Зияев Е.К.
«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлкеттік университеті», Шымкент, Қазақстан
Мұнай және су
өнімдерін дайындаудың
технологиялық деңгейін бағалау
Қазақстан мұндай мұнай орындарын игеру,
қолдану және эксплутациялау және олардың
қоршаған ортаға тигізетін әсерін бақылап отыру
тұрғысынан көп тәжірибеге ие.
Құрамында күкіртті сутек, меркапта және
басқада күкіртті қосылыстары бар, сондай-ақ көмір
қышқыл газы бар мұнайды өндіру кезінде ерекше
әдістер қажет.
Жоғарыда аталған қоспалар ішінде ең зияндысы
күкіртті сутек болып табылады, себебі ол суда жақсы ериді
және көмір қышқыл газымен бірдей таралады.
Күкіртті сутек қауіптілігі жағынан 2-сыныпқа жататын
аса улы газ болып табылады. Сумен көмір қышқыл газы қатысында
коррозиалық қасиеті бар қосылыс болып табылады. Оның
коррозиялық қасиеті металлды шытынауға әкеліп
соқтырады [1-3].
Қарашығанақ
аймағындағы мұнай және су өнімдерін дайындауда
қолданылатын технологиялық сұлбаларда әлемдік зерттеу
жұмыстарының нәтижелері мен мұнай өндіру
өндіріс орындарына қойылатын шарттар қарастырылды.
Базалық шарттар негізінде мұнай топтарын дайындау
қарастырылды 1А, оның
құрамына судың массалық үлесі кіргізілді 0,5
%, сонымен қатар хлорлы тұз
мөлшері де ескерілді 40 мг/л. Мұнай өнімдерін дайындауда
жоғары талап ретінде судың қалдықты массалық
үлесі саналады, оның мөлшері
0,21 %, ал хлорлы тұздың концентрациялық мөлшері
10,2 мг/л, тотыққан бу қысымының мөлшері 351 мм
рт.ст.
Күкіртті
сутегінің қалдықты мөлшері өндірісте
анықталмады. Дструктивті
процестер негізінде мұнайды тұрақтандыруда күкіртті
сутегінің тиімді мөлшері болып
0,0072- 0,0101% саналады.
Бірыңғай
халықаралық нормаларда қалдық күкірт
мөлшерінің құрамы қазіргі таңға дейін
анықталмады. Бритиш Петролеум спецификациясына байланысты, түрлі
мұнай өнімдері үшін олардың қалыпты нормасы 10−401 ррм, алайда тиімді
мөлшері ретінде 70 ррм саналды.
Мұнай
құрамындағы қалдықты меркаптандар мөлшері
жекелей тізбекте мұнай өнімдерін сақтау шарттары негізінде
анықталады. Мұнай өнімдерін герметикалық шарттарда
сақтау нөмірленбейді.
Қарапайым резервуарларды пайдалануда дем алу аппараттарының
негізгі көрсеткіштері меркаптандардың
жеңіл түрінің болуымен анықталады (мeтил- және этил меркаптандары)
қатаң түрде олардың мөлшері 6,0 ррм жетеді.
Қарашығанақ аймағындағы мұнай
өнімдерін өңдеуде меркаптандардың қалдық
мөлшері анықталмады.
Технологиялық
шарттарға байланысты Қарашығанақ
аймағындағы мұнай өнімдерін өңдеудің
технологиялық сұлбасының айырмашылықтары бар:
-
түрлі қысым мөлшеріне байланысты
мұнай өнімдерін жинау және бөлінуін қамтамасыз
ету;
-
сепарация кезінде мұнай өнімдерін
аралық қыздыру;
-үш
есеге дейін мұнай өнімдерін мыссыздандыру және
тұссыздандыру, нәтижесінде тұзды хлор мөлшері 10 мг/л
болады;
-
мұнайжың салыстырмалы шығынын
10-20 % до 3-5 % төмендету мақсатында қалдықты су
мөлшерін пайдалану;
-
тауарлы мұнай өнімдерінің
сапасын арттыру мақсатында тұрақтандыру колонналарын
пайдалану;
-
бір аппарат түрінде қалдық
газдар мөлшерін пайдалану;
-
процестің бастапқы
кезеңдерінде булы
қыздырғыштарды пайдалану, бұл технологиялық процесті
жақсартады және де қондырғының жұмыс істеу
режиміне айталықтай әсер етеді.
Қарашығанақ
аймағында қолданылатын технологиялық сызбаға
байланысты
ұңғымаларда физико-химиялық және
құрамдық мұнай мөлшеріне көп
көңіл бөлінеді, сонымен қатар заманауи шарттар,
экологиялық тазалығы мен бассейіндердің ауалы түрлері
мен ұңғымадан алынатын өнімдердің физико-химиялық қасиеттері
және де техника және технология саласындағы талпыныстар мен
мұнай өнімдерінің құрамындағы
қалдықты заттарды бөлуге көп көңіл
бөлінеді.

Сипаттамасы: БИ – ингибитор салу блогы; Д - депульсаторлар; С - сепараторлар;
ПП –қыздыру пеші; Н - насостар; ГС -
газдық сепараторлар; Э -электродегидраторлар; ДВ - дренаждық су
задвижкасы; Е - сыйымдылық; Р - резервуар; БД – депрессаторлар салу
блогы.
Сурет 1- Мұнай өңдеу аймағындағы конденсатында мұнай өнімдерін
дайындаудың технологиялық сұлбасы
Әдебиеттер
1
Байков Н.М., Позднышев
Г.Н., Мансуров Р.И. Сбор и промысловая подготовка нефти, газа и воды.-М.:
недра, 1981г., 47с.
2 Сулейманов Р.С., Хафизов А.Р., Шайдаков В.В.,
Чеботарев В.В., Кабанов О.П., Ставицкий В.А., Пестрецов Н.В. Сбор, подготовка и
хранение нефти и газа.Технологии и оборудование: Учебное пособие.- Уфа: Изд-во
УГНТУ, 2006. - 552 с.
3 Хафизов А.Р. Повышение эффективности технологических
процессов сокращения потерь при сборе и подготовке углеводородного сырья /Дисс.
на соискание уч. ст. д-ра техн. наук.- Уфа, 1998.