Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 

Абуова А.Е., Есенаманова Ж.С, Махатов Н.

 

Табиғат жылнамасы - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді[1].

"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала ол туризм. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның, қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатын немесе кеңейтілетін орталық немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңмен жүргізеді[2].

Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленеді. Екінші кезеңде жаратылыстану-ғылыми негіздемеге орай ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы әзірленеді.

Туризм дамуының күтілген масштабтары туристер талап ететін құрылымдар мен ойын-сауықтарға ықпал етеді. Осы жолдағы ең үлкен қиындықтар көлік инфрақұрылымы сферасында туындайды (әуежайлар, автожолдар және теміржол желілері). Авиатасымалдау тек отандық тасымалдаушылармен ғана емес, сонымен қатар шетелдік тасымалдаушылармен де жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Қазақстан территориясынан бес теміржол, төрт автокөлік, жеті әуе дәліздері өтеді.

Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы, яғни өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Каспий өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен де ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фотопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-н астам түрі кездеседі.

Экологиялық туризм Қазақстан үшін жаңа әрі жан-жақты бағыт болып табылады. Мысалы, Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу маржаны болып табылады.

Мемлекеттік табиғи резерват - табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Жылы мекенді аңсап келген жыл құстарының 292 түрі осы қорықты паналайды. Олардың 36-сы әлемдік қызыл кітапқа енгізілген. Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйіне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізіледі, экологиялық-ағартушылық мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. [3]. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Алиева Ж.Н.Экологиялық туризм.-Алматы: «Қазақ Университеті», 2002. 4-80бет. 

2. Исаченко А.Г. Оптимизация природной среды. М.: Мысль, 1980. - с. 264.

3.Гуляев В.Г. Туризм: экономика и социальное развитие. М.: Финансы и статистика, 2003. - 304 с.