АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ РОЛІ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Г.А.Оспанова статистика магистрі,

С.Әлімхан, Д.Ибраим- УиА-14-1 п/я оқу тобының студенттері

 

         Қазақстанда инвестициялық қызмет «Инвестиция туралы» Заңмен реттеледі. Бұл заңның іске асырылуы бірінші кезекте елімізге шет елдік инвестицияны тартуға бағытталуы қажет, яғни экономиканы реформалаудың бастапқы кезеңінде меншікті инвестициялық құралдар жеткіліксіз болғанда. Қазақстанда ІЖӨ-ң тұрақты өсуі инвестициялық саясаттың қолайлы екенін сипаттады.

         Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп өндірісі сферасындағы жалпы инвестициялық саясаты аграрлы нарықтың жұмыс жасауындағы ұйымдастыру – экономикалық тетіктерінде инновацияны іздестіру, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мен технологиялық қамсыздандырудың жаңа нысандарын, өндірістік потенциалды дұрыс пайдалану тәсілдерін, мотивацияны кеңейту негізінде еңбекті басқару әдістері мен интеграциялық байланыстың жаңа нысандарына жағдайлар жасауға бағытталған.

         Егін және өсімдік шаруашылығында осындай мақсаттарға мыналар жатады: ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жасау, өсірудің жаңа технологиясы, өнімділік пен жердің өнімділігін арттыру, өсімдіктерді қорғаудың жаңа құралдарын енгізу, жаңа тыңайтқыштар мен оларды пайдалану жүйесі. Мал шаруашылығына бағытталған инвестиция малдардың тұқымын сақтау мен жақсарту, малдарды өсірудің биологиялық жүйесі, мал азықтық ресурстарды тиімді пайдалану, мал шаруашылығы фермасын механикаландыру мен автоматтандыру және компьютерлендіруді арттыру.

         ҚР АӨК-нің өндірісі қалдықсыз өндіріс пен өзіндік бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерін шешуге икемді жаңа инвестициялық-инновациялық саясатты қажет ететіні белгілі. Олай болса, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне инвестициялық-инновациялық саясаттың ролі, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде негізгі көзі және инвестиция саласындағы соңғы ақпараттармен толық қамтамасыз етіп отыру қажет.

         Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен сферасында мемлекеттік инвестициялық қызметті дамыту ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жасауға, жоғары өнімділікті мал мен құстарды өсіруге, негізгі құралдарды жаңартуға, жетілдірілген жаңа технологияларды пайдалануға, шикізаттарды ендірудің жаңа әдістерін игеруге бағытталады. Инвестицияны мұндай пайдалану сәйкес жобаларды тұрақты түрде бағалау және олардың шынайы нарықтық ортаға енгізілу дайындығына құрылған.

         Ауылшаруашылығында ұсынылған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өсімдік шаруашылығы өнім өндірісінің рентабельділігін 1,5-2 есеге дейін арттыруды қамтамасыз ете алады. Бұл инвестициялық технологияға біртіндеп көшуді қамтамасыз етеді және оларды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру барысында кең қолдану қажет деп есептейміз.

         Агроөнеркәсіптік кешен салаларында инвестициялық қызметті белсендендіру үшін инвстициядағы бос қаражаттарды трансформациялауда кешенді жүйелерді құру есебінен инвестициялық резервтерді қалыптастырудың маңызы зор. Несие тұтыну кооперативтерінде инвестициялық менеджментті арттыруда жасалған тетіктер кооператив мүшелері арасында айналыс активтерін оптимальды етуге және олардың инвестициялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

         Ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестицияның қажет екендігін ескере отырып, агроөнеркәсіп сферасында инвестициялық-инновациялық көмектерді көрсетуде олардың қатысуын кеңейтуді және елде ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған оның портфельдік жобаларын арттыру маңызды деп есептейміз. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде жаңа жобаларды құру жолымен шағын бизнесті белсендендіруді арттыру, ауыл шаруашылығының барлық салалары мен өндірістік қызмет түрлерінде инновацияны ендіруді жеделдету және өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелділік пен мәселелерді бөлісу. Инвестициялық ресурстарды тартпай және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етпей аграрлы секторды тұрақты дамыту мүмкін емес жағдай.

         Ауылшаруашылығы саласында инвестициялық қызметті белсендендіру мыналарға мүмкіндік береді:

-                     ауылшаруашылығы кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру мен модернизациялау, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру; әлемдік кеңістікте отындық ауыл шаруашылығы өндірісін интеграциялау.

-                     өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тауар ауыстыруын жақсарту;

-                     өндірістік қуаттылықты дамыту есебінен тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:учебник,12-е изд.,перераб. и доп.- М.: Новое знание, 2002.-687 с

2. Махницкая Е.И. Формирование эффективной инвестиционно-инновационной политики юга Казахстана: проблемы и решения. Монография. – Кызылорда. «Тумар», 2009 г.

3. Махницкая Е.И. Формирование эффективной инвестиционно-инновационной политики юга Казахстана: проблемы и решения. Монография. – Кызылорда. «Тумар», 2009 г.