головинский. – М .: КНОРУС, 2005-176с.