Ақтөбе облысының инновациялық қызметі және инновациялық саясатының басымдылығы

                                   

Жакупова Б.А., э.ғ.к., Cайымова М.Д. PhD

Курмашев К., Кашкинбаев Д.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.

Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыруда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ үлкен рөл ойнайды, оның қызметіндегі негізгі мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арртыру, сонымен қатар жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өндірістердің дамуына жәрдемдесу болып табылады. Жалпы алғанда, Инновациялық қор нарықтық экономиканың еншілес қызметтін ынталандыратынын атап өтуге болады, бұл ақпараттық сектор, электроника, биотехнология сияқты басқа да жоғары технологиялы салалардың құрылуы мен дамуы үшін айрықша маңызды.

Экономика дамуының қазіргі замандағы кезеңінде инновациялар бәсекелестік басымдылығына қол жеткізудегі негізгі құралдардың бірі болып табылады. Мемлекет иновациялық экономиканың дамуы үшін тұрақты ұдайы өндіріс және өндіріске жаңа білім енгізу өзекшілігі болатын барлық қажетті объективті саясаттық, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдай жасалуын қаматамасыз ету қажет. Бүгін XXI ғасырда әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынды алға басудың негізі жоғары деңгейдегі озық технологияларды, жұмыс пен басқаруды ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерді, озық өнертабыс пен ғылыми- технологиялық прогреске жетуге бағытталған тиімді иновациялық саясат екендігі ешбір адамға күмән туғызбас. ҚР мемлекеттік иновациялық саясаты келесі 7 негізгі қағидатынан құрылып, жүзеге асырылады:

- қоғамдық өндірістің технологиялық дамуының, ғылыми өнімнің бәсекеге жарамдылығын, халықтың өмір сүру сапасы мен экономикалық қауіпсіздік деңгейінің тиімділігін көтеру үшін инновациялық қызметінің басымдылық мағынасын мойындау;

- иновациялық салада бәсекелі тетіктің тиімді қызмет етуімен қатар инновациялық қызметті мемлекеттік бақылаумен қамтамасыз ету;

- экономикадағы үдемелі құрылымдық ілгерілеуді қамтамасыз ететін базистік инновацияларды құруға және таратуға мемлекеттік ресурстарды шоғырландыру;

- инновациялық саладағы нарықтық қатынастарды дамыту үшін жағдай жасау және инновациялық қызмет үдерісіндегі жосықсыз бәсекеге жол бермеу;

- инновациялық салада ҚР халықаралық ынтымақтастығын жандандыру;

- инновациялық қызметті жүзеге асырудағы қолайлы инновациялық ахуал тудыру;

- инновациялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту және ұллтық қауіпсіздігін қамтамасыз 2 ету. Индустриялдық-инновациялық саясатты жетілдіру мақсатында инновациялық инфрақұрылым, оның аясында мемлекеттік даму институттары қызмет етуде, мысалы «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ және т.б. құрылды, сонымен қатар еркін экономикалық аймақтар құрылды. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыруда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ үлкен рөл ойнайды, оның қызметіндегі негізгі мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арртыру, сонымен қатар жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өндірістердің дамуына жәрдемдесу болып табылады. Жалпы алғанда, Инновациялық қор нарықтық экономиканың еншілес қызметтін ынталандыратынын атап өтуге болады, бұл ақпараттық сектор, электроника, биотехнология сияқты басқа да жоғары технологиялы салалардың құрылуы мен дамуы үшін айрықша маңызды. Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің алдында экономиканың жеделдетілген әртараптандырылуын қамтамасыз ету және болашақта тұрақты даму үшін босалқы дайындамасын қалыптастыру жөнінде нақты міндеттерді қойды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет Индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) дайындады. Индустриалдық карта оның басты құралына айналды. Бұдан басқа, ҚР Үкіметі үдемелі индустриализациялауды қолдауға қабылданған төрт бюджеттік бағдарламаны ұсынды: аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін – «Бизнес жол картасы-2020», шикізаттық емес секторды ынталандыру үшін – «Экспорттаушы-2020», технологиялық жаңарту және экономиканың өнімділігін арттыру үшін – «Өнімділік-2020» және ірі инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тарту үшін – «Инвестициялар- 2020».

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының әкімшілігімен аймақтық инновациялық жүйелерді құруға жағдай жасалуда. Консультациялық және ақпараттық қызмет атқарылуда, облыс территориясында жүзеге асырылып жатырған инновациялық жобалар мәліметтерінің ақпараттық-аналитикалық базасын құру және бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бос өндірістік алаңдар мен жабдықтардың, құрылыс салуға аумақтардың бар болуы жөнінде ақпараттық негіз қалыптастырылуда. Инновациялық саланың серпінді дамуы – инновациялық экономика қызметіндегі маңызды қосылғыштарының бірі. Мұндай жоғары технологиялық экономика тиімді қызмет ететін инновациялық жүйенің болуын және инновациялық үдерісті қолдайтын институттардың құрылуын жорамалдайды. Аймақтардағы инновацияның дамытылуы ИИДМБ маңызды 3 басымдылықтарының бірі болып табылады. Ақтөбе облысында инновациялық дамыту қарқындылығының оңтайлы серпіні байқалады. Мәселен, 2014 жылы облыстың 85 шаруашылық жүргізуші субъектілерінің технологиялық инновациялары болды, 2013 жылғы деңгейге өсім 125,0% (68 бірлік) құрады. Кәсіпорындардың азық-түліктік, үдерістік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар бойынша инновациялық белсенділігі 7,6% құрады, ал азық-түліктік және үдерістік инновациялар бойынша 4,7%. Инновацияның барлық түрлері бойынша едәуір жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 17,1% құрады. 2014 жылы Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыруға -2,6 млрд.теңге бағытталды. 2014 жылы құрылған жаңа технологиялар және техника объектілері – 18 бірлікті, жаңа технологиялар мен техника объектілерін қолданатын ұйымдар – 40 бірлікті құрады. Облыста «Ақтөбе» ӘКБ» ұлттық компаниясы» АҚ және «Ақтөбе» аймақтық индустриалдық технопаркі» ЖШС секілді индустриалдық- инновациялық инфрақұрылымдар, бірнеше бизнес-инкубаторлар және шағын несие беру ұйымдары қызмет етуде, олардың мақсаты инновациялық және трансферттік технологияларды дамыту, жоғары технологиялы өндіріс орындарын құру болып табылады. «Ақтөбе» аймақтық индустриалдық технопаркі» ЖШС ЖОО-мен өзара қызмет ету арқылы аймақтың инновациялық дамуына қызығушылық тудыратын ғылыми еңбектерді және инновациялық жобаларды жинайды және жүйелейді. Өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету саласындағы бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер аймақтың индустриалдық-инновациялық саясатының басты пәні болып табылады. Индустриаландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылатын ірі инновациялық жобалардың ішінен келесілерін атап өтуге болады: - «Қазхром» ТҰК» АҚ алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар қолданған, қуаттылығы 430,0 мың тонна жаңа ферроқорытпа зауытын (№4 цехы) қолданысқа енгізді. - «Ақтөбе рельстік зауыты» ЖШС инвестициялық көлемі – 76,6 млрд. теңгені, жылдық қуаттылығы 430,0 мың тоннаны құрайтын рельстік зауыт құрылысы. - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» - үшінші Жаңажол газ өңдеуші зауытының құрылысы, қуаттылығы жылына 6,0 млрд. текші м. газ, құны - 140,0 млрд. теңге. Бүгінгі таңда Қазақстан жиі кезігетін мәселесі – бұл инновациялық жобаларды мемлекет және дамыту институттары тарапынан қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуі. 2014 жылдан бастап БЖК 2020 бағдарламасы және 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік 4 қолдаудың жаңа түрі жүзеге асырылуда, бұл жаңашылдығымен және өзгешелігімен ерекшеленетін жаңа бизнес-жобасын жүзеге асыруды жоспарлап жүрген жеке кәсіпкерліктің субъектілері, жас кәсіпкерлер, әйелдер және мүгедектер үшін инновациялық гранттардың бөлінуі. 2014 жылы Бағдарламаның 7 қатысушысына 24,0 млн. теңге сомасына жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін тегін гранттар берілді. Барлық мақұлдаған жобалар жаңашылдығымен ерекшеленеді, олардың жүзеге асырылуы материалдар, IT технологиялар және әдістер қолдану жолымен жаңа тауарлар мен қызметтердің пайда болуына жағдай туғызады. Аймақ жаңашылдарының инновациялық жобалары дамыту институттары тарапынан қаржылық қолдау алады. 2010 жылдан бері «ТДҰА» АҚ машина- және аспап жасау, мұнай-газ, экология және т.б. салалар бойынша 226,2 млн.теңге сомасына 7 жоба қолдау тауып қаржыландырылды. Қолдау көрсетілген жобалар бірегейлігімен ерекшеленеді, мысалы, «Пневмогидро-аккумулятор әсерін қолданған тұтынушының дербес сумен жабдықтауды тұтыну үшін суайдағыш құрылғысы өндірісінің құрылуы» («РБН-Ақтөбе» ЖШС), «Үйлер мен пәтерлерді түтін мен шаңнан ауаны тазартуға арналған «AirON» жүйесі» (Н.Ж. Жанбурин) және басқалары. Жыл сайын Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облысы әкімшілігінің және «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Aktobestartup» бизнес-жобалардың сайысын өткізеді. Аталған сайыс кішігірім қалалар Алға, Қандыағаш, Эмба, Жем, Темір, Хромтау, Шалқарды қоса есептегенде облыстың барлық аудандарының тұрғындары арасында өткізіледі, кәсіпкерлік қызметін жария ету мақсатында ұйымдастырылады және ауыл кәсіпкерлігін жаңа сапалы деңгейге көтеруді үндейді. 2014 жылы «Aktobestartup» жалпы инвестициялық қоры 30 млн. теңгені (соның ішінде Облыс әкімшілігі – 15,0 млн. тг. және «Алтын Қыран» ХҚҰ) құрады және бұл қаржы сайыстың 15 жеңімпаздары арасында бөлінді. Өнеркәсіптегі инновациялық саланы дамыту шеңберінде 20 га көлемінде Индустриалдық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда 15 өнеркәсіп объектілері болады, сонымен қатар 500,0 млн. АҚШ доллар инвестиция тартылады. ТЭН сәйкес инфрақұрылым объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстар құны 8 млрд. теңгені құрайды. Индустриалдық аймақ бағыты анықталды, ол химия, мұнай-газ, құрылыс, көлік саласының дамуына бағытталған.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму міндеттері аймақтарды экономикалық өркендеу  және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайту орталығы  ретінде қалыптастыруды  талап етеді. 

Президентіміз алға қойған міндеттерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстан бизнес- ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі тиіс. Бұл шағын және орта бизнесті дамытуға басым назар аударуды талап етеді. Жолдауда «Он жылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға дейін көтерілуге тиістігі» айтылған.

Ақтөбе облысында ішкі азық-түлік рыногының жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 19,1 пайызды құрады. Алдағы онжылдықта бұл көрсеткіш 2 еседен астам өсуі тиіс. Ішкі азық-түлік рыногында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы шараларының орындалуына ықпал етеді. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы берілген несиенің сыйақы қойылымын қаражаттандыру және жаңа  жобаларды несиелеу арқылы кәсіпорындарды сауықтыруға; жаңа жобалар үшін ішінара кепілдікті несие беруге; өндірістік инфрақұрылымды дамытуға; бизнесті жүргізу үшін сервистік қолдау көрсетуге бағытталатын болады.

Бизнес пен халықтың кәсіпкерлікке ынталы бөлігі мен нақты кәсіпкерлерді оқытуға арналған «Бизнес-кеңесші» Бағдарламасын «ФРМП «Даму» акционерлік қоғамымен бірлесіп қаржыландыру бағдарламасын, шағын несиелік ұйымдардың, бизнес-инкубаторлардың қызметтерінің аясын кеңейтуді жүзеге асыру жалғастырылуда. Жасалған болжамдарға қарағанда Ақтөбе облысында 2016 жылы-ақ шағын және орта бизнес үлесі 40 пайызға  жетіп болады. Бұған бизнесті масштабты түрде қолдау, шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру, соның ішінде ірі кәсіпорындар маңайынан сервистік компаниялар ашу, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол сервисі объектілерін дамыту, т.б. арқылы қол жетеді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы өңдеу өнеркәсібіне бұрынғыдан да жіті назар аударуды талап етеді. Бұл секторда өнім өндіру көлемін көбейту қарқынын өсіру экономикалық дамудың негізі болмақшы. Мемлекет басшысының Жолдауында тұтас алғанда республика бойынша ішкі жалпы өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2016 жылға 12,5 пайыздан кем емес, ал 2020 жылға 13,0 пайыз болуы керектігі нақты айтылған.

Президентіміздің Жолдауында атап көрсетілгендей, «Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы тиіс». Нақтылай айтқанда, 2016 жылға 2 есе, 2020 жылға 4 есе өспек. 2009 жылы біздің облысымызда өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 7,5 миллион теңге, ал ауыл шаруашылығында 312,7 мың теңге болды.

Президент Жолдауындағы межені орындау үшін қайта өңдеу саласындағы еңбек өнімділігін арттыратын, жоғары технологиялық өндіріс негізінде қосымша бағаны жаңаша реттеуге бағытталған жобаларды іске асыру  жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Айталық, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жылына 441,0 мың метрикалық тонна жоғары көміртекті феррохром өндіру қуаты бар № 4 цехын (жаңа зауыт) іске қосу еңбек өнімділігін 4 есеге өсіруге мүмкіндік береді. «Юбилейный» кен орнындағы жылына құрамында алтын бар 5,0 млн. тонна руданы қайта өңдейтін кен байыту кешенінің құрылысы, жылына 10,0 тонна никель штейнін өндіретін қуаты бар «Батамша никель зауыты» ЖШС да осы қатарға жатады.

Кәсіпорындарда техникалық қайта жарақтандыру жүргізу мен өндірісті жаңалау, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, соның ішінде менеджмент сапасы жүйесі мен еңбек ресурстарын тиімді пайдалану өңдеу саласындағы еңбек өнімділігін 2020 жылы — 2 есеге (7,5 млн. теңгеден 15 млн. теңгеге), ал ауыл шаруашылығында — 4 есеге (312,7 мың теңгеден 1250,6 мың теңгеге) өсіруге мүмкіндік береді.

Ел Президенті республиканың 2020 жылға дейінгі дамуы стратегиясындағы басты элементті анықтап берді — инновацияға сүйену. Міне, осы инновациялық индустрияландыру мен инновациялық адам капиталын дамыту еліміздің қайырлы болашағын қамтамасыз етудегі шешуші фактор болмақ. Алдағы бес жылда облыс кәсіпорындарының инновациялық-активтік үлесі 15 пайызға, ал 2020 жылы 20 пайызға өседі. Біздің аймағымызда бұған мүмкіндік мол: қуатты өндірістік, көліктік-логистикалық және ғылыми потенциал бар. Технологиялық инновацияларды қолдану арқылы жүйелі түрде жаңа қуаттар іске қосылуда, ассортимент ұлғаюда және өнімнің жаңа түрлері игерілуде. Соңғы үш жылда инновациялық кәсіпорындар үлесі облысымыз бойынша 4-тен 6 пайызға өсті. Кәсіпорындардың инновациялық белсендігін арттыру, олардың өндіріске жаңа технологиялар енгізуін ынталандырау шаралары ойластырылуда. Өнімнің жаңа түрлері пайда болмақшы: никель-колбаттық руда, штейндегі никель, қырланған шойын, ферроникель, ыстық және салқын прокат, калий фосфоры тыңайтқышы, цемент, целлюза-қағаз өнімдері, т.б.

Облыста алғашқылардың бірі болып  құрылыс материалдары кластері құрылды. Соңғы жылдары «Қазақстан даму банкі» және «Инвестициялық қор» қаржыларын тарту арқылы бірнеше объектілердің құрылысы аяқталды, ал шығарылатын құрылыс материалдарының атаулары жиырма шақты атаудан асты, ішкі қажеттіліктердің 69 пайызы жергілікті өндірушілер арқылы қанағаттандырылады. 2016 жылға ішкі құрылыс рыногының қажеттілігі 80 пайызға дейін қамтылатын болады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен құрылыс индустриясы дамуда, бұл шығарылатын тауарлардың номенклатурасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласы қазіргі  Қазақстан Республикасының сервистік орталығы ретінде қалыптасуы жеке және мемлекеттік инвестицияларды көптеп тартуды талап етеді.

Қазір қолда бар инфрақұрылымдық жобалардың толық тізімін жасап, ашық жерлерін толтырып, осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысы желілеріне артықшылықтар беру керек.

Территорияны дамытудың мемлекеттік саясаты сондай-ақ аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының барлық бағыттарындағы мемлекеттік-жеке әріптестіктің күшейе түсуін де қалайды.

 Жалпы мемлекеттік басқарудағы «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы  облыстың индустриалды, оның ішінде өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, инновациялық даму саласындағы және қазақстандық қамтуды арттыру жұмыстары бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдем көрсету және өндіру болып табылады.

Аталған мекеменің басқарманың құрылымы бойынша басқарма басшысы, және оның орынбасары негізгі басқармаға тиесілі шешімдер мен басқарма атынан құжаттарды тікелей рәсімдей алады. Жалпы саны 18 қызметкерден тұратын мемлекеттік мекемеде 4 бөлім жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысында өздерінің бөлім басшылары болады.

 «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ мемлекеттің, соның ішінде Ақтөбе облысы өнеркәсібінің дамуын атқаратын негізгі тетігі болып табылады. Көптеген Жоғарғы биліктің бекіткен индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламаларын, атап айтқанда, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты», «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы», «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы», «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» сияқты бағдарламаларды облыс деңгейінде іске асырады.

Осы бағдарламалар шеңберінде облыс бойынша көптеген іс-шаралар орындалды және ел экономикасының дамуына оң үлесін тигізді. 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарына кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады. Осы тұрғыдан Ақтөбе облысының өңдеуші жіне өндіруші өнеркәсіп бойынша ел ішінде алдыңғы орындарға көтерілуі көзделуде және сол үшін тиісті шаралар атқарылуда.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпараттық көздер тізімі

 

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы «1» қазандағы № 351 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

2. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. –Алматы. 2017 ж.

3. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы – Астана, 27 қаңтар 2014ж.

4.  Ғаламтор сайттары: www.google.kz, www.aktobegazeti.kz

5. Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы

6. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемемесінің ресми сайты http://industria.aktobe.gov.kz

7. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам