МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЙІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мирзарахимова Ф.М. – ЕП-14-1р, Ауелбасова С.С., Жунисбекова
Ж.А., Қойшыбаева Н.И. М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім
берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.
Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы
келуде. Я.А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі
объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балага
оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге,
өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге
асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде
бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық
процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер
— оқытушы мен оқушының
тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті
болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының
бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын
шығаруға ұмтылуы.
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық
технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер
берілген (В.П. Беспалько, В.М. Шепель, И.П. Волков, М. Чошанов. М.В. Кларин,
Г.К. Селевко және т.б.). Дегенмен, барлық
анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл,
біздің ойымызша, келесі түсіндірмеден айқын көрінеді:
«Педагогикалық
технологиялар — бұл білімнің басымды
мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара
ортақ тұжырымдамамен
байланысқан
міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен
әдістерінің күрделі
және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді
меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін
және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту,
көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып,
оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы
өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады.
Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің
белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда
айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың
әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану
арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиямының»
маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері
оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар
жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі
өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық
әрекеттерінің белсенділігін
арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы
оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып
табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік
ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Тиімді белгілерінің бірі – оқышының
оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың
негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға
шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте
сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін
дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ
формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар
арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын
тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау
мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның
өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін
қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға
және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі –
модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада
берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп,
модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі
идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:
1.
оқытудың жалпы мақсатын қою;
2.
жалпы құрылған мақсатты
нақтыландыруға көшу;
3.
оқушылардың білім деңгейін алдын-ала
бағалау;
4.
оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5.
нәтижені бағалау.
Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен
таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне
қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық
тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін,
нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын
біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық
бөлімнен тұрады:
1.
кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2.
сөйлесу бөлімі (оқушылардың
өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3.
қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Әрбір оқу модуліндегі сабақ
санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен
тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз
қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта
жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін
қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық
білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін
сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі –
сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту,
екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,
тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге»,
«Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт»,
«Полиглот», «Не,қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының
ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында
тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
- жалпы
білім сапасын жоғарылату;
- сабақтың
тиімділігін жоғарылату;
- дарынды
оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
- оқушылардың
мақсаттарына жету жолындағы
жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
- жеке
тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі
тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа
оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
1 Жанпеисова М.М. Модульная технология
обучения как средство развития ученика. - Алматы: Рауан, 2002.
2 Жанпеисова М.М. Технология модульного
обучения. - Актобе: Мектеп, 1999. –
100 с.
3
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998. – 256 с.
4
Юцавиене П.А. Педагогические основы модульного обучения: дис. … д-ра. пед. наук. – Вильнюс,
1990.