Райымқұлова Ұ.С.
Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ,
«Экономика»
мамандығының
магистранты
АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларында
кеңейтілген өндірістің бүкіл процесі көрінуі қажет.
Аймақтық экономикасынң дамуындағы
құбылыстар мен процесстердің көп жақты және
қиын жиынтығын анықтау үшін экономикалық
көрсеткіштер қажет.
Аймақтың
экономикасының жоспарына қажетті көрсеткіштер жүйесі
әдістемелік және тәжірибелік сипатта болады.
Аймақтық
өндіріс процесінің көрсеткіштері өздерінің
экономикалық табиғаты бойынша экономикалық
жүйенің бірлігі ретінде экономика дамуының бағыттарымен
жалпы құбылыстардың синтетикалық өлшеуіші болып
табылады. Олар көптеген тапсырмалардың шешілуіне еркін территориялық
жоспарлау үшін қолданылады. Бірінші кезекте аймақтық
материалдық өндіріс салаларында өндірілген материалдық
қызметтер мен өнімдердің жиынтық көлемін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырманы
аймақтық экономикалық өсуін сипаттайтын өзара
байланысты көрсеткіштер көмегімен шешуге болады[1].
Аймақ экономикасын
жүйелі көзқарас тұрғысынан облыс территориясында
орналасқан территориялық пайда болулар үшін жоғары
иерархиялық деңгей жүйесі және мемлекет үшін толықтай
кеңінен қарастыруға болады. Бір мезгілде аймақ
экономикасы біртұтас бүтін ретінде барлық интегралдық
қасиеттері ескерілген айтарлықтай элементтер санынан тұратын
күрделі жүйе болып табылады. Оны белгілі бір аймақтың
элементтерінің және сонымен байланысты барлық экономикалық
әрекеттер түрлерінің арасындағы пайда болған
үйлесімділікпен сипатталатын территориялық еңбекті
бөлудің иерархиялық даму жүйесінің нәтижесі
ретінде қарастыруға болады. Сонда аймақ экономикасы ретінде
аймақ территориясында орналасқан белгілі бір құрамы мен
мазмұны бар әр түрлі шаруашылық саласындағы
кәсіпорындардың жиынтығын, сондай-ақ осы салалар
жиынтығының шеңберінде жүзеге асатын барлық
әрекеттер түрлерінің үйлесімділігі мен байланысын
түсіну керек.
Экономикалық
әдебиеттерде аймақ экономикасы құрылымының жалпы
қабылданған концепциясы жоқ, сәйкесінше оның
құраушы элементтері де жоқ. Кейбір зерттеушілер
экономикалық потенциалды талдайды, басқалары аймақтық
нарықтарды қарастырады, ал үшіншілері аймақтық
экономикалық үйлесімділігінің талдауын бағыт ретінде
бөледі[2].
Аймақ
экономикасының нақты жағдайын талдаудың
қиындығы оның жағдайы өтпелі процестердің
жалпы динамикасымен шайылып кетуімен байланысты. Экономиканың
өтпелі сипаты тек жүргізіліп жатқан қайта
құруларға байланысты емес, олар негізгі болса да объективті
әлеуметтік-экономикалық параметрлерді өзгертуге
бағыттылығы мен қарқындылығына байланысты.
Аймақ экономикасы
жағдайының объективті сипаттамасын алу үшін талдау мен
бағалауды жүзеге асыру керек:
-
аймақ
экономикасының толықтай дамуын сипаттайтын, сондай-ақ салалар
және әрекет түрлерінің негізгі көрсеткіштері;
-
аймақаралық
экономикалық қарым қатынастарды сипаттайтын негізгі
көрсеткіштер;
-
аймақ
дамуының экономикалық қауіпсіздігі;
-
аймақтың
экономикалық дамуының негізгі ресурстық әлеуеті;
-
қалыптасқан
аймақ экономикасының тұрғындардың өмір
сүру сапасына, аймақтағы экологиялық
жағдайға әсері;
-
экономиканың
қалыптасқан құрылымы;
-
аймақтың
қаржылық ресурстары;
Аталған
міндеттердің біріншісін шешу үшін жүргізілетіне
аналитикалық жұмыстар келесі көрсеткіштер тобы динамикасын
зерттеуді білідіреді:
-
жалпы
экономикалық көрсеткіштер: жан басына шаққандағы
жалпы өңірлік өнім (жөө) – абсолюттік
көрсеткіште немесе мемлекеттегі мөлшерге пайыз түрінде, бір
жұмысбастыға жөө (абсолюттік көрсеткіште немесе
мемлекеттегі мөлшерге пайызбен);
-
аймақ
экономикасында құрылымдық өзгерулерді сипаттайтын
көрсеткіштер (салалық блоктар бойынша жұмысбастылық
құрылымы: мамандандыру салаларының блогы, қайта
өндіруді қамтамасыз ететін салалар мен мамандандыру саласының
қалыпты қызмет ету блогы; қызмет ету сферасындағы
кәсіпорындар мен мекемлерді біріктіретін слалар блогы, жөө-ге
пайызбен; экспорт көлемінің
жөө-ге қатынасы пайызбен);
-
аймақ
экономикасының салалар күйін сипаттайтын көрсеткіштер
(өндірістің табиғи және бағалық
қарым-қатынастағы көлемі, рентабелділігінің
көлемі, т.б.).
Аймақтың
әлеуметтік-экономикалық потенциалын және қолдану
эффектілерін бағалау аймақтың даму стратегиясын таңдау
кезіндегі басты аспектілердің бірі болып табылады[3].
Нарықтық қатынастарының дамуы мен
қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық
реформалардың ғылыми негізделуінде – аймақтық экономика
маңызды рөл атқарады. Аймақтық экономика –
аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу
факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. Академик
Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша экономикалық
ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің
экономикалық жүйесінде және әрбір аймаққа
өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік
үдерістердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық
әлеуметтік факторлар мен жағдайлардың жиынтығын
зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш
күштердің аймақтық дамуының стратегиялық
позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш
күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі
бөлігі ретінде қарастырылады. Аймақтық экономика
экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған
қарағанда қолданбалы тәжірибелік нәтижелерге
бағытталған. Сонымен қатар, экономикалық теория мен
макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен
тағы да басқа әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен
тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық
мәселелермен бірге экологияны, әлеуметтік мәселелерді,
демографияны, географияны, этнографияны, тағы да басқа
ғылымдарды қарастырады. Аймақтық экономикалық
және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде XIX
ғасырда, ал Қазақстанда XX ғасырдың аяғында
ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика
«аймақтық ғылым» деп аталады. Экономист ғалым
Н.Н.Некрасовтың анықтамасында «аймақ» дегеніміз біртекті
табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың
маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі
территориясы.
Аймақтық экономикаға
теориялық-әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар
Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристталлер, Иоганн Тюнен, Энтони
Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және
тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес
қосқан[4].
Қазақстан Республикасының
болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі,
оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан
экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
-
аймақ – мемлекет экономикасын тікелей
және жанама ресурстары, ғылыми-техникалық,
қаржы-несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған
біртұтас бөлігі болуы тиіс;
-
ұдайы өндіріс пен еңбек
ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың
жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске
асады;
-
басқару органдарының біріккен
әрекеті, территориялық өндірістің дамуына орындаушы
органдардың бірігуіне әкеледі;
-
аймақтың табиғи
құзыретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай
айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
К.Б. Бердалиев
«Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы
«Экономика», 2001ж.
2.
Г.С.
Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару
мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
3.
Исабеков Б. Парасатты экономика: дағдарыс пен серпіліс:
оқулық. – Астана: Фолиант, 2013. – 528 б.