Асетова Г.Б.
Академик Е.А.
Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ
САЛАСЫНДА САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Сатып алу – сату шарты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
үшін қажетті материалдық базаны қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш шарт арқылы
кәсіпкерлерде олармен шығарылатын тауарлар тұтынушыларда
сұраныс тауып, әрі қарай жүзеге асырылатындығына
қатысты сенімділік пайда болады. Осының бәрі өз
кезегінде өндірістік саланың дамуына әрекеттеседі. Осы
аталған жағдайлармен сатып алу – сату шарты рөлінің
қазіргі нарықтық қатынастарда жоғарлануы
негізделген.
Сатып алу – сату шарты азаматтық айналымның
қатысушыларының белсенділігінің негізгі нысаны түрінде
көрінеді. Қазіргі экономиалық қатынастардағы
өзгерістер шартты міндетті түрде жасасуды қысқартудан
туындайды, енді соңғысының
жағдайы заңмен тұрақтандырылған ретте
тараптардың өздерімен анықталатын болады. Негізгі белгілеу
заң шегінде адамдардың тәртіптерін олардың мүмкін
және тиісті тәртіптерін көрсету жолымен реттеуге негізделеді.
Шарттық нысандардың қалыптасуы қазіргі
шарттық құқықтың маңызды
мақсаттарын анықтап береді: ұлттық экономиканы
ұмтылдырудың жаңа құралдарын табу және
оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату, өндірістің дамуыш монополизациясы
жағдайында кәсіпкерлік қызметке қажетті
бостандықты қолдау, шаруашылық байланыстарды реттеудің
құқықтық механизмін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі сатып
алу –сатуды белгілі бір сатып алу сомасына мүлікті иеліктен шығару
бойынша міндеттеменің барлық түрін қамтитын тектік
ұғым ретінде түсіндіреді[1; 128].
Заңдық табиғаты бойынша сатып
алу –сату шарты әдетте консенсуалды (барлық елеулі ережелері
бойынша тараптар келісімге келген мезетте шарт жасалған болып табылады),
құнды (тауарды беру бойынша міндеттемені орындау негіздемесі сатып
алу құны немесе керісінше түрде қарсы
қанағаттандыруды алу болып табылады), өзара (синаллагматикалық) (екі тарапта да субъективті
құқықтар мен міндеттердің болуы) шарттарға
жатқызылады [2; 245].
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында сатып алу
–сату шартының бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі,
келісім-шарт жасасу, энергиямен жабдықтау және кәсіпорынды
сату шарттары сияқты түрлері кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған сатып алу – сату шартының
құқықтық реттелу ережелерін кәсіпкерлер мен
тұтынушылар арасындағы кәсіпкерлік қатынастарда
дұрыс қолдану кәсіпкерлік қатынастардың тұрақтануына
септігін тигізері анық.
Аталған мәселені зерттеу барысында анықтағанымыз
келесідей көрінеді:
-
кәсіпкерлік қатынастарды шарттық
құқықтық реттеуде императивтік және
диспозитивтік нормалардың ара қатынасының мәселелері;
-
құқықтық реттеудің
теңдігі; яғни шарт жасасу және оны орындау туралы жалпы
ережелер мен принциптермен қатар қазіргі уақытта шарттар туралы,
олардың объектілері мен міндеттемелерін реттейтін көптеген арнайы
ережелер қалыптастырылуда;
-
дәстүрлі шарттармен қатар мемлекет
жағынан жоспарлы – бұйрықтық басқару
жүйесін тарату мен нақты құқықтық
реттеуді талап етумен байланысты шарттың басқа да көптеген
түрлерінің пайда болуы;
-
тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен
қоса фирма тарапынан тәжірибеде қолданылатын шарттық
құқықтың интенсивті стандартталуы, яғни
ұмтылыстың нәтижесінде шарт жасасудың тәртібін
қарапайым, әрі жеңілдетіп, өзіне типтік шарттар
жасайды, ол басқа тарапқа негізделеді;
-
кәсіпкерлік қатынастардағы шарттар
табиғаты бойынша отбасы, еңбек және басқа да
құқық салаларының шарттарына
қарағанда ерекше. Осыған байланысты олар
қоғамдық қатынастарды
құқықтық ретеуде бір – біріне қарсы келмеуі
тиіс және азаматтық – құқықтық
шарттардың бірыңғай ортасына біріге алмайды, бірақ
біздің елімізде қоғамдық байланыстарды реттеу
жүйесінде басшы орындарды ала отырып, кәсіпкерлік
құқықтың әрекеті шегіндегі қоғамдық
қатынастарды да реттеуі керек.
Сатып алу- сату шарты өз алдына әрбір мүддесі үшін
екінші тараптың осы мүдделерді қанағаттандыруы
арқылы жүзеге асырылатын өте көп кездесетін
құқықтық тәсілдердің бірі.
Сондықтан да жоғарыда аталған мақсаттарға
қол жеткізу арқасында ғана кәсіпкерлік қызмет аясында
қолданылатын шарт
ұйымшылдық тәртіп, тұрақтылықты
қамтамасыз етуге қабілетті.
Тараптар еркіндігі автономия
институты мен аса тығыз байланыс қағидасы шартқа
қолданылатын құқықты анықтаудың жалпы
негізі ретінде алынады. Бірақ сатып алу – сату шартының
әртүрлі түрлерінің өзгешеліктері субъективтік
және объективтік әдістердің ерекшеліктерін анықтайды.
Сонымен қатар, шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған
тарапқа қандай жауапкершілік жүктелетінін әрбір шартта
айқын көрсетілуі керек.
Осы аталмыш кемшіліктерді жоғарыда ұсынған
жағдаяттар арқылы орнын толтыратын болсақ шарттың
мүліктік айналымда алатын орны, мүліктік қатынастарды
құқықтық реттеу құралы ретіндегі рөлі
мен мәні артқан үстіне артар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
. Киздарбекова А.С. Предпринимательское
право. Учебное пособие.-Караганда: Изд-во КарГУ, 2010.- 198 с.
2
. Гражданское
право.Том 2. Учебник. Издание третье,
переработнное и дополненное /Под ред. Толстого Ю. К., Сергеева А. П. - Москва: Проспект,
2000. - 736 с.