Құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Экономика ғылымдарының докторы, доцент Купешова С.Т.,

4 курс студенті Қареке Г.Т

 

Құрылыс нaрығының негізгі ойыншысы болып тaбылатын құрылыс компaниясының бәсекеге қабілеттілігін объективті бaғалау, оның нaрықтағы позициясын дәл aйқындау, кәсіпорын бaсшылығының бәсекеге қaбілеттілікті оңтайлы басқaруды ұйымдастыру және құрылыс ұйымының бәсекеге қaбілеттілігін тиімді басқaру әдістемесін жасау арқылы бәсекеге қабілеттілікті басқaруды жетілдіру қажеттілігі  маңызды. Қaзақстанның дүниежүзілік экономикадағы интегрaциялық үрдістерде терең және жaн-жақты ықпaлдасуы жaғдайында отандық құрылыс кәсіпорындарының өркениетті де аса қатаң бәсекелестік күреске дайын болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгінде бірыңғай, тәжірибелі, әрекет етуші бәсекеге қабілеттілікті басқару механизмін құру барлық шаруашылық субъектілер үшін басты міндет. Бұл мәселе елдің құрылыстық инфраструктурасын қамтамасыз етуші құрылыс саласында қолдануда актуалды. Сондықтан, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдірудің ұйымдастырушылық- экономикалық механизмін құрастырған жөн (1- сурет):

2- сурет. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдірудің ұйымдастырушылық- экономикалық механизм

Осы суретте бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында кәсіпорынның әрекеттерін  күшейту, дамыту бағыттары қарастырылуда. Осы жүйе бәскеге қабілеттілікті басқару процесін жан- жақты және толықтай ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілікті басқару әрекеттерін жетілдірудегі функцияларын толық қарастырайық:

·          Бәсекелестік даму стратегияларын таңдау әрекеттеріне диверсификация, дифференциация, шығындарды азайту және басқа да стратегиялардың бірін таңдау жатады.

·          Шығындарды есептеу және талдау жүйесін қайта ұйымдасыту функциялары: нарықтық қатынастардың талабы бойынша бухгалтерлік қызметті қайта ұйымдастыру, шығындарды есептеуде шетелдік жүйедегі заманауи тәсілдерді енгізу.

·          Кадрларды басқару және ынталандыру жүйесін жетілдіруге кадраларды оқыту мен қайта даярлау жүйесін қайта ұйымдастыру, еңбекті ынталандыру механизмін жетілдіру, шығармашылық еңбекке жағдай жасау, еңбекті ынталандырудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану жатады.

·          Маркетингтік бағытты жетілдіріп, маркетингтік қызметті нығайтуға- маркетинг бөліміне басқарудың стратегиялық маңызды функцияларын бөліп беру, маркетингті қызмет бөлімін білікті мамандармен, техникалық және методикалық қажеттіліктермен қамтамасыз ету кіреді.

·          Кәсіпорын мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға сапаны басқаруғ сертификацияландыру  жүйесін енгізу, жаңа тауар шығару, барлық өндіріс пен тауарларды сертификациялау жатады.

·          Кәсіпорынды техникалық және технологиялық модернизациялауға прогрессивті технологиялық үдерістерді енгізу кіреді.

·          Өндірісті диверсификациялау және жоспарлауды кешенді қарастырудың құрамына тауар номенклатурасын жаңарту және өндірістік бағдарламаны жасау, ресурс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша жылдық және оперативті жоспар құру, бизнес жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдану.

·          Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқаруда ақпараттық қамтамасыздандыруды жетілдіру функциясымен қатар жоспарлау, тұрақтандыру, шығындарды есептеудің желілік интеграцияланған жүйесін енгізу қарастырылуы тиіс

·          Кәсіпорынның ішкі және сыртқы саясатын басқару процесі мен бөлімшелерінің әрекеттерін біріктіруге- меншіктік қатынастарды қайта құрылымдау, менеджменттің кәсіпкерлік түрін енгізу, басқару қызметінің ұйымдастырушы- шаруашылық қызметін қайта құрастыру кіреді.

·          Кәсіпорынның  қаржылық менеджментін жетілдіру ауқымды процесстерден тұрады: сапа мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелері бойынша кәсіпорынның қаржылық саясатын құрастыру, ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау және жоспарлау бойынша қаржылық жүйесін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың методикалық бағыттарын жетілдіру.

Осы қызметтердің, іс- әрекеттердің барлығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқаруды жетілдірудің ұйымдастырушылық- экономикалық механизмін құрайды. Механизм жүйенің өзін-өзі реттеу тәртібімен қызмет атқаруына мүмкіндік беретін бәсекеге қабілеттілікті бағалау көрсеткіштеріне негізделген.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған шараларды ұзақ мерзім аралығында іске асырылуына қарамастан, компанияның көрсеткіштері төмендеп бара жатқаны байқалса, онда қабылданған бағыттарды қайтадан қарастырған жөн. Егер компанияның жағдайы төмендеп, келешегіне қауіп төнсе, бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру жолдарын жаңадан құру керек. Ал, керісінше, жaлпылама көрсеткіштер көтерілгені байқалған жағдайда  іріктеп алынған бағыттың дұрыстығы дәлелденеді және осы бағыттың құрылыс компaниясының бәсекеге қабілеттілігін басқaрудағы тиімділігін дәлелдейді. Кәсіпорынның бәсекелестік жaғдайының көрсеткіштері кәсіпорын қызметін жетілдіру жоспaрын жaсау бaрысында негізгі көрсеткіштер ретінде қолданылуы қажет. Себебі кәсіпорын өз тауaрлaры мен қызметтерін нaрықта өткізе aлған жaғдайда ғaна басқа бағыттардың, өндірістік, қаржылық, техникалық бөлімдер мен басқару аппарaтының жоспарлы жұмыс атқаруына жағдай жасалынады.