С.А.
Кеңесбекова, Г.А. Тулаганова, А.С. Жұмаділ, С.Б. Дәулеткелдиева
Академик Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі
балаларға
экологиялық білім
беру негіздері
«Қазақстан -2030»
Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы
Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза
аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация
бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға
енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз
толыққанды өмір сүретін болады», - деп атап
көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті
мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны
қорғау–әрбір адамның
төл міндетінің бірі .
Экология–
организмдердің арасында болатын (особьтар, түр,
түраралық, популяциялық, биоценоз, биогеоценоз)
қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи орта
мен байланыстыра отырып зерттеумен қатар өзгерістерді,
құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера
шегіндегі ғаламдық ауытқуларды, адамның
іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар
жиынтығы.
Экология
ғылымының негізінде биология ғылымының көптеген
фактологиялық материалдары жатыр. Қоршаған ортаның
тиімділігі организмдерге нақты биологиялық белгілер мен
бағаланатыны белгілі.
Экология –
биология ғылымының негізінде ХIХ ғасырдың орта шенінде
айқындала бастағанымен, оның өз деңгейінде
көтерілуі ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басы болып саналады. Десе де, алғашқы экалогиялық
зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары
Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат
құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімделушіліктерді
оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік
шеңберінде экологиялық тұрғыда қарастырады.
Экология ғылымының қалыптасуын 3
кезеңге бөлуге болады:
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің
жаппай сипат алу кезеңі.
II кезең. Экология ғылымының жеке
ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
III кезең. Экология ғылымының
өрлеу кезеңі.
Жалпы экология ғылымының негізгі зерттейтін
мәселелері:
- Организмдердің
бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи
ортасы;
- Биоценоз,
экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын
өзгерістер;
- Табиғат
ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың
ғылыми-теориялық негіздері;
- Адам,
қоғам, табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарды
реттеу [1].
Экологиялық тәрбие – бұл
адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету
әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің
артуына, табиғатқа қарым-қатынасының
өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен,
үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып
қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі
ұстауға әсер етеді.
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің
қалыптасуы қоғамның қатысуымен болу керек.
Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық
мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи
ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты
көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі
жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат
құралдарының (БАҚ) және
қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор.
БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы
дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы
керек. Осының арқасында халықтың экологиялық
сана-сезімі өсіп, көтеріледі.
Экологиялық
тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Экологиялық білім беру –
балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде,
жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық
білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік
жүйесі. Экологиялық білім беру – бұл
табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы
экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған
оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың
теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту
жүйесі – табиғатты қорғау білімімен тығыз
байланысты. Экологиялық білім – қоршаған ортаны
қорғау үшін қажетті білімді, әдетті ептілікті,
икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға
ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау
жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар
бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне
ортақ, кешендік және үздіксіз болуы
қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие
мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы
керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу
орындарының барлығында жүргізілуі керек. Экологиялық
пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының
барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда
айтылғанадай, экологиялық ағарту жұмысы тек
оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат
құралдарының, қоғамдық экологиялық
ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі
бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген
әдістемелік талартарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп
кешенді әсер етуі. Үздіксіз принципі, азаматтардың,
мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында
қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз
әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие мен білім беру
жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің
құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Қазіргі
таңда экологиялық дайындықтан өткен
тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу
құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты
323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет
қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мектептерінде
экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу
процесінде пайдаланыт экология пәні бойынша оқулықтар мен
оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы
Қазақстандағы экологиялық проблемалардың
ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде
экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы
және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ
деп айтуға болады. Жоғары оқу орындарында эколгиялық білім
беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде
Қазақстанның көптеген жоғары оқу
орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта
кетерлігі, халықаралық талартар бойынша эколог-мамандарды даярлауда
тек жетекші университеттер ғана есепке алынады [2].
Тіршілік
иелері бейімделу реакцияларымен жауап қайыратын кез келген орта
жағдайының ішкі және сыртқы күшін
экологиялық фактор дейді. Экологиялық факторлар организмдегі
және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен
бағытың реттеп отырады.
Экологиялық
факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:
- тіршіліксіз
орта факторлары немесе абиотикалық факторларға;
- биотикалық
– тіршілігі бар ортаның факторлары;
- антропогендік
– адамның шаруашылық қызмет әрекетінен тікелей немесе
жанама түрде туындайтын фактор.
Абиотикалық фактор деп тірі организмдерге тікелей немесе жанама
түрде әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың
құбылыстары мен құрамды бөліктері.
Абиотикалық факторлар климаттық, эдафиялық,
гидрографиялық болып бөлінеді.
Биотикалық факторларға тірі организмдердің
ортаға тікелей не аралық ықпалын тигізетін факторлар тобы
жатады. Биотикалық факторларға зоогенді (жануарлар әсері),
фитогенді (өсімдіктер әсері), микробогенді (микроорганизмдердің
әсері) факторлар жатады.
Антропогендік
фактор деп адамның қызмет қәрекетінен жаңа
түрде туындайтын фактор. Адамның шаруашылық іс-әрекеті
салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің
өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының
байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен
салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады [3].
Мектеп жасына
дейінгі балаларға экология жайлы мәлімет берген кезде қазіргі
экологиялық проблемаларды айтпай кету мүмкін емес. Өйткені
өазірде экология бүкіл әлемнің бір проблемасына айналып
отыр.
Әлемдік
экологиялық проблемалар – ғаламдық, ұлттық
және жергілікті деңгейлерде айқындалған
экологиялық мәселелер кешені. Экологиялық
проблемалардың өзектілігі оны шешу үшін барлық
елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр:
- қарудың
барлық түрлерін азайтып, экологиялық дағдарыстан
айырылу мүмкін еместігі;
- биосфераның
жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс
емес, тіпті жай дау-жанжалдардың мәнсіздігі;
- қоршаған
ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары
жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше
өкілеттік беру.
БҰҰ-ның «Қоршаған орта
және даму» туралы екінші конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро
қаласында өтті. Бұған 114 мемлекет басшылары, 178
елдің дипломаттары және 1600 үкіметтік емес ұйымдар
қатысты [4].
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің
ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие
берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар
және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс,
сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана
білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте
зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде
кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі экологиялық қиындықтар
көктен түскен жоқ, адамдардың өз қолдарынан
жасалған, келешекті ойламай, бүгінгі күннің
әуресінің нәтижесі.
Көптен бері қалыптасқан пайдакүнемдік
тұтынушылық көзқарас табиғит байлықтарын
тегін және таусылмайтынын санап, аз шығын шығарып, көп
алып қалуға бағытталған. Қоғам
мүшелерінің қажеті мен мұқтажы үнемі
өсіп отыратын болса, оларды өтеуге жұмсалатын табиғат
байлықтары олай өсе бермейді. Қоғамның мұқтажы мен
табиғат мүмкіншіліктері арасындағы қайшылықтардан
шығу жолдарын іздестіргенде ең басты шарт адамдар
өздерінің тәбеті мен дүниеқорлығын білулері
керек.
Табиғат
байлықтарын адамдардың әл-ауқатын
жақсартуға жұмсамай, қару-жарық, есірткі,
никотин, ішімдік, ысырапшылдық заттарды, уақ-түйек
әшекейлер, жарнама тауарлары сияқты пайдасы аз нәрселерді
шығаруға кететін болса, жер бетінде аштан өлу, суықтан
тоңу, ауыру, қылмыс пен соғыс тоқтамайды [5].
Қорыта айтқанда, балабақшадағы
тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен
таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және
тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен
таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу
жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері
бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен
өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға
ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген
сүйіспеншілікке және соған дағдылануға
үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске
жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Саданов А.Қ., Сүлейменова Н.Ш.,
Дәменова Н.С., Махамедова Б.Я. Экология және тұрақты
даму: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. –
Алматы : Қазақ ұлттық аграрлық университеті,
2015. – 9-11 бет.
2. Қуатбаев А.Т. Жалпы экология (оқулық) –
Алматы, 2008. – 220-223 бет.
3. А. Ж. Ақбасова, Г. Ә. Саинова. Экология:
Жоғары р оқу орындарына арналған оқу
құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. – 38-47 бет.
4. Қуатбаев А. Т. Жалпы экология: Оқулық.
– Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. – 193 бет.
5. Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері.
Оқулық. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1995 ж. – 267
бет.