БОЛАШАҚ  МҰҒАЛІМДЕРГЕ ӘДЕП ТӘРБИЕСІН  БЕРУДЕГІ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Болашақ мұғалімнің әдеп тәрбиесіне дайындығы оқу материалын шығармашыл машықтану мәселелері түрінде құрылған арнайы жасалған педагогикалық жағдайлардың көмегімен ерекше ұйымдастыру қажет болған мақсат бағыттылы оқытудың нәтижесінде қол жеткізіледі. Шығармашылық мәселелердің көмегімен болашақ мұғалімінің кәсіби  дайындығына зерттелетін бағыттың мәнін сипаттайтын психологиялық-педагогикалық көрсеткіштер дамытылады. Педагогикалық мәселелердің мазмұнды сипаты педагогтың әдеп тәрбиесі қызметінің құрылымдық компоненттерінің, яғни ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, зерттеушілік іс әрекеттерді меңгеру процесінің жетекші элементтерінің интеграциясын қарастырады. Жалпы, шығармашыл - педагогикалық мәселелер мұғалімнің тәрбие қызметінің әртүрлерін біріктіруде шығармашыл процестің мәселесін білдіреді және өзінің күрделі қосындысы мен жасалуында өзгергіштігі мен қимылдағыштығымен ерекшеленетін механизмдердің үзілмес сабағын көрсететін элемент болып табылады, олар оқу - әдістемелік процесті құрудың, шығармашыл бастамашылық пен дербестікті дамытудың логикасымен айқындалады.

Педагогикалық процестің ерекшелігі бәрінін бұрын болашақ маманның шығармашыл бағыттылығын барлап, әдеп тәрбиесіндегі - педагогикалық өмір шындығының нақты жәйттерін модельдеу болып табылады. Олар болашақ мұғалімдердің кәсіби  дайындығы процесінде алуан түрлі оқу-педагогикалық формаларда, лекцияларда, семинар - машақтану дәрістерінде, педагогикалық машықтану процесінде, өзіндік бағыттылықтарымен ерекшелене отырып, қолданыла алады. Лекцияларда, студенттің жеке тұлғасының шығармашыл жақтары белсенділік таныта отырып, ілімдік жағдайларда өзіндік иллюстрациялар түрінде көріне алады, семинар - машықтану дәрістерінде әдеп тәрбие ісінде қолданудың педагогикалық жәйттерін талдауы бойынша пікірталастар мен талқылаулар үшін негіз ретінде қызмет атқарады, педагогикалық тәжірибеде студенттерді белгілі бір пәнінің сабақтарында немесе оларды талқылау дайындығы процесінде пайдалыныңады.

Педагогикалық жәйттердің өнімділігі көбінесе оның қатысушыларына бағынышты болады. Оқушылар мен педагогтардың мүмкіндіктері, олардың білімдері, машықтану тәжірибесі және жеке тұлғалық қасиеттері талдануы тиіс. Жәйттер қатысушыларының мүмкіндіктерімен мақсат ара-қатынаста болады. Жәйттің сабақтағы орны мен оның ұзақтылығына да көп нәрсе тәуелді болады.

Педагогикалық жағдайларды жасау кезіндегі негізгі ережелер (В.С.Безрукова пікірі бойынша):

-тәрбиеленушіге зиян тигізбеңіздер жеке тұлғаның, қарым-қатынастардың көлеңкелі қасиеттерін тудыруды болдырмау; позитивті, тәрбиеленушіге қарай бейімделген тәрбиелік қарым-қатынастарды жасау;

-тәрбиеленушінің әрбір қадамын, ойын, сезімі қатаң жобаланбайды, оқушының өзіне мәселелердің жартысын шешуге мүмкіндік беріп оны дербес болу құқығын өзіне қалдыра отырып, «ашық зоналар» қалдыру болып табылады.

Проблемалы жәйттерді жобалау үшін олардың типтерін білу керек (М.И.Махмутова бойынша)

Бірінші - оқушыларда жаңа фактіні түсіндіру үшін білімдерінің жеткіліксіздігі немесе білімінің мүлдем жоқтығына құрылған проблемалық жәйттер;

Екінші - бұрыннан алынған білімдерді жаңа жағдайларда қолданылатын жәйттер;

Үшінші - мәселені шешудің теориялық мүмкін жолы мен таңдалған тәсілдің тәжірибелік жүзеге асырыла алмауы арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу бойынша жағдаяттар;

Төртінші - оқушылардың білімсіздігі мен оны теориялық бекіту үшін тәжірибеде орындаудың қол жетерлік тәсілі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу бойынша жәйттер;

Педагогикалық мәселелерді шешуде оқытушы, болашақ мұғалімдерге мәселені қоя отырып, алғашқы кезде оны өзі шешеді, олардың алдына ізденімпаз. шығармашыл қызметтің эталоның көрсете отырып , осыдан кейін оларға проблемалық мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық жәйттерді құрағанда жүйелі әдіс керек. Жеке жәйттер емес. педагогикалық процесті байытатын және жақсартатын жәйттер топтамасын жасау керек.

Әдеп тәрбиесінің мұғалімінің іс әрекеттері күрделі және көп қырлы. Әдеп тәрбиесінің мұғалімі ескелен ұрпақтың рухани әлемін байытуға, оларда соншалықты маңызды адамгершілік-эстетикалық көз қарастарды, сезімдерді қалыптастыруға және дамытуға, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің жетістіктерін тануға қызығушылықты, қажеттілікті баулуға міндетті.

Қызмет теориясының жалпы заңдылықтарына бағындырылған қазақ салт дәстүрінен білім берудің өзіндік ерекшелігін сипаттылығын көрсете отырып, педагогикалық қызметтің өзіндік ерекшелігі психологиялық-педогогикалық, жалпы ғылымдық, әдістемелік білімдер, іскерліктер мен дағдыларды жалпы педагогикалық қабілеттіліктердің жетекші ролінде біріктіретін, оның педагогикалық мәселелерін негізінен кәсіби оқыту құралдарымен шешеді, осыған орай мұндай қызмет құрылымы жағынан көп қырлы және өзіне «педагогикалық, өнертанымдық мәдениеттанымдық, орындаушылық, зерттеушілік білімдерін өз бетінше кеңейту және зерттеу дағдысына негізделген іс әрекетті біріктіреді».

Әдеп тәрбиесінің болашақ мұғалімі жалпы кәсіби дайындықтың процесінде тек ғана қажетті кәсіби білімдер, іскерліктер мен дағдыларды менгеріп қана қоймай, Сонымен бірге, оларды үйрену жолдарын, заңдарды педагогикалық өмірдің құбылыстарға, диалектикалық ойлауды және өзінің кәсіби қызметінің ілімі мен машықтану әдістерін менгеруді. Осындай себептерге байланысты адамгершілік, эстетикалық тәрбиеңі өмірдегі көркем шығармашылық іс-әрекеттең бөліп қарамай, оны қоршаған ортамен тығыз байланыстырғанда ғана ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық патриоттық тәрбие сияқты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік туады.

Әдеп тәрбиесін беру теориясын шетел психолог - педагогтары Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, Д.С.Лихачев. С.Т.Шацкий, Л.С.Выготский. СЛ.Рубинштейн еңбектерінде табиғатты, қоршаған ортаны, қоғамдық ортаны өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың ақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігін зерттеген.

Қазақтың ағартушы, қоғам қайраткерлері Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов өз еңбектерінде халық мұрасындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелерін қарастырған. Қазақ халқының көркем мәдениетін талдауға этнограф, тарихшы, философ Ә.Х.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Ә.Тәжімұратов, М.Мұқанов, Қ.Әмірғазин т.б. ғалымдар айтарлықтай үлестерін қосты.

Біз өз зерттеулерімізде осы авторлар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ халқынын әдеп тәрбиесі үлгілерін пайдалана отырып, соның негізінде болашақ мұғалімдердің мектептегі әдеп тәрбиесі жұмыстарын жүргізуге даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктеріне мазмұндық сипаттама беруге талпындық. Жалпы педагогикалық процесте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады.

Бұл процесс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болумен оқу процесіне де, даму процесіне жаңаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу процесінің субъектілері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие процесінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші. Мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.

Бүгінгі таңда педагог - ғалымдардың, болашақ мұғалімдердің мектептегі әдеп тәрбиесі жұмысын жүргізуге даярлығын қалыптастыру мәселесінде қазақтың әдеп тәрбиесі үлгілерін қолдану жөніндегі зерттеу еңбектері жоқ екендігі анықталды. Әдеп тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие бір бірімен тығыз байланысты. Оларды тану әдіснамалық тұрғыдан бір біріне ұқсастықтарымен, қабылдау сезім қасиеттеріне негізделгендігімен сипатталады.

Біздің ойымызша, әдеп дегеніміз - адам сана-сезіміне, қоғамдағы адамдардың қарым қатынастарының принциптері мен нормаларына негізделген, тәжірибелік мәнділігін түйсінуден және оны танып-білуден, одан әрі жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұрған ортаның, кезеңнің жаңа қоғамның сұранысына орай өмір сүруге ықпал ететін оң іс әрекеттердін әдіс-тәсілдерінін жиынтығы жатады. Мұның бәрі сайып келгенде, жеке тұлғаны қалыптастырады, білім береді, тәрбиелейді, дамытады. Қазақтың әдеп тәрбие үлгілері негізінде болашақ мұғалімдердің мектептің тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті әдептілік көзқарастарын қалыптастыру сияқты, сезім, таным, қабылдау, баға беру, әдеп тәрбиесінің педагогикалық білімі мен іскерліктері даярлық қасиеттерін қамтиды.

Осы аталғандар әдеп тәрбиесінің барлық саласын қамти отырып, жеке тұлға болмысының адамгершілік, эстетикалық қасиеттерімен тығыз байланыста дамиды.

Сондықтан болашақ мұғалімдердің мектептің тәрбие жұмысын жүргізуге даярлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін оның сана-сезіміндегі Отанына, туған жеріне, еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін қастерлеуге, ынтымақтастық, бірлік, еркіндік, ұйымшылдық, татулық, ізгілік, инабаттылық, адамгершілік, кішіпейілділік, батылдық сияқты өлшемдер бойынша сұрыптауға тырыстық.

Бүгінде жоғары оқу орындарында жеке тұлғаның ақыл - ойы, сана - сезімін жетілдіру мен әдеп тәрбиесін беруде тәрбие ұғымдарының мәні зор. Ал бұл болашақ ұстаздардың даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық шарттарын зерттеуді алға тартады.

1 .Жеке тұлғаның әдебі қоршаған ортадан, адам іс әрекеті мен мінез құлық сұлулығынан ләззат алу арқылы оны сезінуге, оң әдепті теріс әдеттерден ажырата білуге, яғни оң әдеп үлгілерін қабылдауға, түсінуге талпындыра отырып қалыптастырады.

2.Болашақ мұғалімдердің мектептің әдеп тәрбиесі жұмыcын жүргізуге кәсіби  даярлығын қалыптастыру барысында, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтеретіні сөзсіз.

Демек, қазақтың әдеп тәрбиесінің түркі әлеміндегі, қазақы дүниетанымындағы өмірдің әр қырын анықтайды. Отан, туған ел, кең байтақ жер, атамекен, әдептілік, көргенділік, кішіпейілділік мәнін білдірсе, этномәдени тұрғыда бұл ұғымдар ұлттық, өркениетті дәстүрлер мен ұлттық дүние танымды айқындайды. Осыдан тек философиялық, этномәдени қатегориялардың қызметі ғана емес, тәрбиелік, соның ішінде оқушыларға әдеп тәрбиесін беру қызметі де ерекше екендігі белгілі.

Біріншіден, қазақ халқынын әдебінен адамның ішкі тылсым сыры ұғылады. Екіншіден, мерзім арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, әдеп іс әрекеттері бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт әдебі", "ата әдебі", "ел мен жерге байланысты әдептер", "аталардың дәстүрлі әдебі" ұғымдарын қалыптастырады. Нәтижесінде жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, төл мәдениеті әдеп жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл - ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық тәрбиесі, сана - сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аяулы көзқарастары қалыптасады.

Қазақтың әдеп тәрбиесі дегеніміз - қазақ халқының әдептілік қасиеттерін бойына сіңірген халықтың әдеп іс тәжірибесінің негізіндегі дүниетаным.

Қазақ әдеп тәрбиесі арқылы болашақ мұғалімдердің тәрбие жұмысын жүргізуге даярлығын қалыптастыру, болашақ мұғалімдерді даярлауда, әдеп тәрбиесі саласындағы біліктіліктері мен тәжірибелері, әдіс - тәсілдерімен, жұмыс түрлері маңызды рөл атқарып, педагогикалық шарттарымен жете танысу, төмендегідей нақты функцияларды жүзеге асырады:

1.Танымдық. Қазақтың әдеп тәрбиесі жастардың әдептілік іс әрекеттерінің мән-мағанасын ашып, рухани даму   негізін түсіңдіреді.

2. Тәрбиелік. Жеке тұлғаның әдептілік қасиеттерінің негізін, Отанға, туған жерге деген рухани көзқарасын қалыптастырады және оны әдептілік іс әрекеттерге талпындырады.

3.Дамытушылық. Жеке тұлғаның ұлттық дүниетанымдық көзқарастарын, этномәдени  құндылықтарды қабылдап, бағыттай білу қабілеттерін қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау ерекшеліктерін дамытады. Қазақтың әдеп үлгілеріне деген қызығушылықтарын арттырады.

4. Шығармашылық-ізденушілік. Қазақтың әдеп үлгілеріне терең зерттеуге, болашақ мұғалімдердің әдеп тәрбиесі жұмысын жүргізуге даярлығын қалыптастыруда, ғылыми - әдістемелік       зерттеу  жұмыстарын (курстық, дипломдық шығармашылықпен пайдалануға септігін тигізеді.

Бұл функциялар жоғары оқу орындарындағы, әдеп үлгілерінен білім алатын студенттерге білім мен тәрбиеге негізделген жалпы кәсіби дидактикалық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Болашақ мұғалімдерінің кәсіби теориялық. практикалық даярлығына қажетті әдеп тәрбиесінің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғымдарды пайдалану деңгейі талданды.

Бірқатар ғылыми ізденістер нәтижелеріне сүйене отырып, біз әдеп үлгілері тәрбие беру жолдарын айқындауға ұмтылдық.

Ғылыми зерттеу барысында қазіргі жаңару уақытында маманның калыптасуы мен кәсіпкерлігіне, кәсіби  мектептің рөлі туралы еңбектерге баса назар аударылады.

Болашақ мұғалімдердің қазақ ұлттық әдеп тәрбиесі үлгілері арқылы тәрбие жұмысын жүргізуге даярлығын тұлға ретінде қалыптастыру мәселесі бойынша нақты іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби  қасиеттері танытады.