Баймуканова М.О., Макатова Б.К.
Сөйлеу тілінің
күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы
мектеп - интернат, Қарағанды қ., Қазақстан.
Мәңгілік ел – бұл
қазақтың өткен тарихынан бастау алатын тұғырлы идея!
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050» Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан
халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан
мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан
қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап,
өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын,
өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын
айқындаудың жолы деп білеміз.
Егеменді еліміздің даму жылдарында барлық Қазақстан
халқын топтастыратын рухани құндылықтар
құрылды. «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық
патриоттық идея негізінде біздің елдің болашағы
қалыптасты. Ал оның негізгі құндылығы
азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық,
ғылым мен білімнің мәртебесін көтеру, зайырлы ел- толерантты
ел болып табылатындығының айғағы. «Мәңгілік
Ел» идеясының бастамасы отбасы, ошақ қасынан бастау алатыны
бәрімізге мәлім.
«Мәңгілік
Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын
жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы –
еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға
жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік
ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан
сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Бұл
дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін
беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы
халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан
емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің
бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз
тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған
егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу
жолында.
Ал ендігі
кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді
айқындап алуымыз — заңды құбылыс. Елбасының
«Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп,
салмақты жүк арқалатып отыр.
Мәңгілік ел – бұл
қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры
тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз
қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды,
ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден
айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне
мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.
Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел
керегесі.
550 жыл бойына көрген
қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді
кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып
кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен
жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі
кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен
мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен
Жәнібектен бастау алған қазақ елінің
мәңгілік ел болуы, құрылуы осының
айғағы.
Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен
бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін,
қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы
үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты
Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға
бермей, қызғыштай қорғап, халық
қорғаны бола білді.
Ашаршылық, соғыс, елден жыраққа
ауып кету, тілімізден айырылу сияқты қиын қыстау
кезеңді бастан кешіріп, халқымыз 70 жыл Ресей бодандығынан
босау мақсатында Тәуелсіздік үшін болған
көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп
Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл
күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін
ұмытылмас, асқан бір мейрам (ақ түйенің
қарны жарылған күн) да болды, қайсар жастарын
жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан
күн шығады деп қазақ барлық қайғыны
ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...
Иә, Ендігі күні біздің
мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз
енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің
кеңдігіндей көңілі кең дархан
«қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын
қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы
бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы
ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз
ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының
армандаған «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді
туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік
Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды
тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік
қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің
Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз
қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына
жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы.
11 қараша 2014 жыл.
2.
Қазақстан Республикасы
Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. – Алматы: Юрист, 2015.
3. Кызылординские выпускники получают образование в России.
http://meta.kz/novosti/kazakhstan/.
4.
Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына
жолдаған «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ
мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты
Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.