Жусупбекова З.Д.,  Ашимханова Г.С., Кударинова А.С., Жарылғап Ә. Ж.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінің дидактикасы

 

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен үлкендердің оқуы жеке түрде басталған. Үй жағдайында, монастырьларда (шіркеуде), общиналарда және т.б. жағдайларда соқыр немесе саңырауларды жекелендіріп оқытудың көптеген мысалдары бар. Жеке түрде қолданбалы және көркемдік оқыту қолданылған. Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы келесі жағдайларда қолданылады:

· Оқытылатын баланың (адамның) дамуында күрделі және көптеген бұзылыстар болса. Оқытуды ұйымдастырудың топты формасы бұл жағдайда аз нәтижелі болып саналады, өйткені оның танымдық және эмоциялық-ерік аумағы үзілмес жеке психологиялық-педагогикалық қолдау мен әр қадамдық бақылауды талап етеді;

· Егерде білім беру процесінің спецификасына (ерекшелігіне), дамуындағы ауытқулардың ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне (ерте жас) сәйкес бала жеке психологиялық-педагогикалық, логопедиялық және басқада түзету көмегін мұқтаж етсе, бұл фронтальды сабақтарды толықтырады;

· Егерде бала үй жағдайында оқытылса. Жеке сабақтардың ұзақтығы көбіне 20-30 минут аралығында [1].

Арнайы білім беруде оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы жеке оқытудың жалғасы ретінде қолданылады. Ол кезде жеке сабақтарда біршама (ептеген) коррекциялық-педагогикалық нәтижеге жеткен кезең. Мысалы, коррекциялық (түзету) сабақтар (тіл дамыту, өзіне өзі қызмет ету дағдылары, кеңістікте бағдар ету және т.б.) балалардың аз тобымен жұмыс етуді талап етеді. Оқытудың соңғы кезеңдерінде, белгіленген коррекциялық-педагогикалық нәтижеге жеткенде, жеке-топтық оқытуды ұйымдастыру формасы бірнеше бұзылыстары бар, кемақылдылықтың күрделі түрлері бар балалармен жұмыс істеуде қолданылады.

Сынып-сабақ жүйесі, сабақ оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы болып саналады. Сабақ – біркелкі жастағы оқушылар топтарының тұрақты құрамының, нақтыланған, бекітілген барлық оқыту бағдарламасынаортақ кесте бойынша оқытылуының ұйымдастыру формасы. Сабақ-оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы, бұл жерде оқытушы (мұғалім) оқушылардың ұжымдық танымдық әрекетін нақтыланған уақытта, тұрақты бөлмеде, тұрақты балалар ұжымында жетекшілейді, оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған құралдар мен әдістерді қолданады. Сабақ-тұтас, логикалық аяқталған, белгіленген уақыт шектерімен шектелген оқу-тәрбиелік процестің үзіндісі, онда оның барлық негізгі компоненттері: мақсаттары, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы, күрделі өзара байланыста болады. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісікеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады [2].

Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінің дидактикасы – мектеп түрінде балалардың есту қалдығымен сөйлеу тілі біраз қалыптасқан. Оқушылардың жеткілікті сөйлеу тілінің дамуымен 1- ші бөлімге қабылдайды. 2-ші бөлімге сөздік қоры орташа деңгейдегі балалар қабылданады. Мұндай сөйлеу тілінің даму деңгейі Р.М.Боскистің көрсетуі бойынша, есту қабілеті 80 дБ құрайды.

 Есту және көру анализаторлары бір жүйенің компененттері болғандықтан нашар еститін балаларды еріннен оқуға үйрету керек. В.И.Бельтюковтың деректеріне сүйене отырып, мұғалім сөйлеудің кейбір элеметтерін есту қабілеті арқылы қабылдамаған жағдайда, көру қабілетінің көмегімен іске асырылады. Нашар еститін балалардың есту қабілетінің кемістігін көру қабілеті толықтырылады.

 Нашар еститін балаларда ауызша логикалық ойлауында бірқатар қиындықтар матералды меңгеру кезінде кездеседі. Әр түрлі тарихи уақыттарда естімейтін балаларды оқу процесінде ауызша сөйлеуге оқытудың неше түрлі әдістер болған. Мысалы, дидактикалық жүйені жақтаушылар естімейтін балаларды оқытудың барлық кезеңінде жесттік сөйлеу тілін қолданады [3].

 Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық міндеттері:

1)  Естімейтін балаларды дайындық кезіндегі оқытудың мазмұны, әдісін, түрін, амалын анықтау;

2)  Естімейтін балалардың ауызша сөйлеу қарым қатынасының ерекшелігін анықтау;

3)  Жұмыс амалдарын және әдістерін қалыптастыру;

4)  Жалпы білімін, дағдысын, мамандық туралы білімін анықтау;

5)  Естімейтін баланың кемістігінің орнын басу жолдарын анықтау;

6)  Ұйымдастырылған оқу түрінің жұмысы.

 Есту қабілетінің жетіспеушілігі естімейтін балалардың сезімділік қабылдауын біріктіреді, сондықтанда қабылдауды естіп көру немесе полисенсорлы негізінде дамыту керек. Естімейтін балаларды оқытуда ең маңызды орынды заттық тәжірибелік әрекет және қоғамдық пайдалы жұмыс басты рөл атқарады. Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінде оқыту мазмұны. Оқыту мазмұны естімейтін балаларда оның мақсатымен міндеттерімен анықталады. Естімейтін балалар сабақ жоспарында ағылшын тілі және ән айту сабақтары жүргізілмейді [4].

Оқыту әдістері және оны естімейтін балалар мектебінде қолдану. Оқыту әдісі мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым қатнасы болып табылады. Соңғы жылдары жалпы педагогикада оқушылардың танымдық іс әрекетінің сипатталуымен білім алуларына кең тараған әдісін ұсынады. Бұл әдістерге: түсіндірмелі суреттеу; репродуктивті; зерттеу; эвристикалық, Мәселелі; жартылай ізденіс аталған әдістер жатады [5].

Естімейтін балалар мектебінде жалпы дидактикалық әдістер, жеке пән бойынша оқыту әдісі, арнайы әдістер(еріннен оқу, заттық тәжірибелік оқыту) жүйесін қолдану. Жалпы мына әдістер кең түрде қолданылады: көрнекілік(бақылау, көрсету) , тәжірибиелік (жаттығу, зертханалық жұмыстар, заттық тәжірибиелік іс әрекеттің қолдануы), ауызша(әңгіме, түсіндіру, лекция, әңгімелесу) және кітаппен жұмыс.

Оқу іс әрекетін ұйымдастыру. Естімейтін балалар мектебінде әр түрлі оқу іс әрекетін ұйымдастыру қалпы қабылданған. Соның бірі сабақ. Сабақ барысында есту қабілеті дамып(2-ші естімейтін балаларға тән 2-ші кемістік дамымай, біраз тоқталады). әр түрлі есту кемістігінің сеьептерімен жеке және топтық жұмыс жүргізіледі: жаңа тақырыппен жұмыс, игерген білімдерін қалыптастыру, біріктірілген сабақтар және бақылау сұрақтар. Сабақты қортындылауда мұғалім әр баланың сөйлеу әрекетәне көңілін бөледі.

Оқытудың бір түрі экскурсия балалар бақылау жүргізіп, әр затты табиғи түрде көре алады. Оқу іс әрекетін ұйымдастыру әрекетіне оқушылардың үй жұмысы да саналады. Бұл естімейтін балалардың өзбетінше жұмыс істеуіне, берілген тапсырманы орындауға міндетті екенін сезінеді. Сабақтан тыс уақытта да, көп жұмыс жүргізу қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Рау Ф.Ф. Обучение глухонемых произношению. М., 1960.

2. Специальная педагогика./Под ред. Назаровой Н.М. - М., 2004.

3. Закон РК «О социальной медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», - Алматы, 2003.

4. Коржова Г.М., Байтурсынова А.А. История специального образования в Республике Казахстан: учебное пособие.- Алматы, 2003.

5. Психолого-педагогическое консультирование и сопровождение развития ребенка. /Под ред.Л.Н.Шипициной. М., 2003.