Қазақстан Республикасындағы
трансшекаралық су ресурстарын басқарудың
құқықтық аспектілері
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Абуова А.Е., Есенаманова Ж.С,
Есенаманова М.С.
Су ресурстары
қоршаған табиғи ортаның негізгі компоненттерінің
бірі болғандықтан жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етуде
шешуші маңызға ие болып табылады. Сонымен қатар су нысандары
табиғи қоршаған ортаның қалпына келтірілмейтін
және толтырылмайтын көзқарас тұрғысынан ажырамас
бөлігі болып саналады. Планетамыздағы су ресурстарының
біртекті емес таралуы, ауыл шаруашылығының қарқынды
дамуы және өндірістік кәсіпорындардың күн санап
дамуы салдарынан бірнеше мемлекетке ортақ су көздерін тиімді бөлу
жолдарын іздестірудің басты себебі болды.
Қоршаған
ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану
саласындағы негізгі құқықтық
заңдылық Қазақстан Республикасының Конституциясы
болып табылады, ол Республиканың азаматтарына қолайлы өмір
мен мықты денсаулық құқығын бекітеді.
Қоршаған ортаның қолайлылығын сақтау
және қорғау Республиканың жалпы мемлекеттік
міндеттерінің бірі болып саналады.
Осыншама
қоршаған табиғи ортаны пайдалану және
қорғау төңірегіндегі сұрақтарды
реттеуші кең әрі
ауқымды құқықтық базаға
қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, нақты сыртқы
экологиялық қауіпсіздік төңірегіндегі сыртқы
қауіптілікті трансшекаралық экологиялық мәселелері бар
елдер тудырады, оларды шешу, халықаралық келісімшарттар шегінде,
шектесетін мемлекеттердің бірлескен іс-әрекеттері арқылы
шешіледі.
Қазақстан
Республикасының трансшекаралық экологиялық мәселелеріне
мыналар жатады: суды бөлу төңірегіндегі сұрақтар,
трансшекаралық су нысандарының, атмосфералық ауаның
және топырақтың ластануы, қауіпті технологияларды,
заттар мен қалдықтарды тасымалдау жұмыстары,
аумақтың шөлейттенуі, трансшекаралық пайдалы қазбалар
кен орындарын игеру, ерекше табиғи кешендерді сақтап қалу,
т.б.[1].
Қазақстанда
трансшекаралық су нысандары: Сырдария, Шу, Талас, Іле, Ертіс, Тобыл,
Есім, Жайық өзендері болып табылады [2]. Жер беті су
ресурстарының көлемі салыстырмалы түрде алғанда онша
көп емес, сондықтанда сумен қамтамасыз ету мәселесі
бүгінгі таңда айтарлықтай өзекті болып тұр.
Бұл мәселенің маңыздылығын терең
түсіну үшін статистикалық мәліметтерге көз
жүргізейік. Қазақстандағы өзендердің орташа
көп жылдық ағыны жылына 115,8 км3, соның
ішінде Республика аумағында қалыптасатыны жылына 57 км3,
ал қалған бөлігі, яғни жылына 58,8 км3 –
шекаралас мемлекеттерден түсіп отырады: Қытай, Өзбекстан,
Қырғызстан және Ресей. Соңғы он жылдықта
шектесетін мемлекеттерден Қазақстанға келіп түсетін
өзен ағыны біраз қысқарған. Қазақстан
Республикасындағы өзен ағысының жалпы ресурсы
қазіргі таңда жылына 100,7 км3 құрайды. Жербетілік су ресурстары Республика
аумағында өте біркелкі емес таралған, және жылдан
жылға ауытқып отырады, осылайша түрлі облыстарды және
экономика салаларын сумен қамтамасыз ету біркелкі емес болып отыр.
Қазіргі
таңда трансшекаралық су ағындарын бірлесе пайдалану
және су ресурстарын тиімді қорғау төңірегіндегі
сұрақтар Орталық Азия мен Ресей мемлекеттері үшін
өте күрделі мәселелердің бірі болып саналады [3]. Жүргізілген сараптама негізінде мынадай
қорытынды шығаруға болады, бүгінгі күні
қоршаған ортаның жағдайының төмендеу
тенденциясы сақталуда, бұл тек экономикалық
қызметтердің салдары ғана емес (ауданның су ресурстарын
тиімсіз пайдалану және ластау), сонымен қатар аудынның
мемлекеттік басқару құрылымдары жағынан бұл
күрделі мәселеге деген жеткілікті көңілдің
бөлінбеуінің нәтижесі.
Қазақстан
үшін өте бір өзекті мәселердің біріне
трансшекаралық су ағындарының ластануы жатады, және
ереже бойынша неғұрлым жапа шегетін мемлекет,
халықаралық өзен ағысының төменгі
бөлігінде орналасқаны болып қалады. Және тағы бір
қауіпті тенденция мынадан құралады, кейбір
трансшекаралық өзендердің көп бөлігі
қалыптасқан мемлекеттер, өзен ағысы суларын
өзінің жеке стратегиялық ресурсы ретінде қарап, сонымен
қатар территориялық тәуелсіздік қағидасын
қатаң ұстанады, оның астарында халықаралық
су ресурстарын өзінің аумағы шеңберінде қолдануы
кезінде бостандықты шектемеу қажет деген қате
көзқарастар жатыр.
Осылайша Қазақстан
Республикасындағы трансшекаралық табиғи нысандармен
байланысты экологиялық жағдай тек қолайсыз ғана емес,
сонымен қатар құрып кетудің қаупі бар,
сондықтан бұл саладағы мәселелерді тезірек шешу
және халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жүргізу
қажеттілігі аса жоғары дәрежеде.
Ғаламдық
дәрежемен алғанда Қазақстан Республикасы
трансшекаралық қауіпті қалдықтарды тасымалдау
және оларды жоюды бақылау туралы Базель Конвенциясының
қатысушысы болып табылады (1989ж.), трансшекаралық контекстте
қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Конвенция
(1991ж.), сондай-ақ трансшекаралық су ағындары және
халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану
туралы Конвенциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасының трансшекаралық контексттегі
қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы
Конвенцияға қосу жөніндегі» 2000ж. 21.10. №86-ІІ бұйрық бойынша
Қазақстан трансшекаралық контексттегі қоршаған
ортаға әсерді бағалау туралы Конвенцияға қосылды.
Осы конвенцияға қосылу арқылы Қазақстан
Республикасының өзінің территориясында жүргізетін
іс-әрекеттеріне және олардың салдарына деген жауапкершілігін
арттырады.
Бұл
аталған құжаттардың трансшекаралық
экологиялық мәселелерді реттеуде маңызы ерекше. Бірақ
бұл құжаттардың кемшілік тұстарының бірі,
олар көп жағдайда жалпы сипатқа ие (ұсыныстар жасаумен
шектеледі), және экологиялық мәселелерді шешу барысында
оның әсері тек қол қойылған мемлекеттерге
ғана таралады.
Бүгінгі
таңда трансшекаралық сипаттағы мәселелерді шешудегі
маңызды қадамдардың бірі Орталық Азиялық
аумақтағы трансшекаралық өзендерді мемлекет
аралық келісім нәтижесінде бірлесе қолдану: Арал және
Каспий теңіздерінің бассейіндерін бірлесе қолдану, бұл
Қазақстан Республикасының 2007-2024 ж.ж. арналған
тұрақты даму концепциясына өту арқылы жүзеге
асты, бұл концепция Қазақстан Республикасының
президентінің 2006 жылдың 14 қарашасындағы №216
бұйрығымен мақұлданған, тұрақты
дамуға көшудің басты алғы шарттарының бірі трансшекаралық
экологиялық мәселелерді шешу болып табылады.
Су ресурстары
жөніндегі ұлттық саясаттың стратегиялық
мақсаты, су ресурстарына қатысты қолайсыз
жағдайлардың алдын алуға бағытталған және
тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасау,
әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, мемлекет
аралық су қатынастарын реттеу болып табылады. Осы орайда мынаны
ұмытпаған жөн, су – бұл экономикалық
бағалыққа ие ресурс және мемлекет дамуының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сондықтанда
судың сапасы туралы сұрақтар ішкі және
трансшекаралық өзендерде судың көлеміне
қарамастан нақты қаралуы қажет. Осылайша су
шаруашылық саясаттағы басты принциптер су ресурстарын басқару
кезінде бассейіндік және орталықтанған (кооперативті)
қарастырылуы тиіс, ластаушы заттардың су көздеріне тасталуын
азайту және табиғи су көздерінен су алу көлемін азайту,
суды қолдануды экономикалық жағынан алғанда
оңтайландырылған тарифтер жүйесі негізінде жүргізу.
Су қатынастары
саласындағы халықаралық тәжірибе көрсеткендей,
қоғамдық құқықтық позиция
негізінде, бірлескен көзқарастарды сақтау және
қадірлеу арқылы аумақтық тұрақтылықты
қамтамасыз етуге болады, трансшекаралық өзендер су
ресурстарын ластаушылардан қорғау және басқару
жұмыстарын бірлесе шешу арқылы және аумақтағы
сауда-саттық қауіпсіздігін шешуге де болатынын дәлелдейді.
Су ресурстарын
басқаруды бірлесе жүргізуге арналған халықаралық
тәжірибеге сүйене отырып құқықтық
механизмді жасау көптеген су ресурстарына қатысты
аумақтық және ұлттық дәрежедегі
келіспеушіліктерді шешуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Абугалиева К. К., Вдовухина Т. В. Водные ресурсы
Казахстана и их рациональное использование. Алма-Ата, 1995 г.
2.
Есполов Т.И., Канаев А.Т.,
Сагындыкова С.З., Канаева З.К. Экология воды. Алматы, 2006. – 231 с
3.
Демин
А.П. Современные изменения водопотребления в бассейне Каспийского моря // Водн.
ресурсы. 2007. Т. 34. №3. С. 259-275.