И.С.МУРАТБАЕВА,
доцент кафедры СКТ Алматинского филиала
Санкт-Петербургского гуманитарного университета профсоюзов, кандидат
филологических наук
ТЕРМИНДЕРДІҢ БЕЙТЕРМИНДЕНУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ
Терминдердің
жалпы әдеби тілге өту жолдарының бірі – бейтерминдену үдерісі.
Терминдер терминологиялық жүйеде өз орнын жоғалтпайды,
терминологиялық сөздікте сол қалпы беріліп отырады.
Бейтерминдену дегеніміз ғылыми терминнің жалпы
қолданыстағы сөзге ауысуы, яғни терминдердің жиі
қолдану барысында мағыналарының кеңеюі, қосымша
денотативтік немесе конотативтік мағынаға ие болуы, сол
арқылы ғылыми саладан басқа өзіне тән емес
контекстерде қолданылуы. Бейтерминделген терминдердің қолдану
аясы кең, алайда публицистика мен
ауыз-екі сөйлеу саласы басым тұрады, әдебиет саласында бейне
жасауда метафоралы қолданылуы жиі кездеседі. Бейтерминделген
терминдердің жасалу дерек көздеріне көптеген авторлар
медицина, химия, техника саласын жатқызады, алайда осы
тақырыптағы материалдарға шолу жасау барысында
ғылымның барлық салаларының терминдері
транстерминологизация үдерісіне ұшырауы мүмкіндігіне ие бола
алатындығына көз жеткіземіз. Сондай-ақ, әртүрлі
ғылым саласының терминдері түрлі мақсатта немесе
түрлі функцияда қолданылатындығын байқауға
болады. Мысалы, лингвистика
саласының терминдерінің бейтерминдену үдерісі арқылы
қолданылуы қолданушының осы сөзге ерекше назар
аударатындығын көреміз, яғни қолданушы тарапынан
бейтерминделген термин сөз ақпарат алушыға ерекше әсер
қалдыру үшін пайдаланылған. «В паузах между ударами можно
было различть скрип камешков санскрита,
желтую песчаную мелодию индоевропейских
ветров, нервный колотеж настоящего и будущего...». (М.Кучерская. Тетя Мотя).
Бейтерминделген
терминдерді қолдану, бір жағынан, аталмыш сөзді
қолданушының білімді, сол сала бойынша сауатты болуын талап ететіні
сөзсіз, яғни терминнің денотативтік мағынасын білу,
терминдік анықтамасынан хабардар болу, коннотативтік мағынасын
ажырата алу сияқты талаптарды орындау. Жоғарыда көрсетілген
мысалдағы санскрит, индоевропейский
сөздері лингвистика саласы бойынша білімі жоқ адамға
түсініксіз болуы әбден мүмкін, себебі бұл терминдерді
филология мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер, осы сала
мамандары жиі қолданады. Алайда
мектеп қабырғасында білім алған адам көптеген
терминдермен таныс, яғни прозалық немесе публицистикалық,
ауыз-екі тілде қолданған бейтерминделген сөздің
мағынасын еш кедергісіз түсіне алады. «Они всего лишь люди. Бедные
люди. Пример тавтологии». (М.
Степнова. Женщины Лазаря).
Терминдер
бейтерминдену процестерінің өту барысында әртүрлі жолдар арқылы
әдеби, публицистикалық немесе жалпы ауыз-екі тілге өтуі мүмкін. Зерттеушілердің
айтуы бойынша, бейтерминдену үдерісі үш тараптан тұрады.
Бірінші жолы терминнің негізгі мағынасын жоғалтпай
ғылыми саладан басқа контексте қолданылуы, яғни терминнің
денотативтік мағынасының сақталуы және ол номитативтік
бірлік ретінде өз қызметін атқарады. «В зависимости от
особенностей истории и аудитории он перескакивал с австрийского диалекта немецкого на сносный русский».
(М.Идов). Орыс тілінде бүл тәсілді деспециализация деп атайды. Осы тәсілмен жасалған
терминдер көркем әдебиетте қарапайым сөздерді алмастыра
отырып, автордың ерекше стилін қалыптастырады,
көзқарасын айқындайды.
Бейтерминделген
терминдерді зерттеу барысында зерттеушілер осы тәсілмен жасалған
терминдердің бірнеше қызметі бар деген пікірге саяды. Бірінші
қызметі жоғарыда көрсетілгендей өз мағынасында
номинативтік функцияда қолданылуы, яғни терминнің негізгі
мағынасы сақтала отырып, қосымша, «жасырынды»
мағыналық және стиллистикалық мүмкіндіктері
кеңейіп іске асырылады.
Екінші
қызметі - бағалау қызметі, яғни термин басқа
контексте қолдану барысында автордың бағалау
тұрғысынан берген пікірін, көзқарасын білдіреді: территория-компенсация, неопределенно-личное
будущее, экономикалық террор және т.б.
Кез-келген
ойды түрлі формада, стиллистикалық тұрғыдан
әртүрлі сөздермен беруге болатындығы барлығына
мәлім, яғни
тыңдаушының ойы-санасына, пікіріне әсер ету
түрлі жолдармен іске асырылады. Бір жағынан,
құрастырылған сөйлем немесе мәтін автордың
білім деңгейін көрсетсе, екінші
жағынан, таңдалып, қолданылған сөз автор
тарапынан берілген ақпараттың әлеуметтік
мағыналылығын көтеру мақсатында пайлануы мүмкін.
Терминдерді де осы бағытта қолану тиімді тәсіл бола алады.
Көп жағдайда ана тіліндегі сөздерді ағылшын тіліндегі
сөздермен алмастыру жиі кездеседі: «Жастар флэшмоб өткізіп жатыр». «Компании смогут заработать на
сделках, если они грамотно строят свое кэш-флоу»
(Жаңалықтар материалдарынан). Шет тілінен алынған
сөздерді қолдану, бір жағынан, жаһандану мәселесіне, осыған байланысты
тілдердің жылдам таралуына, сөздердің
басқа тілге тез енуіне, яғни экстарлинвистикалық себептерге
байланысты болса, екінші жағынан, ана тілінде сол
ұғымның болмауына, яғни эквиваленттік балама сөздің
жоқтығына да байланысты болуы мүмкін.
Терминдердің
өз мағынасында жалпы қолданысқа енуі қосымша
бейне жасау, жағдайды немесе болмысты образды сипаттау қызметінде
де кездеседі. «От диллера до киллера
– один шаг». «Долой авитаминоз!». «ВИЧ не помеха!». Терминдерді осы
қызметте қолдану аталмыш жағдаятқа
оқырмандардың қызығушылығын
арттыру үшін де іске асырылуы мүмкін.
Терминдердің
кәсіби қолданыс аясынан тыс қолдануы абстрактілі
ұғымдардың нақты формаға айналуына септігін
тигізеді, яғни оларды түсініп қабылдауын жеңілдетеді.
Екінші жағынан, термин мен жалпы қолданыстағы сөз
арасындағы алшақтықты қысқартады: үй атмосферасы, бақыт формуласы,
вакуум тишины және т.б.
Бейтерминдену
үдерісінің екінші түрі – детерминологизация, терминдердің жалпы тілдік
қорға енуі метафорлану тәсілі арқылы жүзеге
асады. Аталған тәсіл де кең таралған және
қолдану аясы шексіз. Терминдердің бейтерминденуінің негізінде
көптеген жағдайда форма, сыртқы пішін, эмоциялық
әсер алу негізінде жаңа номинативтік бірліктің пайда болуы жатыр. Метафорланған
терминнің денотативтік мағынасы кейінге шегеріп, коннотативтік немесе басқа да
мағыналары алдыңғы қатарға шығады,
яғни кәсіби шеңбердегі мағынасы ғылыми
ақпаратты тарату болса, жалпы қолданыста бейнелеу, нақтылау,
салыстыру сияқты түрлі мақсатта қолданылуы
мүмкін. Сонымен қатар, бейтерминделген терминдер авторлардың
болмысқа, ситуацияларға қатысты субъективтік
көзқарасын білдіруі мүмкін: тангенс выживания, девальвация жизни, кредит доверия және т.б.
Ғалымдар
бейтерминдену мәселесін қарастыра отырып, термин мен
бейтерминделген сөз мағыналарының арасындағы
байланыстың үзіліп қалу фактілерін де кездестіретіндерін
мәлімдеген, яғни бастапқыдағы ортақ белгіге
негізделген байланыс мүлдем ажырап, екі номинативтік бірліктің пайда болуына жол ашқан. Лексикалық
трансформация (ретерминологизация) барысында тілдік қор жаңа
сөздермен байып, омонимдер қатарын толықтыруына жол ашады.
Кейбір жағдайларда бейтерминдену барысында пайда болған сөз
басқа ғылым саласына жаңа ұғым атауы болып енуі де мүмкін. Мысалы, информатика
терминдерінің ішінде басқа ғылым салаларының терминдері
көптеп кездеседі: дефиниция,
грамматика-лингв, диагноз - мед,. разряд - физ. Бұл мәселе құранды
терминдерге де қатысты. Құранды терминдер мен
фразеологиялық бірліктердің ортақ белгілері көп. Олар
тұрақты сөз тіркестеріне тән белгілерге ие. Алайда құранды
терминдер әдеби тілге өту барысында компоненттерге бөлініп,
соның ішінде тек бір бөлігі ғана бейтерминделіп
қолданылуы мүмкін: Орбита земли – орбита славы, учетный файл –
файл переполнен. Файл жад
мағынасында қолданылып тұр.
Терминдердің
метафора тәсілі арқылы бейтерминденуі қоғаммен,
қоғамда болып жатқан өзгерістермен тығыз
байланысты, себебі тарихтың әр кезеңдерінде метафора
процесіне техника ғылымдарының немесе басқа ғылым
салаларының терминдері нақты бір кезеңде өзекті
болғаны байқалады. Мысалы, төңкерістен кейінгі 20-30
жылдары, бір жағынан, жалпы әдеби тілде әскери лексика мен
фразеология қолданылса (развернуть
наступление), екінші жағынан
радиотехника мен өнідіріс саласының терминдері кеңінен
қолданысқа кірді (ставить на
новые рельсы, глубокое бурение). 60-жылдардан бастап
ғылыми-техникалық революция кезеңінде космонавтика, экология,
медицина сияқты өзекті және кеңінен танымал
болған ғылым салаларының терминдері бейтерминделіп
қолданылуы басым болды: экология
слова, тіл географиясы, орбита славы және т.б.
Кейбір
терминдер бейтерминдену барысында
эмоционалды-экспрессивті мағынаға ие болып, кезеңді,
жағдайды сипаттауда немесе образды бейнелеуде қолданыс табады. Соның
ішінде кейбір жағдайларда жағымсыз
ситуацияны немесе мінездің теріс жақтарын сипаттауда
қолданылатындығын байқаймыз: спекулировать ценами – спекулировать прошлым, кризис в экономике –
кризис идей және т.б.
Терминдердің
бейтерминдену мәселесін
қарастыра отырып, бейтерминдену үдерісі жалпы тілдік
қордың жаңа ұғымдармен, жаңа
сөздермен толығуына септігін тигізетіндігіне көз жеткіземіз.
Әдеби және ауыз-екі тіл мен терминдер екі жақты қарым-қатынас
орнатып, бір-бірін толықтырып отырады. Терминдер бейтерминдену барысында
тар, біржақты мағына аумағынан шығып,
көпмағыналы сөздер қатарын құрайды, кейбір
жағдайларда бастапқы мағынасынан алшақтап омонимдер
қатарына өтеді. Терминдердің
бейтерминдену үдерісі көптеген жағдайда метафорлану тәсілі
арқылы жүзеге асады деген қорытындыға келеміз.
_______________________________________________________
1. Гутина Е.А. Детерминологизация лингвистических терминов в современной
речи. [URS] http://gutinaea.wordpress.com. Дата обращения: 20.05.2014г.
2. Думитру Эмиль. Особенности развития и современное состояние
русской геоморфологической терминологии. Автореф.Дисс. ...канд.фиол.наук. –М,.
2008. – 25 с.
3. Макарова А.А. Детерминологизация единиц языка экономики и бизнеса в
современном русском языке. Автореф.Дисс. ...канд.фиол.наук. –М,. 2007. – 24 с.
4. Мишанкина Н.А. Метафора в терминологических системах:функции и модели./Вестник
Томского Гос. Университета, 2012..№4 с.33-45
5. Муратбаева И.С. қазіргі қазақ және орыс тілдеріндегі
метафораланған терминдердің семантикасы. Автореф. Дисс. ...канд.фиол.наук. –Алматы, 2000. – 24 с.