ШАКІКӨЛІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН СОРҒЫШ ҚҰРТТАРДЫҢ ЦИАТОКОТИЛИД ТИПІНЕ КІРЕТІН ЦЕРКАРИЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Утебаева Б.Х. преподаватель кафедры биологии и химии 

Костанайского государственного университета имени А.Байтурсынова

 

Трематодтардың тіршілік ету кезеңі күрделі, ұрпақтарын ауыстыру арқылы жүзеге асады, сондықтан әртүрлі гельминтологиялық зерттеулердің нысаны болып табылады. Алайда олардың биологиясы, морфологиясы және систематикасы толық анықталмаған. Омыртқалы жануарларда паразиттік тіршілік ететін гермафродитті ұрпақ жан-жақты тексерілген. Себебі сорғыштар марита кезеңінде адам мен кәсіптік маңызы бар жануарлардың трематодоз ауруларын тудырады. Омыртқасыз жануарлардың трематод фаунасын мұқият зерттеу керек. Моллюскаларда паразиттік тіршілік ететін церкарий мен партениттердің фаунасын зерттеу арқылы, аймақтағы паразитологиялық жағдайды дұрыс бағалауға, уақытында трематодоздарды анықтап және алдын алуға мүмкіндік туады.

Көбінесе циатокотилид церкарилерінің денесі жалпақ жапырақтәрізді. Ол 1,5-2 есе құйрық бағанасынан қысқа және тек кейбір жағдайларда (Сercaria ariformis Khan, Сercaria astrachanica VIII n.sp) ғана оның ұзындығына тең. Құйрық тармақтары (фуркалар) ұзын және құйрық бағанасының ұзындығының ½ немесеқұрайды. Алдыңғы орган сопақша, кейде дөңгелекшелеу (басқа фуркоцеркарилердін ұзынша-алмұрттәрізді алдыңғы органнан өзгешелеу). Құрсақ сорғышы болмайды немесе қиын ажыратылатын ұрық бастамасы болады [1].

Тегумент ұсақ тікеншелермен қаруланған, құйрық бағанасын, денені бірқалыпты қаптайды, ал кейде құйрық тармақтарында кездеседі. Алдыңғы органды қаруландыратын тікеншелер басқаларынан ірі және бірнеше дұрыс қатар түзіп орналасады. Ену тікендері болмайды [2].

Ас қорыту жүйесі ірі бұлшықетті жұтқыншақтан, қысқа өңештен және дененің соңына дейін жететін екі жуан ішек тармағынан тұрады. Ішек тармақтарында ішкі қуыстық жақсы айқындалған.

Ену бездері алдыңғы органның екі жағында екі топ құрып орналасқан. Бұл өте ұсақ клеткалар, қысқа өзектерден тұрады, винтальды бояулармен боялмайды, сондықтан қиын анықталады. Соңғы жағдай, олардың нақты санын білуге қиындатады, сол арқылы басқа фуркоцеркарилерден нақты түр белгілерін анықтайды [3].

Цистогенді бездері болады, аздаған жеке клеткалардан құралып, бейтарап қызыл бояумен боялады. Метацеркарилерінде ену және цистогенді бездер жоғалады, бірақ жаңа безді түзілістер пайда болады, екі топты құрайтын ұсақ клеткалары болады, өзектері өңештің ішкі қуыстығына ашылады [4].

Зәр шығару жүйесінің құрылымы өте ерекше. Негізгі жинақтаушы каналдар (бірінші қатар каналдары) тұлғаның ортаңғы сызығынан алға қарай тармақтала екі екіден екінші қатар түзеді, олар дененің алдына және артына қарай бағытталады. Бұл каналдардан, одан да жіңішке және қысқа каналдар(үшінші қатар каналдары) шығады, капиллярларға тарамдалады. Соңғысы церкарилердің денесінде, құйрығында топталған екеуден немесе үшеуден және арттарында зәр бөлетін клеткалары болады. Кейбір жағдайларда зәр бөлетін клеткалар дернәсілдердің құйрығында болмауы мүмкін [5, 6]. Негізгі жинақтаушы каналдар дененің алдыңғы жартысында көлденең комиссурамен жалғасқан. Одан артқа медианды тақ канал шығады, одан қуыққа ашылатын екі тармақ басталады. Соңғысы құйрық каналына ашылады, тармақтары фуркаға еніп кетеді және олардың соңында зәр шығару тесікшелерімен аяқталады. Сонымен қатар циатокотилид церкарилерінде кейде Корт аралшасы кездеседі [5].

Жүйке жүйесі жалпы барлық церкарилер типі сияқты құралған. Сенсиллары көп болады, әсіресе дененің құрсақ және құйрық бағанасының үстінде. Бұл байланыста олар басқа фуркоцеркарилерден ажыратылады олардың денесінде сенсилл саны олигомеризацияға ұшыраған. Сенсиллдердің көп болуы, Стрегеид отрядына жататын өкілдерінен ажыралатын анықтауыш белгісі ретінде қарауға болады [6].

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Гинецинская Т.А. К фауне церкарий моллюсков Рыбинского водохранилища.І. Систематический обзор церкарий // Экологическая паразитология. – Л.: Изд- во ЛГУ, 1959.

2. Гинецинская Т.А. Трематоды, их жизненный цикл, биология и эволюция. – М.: Наука, 1968.

3. Догель В.А. Курс общей паразитологии. – Л.: Учпедгиз, 1947.

4.Гинецинская Т.А., Штейн Г.А. Особенности паразитофауны беспозвоночных и применение основных правил экологической паразитологии к характеристике их зараженности // Вестник ЛГУ. – 1961. – № 15. – С.60-72.

5. Фролова Е.Н. Личинки трематод в моллюсках озер Южной Карелии // В кн.: «Фауна озер Карелии. Беспозвоночные». – М.: Наука. – 1965. - С. 311-324.

6. Арыстанов Е. Влияние экологических факторов на зараженность моллюсков партенитами трематод в водоемах дельты Амударьи // Паразитология. Т-1. – Л., 1970.

7. Гинецинская Т.А. О природе жизненного цикла трематод // Вестн. ЛГУ. – 1965. – С. 23-26.

8. Гинецинская Т.А., Добровольский А.А. Новый метод обнаружения сенсилл личинок трематод и значение этих образований для систематик // ДАН СССР. – 1963. – С. 153.