Экология/2.Экологические  метеорологические

                                                                          проблемы больших городов и промышленных зон

 

Магистр естественных наук, Турсумуратова З.Е.

Костанайский государственный университет, Казахстан

Астана қаласы маңындағы өсімдіктер дүниесінің экологиялық ерекшеліктері

 

               Астана қаласы дала зонасы, оңтүстік зона алды құрғақ бетегелі - жусанды жерлер мен шұғыл - континентті құрғақ климатта орналасқан. Климаттың ерекшелігі маусымдық және тәуліктік температуралардың ауытқуы, төмен температуралы  ұзаққа созылатын қыс мезгілі және ыстық қысқа мерзімді жоғары температуралы жаз мезгілі болып табылады. Тағы бір климат ерекшелігі вегетация кезіндегі жылу мен жарық мөлшерінің сәйкессіздігі және жауын- шашынның   аз мөлшері. Осының әсерінен климаттың құрғақшылығы байқалады.

               Аймақ климатының қолайсыз жағдайына жиі болатын құрғақшылық, шаңды дауылдар, кеш көктемгі және ерте күзгі суық, қыста болатын қатты аяздар жатады. Көктемде және жаздың басында  топырақтың тез қатуы аз мөлшердегі жауын- шашын мен күшті қуартқыш желдерге байланысты. Күзгі жеткіліксіз ылғалдың әсерінен қыс мезгілінде аз қарлы күшті аяздарда қысқа нашар даярланған ормандарда өсімдік ұлпалары үседі.Жазда ыстық күндері өсімдіктер тамырдың күюінен, ал атмосфералық және топырақ құрғақшылығынан топырақ құрамындағы ылғал жеткіліксіздігінен тіршілігін жояды.

               Бұл орманды өсімдіктер зонасында орналасқан сүректі бұталы өсімдіктер мезгіл бойынша құрғақшылық пен аңызақ желдер әсеріне ұшырайды. Яғни, олардың өсу жағдайына әсер етеді.Осыған сәйкес, Астана қаласы маңындағы өсімдіктер дүниесінің экологиялық ерекшелігіне  талдау жүргізілді.Соның ішінде Шортанды орман шаруашылығындағы өсімдіктер дүниесіне талдау жасалынды. Жобалық зонада табиғи орман көшеттерін жоқ деуге болады.Батпақ, блюдцтәрізді, орлардың уақытша немесе ұзақ мерзімде су тұратын шұңқырлардың, уақытша су  арналарының жандарында тал бұтақтары өскен кішкене жеке участкелер бар.Вячеславск су қоймасының айналасындағы суға іргелес жатқан территорияда Есіл,Мойылды,Мигер өзендерінің алқабында тал бұталарының тоғайлары байқалады.

               Теміржол жолы аймағындағы қорғаныс сызықтарында кең таралған жіңішке (5-6 қатарлы рет), ұзындығы (15-18 метр) теректер мен бұталар ұзындығы 6-20 метр аралық отырғызылған реттер кеңістігімен бірігетін жүйелер (бірден онға дейін) бар.Қатардағы  отыру орындарының орналасуы: 3x0,75 м; 3x1,0 м; 3x1,5 м; 2,5x0,70 м.Көшеттердің жасы 6 жылдан бастап 50 жылға дейін аралықты қамтиды.Түрлердің сұрыптамасы келесідей: қарағаш, тегіс шегіршін,аласа шегіршін, шағанжапырақты үйеңкі, татар үйеңкісі, бальзам иісті терек,ақ терек, Болле терегі,  күміс жиде, сүйелді қайың, сібір алма, көде бозжиде, бальзам иісті терек, кәдімгі қарағай,татар бөріжидегі,қараған, итмұрын.

               Жақсы жағдаймен (П-Ш бонитет, 0,5-0,9) 2-6 қатарлы орман жолақтары немесе қарағаш,шағанжапырақты үйеңкі,татар үйеңкісі,бальзам иісті терек,ақ терек,Болле терек, көде бозжиде, бальзам иісті терек,кәдімгі қарағай,татар бөріжидегі,қараған,алтын қарақат аралық кулисасы айырым 10-  нан 20 м дейін болатын көшеттер ерекшеленеді.

               Жақсы жағдайымен жұмсақ шегіршін, қарағаш  (барлық жерде емес), (жасы  20-35 жыл,биіктігі  6-8 м),шағанжапырақты үйеңкі (жасы 15-30 жыл, биіктігі 5-8 м),сүмбіл терек(25-35жыл,биіктігі 12-16м),татар бөріжидегі, қараған (25-30 жас, биіктігі 3-3,5 м),алтын қарақат (25жыл,биіктігі 2 м) ерекшеленеді.Орман жолақ ішінде ормандық жағдай қалыптасқан,үйеңкінің табиғи қалыптасуы байқалады.

               Зерттеу территориясында дала қорғаушы сызықтықтар мүлдем сақталмаған.1969 жылдан бастап Вячеславский су қоймасының айналасындағы пайда болған жасанды көшеттер әртүрлі топырақта және әр түрлі жағдайда орналасқан.

               Шортанды орман шаруашылығындағы өсімдіктер дүниесіне талдау жүргізу барысында анықталған түрлердің сызбанұсқасы:

               №1(сурет 1)сызбасы. II топ (шектеулі орманға жарамды)  топырақтарында ландшафты-рекреациялық көшеттер.Басыңқы негізгі түр – жұмсақ шегіршін (Ulmus laevis) 42 %.Анықталған түрлер:қарағаш (Ulmus pinnato)13%, татар үйеңкісі(Acer tataricum)14% ,боз жиде(Eleagnus angustifolia)  17%, алтын қарақат (Ribes aureum) 8%,татар бөріжидегі (Lonicera tatarica) 6%. Ауданы – 170,30 га.

 

Cур. 1-  №1  сызбадағы анықталған өсімдік түрлері               

                                                                                                                                             

                                                                                                                                                   Кесте 1

1 сызбадағы анықталған  өсімдік түрлерінің пайыздық үлесі, %

Шартты белгілер

Атауы

Пайыздық үлесі, %

жұмсақ шегіршін (Ulmus laevis), қарағаш (Ulmus pinnato),

боз жиде(Eleagnus angustifolia)

42%

13%

17%

Татар үйеңкісі(Acer tataricum)

14%

алтын қарақат (Ribes aureum),

татар бөріжидегі(Lonicera tatarica)

8%

6%

 

2 (сурет 2) сызбасы.II топ (шектеулі орманға жарамды) топырақтарында ландшафты- рекреациялық көшеттер.Басыңқы негізгі түр – боз жиде(Eleagnus angustifolia) 25 %.Анықталған түрлер: жұмсақ шегіршін (Ulmus laevis) 22 %,қарағаш (Ulmus pinnato)8 %, татар үйеңкісі(Acer tataricum)15 %,  17%,сібір алмасы (Malus sibirica)23%,алтын қарақат (Ribes aureum)11 %.Ауданы – 59 га.

Cур. 2-  №2 сызбадағы анықталған өсімдік түрлері                                                                                                                                                                                                    

                                                                                                                                              Кесте 2

2  сызбадағы анықталған  өсімдік түрлерінің пайыздық үлесі, %

Шартты белгілер

Атауы

Пайыздық үлесі, %

жұмсақ шегіршін (Ulmus laevis), қарағаш (Ulmus pinnato),

боз жиде(Eleagnus angustifolia),

сібір алмасы( Malus sibirica)

22%

8%

25%

23%

Татар үйеңкісі(Acer tataricum)

15%

алтын қарақат (Ribes aureum)

 

11%

 

 

№3 (сурет 3) сызбасы. IIІ топ (шартты орманға жарамды) топырақтарында ландшафты- рекреациялық көшеттер.Басыңқы негізгі түр – сібір алмасы (Malus sibirica) 36 %.Анықталған түрлер:боз жиде(Eleagnus angustifolia) 20 %,қарағаш (Ulmus pinnato)14 %, татар үйеңкісі(Acer tataricum) 15%,алтын қарақат (Ribes aureum) 11 %,татар бөріжидегі(Lonicera tatarica) 4 % . Ауданы – 140,78 га.

Cур. 3-  3 сызбадағы анықталған өсімдік түрлері                                         

                                                                                                                                              

                                                                                                                                                 Кесте 3

3 сызбадағы анықталған  өсімдік түрлерінің пайыздық үлесі, %

Шартты белгілер

Атауы

Пайыздық үлесі, %

сібір алмасы( Malus sibirica)

 

36%

 

Татар үйеңкісі(Acer tataricum),

қарағаш (Ulmus pinnato),

боз жиде(Eleagnus angustifolia)

 

15%

14%

20%

 

алтын қарақат (Ribes aureum),

татар бөріжидегі(Lonicera tatarica)

11%

4 %

 

             Елді мекендерді жасылдандыру кезінде  ашық тамырлы жүйесі бар көшеттер, сонымен қатар топырақ кесектері бар көшеттер қолданылған. Орман шаруашылығы мен орман бұзуда негізінен сеппе көшет пен біржылдық тамырланған тал мен теректің бұтақтары кездеседі.

               Автожол маңындағы қорғаныс көшеттері негізінен 2-4-6 қатарлы жолақтардан тұратын теректер мен бұталардан жасалған. Оларға күтім жасалмайды.Көшеттердің жасы 15-35 жас , негізін олар сақталған жерлердегі жағдай қанағаттанарлық. Екатеринбург – Алматы автожолынан Жібек Жолы кенті (Александровка) және Аршалы  аралықтарындағы зерттелетін қорғаныс жолақтары негізінен қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз жағдайда болып келеді. Мұндай жағдайының себептерінің бірі көшет болып отырғызылғаннан бастап алғашқы үш жылда қолайсыз метереологиялық факторлармен сәйкес келетін суарудың  болмауы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Байтулин И.О. Проблемы сохранения редких видов растений. В книге: Сохранение биоразнообразия в Центральной Азии. Казахстан 1997.С. 16-19

2.Березюк И.Е. Природное районирование лесов Казахстана. - Лесное хозяйство, 1996, № 8.

3.Биокомплексные исследования в Казахстане. 4.1. Растительные сообщества и животное население степей и пустынь Центрального Казахстана. - Л., 2009. - 496 с.