жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайындағы басқару

ахмадиева эльвира макановна,

 Алматы қаласы, Қазмемқызпу,

 

  Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.

Ғалымдар мен мамандардың көпшілігі жиі қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен іздейді. Осыған орай, анағұрлым қолайлы басқару құралдарын анықтау мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да түрлерін зерттейді.

Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі — басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі — өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде олардың арасындағы байланыстар өндірістің капиталистік және социалистік тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған болатын.

Өткен он жылдықта болған оқиғалар әлемдік шаруашылықтың барлық үдерістерін қамтитын жаһандану үрдісінің  маңызын анық ашып көрсетті. Сонымен қатар, соңғы оқиғалар әлемдік нарықта өз орнын ұстау қатаң бәсекелі күреспен байланысты. Мұндай жағдайлар Қазақстанның жаһандық үрдістерге ашық және белсенді болуын анықтайды, ал бұл, өз кезегінде, Қазақстанның әлімдік қауымдастыққа толық құқықты субъект ретінде кіруінің немесе кірмеуінің себебі болып табылады. Осының барлығы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетттілігін қалыптастырудың өзектілігін анықтайды және бұл жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде маңызды болып табылады.

Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда әлеуметтік-экономикалық және технологиялық трансформациялардың маңызы зор. Бұл трансформациялар елдің экономикалық жүйесіндегі құрылымыдық өзгерістерге бағытталған. Олардың либерализмнен маңызды мемлекеттік реттеулерге ауысуы немесе керісінше өзгеруі, инновациялық-техникалық үрдістердің дамуы, жоғары технологиялық өндірісті қолдау стратегиясына бағыт ұстану әлеуметтік жүйелердің тұрақты ахуалына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттің жүйелі дамуындағы мұндай қарама-қайшылықтар олардың дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 

Кез келген мемлекеттің дағдарысты экономикасындағы құрылымдық әлеуметтік трансформациялар басқарылмайтын төтенше нарықтық жағдайдың жағымсыз әсерлерін жоюмен, нарықтық механизмнің өзін-өзі реттеу әсерінің әлеуметтік институттар мен қоғамға ықпалын азайтумен түсіндіріледі. Экономикалық трансформация электр энергиясы шикізаты экспортына, экономиканың дамуының тепе-теңдігі мен тұрақтылығын жоғарылауға және осыған байланысты өндірісті модернизациялау негізінде тұрақты өсуді қамтамасыз етуге  бағытталған гипертрофияны жоюмен анықталады.

Қазақстан Республикасында экономикалық дағдарыстың екінші толқыны жағдайында макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін тиімді ақша-несие және салықтық-бюджет саясаты жүзеге асыру көзделеді. Экономикалық ахуалды бақылауда ұстау мемлекеттік бюджетті, ұлттық қорды толуына мониторинг жасаумен түсіндіріледі.

Саяси және экономикалық үрдістердің жаһандануының өсуі барысында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда инновациялық үрдістер мен әлеуметтік-технологиялық трансформациялардың маңызы өсе түсті. Бәріне белгілі болғандай, Қазақстан экономикалық реформалардың тиімділігі бойынша Орталық Азия аймағы көшбасшы бола отырып, ТМД бір қатар елдерінің алдына шықты.

Алайда, инновацияның негізін ұлттық және жаһандық экономиканың өндірістік кешенінің заманауи ақпараттық технологиялық желілері құрайтындықтан, ол индустриясы дамымаған қоғамдық құрылымдарда жүзеге асырылмайды. Индустриалды-инновациялық даму жаһандық әлемдік экономиканың шыңына жол тартқан Қазақстанның болашағы үшін жалғыз мүмкіндік болуы мүмкін [1].

Модернизацияның негізі ретінде оларды қолдау үшін  «Бизнестің жол картасы - 2020» бюджеттік бағдарламасы жасалған кәсіпкерлерді қарастыруға болады. 

Сонымен қатар, іс жүзінде қалыптасқан салалардың дамуына, жаңа кәсіпорындардың ашылуына мүмкіндік беретін аймақтық саясат реформасын жалғастыру қажеттілігі  туындап отыр. Жаһандану мен интеграция үрдістеріне инновацияны енгізу өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, аталған бағдарлама қаржылық және материалдық ресурстармен толығымен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда, Қазақстанда Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізінде жүзеге асатын көпсалалы экономиканы қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар енгізілді. Бұл шаралардың қорытынды нәтижесі ретінде келесі міндтердің орындалуын атап өтуге болады: жұмыссыздықтың, бюджет тапшылығының төмендеуі, отандық тауар өндірушілерді дамыту, азаматтардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы. Аталған бағдарлама Қазақстан экономикасы үшін өзекті болып отыр және оның жүзеге асыуы экономиканың тұрақты дамуын, әлеуметтік мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді.

Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстанның бүгінгі күннің өзінде экономикалық өзгерістер саласында жеткен жетістіктері мақтануға тұрарлық. Сонымен бірге, дамудың жылдамдығы инновациялық базамен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген, ал көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі төмен болғандықтан, индустриалды жаңартулардың даму темпін төмендетеді.

Осылайша, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекет саясатының басты бағыттары келесілер болуы керек:

·                  Мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған венчурлық қор құру және венчурлық капиталды ғылыми-техникалық, инновациялық салаға тарту;

·                  Инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің формалары мен әдістерін даярлау;

·                  Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және аймақтық мамандандырылған субъектілерін құрудан тұратын инновациялық инфрақұрылым құру;

·                  Инновациялық сала үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау;

·                  Өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық жағдайларды жасау;

·                  Авторлық құқық, патент және сауда белгілеріне қатысты барлық халықаралық конвенцияларды мойындау арқылы, яғни, өркениетті технологиялар нарығына жағдай туғызу арқылы шет елдік технологиялар трансфертін ынталандыру;

·                  Ең жақсы әлемдік тәжірибе негізінде отандық кәсіпорындарды сапа стандартына көшуін тездету;

·                  Шаруашылық және қаржы-несие құрылымдарына қызығушылық танытатын халықаралық донорлық ұйымдардың гранттарын тарту.

Тұрақты экономикалық дамудағы инновацияның маңызы жетік түсінуге байланысты соңғы кездері мемлекет тарапынан осы салаға база назар аударылуда. 

Алайдда экономикалық дағдарыстың күтілген кезекті келесі толқындары жағымды экономикалық үрдістердің дамуын бәсеңдетіп, экономикалық саясат пен экономикалық жаңартуларды жүзеге асыруда иекмділік танытуды қажет етеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы болып табылады. Себебі, бұл бағыт индустриалды-инновациялық стратегиясымен ұсынылған басқа да бағыттардың негізі болып табылады.

Біздің ойымызша, «дағдарыстық экономикалық толқындар» саясатының басты міндеті – экономикалық үрдістердің динамикасын тұрақтандыру, мәні әлеуметтік нәтижелерге баса назар аудара отырып, тұрақты экономикалық платформаны қалыптастырумен ашылатын тұрақты әлеуметтік бағытталған экономикалық дрейфті сақтау болып табылады. 

 

Әдебиеттер: 

1.  «Қазақстан – 2050»: бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ. 17 қаңтар 2014 жыл.
2. Р. Дорнбуш және С. Фишер Макроэкономика Алматы «Білім»
2009.
3. Н.Қ. Мамыров
, М.Ә. Тілеужанова Макроэкономика «Экономика» баспасы, 2003.