Филологические науки/7. Язык, речь, речевая коммуникация
Филогия магистрі Билял Б.Қ.
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті
Студенттердің коммуникативтік
дағдысын қалыптастырудағы өзекті мәселелер
ХХІ ғасыр ғылыми –
жаңалықтар мен зерттеулердің дәуірі болып отыр.
Өркениет дамуының басты қозғаушы күші де
ғылыми-техникалық прогресс болып қала бермек. Мамандарды
даярлауда қазіргі күні мемлекеттік тілді үйрету
мәселесі де алдыңғы қатарға шығып жетекші
орынға ие болып отыр. Қазақ тілі жоғары оқу орындарының
орыс бөлімдерінде қатысымдық тұрғыдан
оқытылып, соның нәтижесінде қазақша тілідік
қатынас жыл өткен сайын дамып келеді. Оған тіл туралы
заңдар мен бағдарламалар өз ықпалын тигізуде.
Қазақ тілін
оқыту мәселесіне бағытталған ғылыми ізденістер де
кең өріс ала бастады. Солардың ішінде қазақ тілін
қарым-қатынас құралы ретінде үйретумен бірге
студенттердің болашақ мамандықтарын ескере отырып,
меңгертудің ұтымды жақтары қарастырылуда.
Қазақ тілін
студенттердің болашақ мамандықтарына байланысты қатынас
құралы ретінде меңгерту:1) Студенттердің
қазақ тілін кәсіби қатынас құралы
тұрғыдан үйренуіне ықпал етеді; 2) Олардың
болашақ кәсібіне деген сүйіспеншілігі,
қызығушылығы артады; 3) Тілді үйрену арқылы
қазақ халқының ұлттық
тәлім-тәрбиесін бойына сіңіре отырып, мамандығын игеру
барысында кәсіби қасиеттері қалыптасады.
Қазақ тілін
студенттерге қатынас құралы ретінде үйретудегі басты
мақсат – студенттердің болашақ мамандығына
қатысты лексикалық қорды игерумен қатар олардың
мемлекеттік тілде ұғынысуына, түсінуіне жағдай
туғыза отырып, өзара тілдік қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз ету.
Ғалым Р.Шаханова
«Студенттерге мамандыққа қатысты тілді үйрету
негізінен, қарым-қатынастық тұрғыда, жалпы
мәдени білімнің бір айқындаушы бөлігі ретінде
меңгеріледі» - дей келе, автор кәсіби бағдарға,
оқыту мақсаттарына, материалдың көлеміне,
ауызша-жазбаша сөйлеу үлгілеріне, оқытудың түрлі
әдістеріне тиянақтылықпен қарауды қажет ететіндігіне
назар аудартады. Бұл қажеттілік ақпараттардың жедел
дамуы, өндіріс орындарындағы мемлекеттік тілге деген
сұраныстың өсуінен.
Қазақ тілін
студенттерге қатынас құралы ретінде үйретудің лингвистикалық
негізі қатысымдық тұлғалар қызметімен тығыз
байланысты. Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін, белгілі бір ортамен араласу жағдайында
жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау және қабылдау
қасиеттері бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын,
қарым-қатынастың мәні бар бөлшектер.
Қатысымдық тұлғалардың ішіндегі басқаларына
ұйтқы, негіз болатын басты тұлға - сөз.
Мамандыққа қатысты термин сөздердің баламасын
меңгеру деңгейі тіл үйренушінің саналы түрде
өздігінен контекстегі шешуші сөздерді тауып, сол сөздерге сүйену
арқылы мәтін мазмұнын ұғуымен анықталады.
Сөйлем – тілдік
қатынастың жүзеге асуына тікелей себепкер болатын ең
қажетті тұлға. Сөйлем баяншының ойын, хабарын
қабылдаушыға түсінікті етеді және
қабылдаушының алған хабары арқылы тілдік
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызады.
Мәтін - коммуникативтік
бірлік, тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе болып
табылады. Ол тіл үйренушілердің қарым-қатынасын іс
жүзіне асырудың өзегі ретінде және өзара
түсінісу, ойды жеткізуде де маңызды рөл атқаратын
тұтас жүйе.
Белгілі
ғалым Қ.Жарықбаев адамға тән сөйлеу
әрекетінде екі түрлі шарт болу керек дейді: Сөйлеудің
мазмұндылығы (ойдың анықтығы); Сөйлеудің мәнерлілігі,
сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзінің
сөздік мәнін жояды.
Мамандыққа сай
берілетін мәтіндермен жұмыс қатысымдық
жаттығулармен сабақтаса келіп, ақпараттық,
қатысымдық, дамытушылық қызмет атқарады.
Сабақ үстіндегі
күнделікті қарым –қатынаста қазақ тілінің
грамматикалық және лексикалық материалдарын мәтіндер
арқылы игертіп, студенттердің қатысымдық құзіреттіліктерін
қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін орындатуға
үлкен мән беріледі.
Мәтін арқылы тіл
үйренушінің дүние танымы кеңейеді, түрлі
ақпараттармен танысады, ойын жүйелеп айтуға
дағдыланады, сөйлеу тілі дамиды. Мәтін бойынша
сұрақ – жауап әдісімен сұхбат құруға
да болады, сондай-ақ адамгершілік тәрбие беруге де болады.
Мәтін туралы ғалым И.Р.Гальперин: «...произведение речетворческого
процесса, обладающее завершенностью, под текстом следует поднимать не
фиксированную на бумаге устную речь, всегда спонтанную, неорганизованную,
непоследовательную, особую разновидность речетворчества и имеющие свои
параметры, отличающие от параметров устной речи» - деп анықтама береді.
Мәтін –
тіл дамытудың негізгі лингвистикалық ұғымы
болғандықтан, ол сөйлесім әрекетінің барлық
түрін үйрететін құрал ретінде қолданылады.
Бүгінгі таңда
оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық
әдістер, пікір-сайыс, іскерлік
ойын және қатысымдық әдістері қолданылуда.
Тіл үйренуші мен оқытушы арасындағы
қарым-қатынасты іске асыратын әдіс – коммуникативтік
әдіс, басты мақсаты -
студенттердің практикалық сөйлеу тілін дамыту. Мәтін
арқылы қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы,
морфологиясы, синтаксисі меңгертіледі.
Студент жастар – келешек
қоғамның шешуші күші. Студент жастардың
дұрыс тәрбиеленуі – қоғам келешегінің нық
берік болуының көрсеткіші. Бұл мәселеде мәтін
мазмұнының өзіндік атқаратын қызметі зор.
Әдебиеттер:
1. Кибрик С.С. Лингвистические предпосылки
моделирования языковой деятельности // Моделирования языковой деятельности в интеллектуальных
системах. М., 1987
2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас; теориясы
және әдістемесі. Алматы, 2000