Абыканова А.Б.
Заң факультеті экология
және қаржы кафедрасының 2-курс магистранты
Ғылыми
жетекшісі: з.ғ.к. доцент м.а. Джангабулова А.К.
Баламалы және жаңартылған энергетиканы
пайдалану кезіндегі пайда болатын қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеу мәселелері
Қоғамның тұрақты дамуы кеңінен
қолданылатын тауарларды өндіруге байланысты. Мұндай
тауарларды өндіру халықтың материалдық және
әлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз етуге жағдай
жасайды.
Осындай тұрақты
дамуға қол жеткізудің бірден бір жолы жел, күн немесе
су энергиялары секілді баламалы немесе жаңартылған энергия
көздерін пайдалану.
Энергия – дүниежүзілік
экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі.
Соңғы кездері, баламалы энергия көздері әлемдік
деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда.
Атмосфераға үлкен көлемде зиянды газдардың
бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да
қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия
көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық
қалпын өзгертпейді. Дәл осы қасиеттер,
жаңартылған энергия көздерінің шетелде өркендеуінің
және жақын онжылдықта оптимистік болжамның
қалыптасуына ұйытқы болды. Қазақстан сол
болашақты сақтау үшін энергияның баламалы
түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді
залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы
қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан
сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынбақ [1].
Жаңартылған
энергияның шексіз қорын пайдалана отырып, Қазақстан тек
қана тұрақты дамып қоймай, қымбат тұтыну
тауары болып табылатын бағалы электроэнергия өндірісімен шектелмей,
құрылыс, электротехника, машина өнеркәсібі мен
энергетика саласында тұрақты және жоғары білікті
жұмыс орындарын аша алады.
Қазақстанның
энергия қоры көздері
мол болуымен қатар, жаңартылған және
баламалы энергия көздерін
өндіруге мол әлеуеті
бар.
Жаңартылған
энергияны қолжетімді бағамен жаппай өндіру кезінде энергияның бұл түрін тұрақты түрде арзан бағаға сату, елдің экономикалық-әлеуметтік
дамуына оң пайдасын көру, өндірісте жаңа жұмыс орындарын ашу, қоршаған ортаны таза сақтау мен жаңартылмайтын энергия көздерін
келер ұрпаққа
қалдыру секілді пайдалары болмақ.
Сонымен
қатар, Қазақстан
бәсекеге қабілетті
салаларында мамандануы маңызды энергия өндірісін халықаралық және
еңбектің салалық түрлерінде
ең көп сұранысқа ие болатын тауарларды өндіруге жол ашады.
Қазақстанның
халықаралық бәсекеге
қабілеттігін қамтамасыз
ететін тек қазба
байлықтары ғана
емес, сонымен қатар сарқылмайтын
энергия көздері де. Гарвард университетінің
профессоры
Майкл Потердің сараптамасына
сүйенсек, әлемдік бәсекеге
қабілеттіліктің негізінде
мыналар жатыр:1. жағдай; 2. нарық; 3. көмекші
салалар байланысы;; 4. тұрақты
бәсекелестікке
жету стратегиясы мен құрылымы
Ғалымның
сараптамасына қарасақ,
Қазақстанда
жасыл экономиканың әлемдік жобасын дайындаудың
ғылыми жобалау кезеңінен бастап, тәжірибелік
жұмыс пен құрылыс
және қолданысқа
енгізу кезеңінің
барлығына мүмкіндік
бар.
«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының
нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның
баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен
желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз.
Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050
жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын
түрлерін қоса алғандағы барлық энергия
тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің
дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда
тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс».
Оның ішінде баламалы және жаңартылған энергетиканы
пайдалану кезіндегі пайда болатын қоғамдық қатынастарды
құқықтық реттеу аса маңызды орын алып отыр.
Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ)
мүше мемлекеттердің және мүдделі ұйымдардың
қолдауымен ЮНЕСКО-ның бастамасымен 90-шы жылдардан бастап
энергияның жаңа түрлерін кеңінен пайдалану идеяларын
алға шығарудың шаралары қолға алынып келеді.
Баламалы энергетика — энергияны
дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, күннен, геотермиялық
көздерден әрқалай температураны
және т.б. пайдалану арқылы алу. Оған энергияның аралас
көздері де енеді. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда
қоспайды. Дәстүрлі энергетикаға қарағанда,
баламалы энергетика көздерінің бір бөлігіне экологиялық сыйысу
тән [2].
Қазіргі таңда баламалы және жаңартылған
энергетиканы пайдалану кезіндегі пайда болатын қоғамдық
қатынастар тек жел,су энергетикасының төңірегінде
ғана реттеліп жатыр. Бірақ бұл баламалы және
жаңартылған энергетиканың дамуы осымен шектеліп қалады
деген сөз емес.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика»
шеңберіндегі жаңартулар жалпы ішкі өнімді 3 пайызға
қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа
жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен
қызмет көрсетулердің жаңа салаларын
қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру
стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Энергияның
баламалы көздеріне тезірек көшудің әлеуметтік
артықшылығы сол, энергияның дәстүрлі
көздері шектеулі әрі сарқылып келе жатқан
жағдайда, халықтың саны мен тығыздығы ұдайы
өсу үстінде, ал бұл энергияға сұранысты арттырып
келеді.
Қазіргі уақытта энергетика саласында елімізде қажетті
нормативтік-құқықтық база жасалған:
заңдар қабылданды, бұдан басқа, ҚР
Үкіметінің 12 қаулысы бекітілді, ИЖТМ-нің (МИНТ) 4
бұйрығы шығарылды, 2012-2015 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасында энергия тиімділігін арттыру
жөніндегі Кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Кешенді жоспардың
ауқымында облыстарда, Астана және Алматы қалаларында,
салалық мемлекеттік органдарда (Көлік және
коммуникациялар министрлігінде (ККМ),
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінде (ҚТКШІА), Денсаулық сақтау
министрлігінде (ДМ), Ауыл шаруашылығы министрлігінде (АШМ), Білім
және ғылым министрлігінде (БҒМ) кешенді жоспарлар
әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, өнеркәсіпте
техникалық реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс
жалғасуда.
Осыған байланысты «Жасыл
экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама үш
кезеңмен іске асырылады:
2013-2020 жж. – осы кезеңде мемлекеттің
негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және
табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру,
сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру болады;
2020-2030 жж. – қалыптасқан «жасыл»
инфрақұрылым базасында суды ұқыпты пайдалануға,
жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға
және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ
құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары
стандарттарының базасында салуға бағдарланған
ұлттық экономиканы жаңарту басталады;
2030-2050 жж. – ұлттық
экономиканың табиғи ресурстардың жаңартылуы мен
орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін
«үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын
қағидаттарға көшуі.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан
салынған объектілер, сондай-ақ пайдалануға берілу мерзіміне
қарамастан, қайта жаңартылған объектілер кернеу класына
немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу
тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін энергия беруші ұйымның
электр немесе жылу желілерінің ең жақын нүктесіне
қосылады [3].
Қазақстан Республикасы
бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр
желілеріне электр энергиясын беру-тұтынудың тәуліктік
диспетчерлік кестелерін қалыптастыру кезінде жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын беру оларға
басым тәртіппен қосылады.
Жаңартылатын
энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу үшін
қажетті энергия беруші ұйымдардың қолданыстағы
электр және жылу желілерін кеңейтуді және реконструкциялауды
энергия беруші ұйым тиісті шығындарды Қазақстан Республикасының
табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымның тарифтеріне
қоса отырып, жүзеге асырады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы энергияның жпңарталған
қайнар көздерін
қолдануды дамыту әлі
де бастапқы сатыда. Алайда,мемлекеттің зор потенциалын ескере
отырып, күн сайын энергетиканың осы секторына инвестициялар потенциалды жағымды
және пайдалы болып табылады.
Кез келген заң жобасын құрастыру мен
қабылдауға оған Концепция құрастыру мен
қабылдау негіз болады. Алайда, концепцияда негіз салушы деп саналатын
идеялар, яғни, бағыттар мен мүдделер қабылданған Заң
нормаларында көрініс таппайды. Осы жағдай келесідей әр түрлі
факторлар нәтижесінде қалыптасады: заң жобасын
құрастыру мен қабылдаудың аз мерзімі, заң жобасының текстін әр
түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен
құрылымдармен міндетті
келістіру процедурасы; заң жобасының жұмыс тобының
құрамын өзгерту және т.б.
Концепцияда бекітілген ережелердің заң жобасымен, тікелей сол заң жобасының нормаларымен сәйкестігінің
құқықтық механизмін қарастыру қажет.
Осылай, «Энергожабдықтау мен энергосақтауды жоғарылату
туралыә заң жобасының
Концепциясының негізгі идеясы
энергосақтауды жоғарылату, энергожабдықтауды
ынталандырудың нәтижелі
жүйесін құрастыру болып табылады, бірақ, заң жобасының шығау кезінде
негізгі, түйінді ережелерінен нормалардың ешқайсысы
қалмады.
Бүгінгі күні Қазақстанмен
жарияланған
жаңартылған энергия қайнар көздерін қолдануды ынталандыру пиғыл туралы декларация ретінде
байқалады. Алайда, маңызды
сала - өндірілген энергияны сату
саласындағы қатынастарды реттеу үшін бірқатар елеулі жеңілдіктер
қарастырылады, олар болашақта
жаңартылған энергия көздерін қолдану бойынша
жобаларды инвесторлар үшін қызықтыратындай жасады.
Жаңартылған энергия көздерін дамытуды, энергосақтау мен
энергонәтижелілікті жоғарылатуды ынталандыру үшін байыпты
заңнамалық жұмыстар жүргізу қажеттілігі
анық. Осындай жобаларды жүзеге асыру шегінде
ұсынылатын сәйкес салық және кеден жеңілдіктерді
заңнамалық бекітілу қажет.
Энергонәтижелікті жоғарылату пен жаңартылған
энергия көздерін дамыту үшін
келесілерге қатысты құқықтық
нормаларды қарастыру қажет:
-
кредиттаудың арнайы
құралдары (жаңартылған фондтар, кредиттік
түзулер);
-
үшінші тұлғалармен
қаржыландыру;
-
инвестициялық қызмет
үшін салық жеңілдіктері;
-
- энергетикалық сертификацияны
әмбебап қолдану;
-
ақпараттандыру, білім беруге
қатысты бағдарламалар мен компаниялардың болуы [4].
Қазіргі таңда Қазақстанның экологиялық
мәселелерін шешу мен электроэнергетиканы дамытудың басты
бағыттарының бірі жаңартылған энергия ресурстарын
пайдалану мен энерго-ресурстарды сақтау бағдарламаларын
жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстанда жаңартылған энергетика
ресурстарының (су энергиясы, жел
және жарық энергиясы) потенциалы аса маңызды. Бірақ,
осыған қарамастан, Қазақстандағы баламалы энергияны жасау проценті жалпы көлемнен тек 0,4%
құрайды.
Қазақстан аумағы үшін жаңартылған энергия
көздерінің келесі түрлері ғана перспективті болып
табылады: кіші гидростанциялар, жылу және электр энергиясының
өндірісі үшін жарық қондырғылары.
Әлемде жаңартылған энергия көздерінің
динамикалық дамушы түрлерінің бірі жел энергетикасы болып
табылады. Географиялық және метеорологиялық
көзқарастан Қазақстан
жел энергетикасын ірі
ауқымды қолдану үшін ең жағымды мемлекет болып
табылады.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы
мемлекеттік реттеу экономиканың энергия сыйымдылығы мен электр
және жылу энергияларын өндіру секторының қоршаған
ортаға әсерін азайту және Қазақстан Республикасындағы
электр және жылу энергиясы өндірісінде жаңартылатын энергия
көздерін ұлғайту үшін жаңартылатын энергия
көздерін пайдалана отырып, электр және жылу энергиясы
өндірісіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге
асырылады.
Менім ойымша, заңнамалық
базаны жасау ҚР-дағы баламалы энергетиканы дамытудың
қанағаттанарлық факторы болып табылады. Мәселен, осы
энергияны тәуелсіз өндірушілердің энергиямен
жабдықтаушы ұйымдар желісіне қосу құқын
айқындайтын,энергия беретін қондырғыларды
қолданудың құқықтық негізі жасалынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Германович
В., Турилин А. Альтернативные источники энергии. Практические конструкции по
использованию энергии ветра, солнца, воды, земли, биомассы. М.: Наука и
Техника, 2011.
2. Л.С.
Юдасин, "Энергетика: проблемы и надежды", М.,
"Просвещение", 1990.
3.
Жарков
C.B. Как оценить эффективность энергоснабжения // Энергетик. 2008. № 8. С. 4-9.
4.
Андриежиевский A.A. Володин В.И. Энергосбережение и энергетический
менеджмент: учеб. пособие. 2-е изд., испр. Мн.:
Высшая школа, 2005. 294 с.