ҚР сақтандыру ұйымдарының Заманауи кезеңдегі рөлі

Базылжанова А.С., э.м., Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті

Искакова С.М., м.м., Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті

Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандырудың нарықтық экономика жағдайында оның қызметтерінің  дамуынан мемлекеттің қауіпсіздігі мен оның саяси тұрақтылығы тәуелді. Сондықтан сақтандырудың  экономикалық мазмұны, нарықтық экономика жағдайында оның қызметтерінің дамуы өзекті мәселе болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Көптеген мемлекеттерде қызмет ететін және әлеуметтік қорғаудың ең тиімді жолы сақтандыру болып табылады. Міндетті және ерікті сақтандыру үйлесімі негізінде сақтандыру нарығының дамуы әлеуметтік қорғаудың сенімді жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Әсіресе ол белгілі жағдайларда қызметкердің әлеуметтік және материалдық өзгерістеріне қарсы тұра алу мүмкіндігін береді.

Сақтандыру компанияларының қызметі кәсіпкерлік түрлерінен едәуір ерекшеленеді, тек шаруашылық субъектілердің тәуекелдерін өз мойнына алумен ғана емес, сонымен қатар оларды дұрыс бағалау және басқару қабілеттілігімен. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымын келесі 1 кестеде көруге болады.

1 кесте

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы

 

Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы

2011

2012

2013

Ауытқуы

Сақтандыру ұйымдарының саны

40

38

35

5

оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша

7

7

7

-

Сақтандыру брокерлерінің саны

13

14

13

1

Актуарийлердің саны

70

85

82

12

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болып

табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны

27

33

31

4

 

     2011-2013 жылдар аралығында актуарийлер саны 12 актуарийге артты, ал «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» саны 4 болды. Бұл көрсеткіштерге сүйене отырып Қазақстанда сақтандыру жағдайларының көп болғанын түсінуге болады. Отандық сақтандыру ұйымдарының шоғырландыру деңгейін талдай отыра, Қазақстан нарығында 13 сақтандыру брокерлері қызмет атқаратынын атап өту керек. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін қамтиды.

Жалпы Қазақстанда сақтандырудың дамуына кедергі болып тұрған көптеген мәселелер бар. Олардың қатарына: тұрғын халықтың сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейде болуы, сақтандыру компанияларының төмен капитализациялануы, сақтандыру нарығы қомақты мүліктік тәуекелділдікті қабылдауға дайын емес және жарты сыйақысын шетелге  қайта сақтандыруға жібереуі жатады.

Сақтандыру нарығы дамыған мемлекеттерде сактандырушылар ең негізгі және ірі инвестициялаушылар болып табылады. Сондықтан кейбір шет мемлекеттерінің экономистері сақтандыру компаниясын «институтционалды инвесторлар немесе банктік емес қаржы делдалдары ретінде қарастырады және олардың қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде негізгі қызметі сақтандыру арқылы ссудалық капиталды мобилизациялау сонымен қатар мұндағы сақтандыру қызметі жанама қызмет ретінде карастырылады.

АҚШ мемлекетінде соңғы он жыл ішінде ақша жинақтарын аккумуляциялаудың басты формасы сақтандыру компаниясы мен зейнетақы қорларына салым ретінде салу болып табылады. Бұлар өз кезігінде жинақтау салымдары секілді халықтан ақша қаражаттарын жинақтаудың тұрақты формасын құрады Сонымен қатар сақтандыру жүйесі мен зейнетақы қоры арқылы капиталды аккумуляциялау зейнетақы қызметінен қалыспайды.

Сонымен қорыта айтқанда, сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үрдістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1                   К.Қ.Жүйріков Қазақстандағы сақтандыру: күрделі мәселелер мен дамудың болашағы. - Алматы 1994.

2                   М.Спанкулов Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі: жағдайы және жетілдіру жолдары //ҚазҰУ хабаршысы. 2009. - №5.