Мажитаева Ш.,ф.ғ.д.,
Боранбай Акнур, Егешова Айым, ҚФ-21КарМУ,
Карағанды
«ӘЛІППЕ АЙТЫСЫ» ХАКЫНДА
Қазақ
тіліне, тарихына, мәдениетіне, ұлттық сананың
қалыптасуына елеулі үлес қосқан
тұлғалардың бірі және бірегейі Ахмет еді. Өзі
жасаған «төте жазудың» негізінде сандаған
ұрпақты сауатсыздықтан сақтап қалды. Ахмет алдына
үлкен мақсат қойып соған жету жолында
мыңдаған келеңсіздіктерге мойымай соған жете білді.
Ең басты мақсат қазақ халқын ұлт ретінде
сақтап қалу. Алашордашылардың армандаған тілегі, ниеті
бүгінгі таңда біздің бағымызға бұйырыпты.
«Әліппе айтысы» кітабында 1927
жылы Қызылорда және Ташкент
қалаларында сөз сөйлеген қазақ зиялыларының
« Қазаққа араб әліпбиін тастап, латын әліппесін
алу керектігі» жөніндегі пікірлері жарияланған. Жүйелі
түрде сипаттап баяндама жасаған адамдардікі өздерінше
дұрыс. Осы баяндамаларға зер салсақ, ең алдымен латын
әліпбиіне көшуді жақтаған Байділдаұлы Әбдірахманның латын әрпін
алуды жақтаған баяндамасына көз жүгіртсек: «Араб әрпінің
көбі бір түсті .Бір түсті, нүктелі таңбалармен жазылатын сөздер
тағдыры бірінші шығынға, екінші жазушыға байлаулы.
«Қағазды көзге жақын келтірмей», нүкте, иректерді
санап бөгелмей шара жоқ. Мәселен, бір «сылыстырушысы» деген
сөзді жазу үшін қанша жігер, қанша уақыт кетеді.
Ойлаңыздаршы! Мұңдай сөздер біреу емес, көп
қой» [1, 20].
Одан әрі
баяндамашы сол кездегі араб әріптерін
жазғаңда, оқығаңда оңнан солға
қарай жазатындығын, оқығаңда, сандарға
келгеңде солдан оңға қарай-қайта оралатындығын,
мұның жазуда да, баспа жұмысыңда да келтіретін едәуір қиындығы болатындығын,
әріп теруші сөздерді әуелі солдан оңға
қарай тізеді де, артынан амалсыз аударып құюға
міңдетті болатындығын дәлелге келтіреді.
Ары қарай
баяндамашы: «...Алгебре, геометрие, пизике сықылды ілім кітаптарында
түрлі пән белгілері бар. Олардың
бәрі қай жұртта болсын латын әрпімен жазылған. Басқа аріппен жазуға өте қолайсыз болады.
Денсаулықты сақтау іліміңде де осы
сықылды. Мұнда да латын әрпі
қолданылады. Араб әрпі үйлеспейді.
Араб әрпі музыкада
қолдануда қиын. Араб әрпінің баспа жұмысы
жөніндегі кемшіліктері санап бітіргісіз. Бұл әріп
өзінің қымбатқа түсетіндігі, тізу, басу
жөніндегі қолайсыздығы жана өнер аспаптарына
орнатуға жарамсыздығы, міне осылардың
қай-қайсысыңда болсын өзге әріптерге бәйге
бермейді. Ал, латын әрпін алсақ, оны қолданып отырған
елдердің жайы өзгеше. Осы күнгі енері мол,
мәдениеті жоғары неміс, прансыз, Америка, Ағылшын, Италия
сықылды елдердің қай-қайсысы болсын, негізінде, латын
әрпін қолданады» деген пікір айтады [1, 21].
Баяндамашы орыс әрпі де латын әрпімен жүйелес, қазақтардан басқа
күншығыс елдерінің бірсыпырасы латын әрпін алып отырғандығын,
латын әрпі деген аты болмаса, бұл әріп қазір де
түркі нәсілді елдердің жаңа әліппесі болып отырғандығын
айтып, бұл туралы өз
мақаласында Бартольдтың айтқан пікірін келтіреді: «Латын
әліппесін алу керектігіне бір себеп – бұл әліппе Батыс Европа
мәдениетінің әліппесі. Европа мәдениеті әлі
күнге шейін жер жүзінің мәдениет
жарысында бәйгенің алдын бермеуі анық. Сондықтан
бір әліппе бұтін жер жүзіне әсерін тигізеді десек, сол
әліппе латын әліппесі болуға ьңғайы бар. ...латын
әрпі "мәдениет жарысыңда бәйгенің алдын
бермейтін" батыстағы барлық өнерлі елдердің жана
Октябрь төңкерісі арқасында қатарға
қосылып, жаңа өмірге аяқ басқан бірсыпыра
шығыс елдерінің мәдениет құралы болып отыр [1,
26], деп ескі әрпімізбен қаламыз ба не болмаса, айтылған
елдермен жақындасып», олардың мәдениет табыстарын тезірек
пайдалану үшін латын әрпін аламыз
ба? Бірлі-жарым кертартпалар болмаса, көпшілік кейінгі пікірді
мақұлдауға тиіс» деп араб әрпін қалдырып,
жаңа латын әліппесіне алудың керектігін көрсететін
жалпы деректер келтіреді.
Келесі Ахмет
Байтұрсынұлының баяндамасында араб әрпінің
жақсы, артық тұстарын, ал латын әрпінің
кемшіліктерін келтіреді: «Араб
әрпінің ол артықтығы жалғыз баспада ғана
емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені араб
әрпімен басылған сөзбен жазылған сөздің арасында айрымы аз болады. Онда оңай
оқылса, мұнда оңай болады. Жаман жазылған хаттарды
айыруға келгенде де, араб әрпі латын әрпінен артық. Мұнда да
әріптің тұрпаттары мен түрлі қосымша белгілері көп көмек болады.
Латын әліпбиіне ұлы әріп болатынын артықтығына дәлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы әрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар
ғана солай ойлайды.
Әріп санын көбейтетінімен, әріп кассаларын
үлкейткенімен, әріп теру, жазу машиналарын
қиындататынымен, сауаттандыру ісін ауырлататынымен ісі жоқ адамдар ғана латын әрпінің ұлы түрін ұлы
қасиеті деп ойламақшы. Балаларды орысша оқытып
жүргенде ұлы әріпке қарғыс айтпасақ,
алғыс айтпайтынбыз, әріп терушілер де ұлы әріпке алғыс айтпайтын шығар» [2, 403].
Басқа
баяндамашылардың кейбірі араб, кейбірі латын графикасын жақтап сөйлеген. [3,109].
Сонымен
ХХ ғасыр басында айналдырған 20 жылда түркі халықтары,
оның ішінде қазақ халқы 3 графиканы алмастырды: араб,
латын (1929 жылдан), орыс графикасын (1940 жылдан). Бұл, әрине,
елдің сауат ашуына, әдеби тілдің дамып жетілуіне кедергі
келтіргені сөзсіз [4, 94].
Бүгінгі
таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің
бірі ол – қазақ халқының «латын графикасына» ауысуы.
Латын графикасына көшу арқылы біз көп жетістіктерге қол
жеткізе аламыз. Қазір
дүние жүзінде қазақтар, түркі халықтары 3 графиканы қолданады: араб, латын,
орыс.
1) Біз қытай
қазақтарының /олар араб графикасында/ әдеби-мәдени
қолжазбаларын оқи алмаймыз, олар біздің / кириллицаны білмейді/;
2) Европадағы қазақ қандастарымыз
біздің кириллицамен жазылғандарымызды оқи алмайды. Біз оларды
тез оқып жүрміз, себебі латыница бізге таныс.
Осылай қазақтар мен
түркі халықтарының рухани-мәдени байланыстарын
үзу мақсатымен ХХ ғасырдың 40-жылы бізді /түркі
халықтарын/ орыс алфавитіне зорлықпен
үкімет көшірді. /Мекемтас
Мырзахметовтің "Қазақ қалай орыстандырылды").
Сонау 17-18 ғасырдан бері орыс империясы
бізді орыстандырамыз деп армандап келген. Оны Совет өкіметі айналдырған
20-30 жылда жүзеге асырды. 1939-40 жылы
орыс графикасына көшкеніміз белгілі.
Ал графика шоқындырудың
құралы. Кириллица қабылдағаннан кейін славян
халқы шоқынғаны белгілі. Бұл жөнінде
М.Мырзахметовтың «Қазақ қалай орыстандырылды» деген
кітабында, оның ішінде «Сана қалай орыстандырылды» деген тарауында
жан-жақты айтылған [5, 140-190].
Бүгінгі күні біз Қазақстанда латын графикасына
көшсек, онда 2 графиканы:
кириллица мен латын ды қолдананатын боламыз:
1) кириллицаны үйренеді /орыс тілі пән ретінде
оқытылады/.
2) латынды:/ағылшын тілін
және қазақ тілін
үйренгенде /қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілеу үшін кейбір графикалық өзгерістермен/.
Әрине алғаш қиын
болар, таңбаларды алуда, әсіресе, орфографияны түзуде. Қазір, ғалымдар бірнеше жоба
ұсынды. Бұл жобаларды көпшілік қауым
талқылауда. Бірте-бірте 1 жүйеге келген алфавит қабылдайтынымыз
келешек ісі.
Президентіміз Н.А.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында көрсетілгендей, 2025 жылға қарай
Қазақстанда латын
графикасына көшу аяқталады, «...латын графикасымен іс
қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды,
бәрін де басып шығара
бастауға тиіспіз. Бұл жұмысты осы бастан қолға
алуымыз керек» [6].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.. Әліппе айтысы. Құраст. Б.Әбілқасымов,
Ш.Мәжітаева.Қарағанды,1990.
2. Байтұрсынұлы А. Тіл
тағылымы. Алматы: «Ана тілі»,1992.
3. Ахметтану бастамалары: Оқу әдістемелік
құралы.-Қарағанды: Болашақ баспа, 2005.
4.Мажитаева Ш. XX ғасыр басындағы қазақ әдеби
тілі.- Қарағанды, 2004.
5. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы:
Атамұра-Қазақстан, 1993.
6. Назарбаев Н.А. «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру»// Егемен Қазақстан, 24 сәуір 2017.