ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ШЕБЕРЛІГІ
Келмағанбетова Ш.С.
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
Жаңа
технологияларды күнделікті
сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр оқытушы
өзінің алдында
отырған
студенттердіңдеңгейін ескере отырып, педагогтың мақсат-
мүддесіне байланысты,
өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа
әдістерді жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген
сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын
алады [1,18 бет].
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл
ұстаз үшін, оқу
және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға
құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар
студенттердің қызғушылығын арттыра отырып,
ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады.
Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды
өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді,
Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б,
стратегияларын қолдану студенттердің мотивациясын оятып, ынталандыра
түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар
студенттің қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды [2, 38 бет].
Бүгінгі күні білім беру саласы
«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының
маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің
қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл
мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру
айтарлықтай рөл атқарады. [2; 27]
Қазіргі білім беру үдерісінің алдында
тұрған басты мақсат жаңа педагогикалық
технологияларды іске қосу және тиімді пайдалану. Соның бірі
жобалық әдістеме болып табылады. Бұл технология нақты
оқу-тәрбие процесімен ықпалдасқан кезде мемлекеттік
білім беру стандарты алға қойған мақсаттарға
нәтижелі түрде қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті оқу
пәні ретінде студенттің мәдени және
тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау
мүмкіндіктеріне ие. Жобалық практикалық оқыту
баланың мектеп берген білімді есте сақтап қана қоймай оны
тәжірбиеде қолдана білу
үшін белсенді түрде өздігінен ойлай білуге
үйретудің тәсілдерін, жолдарын табуға
бағытталады. Жобалық практикалық әдісте таным мен
зерттеу процесі жүреді.
Оның басты
мақсаты:студенттердің интеллектуалдық
шығармашылық потенциалын дамыту, зерттеушілік қабілеттерін
іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісіне үздіксіз
жағдай жасау.
Міндеттері:
·
Студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту;
·
мәселені көре білу және шеше білуге үйрету;
·
зерттеп, эксперимент жасай білуге үйрету, зерттеуге қажетті
ақпараттарды іздеу әдістерімен таныстыру:
·
өз ойларын айқын жеткізе білу, өз идеяларын
дәлелдеп, қорғай білуге үйрету.
Қазақ тілін
жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының басты
сипаттарының бірі – тұтастығы мен жүйелілігі
айқын болуы керек және сол қасиеттер әрдайым
сақталып отырылуы керек. Сол тұтас және жүйелілік
қасиеттер жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясын
құрайтын құрамдас бөлшектері болып табылады.
Оларды атап көрсететін болсақ: қазақ тілін студенттерге
жобалау әдісі арқылы оқытудың мақсатын
айқындау, берілетін білімді оқытушы тарапынан меңгерту,
студент тарапынан меңгеруге байланысты екіжақты, өзара
гуманистік идеяларды ұстанған «субъект-субъектілік» қарым –
қатынас мәселелері. Сондай қазақ тілін студенттерге
жобалау әдісі арқылы оқыту барысын ұйымдастыру,
қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытатын
оқытушы мен студентке қатысты мәселелер, қазақ
тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту – таныту
әрекетінің нәтижесін анықтау және талдау
мәселелері.
Барлық
педагогикалық технологияларға тән болатын маңызды
ерекшеліктерді біз жобалау әдісі арқылы оқытатын
технологиядан да тани аламыз. Соның негізінде жобалау әдісі
арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктерін тану барысы
мынадай үш тұрғыдан жүргізіледі:
Қазақ тілін
студенттерге жобалау әдісі арқылы оқытуды ғылым таным
тұрғысынан тану;
Оқытуды
процессуалдық – сипаттау тұрғысынан тану;
Оқытуды
процессуалдық - әрекетшілдік тұрғысынан тану.
Осы жолдармен келетін
болсақ, қаза тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы
оқыту технологиясының ғылыми болмысы анықталып,
қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының
құраушы бөлшегіне айнала алады деп ойлаймыз. Ғылыми
таным тұрғысынан келгенде қазақ тілін студенттерге
жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің рационалды
қолданысы, сапалы білім берудегі осы жобалу әдісінің алатын
тиісті орны, осы оқыту жүйесін басқару жолдары жүзеге
асыру механизмдері кең де орнықты түрде анықталады.
Сонымен бірге қандай педагогикалық жүйе, педагогикалық
технология болса да, белгілі бір философиялық негіздемеге
сүйенетіні белгілі. Өйткені сол философиялық
қағидалар негізінде ған жалпы әдіснамалық
заңдылықтарды тануға болады.
Қазақ тілін
студенттерге жобалу әдісі арқылы оқыту жүйесінің
философиялық негізін анықтаудың қажеттілігі неде?
Философиялық қағидалар қазақ тілін студенттерге
жобалау әдісі арқылы оқыту үрдісін реттеуде
басшылық етіп, білім берудің әдіснамалық негіздерін
жүйелеудің жолын анықтап береді. Әрбір оқыту
технологиясының ұстанатын философиялық
ұстанымдарының негізінде дидактикалық ұстанымдар,
әдістер мен оқыту формалары сияқты маңызды нысандарды
танып-талдау мүмкіндігі кеңейеді. Осы айтылғандармен
қатар, философиялық негіздемеге сүйену қазақ тілін
жобалу әдісі арқылы оқыту жүйесінің
тәрбиелік, дүниетанымдық қырын да анықтауда
басшылық етеді.
Жоғары оқу
орындарында оқыту үрдісінде жобалау әдісін
қолданудың өзіндік ішкі тәртіптері болатыны белгілі.
Мысалы, қазақ тілін жобалау әдісі арқылы
оқытудағы негізгі бағыт – студенттің өз бетімен
білім ізденуі.
Осы жоба бойынша
жұмыс барысында студент өз бетімен біраз әдістерді
үйреніп, мынадай қабілеттері жетіледі: өз бетімен
тақырыпқа байланысты жинаушы, өз ойын дәлелдеуге
қажетті әдістер мен тәсілдерді жинаушы; өз ойын
дәлелдеуші ретінде жинақталған практикалық материалына
байланысты қорғау жүргізуші; алға қойылған
проблемалардан шығудың өзіндік жолдарын анықтап, практикалық
ұсыныстар беруші.
Студенттердің танымы уақыты мен заманына сай
жандандырып отырғанда ғана жақсы нәтиже береді де
тұлғаның шығармашылық қабілеттеріне
жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады. Жаңа технологияны
қолданудың негізгі мақсат – студенттердің
интеллектуалды мүмкіндіктерін күшейту ғана емес, сонымен
қоса, іздемпаздықтың, шығармашылықтың
өрістеп қанат жаюына күш салады. Келешек
ұрпақтың саналы да, сауатты, білікті де, білімді азамат болып
жетілуіне өз үлесін қосады.
Грамматикалық материалдарды және
лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға,
сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым-
қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау
қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге
үйретеді.
Қазіргі таңда, заманауи педагог ретінде
алдымызда тұрған міндет: студенттерді нағыз білікті тұлға
қылып үлкен өмірге дайындау. Соған байланысты
былтырғы оқу жылынан бері лицейімізде РВL жоба қорғау
жүйесін дәстүрлі үрдіске айналдырудамыз. РВL
(ағылшын тілінен) – « жоба негізінде білім беру» деген мағынаны
білдіреді. Бұл жүйе- зерттеу, іздену негізінде оқыту,
мәселе шешуді үйрету тәсілдерін қамтиды.
Студенттердің күрделі мәселелерді белгілі бір кезең
ішінде шешуі мен зерттеуін көздейтін білімділік пен біліктілікті
арттыратын оқыту әдісі болып табылады. [4;]
РВL ерте кездерде пайда болған. Өз бастауын
«тәжірибе негізінде оқыту» (ағл.learning- by- doing)
әдісінен алады. Бұл «жоба негізінде оқыту»
-студенттердің түрлі зерттеу жасау арқылы оқу процесіне белсенді қатысуды үйренуді
дағдыға айналдыратын іс-шара. Ол үшін ең бірінші
қадам- жақсы бір тақырып табу.Әрине, ол тақырып
айналамыздағы көптен бері мазалап жүрген мәселе, немесе
алдағы уақытта қиындық тудыруы мүмкін
жағдай. Қоғамдағы өзекті мәселелерді
тақырып қылып алуға болады. Таңдалған
тақырып әр пәннің оқу бағдарламасына
сәйкес болуы керек. Тиімді РВL жобасын дайындау үшін,
тақырыпты меңгерген маманмен бірігіп жасаудың маңызы
зор. Студенттер, мүмкіндік болса, жоба дайындауға достарынан да
көмек сұрауына болады. Ең соңында дайын жоба көрерменге
көрсетілуі тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай
сабақтан тыс кездері жоба технологиясын қолдану студенттердің
мынадай дағдыларын қалыптастырады:
-
проблеманы шеше
білу;
-
өз ойларын
дұрыс жеткізе білу:
-
өз ойларын
дәлелдей білу, қорғай білу;
-
өзін-өзі,
қоршаған ортаны тани білу;
-
көркемдікке
ұмтылу, эстетикалық тұрғыда тәрбие алу;
-
өз
тобындағы достарымен бірге ортақ бір жұмыс жасау,
ынтымақтастық;
-
өзге
адамдармен байланыс құрып, тыңдаушылардың алдында
жасаған жобаларымен бөлісу;
-
презентация жасауды
үйрену;
-
мәселе шешу,
тығырықтан шығу үшін сыни тұрғыдан
сұрақтарға жауап іздеу, сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін дамыту;
-
зерттеу жасау
мүмкіндігін табу;
-
нәтижелерге
қайта көз жүгіртіп, жаңа зерттеулерге жол ашу;
Зерттеу- жобалау әрекеті негізінен студенттің
танымдық дағдыларын, өзіне қажетті білімді
өзінің құрастыру және ақпараттық
кеңістікте дұрыс бағдар таңдау біліктілерін
шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуды
көздейді.
Қорыта келе бұл технологияны қолдану
нәтижесінде:
·
Студент
тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға.
·
Танымдық
процестерді жетілдіру.
·
Оқуға
жағымды қызығушылық қалыптастыруға
·
Белсенді
сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға
·
Тұлғаның
қиындықтарға даяр болу
және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық,
өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ықпал етеді.
1. Артықова Т.М.
Қыстаубаева Ж.
Қазақ тілі
Оқыту әдістемесі, Алматы,
2005 жыл.
2. Жанпейісова М.М. Модульдік
оқыту технологиясы , оқушыны
дамыту. Құрал ретінде,
Алматы 2002 жыл.
3.Оралбаева Н
Жақсылықова Қ
Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілің оқыту
әдістемесі, Алматы , 1996 жыл.
4.Қазақстан Республикасының «Білім беру
туралы» Заңы