Хавалхан Р. Б., Жусупбекова З.Д., Кударинова А.С.,
Ашимханова Г.С.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Мемлекеттік университеті
Жалпы сөйлеу тілі
бұзылған балаланың отбасымен логопедтің жұмыс түрлері
Тіл – бала дамуының жетілдірудегі өте күшті фактор. Себебі
тіл адам өмірінде ерекше қызмет атқарады. Әр
кезеңде тіл жүйесінің элементтері белгілі бір
заңдылықтарды қалыптастырады. Егер осы
заңдылықтар бұзылса бала тілдік патологияға
ұшырайды. Бұл жағдайды ата -
ананың көмегіне сүйене отырып, тек тіл маманы
түзей алады.
Балаға жеке және психикалық тәрбие беру
балалық шақтарынан басталады. Барлық дағдылар отбасынан
алынады, соның ішінде дұрыс сөйлеу дағдысы да отбасында
қалыптасады. Баланың сөйлеу тілі туған туыстарынан
алған үлгі бойынша қалыптасады: анасы, әкесі,
әжесі, атасы, әпке-ағалары. Кейбіреулері баланың
сөйлеудегі дыбыс шығару жағы үлкендердің
көмегінсіз, өзбетімен дамиды деп ойлайды, бірақ бұл
қате түсінік болып табылады.
Сөйлеудің бұзылуы- балаларда ең көп
кездесетін патология түрі, сондықтан мамандандырылған
көмекті, емдеудің және оңалтудың жүйесін
кешенді ұйымдастыру — маңызды мәселелердің бірі. Сөйлеу
тіліндегі бұзылыстарды түзету үшін уақыт керек. Сөйлеу
тілінің кемшілігін жою үшін логопедтік сабақтар
құрылады. Дегенмен, оң нәтижеге келу үшін, баланы
мектепке оқуға дайындау
үшін отбасындағы ата-ананың белсенді көмегі
қажет. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата аналар
қатысса, логопед пен баланың жұмысына оң әсерін
тигізеді. Егер бұл қатысушылық саналы түрде болса,
жақсы жоспарланған және ұзаққа созылса,
онда ол тиімді бола түседі.
Көп жылғы бақылау нәтижесінде, төмендегідей
қорытынды жасалды: сөйлеу ақауы бар балалардың ата
аналарының көбісі сөйлеу ақауының ауырлығын
терең түсіне бермейді, тек бет жағындағы проблемаларды
ғана атайды. Қазіргі ата-аналардың көбінің
педагогикалық білімдері таяз, немқұрайлы. Оның себебі
—психологиялық—педагогикалық білімнің жоқтығы
және баланың әлеміне бойлауға ниеті
жоқтығы, ал бұл жағдай жалпы жұмыстың
тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады. Сондықтан, бала
тілін дамытудағы жақсы нәтиже — ата - аналармен жұмыс орнатуға
байланысты.
Логопедтің жұмысы ата- аналарды баланың дамуына
қойылатын заманауи талаптар туралы ақпарат беруге, бала
тілінің дамуының нақты жай-күйін түсіндіруге, осы
процестегі ата аналардың және оларды алмастырушы жандардың
рөлін түйсінуге көмектесуге бағытталған. Логопед
пен ата-аналардың арасында белгілі жұмыс жүйесі қалыптасады.
Отбасымен танысу — ата-аналармен қарым қатынас туралы формалды
түрде мәлімет жазып қоюмен бітпеуі керек. Әр
түрлі отбасылармен жұмыста бірдей әдістер қолданған
дұрыс емес. Оларды ата-аналардың мәдени, біліми
деңгейіне, отбасы тәрбиесінің стиліне, отбасындағы
өзара қарым-қатынасқа, өз баласының
проблемасын түсінуге, т.б. байланысты өзгертіп отыру қажет, яғни
ата-аналардың педагогтармен өзара байланысып,
ынтымақтастықта жұмыс істеу жолдарын үнемі іздестіріп
отыру керек.
Ата-аналарды тіл кемістігі бар балаларды дәрігердің де
бақылауында ұстау негіздері туралы хабардар ету керек.
- отбасына олардың
баласының сөйлеу дамуының деңгейі туралы толық
ақпарат беру.
- жанұясына сөйлеу дамуының бұзушылық
себептерінің түрлерінен бағдар беру.
- баланың білім алу маршрутын жобалау
- алдағы логопедиялық жұмыстағы ата-ана рөлін
анықтау.
Отбасымен байланыс — жеке және топтық жұмыс
түрлерінде жүзеге асады. Ол- семинарлар, консультация беру,
әңгімелесу, ашық сабақтар, көрнекі насихат,
ақпараттық көрмелер, сауалнамалар өткізу. Логопедке
жұмыстың әр түрі формалды түрде емес, ата-аналарды
проблеманы шешуге тартатындай болуы, нәтижелі ынтымақтастық қалыптастыратындай
болғаны маңызды, өйткені кәзіргі ата — ана
педагогтың ұзақ және қызықсыз баяндамасын
тыңдағысы келмейді. Бірақ бұл білім беру түзету
мекемесінде алдымен отбасы диагнозды ПМПК –да естиді және көбіне
көп мамандардың не айтып жатқанын түсінбейді, -«
бірақ бала нашар сөйледі», «дыбыстарды айта алмайды», «бала
фразалық сөйлеуді меңгермеген»,- « бірақ ол әлі
кішкентай, үйреніп кетеді» -деп жауап береді жанұясы. Ата-аналардың
көбісі сөйлеу дамуының этаптарын да білмегендіктен,
–«дислалия», «дизартрия», «ОНР» деген сөздер оларға тіпті таныс
емес болуы мүмкін. Сондай кезде, кәсіби логопедтің,
психологтың көмегі қажет. Олар түсінікті тілмен
проблеманың мәнін түсіндіріп, логопедиялық,
психологиялық- педагогикалық көмекті ұсынады.
Отбасы үшін көрнекі ақпарат түрлі
тақырыптық папкалар, үй жұмысына арналған
буклеттер, мысалы: мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту
бойынша жаттығулар түрінде беріледі; ата-аналарды
артикуляциялық, тыныс алу, саусақтық гимнастиканы ,
дыбыстарды қою дағдылары т.б. оқытылады.
Адамның денсаулығы, денесінің дамуы мен ойлау
қызметі оның дұрыс демалуына тікелей байланысты.Мысалы, сол
және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу
жаттығулары мидың жұмыс істеуін жақсартады.
Шыныққан тыныс алу бұлшық еттері адамның
қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды,
ағзаның суық тию аурулары және басқа
ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады.
Дұрыс тыныс алу үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара
білу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек.
Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс алу
бұлшық еттері әлсіз, сондықтан оларға арнайы
тыныс алу жаттығулары жасалған. Нүктелі уқалау –
өз ағзаңа көмектесудің ең қарапайым
түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз
денсаулығына қамқор болуға үйретеді және
суық тиіп аурудың алдын алады.
1. Екі алақанды қосып, оларды қызғанша ысу.
2. Сілтеуіш саусақтармен мұрын қуысы жанындағы
нүктелерді басу.
3. Сол жақ мұрын қуысымен ішке дем аламыз (оң
жақ мұрын қуысын сілтеуіш саусақпен жауып
тұрамыз), оң жақ мұрын қуысымен демді
сыртқа шығармыз (сол жақ мұрын қуысын жауып
тұрамыз).
4. Мұрын қуыстарымен ішке дем аламыз, ақырын ауыз
арқылы сыртқа дем шығарамыз.
Қорыта келгенде логопед болу үлкен жауапкершілікті талап ететін
іс болғандықтан, оған жүктелетін міндетте өте
ауыр. Өз ісіне шын берілген, ұлттық қасиеттеріміздің
аcылдарын асқақтата отырып, баланың жанына нұр
құятын логоредті бүгінгі күннің
ұйытқысы деуге әбден болады. Ата-анамен тығыз
байланыста болған жағдайда ғана сана-сезімі толық
жетілген, ойын еркін жеткізе алатын ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Коррекционно-
педагогическая работа в дошкольных учреждениях для детей с нарушениям речи ( Ю.Ф.Гаркуши.М.
2007)
2. Журнал: Тілашар. Логопед 2015/2 3-бет
3.http://ds0004.kokshetau.akmoedu.kz/documents/view/025E6EF0AAEE0767.html
4. Особенности
формирования речи у детей дошкольного возраста. Филичева Т.В., М.Владос, 1999.