П.ғ.к Өтебаев И.С., Құттыбаева Г.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ҮЙІРМЕ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ

ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕЛІК РОЛІ

 

Қазақстан мектептері өз жылнамасында қайта құру, жаңарту тәрізді сан алуан кезеңдерді бастан өткізді. Ұзақ уақыт бағдары басқаша болған педагогтар мен мектеп тәрбиешілері және жоғарғы оқу орындары үшін жұмыс күрделі болды, еңбек пәні сабақтарында ескі жүйе жұмыс істемей, бүгінгі білім беру мен тәрбие жұмысы жаңа бағдарлануды талап етті. Барлық жалпы білім беру жүйесі қоғамдық дамудың қисынына байланысты еңбек сабағы «Технология» пәні болып өзгертіліп бұрынғыдан гөрі басқаша принципке әкелді. Еңбек саласындағы білім беру мен оған жастарды тәрбиелеу міндеттері оны түбегейлі жақсартудың қажеттілігін туғызды. Әсіресе дәстүрлі қолданбалы қолөнерін технология пәніне ендіру мәселесі кең өріс алды. Бұл процесс оқушыларды тек еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар эстетикалық және патриоттық тәрбие жүйесін кең көлемді қамтуға жол ашты. Осыған орай, технология сабағындағы жаңа білім жүйесі оқушыларға жаңа білім әлемін ашуға мүмкіндік береді. Өнер саласындағы жастар қазіргі кезеңнің тұрақсыздығын, әлеуметтік-экономикалық және басқа салалардағы дағдарысты, алыпсатарлық пен көлеңкелі экономиканың үстемділігін сезініп отыр. Осының бәрі жинақтала келіп әсіресе қолөнер жолындағы еңбек күші, оның құндылығы өз деңгейінде бағаланбағандықтан жастарда жағымсыз көңіл күйлер қалыптастырады. Қазіргі кезде жастар арасында оқуға, еңбекке деген кызығушылықтың төмендегені, рухани жұтаңдықтың пайда болғандығы, қарапайым қасиеттердің кездеспейтіндігі байқалады. Еңбек сабағындағы білім беру мен тәрбие саласында жаңа міндеттерді қойғанда, жеке адамды қалыптастыруда ерекше маңызы бар қоғамдық орта, отбасы, мектеп, жоғары оқу орнын байланыстыра қарастыру керек екені айқын. Жалпы білім берудегі технология пәні оқу орындарында нақты педагогтік жаңа жобаларды, еңбек тәрбиесінде белгілі бір салаға бағыттаудағы және шешудегі негізгі тірек болып табылады. Өнер тарихы арқылы жастарды тәрбиелеуде де, оқушыларға тарихи шындықты жеткізу де өте маңызды мәселе. Аса маңызды міндеттің бірі – білім берудің әлемдік стандарты мен жастарды тәрбиелеу ісінде ғылыми, мәдени, құқықтың өмірдің салауатты көрінісін қамтыған және игерген бағдар деп айтуға болады [1]. Еңбек тәрбиесінің жалпы негізі қандай да нақты идеология емес, жалпы адамгершілік құндылықтар болуы керек. Осыған байланысты білім беру мен еңбек тәрбие ісіндегі қоғамтану, оның гуманитарлық пәндермен байланысын, рөлін арттыру өте қажет. Бұл пәндер байланысы жастардың жеке тұлға ретіндегі азаматтық қалыптасудағы тәрбие өзегі болуға тиіс. Тек қана білім беру ісімен шектелмейтін, оның мектептен тыс, үзілісте сабақтан тыс жүзеге асырылатынын ұмытпағанымыз абзал. Біздің жалпы мектептегі еңбек пәні, сабақтан тыс уақыттағы еңбек етуге ұмтылу ісіміздің міндеті баланың, адамның тұлғалық басымдығы танылатын гуманистік жүйеге тоғысуы тиіс. Еңбек тәрбиесі мен білім берудің барлық аспектілері, адамдардың тұрақтылығы, бейбітшілік пен тәртіпті сақтауға деген ұмтылысын қалыптастыру керек. Адамға қажетті барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу заманға сай мектептер, жоғарғы оқу орындары мен басқа да барлық оқу орындарының оқыту мен тәрбие жұмысындағы басты міндеті болып табылады. Еңбек тәрбиесі қоғамдық өмірмен қарым-қатынастағы тұлғаны қамтамасыз етудегі әдіс ретінде қарастырылу қажет. Ол нақты тарихи жағдайда қоғамдық қатынастар қалыптастырған белгілі бейненің нәтижесінде және қоғам өмірінің образында жүзеге асады.

Қазіргі білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсатының бірі - ұлттық тәрбие беру моделін жасау. Соңғы жылдары республикамыздың мектептерінде ұлттық тәрбие беру, халықтық педагогикадағы ұлттық салт-дәстүрлердің негізінде оқыту-тәрбиелеу «Мұрагер», «Атамекен», «Дәстүр», «Кәусар бұлақ», т.б. бағдарламалары бойынша біршама жүргізілуде. Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары білімді, жан-жақты оқушы даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда, оқушыларға білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып, білім беру үлкен маңызға ие. Қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылықты ойлауға дүниетанымдық мәдениеті жетілдірілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыруға бағыттау керек.

Сонымен, өндірістің әр саласында ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды тез игеріп, икемделетін мамандарды әр түрлі сипаттағы кәсіби, қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени қызметкер етіп даярлау - бүгінгі таңда басты міндеттің бірі.

Қазақстан Республикасы білім беру саласында жүргізіп жатқан реформасының жоғары стратегиясының мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейі қызмет атқара алатын дүниетану мәдениеті дүние мен этикалық қатынастағы жауапкершілігі зор адамды тәрбиелеу. Негізінен оқушыларға технология сабағында қолданбалы өнер кең ауқымды түрде оқытуда көзделетін негізгі мақсат өзіміздің күнделікті жұмысымызда қолданылып жүрген бұйымдардың қыр-сырына қандырып, қолданбалы өнер туралы талғамын дамытуға және практикалық білімі мен көркемдік түйсінуін үйлесімді түрде бірі-бірімен ұштастыра білуге үйрету.

«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі мәселелік тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.

Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасыңдағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатта: баланы еңбек етуге, қабілет, икем дағдысын дамытуға немесе сол негізде оның бойында халықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған. Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл бөліп, оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында «XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Сондықтанда біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өңдірістері үшін кадр қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтіп, барлық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» - деп айтты.

Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге арналған тұжырымдамасында «мектептің мақсаты жас ұрпақты, жастарды ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның ой-өрістерінің жан-жақты дамуына жағдай жасау қажет» деп атап көрсетілген.

Бүгінде заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, пішуге үйретіп, әрі эстетикалық талғамын, көркемдік білім деңгейін көтеру, халық қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып тұрмыста сән құра білуге үйрету маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан халқы ассамблеясының республика азаматтары үндеуінде жастарды ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халықтың мәдениетін меңгерген, жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық сана-сезімі мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете алатындай білім беретін жүйесін қайта құруға бағытталған.

Қазіргі уақытта халықгың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-жағдайлардың бәрі де ұлттық психология мен көзқарастар адамның сана-сезімінің, талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне байланысты, мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» жақтары қарастырылады.

Ал «Еңбекке оқыту және тәрбиелеу» түжырымдамасында «Еңбек негіздерін мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды» - деп окушыларды мектеп қабырғасында тігуге, тоқуға, бастырмалауға және т.б. үйрету жұмыстары бағдарламаларда қамтылған.

Оқушыларға үйірме сабақтарында тұрақтылық, белсенділік, екпінді еңбек, тапқырлық және жауапкершілік тәрізді қасиеттерді қалыптастыру қажет.

Сабақтан тыс үйірме сабақтарын ұйымдастыру әдістері мен формаларын, мақсатын, міндетін, принциптерін бірқатар әдіскерлер Д.А.Тхоржевский, А.С.Лында, В.А.Поляков, А.Б.Ставыровский еңбектерінде терең зерттеген.

«Еңбек өнер өрісі, өнер өмір жемісі» - деп халық мәтелі бекер айтылмаған, қазақ халқының ұлттық өнерін көптеген академиктер көрсете білген. Мысалы, С.Тәжімұратов, А.Х.Марғұлан, А.Ғ.Алмабекова, С.Қасымов және т.б. Бұлар өз кітаптарын қазақ халқының ою-өрнегі мен сәндік-қолданбалы өнерін шығу тегіне арналған. Халық арасынан шыққан дарынды, талантты шеберлердің есімдері халық жағынан да осы уақытқа дейін сақталған.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге өндірістің әртүрлі салаларындағы техникалық шығармашылықтың экономикалық және әлеуметтік мәні өсуде, техника мен технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін қолданып, халық шаруашылығын өркендетудің қажеттілігі сезілуде. Осы кездегі қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін өсіп келе жатқан ұрпағымыздың білімі мен ойлау қабілетінің деңгейі ғылыми-техникалық прогрестің сұранысына сай болуға тиіс. Болашақ өндіріс мамандары қазіргі техника мен қолданыстағы технологияны ғана емес, сонымен қатар өздерінің қатысуымен келешекте жаңадан пайда болатындарын да үтымды және тез игере алатын болуы керек. Сол себепті, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы – қоғамымызды қайта құру жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Е.А.Глинская мен А.К.Наймушин, И.И.Литвин, Я.А.Шахова т.б. өз еңбектерінде тігін тігудің технологиясы, оның ішінде ең негізгі түрлері, түрлі қарапайым бұйымды тігу, адамның өлшемдерін алу, пішу технологиясын модельдеу жолдарын көрсеткен.

Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу жайында әдістемешілер мен ұстаздардың тәжірибелерінен, мысалы Р.Әлімқұлова, Р.Алпысбаева, Р.Ізтілеуов, Д.Төлеубекова, Қ.Қайым, К.Жүнісова т.б. журналдарда беріліп жүр.

Жалпы өнер шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемді эстетикалық маңызды тәсілінің бірі болып саналатын қоғамдық сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті. Сонымен қатар, технология пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда: дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интерактивті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрі, рухани-мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу сияқты ұстанымдарды басшылыққа алады.

Оның ішіндегі ұлттық қолөнер – адамның тұрмыстық қажеттіліктеріне қызмет ететін, өміріне әсемдік әкелетін, бір мезгілде олардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын өнер түрі болып саналады. Мұғалім сабақ беруде сәндік қолданбалы өнер түрлерін таңдауға үлкен мүмкіндіктер беріледі: гобелен, ағаш ою, керамика, ши тоқу, терімен жұмыс, кесте тігу, құрақ құрау, тоқыма тоқу, киім тігу т.б. қажеттілікке қарай оқу бағдарламасын жасап сабақ өтуіне болады.

Міне, қазіргі жалпы білім беретін орта мектептердегі технолгия пәнінің сағат санын азайтуына байланысты осындай ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға арналған кейбір тақырыптарды осы үйірме сабақтарына шығару арқылы тығырықтан шығу жолдарын қарастыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995

2 Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" "Алматы кітап" 2004

3 Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002